Талшықтылар классы



бет2/4
Дата19.03.2024
өлшемі89.4 Kb.
#496036
1   2   3   4

Цитоплазма онымен жұқа өскінше арқылы жалғанып желпуші жарғақша — (ундилденуші жарғақша) пайда етеді. Осы жарғақшаның толқынданып желпінуі және талшықтың қозғалуы нәтижесінде олар қозғалады. Талшықтылар класында көпшілігі гетеротрофты, кейбіреулері автотрофты немесе миксотрофты қоректенеді. Паразит нысаны қоректі денесінің бүкіл бетімен пиноцитоз арқылы сіңіреді; гетеротрофтылардың ас қорыту вакуольдері болады. Бөліп шығару органоиды-жиырылғыш вакуольдері еркін өмір сүретін формаларында ғана кездеседі, ал паразит формалары болмайды. Талшықтылар клсында негізінен бір кейде екі ядро кездесуі мүмкін. Көбеюі жыныссыз жолмен, кейде жыныстық жоддармен де жүреді.

Алғашқы монадалылар отряды.

Алғашқы монадалылар отряды.

Лейшмания туысы Laishmania.

Лейшмания трипоносомалылар тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалардың түзілуін айтуға болады: трипоносомалық, критидиалдық, лептомонадалық, лейшманиялық (жасуша ішілік) және метациклдік.

Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро орналасқан. Талшықтылар класы денесінің артқы жағынан, ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жақсы жетілген.

Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро орналасқан. Талшықтылар класы денесінің артқы жағынан, ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жақсы жетілген.

Критидиалдық формасының талшығы денесінің ортасынан, ядродан ілгерілеу, басталады: желпуші перде қысқа болып келеді.

Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған.

Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған.

Лейшманиялық (немесе жасуша ішілік) формасының денесі домалақ, ядросы ірі, талшық мүлдем дамымаған не өте нашар дамыған, оның тек базаль денесі ғана болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет