Ашық сабақ 3 «А» сыныбы Темірханова Ш.С.
ән-күй пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Ән біздің өмірімізде»
Мақсаты: 1) Н.Тілендиевтің «Саржайлау» әнімен таныстыру
2) Домбырада ән – күй ойнаудағы шеберліктерін шыңдау
3) Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру
Көрнекілігі: Н.Тілендиевтің суреті, табиғат суреттері мен ою-өрнектер, домбыра аспабы, ою дәптер, бейне таспа, үн таспа
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: оқулық, қалам, ою дәптері
Өткен тақырып: Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі
- Балалар, біз өткен сабақта өнер қайраткері кіммен таныстық?
- Н. Тілендиевпен
(Тақтада Н.Тілендиев – деп жазылған сөз шығады)
- Ал, Н.Тілендиев кім?
Н.Тілендиев
Күйші композитор дирижер
(Күйші, композитор, дирижер деген сөздер біртіндеп тақтада шығады)
- Композитордың қандай күйін білесіңдер?
- «Аққу» күйін өттік.
- Бұл күйді қандай фильмге арнап шығарды?
- «Қыз Жібек» фильміне
- Аққулар көрінісін қалай түсірді?
- Н.Тілендиев «Аққу» күйін тартқанда аққулар көлге жиналды. Сол сәтте аққулар көрінісін түсіріп алды (күйін үн таспадан тыңдату, бейне таспадан көрсету)
- Күйді естігенде не елестейді? Қандай сурет...
- Балалар, Н.Тілендиевтің бірнеше елге танымал күйлері бар. Олар «Ата толғауы», «Көш керуен», «Әлқисса», т.б.
(Бейне таспа қойылады. Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі орындалады)
- Н. Тілендиевтің шығармашылығына келетін болсақ, ол күйлерден басқа әндер де шығарған.
Н.Тілендиев
Композитор
Балаларға арналған табиғатқа арнаған лирикалық
-
Бүгін біз сендермен табиғатқа арналған әндеріне тоқталамыз. Табиғат дегенде көз алдарыңызға не келеді? Оған не жатады? ...
-
құстар, жануарлар, тау, орман...
-
Дұрыс, оның табиғатқа арналған әндері «Алатау», «Құстар әні», «Өз елім», «Саржайлау» т.б.
-
Ал бүгін біздің ерекше тоқталатын әніміз «Саржайлау» әні.
-
Балалар, жайлау дегеніміз не? ...(шөбі құнарлы дала)
-
«Сар» деген сөзді қалай түсінесіңдер?... («сар» деген – жазық, кең дала)
-
Мына суретке қарап әңгімелеп беріңдер? (суретпен жұмыс істелінеді)
(А.Жорабаеваның орындауында «Саржайлау» әні бейне таспадан қөрсетіледі)
(«Саржайлау» әнінің мазмұны айтылып, өлеңнің сөздері ақ қағазға ерте жазылып, партаға таратылады. Әнді 1-2 рет қайталап айтқызу).
-
Ал, балалар, «Саржайлау» әнінің 1-ші өлең жолдарына аса көңіл бөлейікші...
-
Жазира жасыл кілем өрнектеген... – осыны қалай түсінесіңдер?...(гүлдер, шөптер кең даланы өрнектейді, оюлайды)
-
Табиғат өз оюларымен жер бетін өрнектесе, біз сендермен 2-сыныпта өткен оюларды 3-сыныпта қиып, оны жабыстырып үйренудеміз. Ендеше ою дәптерімізді алып, үйге берілген тапсырманы әрі қарай жалғастырайық. (Үйге берілген ою қию тексеріледі)
-
Балалар, жақсы үйге берілген тапсырманы соңына дейін жеткізу үшін біз қазір осы қиып алған оюымызды жапсырып көрейік.
(2 түрлі қағаздан қиған оюларын қағазға жапсырып, болғаннан кейін...)
-
Ал, балалар, оюларымызды келген қонақтарымызға ескерткіш ретінде сыйлайық...
-
Осындай оюлар тағы қай жерде, неде кездеседі?
-
Киіз үйде, шапандарда, ұлттық киімдерде... (сурет көрсетіледі...қыз ұзату тойы туралы әңгімеленіп, қыздар мен жігіттер бөлініп, «жар-жар» әнін айтады).
-
Ендеше сол «жар-жар» әнін біз де қайталап, 1 шумақты бүгін сөзімен айтып көрейік...(ән бірнеше рет қайталанады)
(Алдынғы сабақтарда үйренген қазақтың халық әні «Сәулем - ай» және халық күйі «Салкүрең» қайталанады).
Қорытынды: Сонымен «Ән біздің өмірімізде» тақырыбында кімнің әндерімен таныстық?
-
Табиғаттағы гүлдер, шөптер, өрнектер сала алама?
-
Қандай ою-өрнек салдық?
-
Оюлар қайда кездеседі?
-
«Жар-жар» әні қайда айтылады?
Сабаққа белсене қатысқан балалардың еңбегін бағалау.
Үй тапсырмасы: Н.Тілендиевтің «Саржайлау» әнінің 1 шумағын
қайырмасымен жаттау.
«Жар-жар» әнін жаттап, домбыра аспабында ойнау.
Қоғамға қызмет ету
Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәрбиесіне байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұстаздардың алдына ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек деген міндет қойып отыр. Бұл тәрбие жұмысының ең өзекті мәселесі.
Мектебіміздің тәрбие жұмысы Республикалық және Солтүстік Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерінің кешенді бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады. Мектебіміздегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен әдістері:
Саяси-құқықтық тәрбие: құқықтық білім күні (ай сайын), Құқықтық тәрбие беру апталығы, «Алдын алу кеңесінің » жұмысы, кездесулер, сайыстар, оқушылар комитетінің жұмысы.
Экологиялық тәрбие: үйірме, экологиялық айлық, биология, география, химия пәндерінің апталықтары, саяхаттар, ғылыми жобалар, «Жасыл ел», «Атамекен», «Қоғамға қызмет ету» бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Эстетикалық тәрбие: «Бәйшешектер», «Жұлдыздар» би топтары, хор үйірмесі, концерттер, фестивальдер, сайыстар, кештер, сынып сағаттары, «Қоғамға қызмет ету», «Мұрагер» бағдарламалары.
Рухани-адамгершілік: «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы (6-10 сыныптар), мерекелер, турнирлер, «Атамекен» бағдарламасы, «Парыз», «Жылы алақан» акциялары, кештер сынып сағаттары, «Тимуршылар» топтарының жұмысы.
Салауатты-өмір салты: үгіт бригадасы, денсаулық апталықтары, СПИД айлығы, қабырға газеттері, президенттік миля, спартакиядалар, «Азамат» спорт клубы, спорт үйірмелері, көңілді старттар, СПИД, наркоорталықтармен байланыс, волонтерлер жұмысы.
Еңбек тәрбиесі: «Шебер қолдар» үйірмесі, сайыстар, көрмелер, сенбіліктер, «Таза бейсенбілер», «Ардагер қасымызда» акциялары, жазғы еңбек практикасы, «Қоғамға қызмет ету» және «Атамекен» бағдарламалары.
Соңғы үш жыл ішінде мектепте «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бағдарлама мақсаты: Әлеуметке бейімделген полимәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру, әрбір оқушы өзін қоғамның бір бөлігіі ретінде сезінуге, адам өмірінің маңыздылығын түсінуге, өзін қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге қатысты бар екенін ұғындыруға, жауапкершілікті арттыруға, белсенді азаматтық дамуға жағдай жасау.
Маңызы мен міндеттері:
-
жеке тұлғаның дамуы
-
өмірлік белсендік позициясының дамуы
-
қоршаған орта туралы жетік білуді қамтамасыз ету
-
тәжірибе және мағлұматпен қамтамасыз ету
-
оқушылардың эмоционалды және социалды дамуы
-
өзіне деген құрмет, жауапкершілік қасиетін және альтруизмді дамыту
-
өмірдің әр түрлі бейнесі мен үлгілеріне кіру мүмкіндігін береді
-
шығармашылығын пайдалана отырып, оқушыға мектепішілік іс-шараларға қатысуына мүмкіндік береді
-
іс-қимылдары қоғамға пайда тигізуге бағытталған
-
оқушының «мен» деп сезінуінен «біз» деп сезінуіне көмектеседі.
Күтілетін нәтиже:
-
қоғамдағы өзінің орнын түсінеді
-
қоғамдағы жек тұлғаның рөлін түсінеді
-
қоғамда және өмірде өзін дұрыс ұстай біледі
-
мәдени эмоционалды және моральды байытады
-
альтруист, социалді белсенді, толерантты
-
қоғамның қажеттілігін түсінуі және көмек көрсетуге дайындығы
-
жаңа өмірде болып жатқан өзгерістерге дағдыланады
-
әлем мәдениетін түсінеді және құрметтейді.
«Қол ұшын бер» жобасы
Жобаның мазмұны: жетім балалар үйіне, мектепте әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға, балабақшаларға, балалар колониясына кітаптар, қуыршақтар, киімдер, оқу құралдарын жинау.
Басымдық негіздемесі: әлеуметтік қамқорлықсыз оқушыларға, балаларға көмек.
Барлық жобалардың таралу аясы: облыс, қала, мектеп көлемінде өткізілетін акциялар.
«Өз ғаламшарыңызды тазалыққа келтір» жобасы
Қызмет бағыты: ай сайын макулатура жинау, мектеп ауласын және қалада белгіленген жерлерді жинау, «Есілдің таза жиектері» акциясына қатысу.
Басымдық негізі: қалада, мектеп ауласында қоқыстың көп жиналуы.
«Адамдарға қуаныш сыйла» жобасы
Жобаның мазмұны: ата-аналар, соғыс ардагерлері, қарт адамдар үшін, балабақшаларда, өрт сөндіру мекемесінде, әскери бөлімінде, балалар колониясында, №1, №2 интернаттарда концерттік бағдарлама қою, қарт адамдарға, ата-аналарға мерекелік сыйлықтар жасау, мерекелік қабырға газеттерін шығару.
Қызмет бағыты: концерттер, «дөңгелек столдар», кештер, «көгілдір оттар», кездесулер, «Тимуршылар тобының» жұмысы.
Басымдық негізі: социуммен қарым-қатынас, басқа адамдарға жақсы көңіл сыйлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Соғыс және еңбек ардагерлері ортамызда» жобасы
Жобаның мазмұны: соғыс, еңбек ардагерлерімен үнемі байланыс жасау, көмек көрсету.
Қызмет бағыты: «Парыз», «Патриот» айлықтарын, кездесулер, кештер өткізу, көмек, сыйлықтар жасау, «Тимуршылар тобының» жұмысы.
Басымдық негізі: соғыс, еңбек ардагерлеріне көмек көрсетуде оқушылардың үлесі.
«Сәбилер» жобасы
Жобаның мазмұны: жыл бойы мектептегі бастауыш сыныптардың оқушыларын қамқорлыққа алу, балабақша, жетім балалар үйінің сәбилерін мектепке қонаққа шақыру және қуыршақ, кітап сыйлау, концерт қою, кітап оқу, ойын өткізу.
Қызмет бағыты: қуыршақтар, кітаптар жинау, сыйлықтар әзірлеу, концерттік бағдарламалар ұйымдастыру.
«Адам – табиғат перзенті» жобасы
Қызмет мазмұны: Осы мәселеге арналған республикалық, облыстық, қалалық акцияларға қатысу, ЭКО орталығымен байланыс, ғылыми жобалар.
Қызмет бағыты: мектеп ауласын көгалдандыру, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс, олыстық «Таза жиектер» акциясына қатысу.
«Салауатты өмір салтын қолдаймыз» жобасы
Қызмет мазмұны: «Салауатты өмір салты » орталығының дәрігерлерімен байланыс, СПИД орталығы, наркология орталығымен бірлескен жоспар, Республикалық, облыстық, қалалық акцияларға қатысу.
Қызмет мазмұны: агитбригада, «дөңгелек үстел», кездесулер, плакаттар, суреттер сайыстары, санпост жұмысы, наркопост, волонтерлер жұмысы.
«Жазды қарсы аламыз» жобасы
Қызмет мазмұны: жазғы сауықтандыру мезгіліне дайындық.
Қызмет бағыты: сауықтандыру лагерлерге жолдамалар дайындау, мектепте балалар үшін сауықтандыру топ құру.
Басымдық негізі: мектеп оқушыларына, көп балалы және жайсыз жанұяларға көмек.
Достарыңызбен бөлісу: |