Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтары



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі19.28 Kb.
#456937
түріБағдарламасы
  1   2
document name



Автор: Коптенова Нурсулу Мухтаровна
Пән: Биология
Сынып: 7-сынып
Бөлім: Заттардың тасымалы
Тақырып: Тамыр аймақтары: бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтары

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

7.1.3.3 - тамыр және сабақтың ішкі құрылысын зерттеу;

Сабақтың мақсаты:

Тамыр мен сабақтың ішкі құрылысын сипаттай біледі;
Тамыр аймақтары мен сабақтың ішкі құрылысын ажырата алады;
Тамырдың аймақтары мен сабақтың құрылысын зерттейді;

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика мен терминология:
Сабақтар, құрылысы, қызметтері, тамыр түкшелері, тамыр оймақшасы, топырақ, эпидермис, жасушалар, қоректік заттар, тасымалдау, жеткізу, сіңіру, қамтамасыз ету, бекіту, өндіру, қорға сақтау, ксилема, флоэма, концентрация, еріту, ерітінді және т.б.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Өсімдіктің өсу мүшелеріне...... жатады. Тамыр оймақшасы, бөліну аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы. Тамыр бөліміне .... жатпайды. Сабақтың және тамырдың ішкі құрылысындағы ұқсастықтары қандай?

Бағалау критерийлері:

• Тамыр аймақтары мен сабақтыңішкі құрылысын біледі;
• Өсу мүшелерінің құрылысын ажыратады;
• Тамыр аймақтары мен сабақтың құрылысын зерттеп, қорытынды жасай алады;

Құндылықтарды дарыту:

Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.
Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

Пәнаралық байланыс:

Физикамен, бұл жерде осмостық қысым, диффузия, заттардың тасымал, тамыр қысымы қарастырылады. Химиямен, көмірқышқыл газы мен суды, органикалық заттардың тасымал контекстінде қарастырылады.

Бастапқы білім:

Сабақтың ішкі құрылысы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет