Таран ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «____» сәуірдегі
№ ______ қаулысымен
бекітілді
«Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
-
Жалпы ереже
1. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спортты қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Таран аудандық балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Советская көшесі, 4.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi
13. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асырады.
14. Мiндеттерi:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) спорттық материалдық-техникалық базаны нығайту және қалпына келтіру, инфрақұрылымды дамыту;
15. Функциялары:
1) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асыру;
2) аудандық деңгейде спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу;
3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз ету;
4) Таран ауданының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамыту;
5) аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
6) «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсету;
7) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлық болуын қамтамасыз ету;
9) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Ведомстволардың функциялары:
1) спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасында, облыста, ауылда, өз мектебінде және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізу және оқушылардың белсенді қатысу;
3) жасөспірімдер және балалар арасында отансүйгіштікті тәрбиелеу және салауатты өмір салтына қызығушылығын оятуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысын өткізу.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, сондай-ақ оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру
18. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары болмайды.
21. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
2) «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданбағаны үшін жеке жауап береді;
3) «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап береді;
4) бұйрықтар шығарады;
5) қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және босатады, тәртіптік жаза қолданады және ыңталандыру шараларын қабылдайды;
7) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
8) «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
«Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды
22. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі басшысының бұйрығымен бекітілген «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің регламентіне сәйкес белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
«Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. «Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Таран ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
27. Таран ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Таран аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Советская көшесі, 4.
_________________
Достарыңызбен бөлісу: |