Тамақтану гигиенасы. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар
Тамақтану адамның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзуы мүмкін қызметі өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлау түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы ағзаның төзімділігінің төмендеуі . Тиімді тамақтану екі негізгі міндет атқару тиіс:
ол баланың туған сәтінен бастап, оның қалыпты өсуі және дамуы үшін қажетті құрылыс материалдары мен ағзаны қамтамазыз етуі керек. Бұлар негізінен ақуыз, май, минералдық заттар.
тамақтану ағзаның энергиялық шығынын толтыруға керекті оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететіндей қоректік заттар жеткізіп тұруы керек олар көмірсулар, майлар және ішінара ақуыздар.
Тиімді тамақтану мезгілсіз,ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады. Асқазан,жүрек-қан тамыры,т.б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі мен режиміиемнің бір түрі болып табылады.Тамақтану бүкіл организмніңбір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.
Адамның кәсібіне,жасына,жынысына сәйкес,тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз,май,көмірсулар т.б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек.Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты,олар ұдайы өзгеріп отырады.
Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын,керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын,реттеуші механизмі болады.Бірақ органзмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар,ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.
Бірқатар заттарды ,кейбір витаминдерді,алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесіне жинақтай алмайлы,ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс,өйтпеген күнде кісі жұқпайтын ауруғ ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |