Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет60/77
Дата30.01.2023
өлшемі1.69 Mb.
#468919
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
249 әдіс тәсіл pdf

 «Сәлеметсің бе!»
Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын 
тигізеді. Бас бармақтан бастайды: 
Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді); 

Табыс (сұқ саусақ); 

Үлкен (ортаңғы); 

Барлығында (атаусыз); 

Барлық жерде (шынашақ); 

Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді). 
 
«Сендер суретшісіңдер»
 
Нұсқау: «Сендер – суретшісіңдер. Картина салайық. Бұл жаз кезінде 
болады. Көздеріңді жұмыңдар. Шөпті оң жаққа саламыз. Әр 
суретшінің шөбі әртүрлі: біреуде биік, біреуде аласа, біреуде шөптің 
түсі ашық болса, біреуде ашық емес, күңгірт, қалың немесе қалың 
емес. Енді жеңіл бұлттар қалықтаған ашық аспанды бейнелейік: 
Бұлттан шыққан күнді көрсетейік. Оның сәулелері ұзын әрі жарық. 
Кенет сендердің картиналарың «тіріліп» кетеді. Сендерге жылы әрі 
жарық. Оның жарығы жан-жағына шуағын шашады. Сендер 
ақырындап көздеріңді ашасыңдар». 
 
«Серпілген сауал» 
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау 
дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың 
арасында сұрақтарды лақтырыңыз. 
Мысалы, “Жандос, Салиманың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Салима, Күнсұлудың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай 
дамытуға болады?”
“Күнсұлу, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”



«Синквейн»  
1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім). 
2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім). 
3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік). 
4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы. 
5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз. 
 
«Синектика» 
Ой қозғаудың жетілдірілген түрі. Егер ой қозғауда идеяларды 
топ құрамына кездейсоқ түрде жиналған оқушылар келтіретін болса
синектикада идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, 
осы 
бағытта 
жұмыс 
жасап 
жүрген 
оқушылар) талқылап
қорытындылайды. Мұнда проблема құрастыру жұмысы бірнеше 
кезеңдерден өтеді: идеялар туындаудан- сараптауға қарай, сараптаудан 
қайтадан идеяларды келтіруге қарай.
Синектиканың мақсаты: ой қозғаудағыдай жаңа идеяларды 
келтіріп, бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей 
деңгейге жеткізу. 
«Смайликтер» 
Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну 
деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.
Жалғастыруға 
дайынмын 
Бір нәрсе түсінемін, 
бірақ бәрін емес
Түсінбеймін, 
қайталап 
қарау 
қажет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет