Таланттар



бет108/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151
Таланттар

ТҮРКІ ӘҢГІМЕЛЕРІ


КӨК БӨРІ

– Балам, қазақ «бөрі» деп нені айтады, білесің бе? – деді әкесі Данабектен. Ол ойланып қалды. Айбегім бірден:


– «Бөрі» деп қасқырды айтқан, – деді.
– Дұрыс.
Баяғы сақтар кейін бір заманда «түркілер» атанады. Түркілер де – біздің атамыз. Сол түркілер кезінде болған бір оқиғаны айтып берейін:
Бір жаугершілікте түркілердің бәрі қырылады. Жалғыз ғана бала жараланып, шөптің арасында қалып қояды. Жарасы ауырады. Қарны ашады. Жылап жатқанда, бір Көк Бөрі қасына келеді. Баланы иіскеп көреді. Тілімен жалап, жарасын жазады. Емізеді.
Бала өсіп, жігіт болады. Түркі Бек атанады. Себебі ол күшті, батыл болып өседі. Түркі Бектің балалары да Көк Бөріні анасындай көріп кетеді. «Түркілер Көк Бөріден тараған» деген әңгіме содан қалған.
Түркілер бұрын өз байрағына Көк Бөрінің суретін салып қоятын.
Жамбыл атаның ұстазы Сүйімбай былай дейді:

Бөрілі менің байрағым,


Бөрілі байрақ көрінсе,
Қозады қай-қайдағым!

Бұл өлеңді ести салып, Айбегім қайталап айтып берді. Жаттап алды. Данабек те айтты. Айбегім әкесінен сұрады:


– Сонда мен Көк Бөрі ұрпағымын ғой, ә!
– Иә, қызым, біз Көк Бөрі ұрпағымыз! – деді әкесі.
БІЛГЕ ҚАҒАН ӨСИЕТІ

– Балам, түркі халқы – батыр халық. Түркі халқы – арыстандай ер халық.


– Әке, «түркі» деген кім? – деп сұрады Данабек әкесінен.
– Біздің тегіміз – Түркі. Дініміз – Ислам. Түркі атаның балалары: Қазақ, Қырғыз, Қарақалпақ, Өзбек, Ұйғыр, Татар, Башқыр, Түрікпен, Әзірбайжан, Түрік, Қарашай, Құмық. Олар тарихта сақтардан кейін өмір сүрген.
Білге қаған деген көсемі болыпты. Білімді, ақылды адамды «Білге» деген. Білге елінің қамын ойлаған. Түнде ұйықтамаған. Күндіз отырмаған. Жауларымен арыстандай алысқан. Жаужүрек інісі Құлтегін екеуі елді біріктірген. Ол заманда түркілерді айналадағы көршілерінің бәрі сыйлаған.Түркі тілін үйренген.
Бір күні Білге басынан өткен барлық оқиғаларын есіне түсіреді. Балаларына айтатын өсиетін алып тасқа жазып қалдырады. Сонда Білге қаған былай деп жазыпты:
«Аспан айналып түспейінше, жер ойылмайынша, түркілердің мемлекеті мен салт-дәстүрі жойылмайды! Ешкімге құл болмайды!»
Данабек:
– Құл болу деген не, әке? – деді.
Әкесі:
– Құл болу – ана тіліңді ұмыту. Ата салтыңды білмеу. Өз есіміңді басқа біреудің атына айырбастау.
– Мен Данабек есімімді ешкімге айырбастамаймын! – деді бала.
– Мен де Айбегім атымды ешкімге айырбастамаймын! – деді қыз.
Данабек Айбегімге қолын шошайтып күлді:
– Иә, иә, сені көрші қыз Айя деп жүр ғой.
Айбегім айтты:
Мен оған атым Айя емес, Айбегім деп түсіндірдім. Енді дұрыс атайды. Ал, дұрыс атамаса, шақырғанына бармай қоямын!
Әкесі екеуінің де басынан сипады:
– Дүниеде ең қымбат – өз есімің, өз тілің. Оны еш нәрсеге айырбастауға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет