Тургумбаева нурсулу каирдыновна қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы



бет1/10
Дата02.10.2023
өлшемі1.16 Mb.
#479552
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы


ҚАЗАҚСТАН-АМЕРИКАНДЫҚ ЕРКІН УНИВЕРСИТЕТІ

ТУРГУМБАЕВА НУРСУЛУ КАИРДЫНОВНА


Қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы
(қазақ тілін меңгеруге көмектесетін жалпы білім беретін орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына, қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеретін университет студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал)

Өскемен қаласы, 2023 жыл


Ғылыми-әдістемелік кеңеспен ұсынылған (Хаттама № ____ ______________ жылдан)

Автор: Тургумбаева Нурсулу Каирдыновна, Қазақстан-Американдық Еркін университетінің Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы


Қазақ тілінен қызықты мәтіндер жинағы білім алушылардың тілдік және сөйлеу құзіреттіліктерін дамытуға арналған. Аудитория жұмысында да, өзбетіндік жұмыста да пайдалануға болады. Мәтіндердің тақырыптары мен мазмұны талқылауға, талдау жасауға қызықты әрі қоғам саласындағы өзекті мәселелер, елтанымдық ұғымдар бойынша таңдалып алынған. Мәтіндерге қоса сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын тапсырмалар беріледі. Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары құрастырылған.


Алғы сөз

Құрастырушы қазақ тілін оқытуда кездесетін өзекті мәселелердің бірі – мәтінмен жұмыс екенін аңғарып, аталмыш мәселені теориялық әрі практикалық жақтан зерттеді. Берілген жинақ сол зерттеулердің практикалық қорытындысы ретінде жазылып отыр. Мәтіндер жинағы мемлекеттік тілде білім алмайтын оқушыларға, студенттерге қазақ тілін оқытуға көмекші құрал ретінде ұсынылады. Мәтіндерге қоса сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын тапсырмалар беріледі. Жинақтағы тапсырмалардың ерекшелігі - сөздікпен жұмыс. Мұнда тіл үйренушілерге әр мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз оралымдарын есте сақтау бойынша арнайы әдістеме бар. Бұл әдістеме ағылшын тілін оқыту тәжірибесінен алынып отыр. Барлық мәтіндер аудиториядағы қазақ тілін меңгеру бойынша жұмыстарда қолданылып, тіл үйренушілір тарапынан арнайы сауалнамадан кейін мақұлданып, жинаққа енгізілген.



ОТБАСЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР



  1. көрші- туыс- құда

  2. отбасы- жанұя- баспана

  3. таңдану- қуану- шаршау

  4. қарындас- сіңлі- бауыр

  5. тату- ұйымшыл- араз

  6. жылырақ- жарығырақ- ыстығырақ

  7. бала- қыз- жігіт

  8. міндет- мақсат- жұмыс

  9. асырау- қолғабыс жасау- қамқор болу

  10. шақырту- шақыру- шақырмау

Көршіміз Наташа апай біздің отбасымызға таңдана қарайды, өйткені төрт бөлмелі пәтерде сегіз адам тұрамыз: әкем, анам, ағам, жеңгем, мен, екі қарындасым және бауырым. Біздің отбасымыз өте тату, әсіресе жеңгемді жақсы көремін. Ол біздің отбасымзға келгелі үйіміз бұрынғыдан да жылырақ әрі жарығырақ болған секілді. Ол мені еркелетіп, Мырза жігіт деп атайды, ал екі қарындасымды Еркем және Күнім дейді. Әке-шешем келіндерін өз баласындай көріп, қызым немесе Мәкөш (аты- Мақпал) дейді.
Адам саны мәтінге сәйкес келе ме?

Әрқайсысымыздың өз міндеттеріміз бар. Әкем мен ағам бізді асырайды. Олар жеке кәсіптерін басқарады. Анам мен жеңгем үй тұрмысымен айналысса, екі қарындасым оларға қолғабыс жасайды. Кішкентай бауырым (ағамның баласы) - осы үйдің ермегі. Ал өзіме келетін болсам, менің міндетім – сабақта екі алмау, ата-анамды директордың кабинетіне шақыртпау және WI-FI үшін төлем мерзімінің таяғанын ескерту.
Сондықтан да Наташа апай, көңіл сыйса, бәрі сияды.
Тапсырмалар:

  1. Мәтіннен бұрын берілген сөз қатарларынан артық сөздерді тап. Түсіндір. Көмекші сөздер мен оралымдар: Артық, ортақ, сәйкес келмейді, ұқсас, байланысты, байланысты емес, мағынасы жақын, мағынасы қарама- қарсы, т.б.

  2. Сұрақтарға жауап бер:

-Сіздің отбасыңыз үлкен бе?
- Сіздің отбасыңыздың үлкен болуына қалай қарайсыз?
- Әркім тек өзінің отбасылық міндеттерін орындау керек дегенмен келісесіз бе?

  1. Мәтіндегі барлық етістіктерді болымды-болымсыз формаға қой;

  2. Кім не істеу керек – өз отбасы мүшелеріңіздің міндеттерін дұрыс формада тізіп жаз

Тест:
1. Мәтіндегі көршінің аты (Отбасылық қарым-қатынастар мәтінінен)


A) Наташа
B) Анна
C) Ольга
D) Жанна
E) Ирина
2. «Асырайды» сөзінің аудармасы
A)любить
B)приносить
C)переваривать
D)содержать, опекать
E)жить
3. Мәтіндегі «Мәкөш» деген кейіпкер кім? (Отбасылық қарым-қатынастар мәтінінен)
A) Мақпал
B) Мөлдір
C) Мадина
D) Марал
E) Марат
4. Төрт бөлмелі пәтерде неше адам тұрады? (Отбасылық қарым-қатынастар мәтіні)
A) 6
B) 7
C) 9
D) 2
E) 8
5. «Анам мен жеңгем ..... айналысса, екі қарындасым оларға қолғабыс жасайды.»(Отбасылық қарым-қатынастар мәтінінен)
A) үй тұрмысымен
B) бизнеспен
C) тамақ жасаумен
D) тігін тігумен
E) спортпен
6. Кейіпкердің міндеттерінің бірі? (Отбасылық қарым-қатынастар мәтінінен)
A) сабақта екі алмау
B) достарымен аз қыдыру
C) сабағын жақсы оқу
D) ата-анасына жәрдем жасау
E) дұрыс жауабы жоқ

7. «Отбасы» сөзінің орыс тіліндегі баламасы


A) мужчина
B) женщина
C) ребенок
D) семья
E) театр
8. Кейіпкердің әкесі мен ағасы немен айналысады? (Отбасылық қарым-қатынастар мәтінінен)
A)тауар сатумен
B) шөп тасумен
C)жеке кәсіппен
D)интернетте жұмыс
E)сабақ берумен
9. «Ол біздің .... келгелі үйіміз бұрынғыдан да жылырақ әрі жарығырақ болған секілді».
A) отбасымызға
B) жанымызға
C) ауылымызға
D) қаламызға
E) дұрыс жауабы жоқ
10. «Көршіміз» деген сөз қай сөз табына жатады?
A) сын есім
B) зат есім
C) есімдік
D) етістік
E) үстеу




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет