Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет13/35
Дата24.02.2016
өлшемі2.95 Mb.
#14826
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қоңырбаева С.С. Қазіргі кезеңдегі отбасының қызметі мен ерекшеліктері. Тәрбие отбасынан басталады. №4. 2008.

2.Ж. Ақпарова. Жанұяның методологиялық негіздері.  Ұлт тағылымы,2002.

3.Андреева Т.В. Семейная психология. Учеб. пособие. – СПб. «Речь», 2004.

4.Сысенко В.А. Устойчивость брака. М., 1981.
Аннотация. В статье рассматривается проблема готовности молодежи к браку и психологические предпосылки счастливой семейной жизни.

Annotation. In article the problem of readiness of youth to marriage and psychological prerequisites of happy family life is considered.

ӘОЖ 159.9

Б 73
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Болтаев А.Д., Қыдыр З., Тасов Б., Өкен С., Мауленова Қ.И.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институт, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 23 жыл болып қалды. Алайда Қазақстанның бірінші күндерінде алдынан шыққан мәселелер әлі де толық жетілген жоқ. Сондай мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады. Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – психологиялық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады. Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ–ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр. Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады [1].
Жұмыссыздық – әлеуметтік жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекеттердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. Жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді [2].

Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттер қойылады:

1.Жұмыссыздықтың мәні мен пайда болу себептерін анықтау;

2. Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі ретінде қарастыру және жан-жақты талдау;

3. Жұмыссыздықтың түрлері мен олардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыру;

4. Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесінің жалпы жағдайын, жұмыссыздық деңгейін, олардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру;

5. Еліміз тарапынынан жұмыссыздықпен күресудің негізгі шараларын және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау.

Жұмыссыздықты жою, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданып, соларды жүзеге асыру негізінде елдегі жұмыссыздар саны біршама азайып келеді. Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі. Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі. Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек.

Жұмыссыздықтың негізгі себептері:

Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту. Кейнтік теория.  Жұмыс бастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.

Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.

Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал етеді:

 Ғылыми – техникалық прогресс;

 Психологиялық және әлеуметтік негіздері;

 Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі.

Мұндай жағдайларда еңбек нарығы мынаған міндетті:

1. Өте жоғарғы жинақылыққа жетуге (кәсіпойлық, біліктілік, аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында)

2. Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте үлкен бейімділік танытуға. Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы,  АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар. Барлық жұмыссыздықтың  түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – «жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз. Жұмыссыздық психологияда типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады [4]. Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр психологиялық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.  Жұмыссыздық оның деңгейімен өлшенеді. Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп атайды.

Жұмыссыздық деңгейі психологиялық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі, бірақ оны тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі , ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана есептейді. 

Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

ЖД = ЖС/ЖК* 100%     

Мұндағы: ЖД – жұмыссыздық деңгейі; 

ЖС – жұмыссыздар саны;                      

ЖК – жұмыс күшінің саны;

Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасымен жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде есептеледі.

Жұмыссыздықтың психологиялық және әлеуметтік салдары:

1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.

2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бөлінбеуіне соқтырады.

3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып тақалады.

Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде психологияға мемлекеттің араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.

1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.

2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.

3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.

4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау [5].

Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж.ж.) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%- ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Мысалы, жылына (1983 ж) жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі 9,5% немесе 3,5 % - ке жетті, артық ұйғарудың табиғи деңгейі 6%. Осы 3,5%  санын Оукен коэффициентіне (2,5) көбейтсек, онда 1983ж.  ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 8,75% құрайды. Басқа сөзбен айтқанда, егер де 1983 ж. Жұмыссыздық деңгейі толық қамтамасыз етілсе, ЖҰӨ нақтыға қарағанда 8,75% - тен көп болар еді.

Жұмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнс, К. Маркс). Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын түрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің геориясы жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады.

К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогресімен болатындығын айтады.

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934) жасаған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған. Онда ол былай деп жазған: «Жер шарындағы тұрғындар теометриялық прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі; яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалык прогрессиямен өседі: халық саны - 1,2,4,8,16,32 ж.т.б.». Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу каркыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі кайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал «Филлипс қисығы» аталды (1суретте көрсетілген).


Сурет 1. Филлипс қисығы.

Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайында қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейіңн созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді. Көріну  сипаты жағынан жасырын және ашық жұмыссыздық түрлерін ажыратады. Жасырын  жұмыссыздыққа - берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар жатады. Алайда, егер де ұсынылған жұмыс олар үшін қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына қосылуға даяр. Ашық жұмыссыздыққа - жұмыс істмейтін, бірақ еңбек қатынасы кәсіпорынмен ресми түрде үзілмеген (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады.

Жұмыссыздықтың түрлері:

1.Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

2. Фрикциондық жұмыссыздық (лат. үйкеліс) — адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.

3. Маусымдык жұмыссыздык — жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс жасауы, бұл кейбір ауыл шаурашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өндеу өнеркәсібінде т.б.

4. Құрылымдық жұмыссыздық — өндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

5. Технологиялық жұмыссыздық — адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, білікгілікгі өзгертуді немесе басқа мамандықгы игеруді талап етеді

6. Циклдық жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.

Жұмыссыздық психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бірнеше топтарға жіктеледі. Әдетте, жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрлері ажыратылады. Амалсыз  жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді және ол қолынан келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды. Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады. Жұсыссыздық ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді циклдық және құрылымдық, ал қысқа мерзімдікке – маусымдық  және фрикциондық жұмыссыздық жатады. Ал халықаралық тәжиребеде бұл жәйтті толық жұмыс істеушілік деп атайды.



Жұмыссыздық мәселесі дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі. Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Анықтама бойынша жұмыссыздық – халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмау. Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-психологиялық салдары көбіне жұмыссыздықтың психологиялық әсері сипатталады да, коммуникативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді. Енді сол салдарға тоқталсақ.

Кері әсерлері:


  1. Крименогенді жағдайдың өршуі

  2. Әлеуметтік кернеудің өршуі

  3. Физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі

  4. Әлеуметтік дифференцияның өсуі

  5. Еңбек белсенділігінің төмендеуі.

Пайдалы әсері:

  1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңыздылығының артуы

  2. Өз бос уақытының көбеюі

  3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік

  4. Әлеуметтің мәні мен еңбек құндылығының артуы

  5. Жұмыссыздықпен күрес.

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендеп, қазіргі таңда Жапония, Қытай, Нидерланды секілді дамыған мемлекеттердің көрсеткішіне жетті. Бұлай деп айтуымызға еліміздің Статистика жөніндегі агенттіктің жариялаған ресми дерегі себеп болып отыр. Агенттіктің мәліметінше, 2012 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда 474,4 мың жұмыссыз адам тіркелген, яғни жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құраған.

Еуропа елдерінде өмір сүру деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда бірталай асып түседі. Еуропа елдері ең төменгі жалақы деғгейінің мөлшері бойынша 3 топқа жіктеледі, бірінші топқа – ең төменгі жалақы мөлшері 82-331 евроны құрайтын мемлекеттер, екінші топқа - 427- 668 евроны, ал үшінші топқа – 1200 евродан жоғары соманы соманы құрайтын мемлекеттер құрайды. Бұл ретте Қазақстанның ең төменгі жалақы деңгейі Еуропа елдерінің ішіндегі ең төменгі ең төменгі мемлекеттерінен де азболып отыр. Сондықтан еліміздегі ең төменгі жалақы көлемін көбейтіп, Еуропа елдерінің жоғарыда айтылған үш топтың бірінде көрсетілген деңгейге жетуіміз керек. Осы стандартқа сәйкес Германияда орташа зейнетақы орташа жалақының 62 %,Францияда 50% құраса,Қазақстанда ол 33% құрайды. Мұнда, Қазақстан мен Еуропа елдеріндегі зейнетақы жүйесінде ұқсастықтар болғанымен, бөлінген зейнетақы мөлшері бойынша айырмашылық көп.

Ежелгі заманда тайпалардың көсемдері ашаршылық немесе ақырзаман болар тұста халқын тыныштандыру үшін сабырлыққа шақырып, өмірлерінің жарқын екенін түсіндіріп, сәуле нұрын шашып тұрған күнге, жерде өсіп тұрған түрлі өсімдіктердің, тіршілік етіп жатқан жануарлардың барлығына шүкіршілік білдіріп, соған табындырған. Бүгінгі дәуір де бұл жағдайдан алыстай қоймаған сияқты.

Жұмыссыздық деңгейі әрбір елдің әл-ауқатын, оның қарқынын, өндірістік қуатын анықтайды. Алайда, статистика агенттігінің 16,5 миллион халықтың тек 474 мыңы жұмыссыз деп айта салуы ақылға қонымсыз. Біріншіден, заң бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылғандар деп кімдер саналады? Жұмыспен қамтылған азаматтардың санатына толық не толық емес уақыт жағдайында жұмыс істейтіндер, кәсіпкерлікпен шұғылданатындар, өз бетінше жұмыспен айналысатындар, азаматтық-құқықтық шарттар негізінде еңбек ететіндер, ақы төленген (кез келген, мерзімі белгісіз) жұмыста істейтіндер кіреді. Жұмыссыздық – психология мәселесінің біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі, 2007           

2. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері». –А.: 2001.

3. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудін өзекті мәселелері». – А.: 2002

4. Мауленова С.С. Экономикалық теория. –А.: 2004

5. Қазақстан бойынша халықтың экономикалық белсенділігі. статистикалық жинақ.: 1996

6. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория негіздері. –А.: 2004

7.Үсенова Г. Жұмыспен қамту және экономикалық өсу. Ақиқат-№2, 2003


8. Қайсар. Жұмыссыздық және жұмыс жайы Қазақстанда қалай шешілуде? Егемен Қазақстан. –А.: 2007

9. Қазақстан Республикасының «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңы. –А.: 2000

10.Райханов Н. «Қазастанның экономикалық реформа жолы өзінше» Ақиқат. 1996

Аннотация. В статье рассмотрены основныепроблемы психологической зависимости детей к социальным сетям.

Annotation. This article describes the main problems psychological dependence children to social networks

ӘОЖ 159.9

Б.73

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИДЦИДКЕ БАРУДАҒЫ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Болтаев А.Д., Рысбай Ж.Қ., Әшірәлі Б.Е., Қали Д.С.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазіргі таңда мемлекетіміздің үлкен мәселелерінің біріне айналып отырған жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы суицид ауруы қоғамды алаңдатуда. Суицид бүгінгі күні қоғам үшін ең көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Күннен күнге өз-өздеріне қол жұмсаушылардың саны, көбейе коймаса азаяр емес. Өткен ғасыр дүние жүзінің ғалымдарын толғандырған мәселе ол қазіргі кездегі жеткіншектер арасында жиі кездесетін - суицид. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтерінше 15-24 жас аралығындағы жеткіншектермен жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру 2 есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселен, Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны 3 есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп тұр. Өз-өзіне қол жұмсау туралы, Аристототель, Платон, француз социологы Эмиль Дюркгейм, норвегиялық ғалым И. Россов, Г. Минноус кезінде өз ойларын қалдырып кеткен. Суицидтті, медициналық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың зерттеулерін атап өтсек, бұл Амбрумова А.Г.

«Суицидалды мінез-құлық кешенді зерттеудің обьектісі ретінде», Антохин Г.А. «Шизофрениямен ауыратын адамдардағы суицидалды мінез-құлық», «Түрлі психикалық ауытқушылықтары бар суициденттерде депрессивті көріністердің ерекшеліктері» Мишиев В.Д. т.б. [1].

Суицид терминіне ғылыми әдебиеттерге бірнеше анықтама берілген. Осы анықтамалар бойынша, суицид бұл-ауру немесе өз-өзін өлтіру деген мағынаны білдіреді. Адамның өз-өзіне қол жұмсауы, оның өмірден өз еркімен кеткісі келетіні, өмір сүруге құлқысы жоқ екендігін білдіреді. Осыдан ойымызға түйетініміз, әрбір тірі жанның сәтсіз аяқталған суицидке баруы, оның жан айқайын, қоғамнан сұрайтын көмегін білдіреді. Жасөспірімдер арасындағы суицидттің зерттеу тақырыбына айналуы, осы мәселені тереңірек зерттеуге, жеткіншектердің бұндай әрекетке бару себептерін анықтауға, суицид әрекетін алдын-алуға мүмкіндік береді. Бүгінде адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өз өмірін қиған оқиғасы туралы жиі естуге болады. Аталарымыздың ғасырлардан бері келе жатқан «құдай өзі берген жанын өз алады» денен ежелгі қағидасына қарсы шығып, адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, қоштасуының сыры неде? Медициналық-психологиялық зерттеу қортындыларына қарағанда, оның сыры да, сбептері де көп көрінеді. Ал жалпы адамның өзіне-өзі қол жұмсауда ғылымда «суицид» деп аталады. Суицид –ішкі эмоцаны шығару негізінде, адамның әдейі өз -өзіне қол жұмсауы себебінен соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Ондай әрекетке бару себептерін анықтауға, суицид әрекетін алдын-алуға мүмкіндік береді.

Рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Бұл тақырып аясында әл күнге дейін сыры сыр сандықтан бұққан жұмбақ жайттар көп. «Өлемін» деп өздерін өлімші етіп санайтындар. «Өлемін» деп ақыры өз жанын жаһаннамға жіберетіндер. «Өлемін» деп жүріп жарық өмірмен қоштасқысы келмейтіндер аз емес. Бірақ, өкінішке орай, біздің елде өз-өзіне қол жұмсайтын оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе, жастар, жасөспірімдер арасында. Негізінен, зерттеулерге сенсек бозбалалар бойжеткендерге қарағанда өз-өзін өлтіруге 5-6 есе бейім болады екен. Соңғы бес жылда біздің мемлекетімізде кәмілетке толмағандар арасында өзін өлімге қиғандар саны 1415–ге жетіп отыр. Өз-өзіне қол жұмсау яғни суицид табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденген. «Сәуір –ең қатыгез-ай» - деген американ ақыны Томос Эллитон. Сәуір айындағы суицид көрсеткіш жыл бойы көрсеткіштен-120 пайызға жоғары болатыны көрінеді. Белгілі психолг У. Джеймс «суицидті интелекенттің дамуындағы ауру» деп атанған. Суицидтің ауласында жүргендер олар айтқандай ақыл-есін сайтан арбағандар, психологиялық ахуал барлар, саналы ойлау қабілетін жоғалтқандар, соқыр сезім жетегінде кеткендер ғана емес.

1. Ішкі эмоциялық жағдайдың бұзылуы, үйлесімсіздігі:

- Қоршаған ортаға деген көңілсіздік:

- Кекшіл, жылдам ашуланғыш:

- Қобалжу, негізгісі қорқу:

- Стресс,депрессия, аффект жағдайлары:

- Жеткіншек жағдайындағы дағдарыс:

Өйткені суицидтік әрекеттерге ұшыраудың мынадай факторлары бар:

2. Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі:

3. Әлеуметтік қолайсыздық. Яғни әлеуметтік шеттетілу, оқшаулану (аутсайдер)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет