Тарбағатай ауданы Төтенше Жағдайлар Бөлімі
Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖД Тарбағатай ауданы Төтенше Жағдайлар бөлімінің 2015 жылғы 2-ші тоқсанына
ЕСЕБІ
Ақсуат ауылы
2015 жыл
Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖД Тарбағатай ауданы Төтенше Жағдайлар бөлімінің 2015 жылғы 2-ші тоқсанына
ЕСЕБІ
1.Жұмыстың талаптары мен мазмұны
Тарбағатай аудандық ТЖБ 2015 жылдың жұмыс жоспарына және Министірліктіің операциялық жоспар аясында және Министірліктің 2011-2015 жылғы стратегиялық жұмыс жоспар негізінде, Министірліктің коллегияларының алқа қаулыларында көрсетілген іс-шараларын орындалуын қамтамасыз етуде.
Тарбағатай аудандық ТЖБ Министірліктің жүйелік потенциалының артуы, тәжірбиелік, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық, кешенді ұйымдастырушылық бағытта жұмыс атқарылуда.
2. Төтенше жағдайларға қысқаша түрде салыстырмалы талдау.
2015 жылдың ағымдағы уақытында Тарбағатай ауданының аумағында төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.
Тарбағатай ауданы аумағында қазіргі таңда 19 өрт оқиғасы ,26 жану оқиғасы 2 АҚЖ тіркелді
3.Есеп беру кезеңінде бөлімнің ұйымдастыру және қызмет жағдайы.
Қысқы уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақсуат- Аякөз, Ақсуат- Боғас бағытындағы авто көлік жолдары бақылауға алынды.
Жылыту кезеңі басталуына байланысты ауданда орналасқан тіршілікті қамтамасыз ету нысандары және комуналдық қызмет көрсету нысандары бақылауға алынды.
Қарғыба, Тебіске, Базар өзендерінің арналары мұз және қар кептелістерінен тазаланып ұдайы бақылауда ұсталынды. Қауіпсіздік паспорты және ауданның қауіп төнер каталогы негізінде қауіпті аймақтарға бақылау жұмыстары жүргізіліп отырды.
Ұйымдар және мемлекеттік органдарда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік жұмыстары жүргізілді.
Аудан ішіндегі арықтарды, авто жолдарды, төбе жаппаларын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
Тарбағатай ауданының көктемгі су тасқының алдын алу шараларына аудандық бюджеттен 4 млн. тенге қаржы бөлінді.
Су тасқынының қаупін алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары пысықталды. Тарбағатай ауданының әкімінің 19.01.2015 жылғы №-37 шешім негізінде аудандағы ұйымдар мен кәсіпорындарда шұғыл әрекет ету жасағы құрылды. Шұғыл әрекет жасау жасағы су тасқыны болған жағдайда алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Төбе жаппалары және шатырлар қардан және мұздан тазартылған.
Дала өртерінің алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындармен және шаруақожалық басшыларымен алдын алу жұмыстары жүргізілді. Ауданда орналасқан ауылдық округтарының әкімдеріне ерікті өрт сөндіру құрамаларын құру және оларды қажетті құралдармен жабдықтау туралы тапсырма берілді.
Есеп беру кезеңінде 69 нысанға өрт техникалық тексеріс жүргізілді. Оның 69- жоспарлы, жоспардан тыс-0. Барлық тексерілген нысандардың ішінде 68- жоғарғы тәуекел тобына,1-орта тәуекел тобына жатады. Тұрғын үйлерде өрттің алдын алу мақсатында 2120 тұрғын үйге нұсқама жүргізіліп 10190 адам қамтылды.
Қорғаныс министірлігіне қарасты, Білім беру министірлігіне қарасты, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты нысандарға толықтай өрт техникалық тексеріс жүргізілді.
Өрт қауіпсіздігі талаптарымен нормаларын сақтамағаны үшін 73 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 58-не ақшадай айып пұл салынды соммасы 951360 тенге. Оның ішінде 19- лауазымды тұлға, 564870 тенге. Қазіргі таңда салынған айып пұлдың 32- өндірілді,594600 тенге.
Атқарушы және өкілетті органдарға әр түрлі тақырыпта 5 хабарлама жолданды..
Өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына 4 мақала берілді. Ұйымдарда және нысандарда 69 нұсқау өткізіліп 345 адам қамтылды.
2015 жылдың 03 ақпанында ШҚО ТЖД бастығының басқаруымен «Аудан және қаладағы су тасқынын ескерту және алдын алу кезіндегі басқару органдары және авариялық-құтқару қызметтерінің іс-әрекеті » тақырып аясында штабтық оқу жаттығулар жүргізілді.
Төтенше жағдайлардың және авариялық-құтқару жұмыстары және су тасқыны кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндіру бөлімшелерінен мобильдік топтар құрылды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту жүйелерін жаңарту мақсатында жергілікті органдармен бірлесе отырып аудандық ТЖ комиссиясына төмендегідей мәселелер ұсынылды:
-
2015 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық;
2015 жылы 2 төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы болды. Су тасқыны қауіпі мәселесінде 2 отырыс.
4.Бөлімнің тапсырмалары мен функцияларының толық түрде орындалуы.
Тарбағатай ауданы ТЖБ ережелеріне сәйкес және ТЖБ жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылы жоспарланған 31 шараның 19-ы толық көлемде орындалды.
5.Материалды техникалық базаның дамуы
Тарбағатай ауданы ТЖБ локальді жүйелер арқылы АРМ ЕУОЛ және АРМ ЕУС базаларына қосылған.
Қызмет атқару барысын жақсарту мақсатында №59 ӨСБ,Тұғыл ӨП,Ақжар Өрт сөндіру Постарына 2015 жылдың 2 тоқсанында төмендегідей жұмыстар атқарылды: сынып бөлмелеріне және терезе жақтауларына ағымдағы жұмыстар жүргізілді, тоқ көздерінің түп нұсқасы ауыстырылды, дәліздегі құрылыс жұмыстары бітті. Сынып бөлмелеріне көрнекі құралдарды жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.
6.Қызметкерлермен басқару жұмыстары.
Тарбағатай ТЖБ-де 4 қызметкер жұмыс істейді:
-ТЖБ бастығы;
-ТЖБ бас маманы;
-ТЖБ аға инженері;
-анықтаушының функционалдық міндеттері жүктелген ТЖБ инженері;
Екі қызметкердің арнайы- жоғарғы білімдері бар:
-ТЖБ бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Д.Сағатбеков;
-ТЖБ аға инженері өртке қарсы қызмет капитаны А Бошаев;
Тарбағатай ауданының ТЖБ-де жемқорлыққа қарсы екендігі мәлім. ҚР Президентінің 06.11.2008 жылы жемқорлыққа қарсы форумында тапсырмалары негізінде бөлімде ШҚО ТЖД-ның және ҚР ТЖМ-ның «сенім телефондары» ілінген. «сенім телефондары» аудандық газеттерде жарияланған.
Бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізіледі.
Салық қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Заң актілеріне түсіндірме сабақтары өткізіліп, 2014 жылғы кіріс декларациясы туралы сабақтар өткізілді.
7.Бөлімшенің қызмет іс-шараларын жаңғырту.
ТЖБ құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспары тәлімгерлік нұсқауларға, ҚР ТЖМ шұғыл жоспары, ШҚО ТЖД жұмыс жоспарына сәйкес жасалады.
Жергілікті атқарушы органдарға, мекемелерге, ұйымдарға қызмет бабы бойынша жөнелтілген құжаттар.
№
р/с
|
Мәлімет тақырыбы
|
Кімге жіберілді, Т.А.Ә., лауазымы
|
Жіберілген күні, шығыс №
|
Қабылданған шешім
|
1.
|
Су тасқыны алдын алу іс шаралары
|
Тарбағатай ауданы тұрғын үй және автомобиль жолдары бөлімі бастығы С Сабырбаевқа
|
23-15-35/45
27.01.2015 ж.
|
|
2.
|
Шатырлардыь қардан тазалау
|
Ауылдық округ әкімдеріне
|
23-15-35/52
05.02.2014ж.
|
|
3
|
Дала өрттерінің алдын алу туралы хабарлама
|
Тарбағатай ауданы әкімінің жол жөндеу мекемелері басшыларына
|
39-19-7-35/238
05/05/2015
|
|
4
|
Дала өрттерінің алдын алу туралы хабарлама
|
Аудандық электр желісі және телекоммуникация басшыларына
|
39-19-7-35/241
05/05/2015
|
|
5
|
Аудан көлеміндегі арықтар мен дамбылардың жағдайы туралы
|
Тарбағатай ауданы әкімі А.Смайловқа
|
39-19-7-35/282
15/05/2015
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |