Таланттар



бет26/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   151
Таланттар

Нофелет деген кім?

Оқушының кейбір сұрағы оның балалық мінезінен, мұғалімге еркелеуден (ол да мүмкін), не болмаса өзін-өзі көрсетуге тырысудан да туады.


Бір мектепке жаңа келген тарихшы мұғалім қызға оқушы:
– Нофелет деген ғалым туралы не білесіз? – деп сұрақ қойыпты.
Мұғалім сасып қалыпты, білмейтінін жасыра алмай, кешірім сұрап, келесі жолы айтып беруге уәде беріпті.
Үйіне келе ақтармаған энциклопедиясы, қарамаған кітабы қалмайды. Ондай ғалым жоқ. Өзінің білімсіздігіне жыларман боп, келесі сабақта біліп келуге тағы уәде береді. Сөйтіп, екі-үш сабақ өтеді.
Мұғалімнің қиналғанын, тіпті ұяттан жүдеп кеткенін көрген бала келіп, кешірім сұрапты. Сөйтсе, Нофелет деген ғалым жоқ. «Телефонды» теріс қарата салған екен.


Шығайбайдың қызы мен қазы

Шығарма жазып отыр едік, шығып кетіп, қайта кірсем, біразы кітапты сурып алып, қарай қалған екен, партаның астына тыға қойды. Әуелі үп-үлкен жігіттердің сондай ұсақтыққа барғанына өкпелеп, бір реніш келе қалды да, есіме, көп жасағыр, Алдаркөсенің оқиғасы түсе кеткені. Дауыстап айта бастадым:


«Бір күні Алдаркөсе Шық бермес Шығайбайдың есігінің жабығынан сығаласа, бәйбішесі бас үйітіп, тоқалы қаздың жүнін жұлып, қызы қазы айналдырып отыр екен. Ассалаумағалейкүм! – деп кіріп келгенде, Ас... с-ын айтып үлгірмей, қаз да, қазы да жоқ болыпты».
Сол-ақ екен, балалар өз істеріне өздері күліп жіберді. Басталғалы тұрған реніш тарап кетті.


Қиял

Далаға қоқыс төгуге кеткен бала біраздан кейін абыржып қайтып келді. Шелегінің бірі төгілген, бірі төгілмеген.


– Екі шелектің біреуін ұмытып, төкпей әкеліппін, – деді.
– Неге? – дедік таңғалып.
– Ойланам деп жүргенде...
– Ай, қиялиым-ай. Бұл сенің ғана қолыңнан келеді ғой. –Шыдай алмай, күлдік.
Сөйтсек, жолда бұрыннан таныс бала кезігіпті. Үстіндегі киімі ескі-құсқы, қаршылдаған қарда резеңке етік киіпті. Қолғабы да жоқ. Қолғап сұрапты.
Бәріміз қолғапты беру керек деп шештік.
Бала қуанып, тымағының құлағы салпаңдап, төгілмеген шелегін алып, тағы кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет