Тарғын ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Құрметті округ тұрғындары!
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес сіздерге 2012 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2013 жылда атқарылатын жұмыстар жайлы өз есебімді назарларыңызға ұсынамын.
Осы есеп беру кездесуіне Ұлан ауданы жер қатынастары бөлімінің бастығы Марат Турганович Токежанов қатысып отыр.
«Қазақстан – 2030» Стратегиясы 1997 жылы жария етілген еді. Бүгінгі күні сол Стратегия мерзімінен бұрын орындалып отыр.
Осыдан біраз жыл бұрын ғана Мемлекет басшысы Қазақстанды бәсекеге қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына қосу міндетін айқындаған еді, бүгін Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумының рейтингінде 51- орынды иеленді. Елбасы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты соңғы Жолдауында, тек бір жылдың төңірігінде іске асуда тиіс дүниелер емес, еліміздің 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған озық 30 мемлекет қатарына ену бағыты айқындалған саяси даму Стратегиясын белгілеп берді.
Өздеріңізге белгілі 2012 жылдың 27 шілде мен 12 тамыз күндері аралығында Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары еліміз үшін зор жетістіктерге толы болды. Ел үмітін арқалаған спортшыларымыз толағай табыстарға жетіп, ел мерейін үстем етті. Қазақ елін бүкіл әлемге танытты. Лондон Олимпиадасының алғашқы жарыс күні еліміз үшін алтынмен басталды. Сонымен, еліміздің қоржынында 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль. Жалпы жүлде қорында 13 медалі бар. Қазақстан 12-ші орынды иеленді.
Бүкіләлемдік ЭКСПO көрмесінің 2017 жылы Қазақстанда өтуі – бүкіл жер жүзіне Қазақстанның абыройын тағы бір асқақтататын құбылыс болмақ. Бұл бәріміздің қуанышымыз, ел мерейі. Мұндай жаһандық шара Еуразияда, оның ішінде тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астанада тұңғыш рет өтейін деп отыр. Яғни, бүкіл әлем Астананың үлкен мүмкіндіктерін мойындап отыр. Осының барлығы біздің еліміздің дүние жүзіндегі үлкен беделін, Елбасымыздың беделін көрсетеді.
Әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру жиыны негізінен тұрғындардың округтегі атқарылып жатқан және атқаруга тиісті істермен, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларымен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.
Өткен 2012 жылдың қаңтар айында есепті кездесу кезінде төмендегі сұрақтар қойылған:
1. Тарғын ауылында І.Айттықов мектебінің шатырлау жұмыстары туралы – 2012 жылы мектептің төбесі шатырланды.
2. Тарғын ауылында І.Айттықов мектебін электрмен жылыту жүйесіне қосу туралы - Бүгінгі күні мектепті электрмен жылыту жұмыстары аяқталу үстінде.
3. Тарғын ауылында Мәдениет үйінің құрылысы туралы – Мәдениет үйінің құрылысы басталып, ірге тасы қаланды.
4. Жоғарғы Тайынты ауылында көше жарығы туралы – 2012 жылы Кенжалин көшесін жарықтандыруға 20 электр шамы орнатылды.
5. Жантас ауылында кіре беріс жолын жөндеу- 2012 жылы «Ұлан жолдары» кәсіпорны арқылы кіре беріс 700 метрге құм төселді.
6. Жантас ауылы қанғыбас иттер туралы- жыл ішінде «Ұлан мал дәрігері» кәсіпорны арқылы осы ауылда 10 иттің көзі жойылды.
7. Жантас ауылы ауыз су мәселесі туралы- Сәуір айында құдыққа қажетті әлектр су сорғышы орнатылды, пайдалануға берілді.
8. Айтықов ауылына жаңа мектеп салу туралы - 80 орындық мектеп салу үшін
2 гектар жер учаскесі бөлініп, сметалық – жобалық құжаттамалары жасалып, сараптамадан өткізілді. 2013 жылы мектептің құрылыс жұмыстары басталады.
Тарғын ауылдық округі аудан ішіндегі көлемі жағынан, елді мекендердің саны мен ара-қашықтықтары жағынан үлкен әкімшіліктің бірі болып саналады. Округ бес елді мекендерден тұрады, әкімшілік орталығы Тарғын ауылынан басқа елді мекендердің ара қашықтығы 15 - тен 70 шақырымға дейін, Тарғын ауылы аудан орталығынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан.
Көркем табиғаты мен тоғыз жолдың торабында орналасуы тұрмысқа қолайлы болғандықтан округ тұрғындарының саны қалыпты жағдайда сақталуда. Атап айтқанда 2011 жылы – 3110, 2012 жылы - 3113 адамды құрап отыр.
Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып есептеледі
Округтің жер көлемі 89705 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатыны 78913 га, оның ішінде шабындық 3257 га, жайылым 69920 га, егістік жер көлемі 5097 га құрайды. Елді мекендердегі жеке меншік малдардың жайылымына берілген жерлер 8869 га, оның ішінде егістік 217 га, жайылым 7412 га, шабындық 82 га, елді мекендер орналасқан жер көлемі - 421 га және қосалқы жерлер 677 га.
2012 жылы округтегі егістік жерлердің 1070 га жері игерілді, оның ішінде 290 га бір жылдық шөптер, 667 га көп жылдық шөптер, 110 га картоп, 3 га жерге көкөніс егілді. Бір жылдық шөптің әр гектарынан 20 ц, көп жылдық шөптің әр га 15 ц, картоптың әр га -170 ц, көкөністің әр га - 310 ц өнім жиналды.
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын жүргізу нұсқамаларына сәйкес округтің жерлері негізінен мал шаруашылығын дамытуға қолайлы болып саналады. Сол себепті округ көлемінде мал басының өсуіне байланысты көпжылдық шөп егу көлемін жылдан жылға арттыру көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 394 га, 2012 жылы 667 га болса, 2013 жылы 957 гектарды құрайды.
Округ аумағында 4175 бас ірі қара, 5310 бас қой-ешкі, 2219 бас жылқы, 1460 үй құстары тіркелген. Жыл көлемінде округ бойынша 9100 центнер ет, 51000 центнер сүт, 150 центнер қымыз, 182000 дана жұмыртқа, 170 центнер жүн, 18700 центнер картоп, 9030 центнер көкөніс өндіріліп, 20000 тоннадан артық мал азығы дайындалды. Округ бойынша мал басы мен оның өнімдерінің көлемі жылдан жылға артып келеді. Малдардың тұқымын асылдандыру жұмысын дұрыс жолға қоймай, мал өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру мүмкін емес екендігі белгілі. Сол себепті «Жанабил и К» ш/қ 3 бас, «Бірлік» ш/қ 1 бас -Көкпекті ауданы, «Елімай» шаруа қожалығынан, «Ерлік» ш/қ 1 бас, «Шығыс» ш/қ 4 бас «Ақбастау» шаруа қожалығынан, барлығы 9 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды. Сонымен қатар «Бірлік» ш/қ Тарбағатай ауданы, «Дастан» шаруа қожалығынан 10 бас асыл тұқымды тайынша сатып алды. «Болашак» ш/қ 2013 жылға мал тұқымын асылдандыру мен өнімін арттыру мақсатында ауқымды жоба белгілеп отыр. Аталған жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Мүрсал Салтанат омарта шаруашылығын дамыту үшін 1 млн. Ахмет Казбек құс шаруашылығын дамыту үшін 13 млн. несие алып, жобаларын іске асыру үшін дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
Кәсіпкерлік
Елбасының тапсырмасына сәйкес барлық салық түрлерінің ішіндегі шағын кәсіпкерліктен түсетін салық көлемін жылдан жылға ұлғайту басты міндетіміз болып саналады. Бүгінгі күнге әкімшілік аумағында 27 шағын кәсіпкерлік нышандар жұмыс істеуде, олар - 18 дүкен, 7 жол бойындағы тамақтандыру орындары, 1 наубайхана, 1 демалыс орны. Осы шағын кәсіпкерлік нышандарында
43 адам тұрақты жұмысқа тартылған.
2012 жылы Тарғын ауылында 1 дүкен, Жоғарғы Тайынтыда 1 дүкен, Айтыков ауылында 1 наубайхана, 1 шайхана ашылды. Округ аумағындағы дүкендердегі күнделікті азық-түлік бағаларын тежеп ұстау жөнінде 15 дүкен иелерімен меморандум жасалып, бағалар күнделікті бақылауда.
Бюджет
Жыл басынан әкімшілік бюджетіне 8 млн. 285 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде аппаратты ұстауға 3 млн. 243 мың тенге, көшені жарықтандыруға – 1 млн, 786 000, санитарлық тазалыққа -107 000 теңге. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақылары және міндетті төлемдері мен өтемақылары толығымен төленді.
Санитарлық тазалыққа бөлінген 107 мың теңгеге Тарғын және Жоғарғы Тайынты ауылдарындағы қоқыс төгілген орындар ретке келтіріліп, рұқсатсыз қоқыс төгілген орындар тазартылды. Көше жарықтандыруға бөлінген 1 млн. 786 мың теңгеге Жоғарғы Тайынты ауылына 20 жарық нүктелері орнатылды.
Бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Округ бойынша жергілікті салық жинау жоспары 100% орындалды.
Мүлік салығы – 45 мың 237 теңге,
жер салығы - 222 мың 662 теңге.
Көлік салығы - 980 мың теңге.
Бір жолғы талондар сату жоспары -120 мың теңге, орындалғаны 120 мың 750 теңге.
Барлығы: 1 млн. 367 мың 899 теңге жергілікті салық жиналды.
Білім беру
Округ аумағында 2 орта, 2 негізгі мектеп орналасқан. Оқушылар саны- 373, мұғалімдер саны - 75. Білім саласында жұмыс істейтіндер саны- 145 адам.
Биылғы жылы – 12 бала грант бойынша жоғарғы оқу орындарына түсті. Осы уақытта аз қамтылған отбасылардың 10 баласы облыс әкімінің грантымен жоғарғы оқу орындарында білім алуда, олардың екеуі 2012 жылғы мектеп түлектері.
Жаз айларында округ бойынша 90 бала, оның ішінде 50 оқушы мектеп жанындағы, 34 оқушы аудандық, 2 оқушы облыстық демалыс орындарында денсау-лықтарын түзеді, 4 оқушы жолдамамен Астана қаласында экскурсияда болды.
2011 – 2012 жылдары Облыс әкім грантымен жоғарғы оқу орындарын бітіріп, ұстаздық қызмет атқарып жатқан жас мамандарымыз бар. Олар – Куаныш Бурашев, Гульназ Абитова, Қайнарбек Солтанхан.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 3 жас ұстаз жұмысқа орналасты.
І. Айтықов, М.Таенов атындағы орта мектептерінде жаңа заман талабына сай интерактивті тақта, мультимедиялық кабинет, жабдықталған физика және информатика, биология кабинеттері бар. Мектептерде өзін-өзі тану кабинеттері жабдықталған. Барлық мектептер интернет жүйесіне қосылған. М.Таенов мектебіне 2012- 2013 жылғы жылыту маусымына қажетті көмір жеткізілген, бу қазандықтары мен жылыту жүйелері тексеруден өткізіліп қалыпты жұмыс атқаруда. К.Кайсенов және К.Ақжолов мектептері электрмен жылыту жүйесіне қосылған. І.Айттықов мектебін электрмен жылыту жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Барлық мектептердің ас мәзірінде балы бар, ыстық тамақпен қамтылған. Тегін тамақпен 215 аз қамтылған отбасының балалары және бастауыш сынып оқушылары қамтылған. М.Таенов және К. Акжолов мектептерінде 20 балаға арналған шағын орталықтар, Тарғын ауылында 30 балаға арналған бала бақша жұмыс істейді.
Округтегі жасөспірімдер мен оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мектептерде спорттық секциялар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, Қ.Қайсенов мектебінде бокс, волейбол секциялары, І.Айттықов мектебінде күрес, волейбол, М.Таенов мектебінде волейбол, теннис секциялары тұрақты жүргізіледі. Кешкі уақытта әкімшілік, ата-аналар және мұғалімдердің бірлескен кезекшілігі ұйымдастырылған.
Денсаулық сақтау
Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 2 ФП орналасқан, оларда 8 медициналық, 4 техникалық қызметкерлер жұмыс істейді. Мекемелердің барлығы электрлі жылыту қондырғыларымен жылытылады.
Тарғын дәрігерлік амбулаториясы медициналық қызмет көрсету автокөлігі-мен жабдықталған. Медициналық пунктер медициналық құралдармен жабдықталған және салауатты өмір салтын сақтау жөнінде ақпараттар мен жас аналарға арналған бұрыштар орналастырылған.
2012 жылы «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша дәрігерлік амбулаторияға терапевт – дәрігер жұмысқа қабылданды. Қазіргі кезде көтерме қаражат пен жеңілдетілген несиеге тұрғын үй сатып алып, отбасымен тұрады.
Әлеуметтік сала
Округ аумағындағы 630 аулада 3113 адам тұрады. Олардың еңбекке қабілетті, экономикалық белсенділері - 1550, зейнеткерлері - 368, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері - 92, мүгедек балалар саны – 7, көп балалы аналар саны-138, оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 45, «Күміс алқа» иегерлері - 50, 18 жасқа дейінгі көп балалы аналар саны – 43, жалғыз тұратын зейнеткерлер –25, жетім балалар - 4, қамқордағы бала - 3, Ауған соғысына қатысқан- 1 адам, Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері - 10 адам, тыл ардагерлері – 73 адам. Округ бойынша 2 әлеуметтік қызметкер 17 жалғызбасты қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Округ аумағындағы демографиялық ахуал төмендегідей: 2011 жылы 32 , 2012 жылы 35 сәби өмірге келді. Бұл дегеніміз округ тұрғындары әсіресе жас отбасы-ларының келешекке деген сенімділігінің артуы мен мемлекеттің қамқорлығын жемісі деп білеміз.
Ата қонысына көшіп келген оралмандар – 203 отбасы, 1053 адам. Оның ішінде 85 отбасы - 470 адам Монголиядан, 118 отбасы, 583 адам Қытайдан келгендер. Жалпы оралмандардың жұмысқа қабілетті жастағылар - 423 адам, тұрақты жұмыспен қамтылғандары - 42 адам, оқушылары - 232 мектепке дейінгілер - 160, студенттер - 53, зейнеткерлер - 69 адам.
Округ аумағындағы жұмыссыз адамдарды жұмысқа тарту мақсатында ақылы қоғамдық жұмысқа 47 адам тартылып, оларға 2 млн 702200 теңге еңбекақы төленді, соның ішінде Тарғын ауылында 26 адамға 1 млн 436700 теңге, Жоғарғы Тайынты ауылында 7 адамға 432900 теңге, Айтыков ауылында 12 адамға 684800 теңге, Манат ауылында 2 адамға 147800 теңге төленді. «Арғын» шаруа қожалығында 1 адам әлеуметік жұмыс орындары бойынша жұмыс істеп, оған 51905 теңге еңбекақы төленді. «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 2 адам жұмысқа қабылданып 80965 теңге еңбекақы төленді. Жыл көлемінде 22 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасына қатысып 442200 теңге еңбекақы төленді және қайта даярлау және біліктілігін арттыруға В, С, санатты жүргізуші мамандығы бойынша 2 адам оқып шықты, кәсіптік оқуға 2 адам жіберілді. Жеке кәсіпкерлер: Усенбай Цэдлээ, Касымханов Кайрат, Баймұрат Талғат, Ахмет Қазбекке 17 әлеуметтік жұмысшы берілді. 14 студент «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша колледждерде білім алуда.
Жыл бойы аз қамтылған 29 отбасына 360 мың 500 теңге үй ұстауға арналған жәрдемақы төленді. Сонымен қатар 62 адамға материалдық көмек ретінде 151 мың 180 теңге, 126 көп балалы аналарға 1 млн 220 мың теңге, 2 адамға денсаулығына байланысты 44 мың теңге, Ауған Соғысы мен Чернобыль апатына қатысушыларына 110 мың теңге төленді. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған» жәрдемақы 179 балаға 2 млн. 532 мың теңге және «мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек» ретінде
1 отбасыдағы 4 адамға 66 мың 700 теңге жәрдемақы төленді. Баспасөзге тегін жазылуға жергілікті бюджеттен 95 мың 599 теңге бөлініп, 50 адамға «Ұлан таңы», 10 адамға «Егемен Қазақстан», 1 адамға «Казахстанская правда», 13 адамға «Дидар», 1 адамға «Рудный Алтай» газеттері жазылды.
«Туған жерге тағзым» және « 21 Жарқын іс » акциялары
Округ бойынша «Туған жерге тағзым» және «21 Жарқын іс» акциялары аясында М.Таенов орта мектебінің түлектері мектепке проектор, волейбол командасының мүшелері мен жаттықтырушысына спорттық формалар, екі волейбол добы, бір сетка сыйлады, волейбол жарысының жеңімпаздары мен қатысушыларына ынталандыру сыйлықтарын қосқанда барлығы 200 мың теңгенің көлемінде демеушілік көмек көрсетті.
«Нұрлы Бастау» қоғамдық қоры мүшелері Құрбан айт мерекесінде Тарғын, Ж-Тайынты, Жантас ауылдарына екі бас ірі қара мал сойып, мұқтаж адамдарға етін таратып берді. Айтықов ауылында жеті бас қой сойылып, 120 адамға дастархан жайылып, ас берілді. Соңынан волейбол, теннис, дойбы, шахмат ойындарынан жарыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Барлығын косқанда 750 мың теңгенің қайырымдылық акциясы жасалды.
«Мектепке жол» акциясында жеке кәсіпкер А.Нургалиева қамқорлықтағы бала Б.Бағияновқа 8 мың теңгеге мектеп формасын, медбикелер Кульсара Тайнова,
А.Нурсейтова көп балалы отбасы Б.Тұрсынбекке 2,2 мың теңгеге аяқ киім, әкімшілік 15 мың теңгеге аз қамтылған отбасыдан шыққан үш балаға кысқы курткалар әперді. Жыл ішінде өтетін мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға жеке кәсіпкерлер К.Касымханов, Л.Калиева, Ш.Садвакасова, Ж.Икамбаев, К.Акаева, А.Бекжанов, Саулетбек К және «Шығыс», «Адучин», «Асан» шаруа қожалықтары демеушілік көрсетті.
Мәдениет, спорт саласы
Округ аумағында 1 ауылдық кітапхана, 4 мектеп кітапханалары бар. Ауылдық кітапханада оқитындар саны 490 адам. Мерекелік мәдени, спорттық шараларға мектептер ұжымы белсене қатысады. Мемлекеттік мереке күндерінде көпшілікке арналған мәдени, спорттық шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Жыл сайын қарттар күнінде барлық ауылдарда қарттарға арналған мерекелік дастархан жайылып, құрмет көрсетіледі.
Мектептерде спортқа деген балалардың қызығушылығы артуда, қазақша күрес, бокс, футбол, шахмат, дойбы ойындары жақсы жолға қойылған. Округ спортшылары аудан бойынша өткізілетін спорттық жарыстарға белсенді қатысады.
2012 жылы округтің спортшылары аудан әкімінің жүлдесі үшін өтетін спартакиадада жүлделі ІІІ-орынды иеленді.
Тарғын ауылында жаңадан салынған пошта бөлімшесі талапқа сай жабдықталған, 2012 жылдан бастап бөлімшеде екі пошта қызметкерлері ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Округ аумағында баспасөзге жазылу тапсырысы толығымен орындалды, газет, журналдар оқырмандарға уақытында жеткізіліп тұрады.
Қоғамдық тәртіп
Округ аумағында 1 полиция тірегі орналасқан, онда компьютер, телефон байланысы бар. Биылғы жылы учаскелік полиция қызметкеріне бюджет есебінен тұрғын үй сатып әперілді.
Округ аумағында жыл басынан бері 9 қылмыс тіркелді. Олардың 4-уі мал ұрлығы, 3 пәтер тонау, 1 әйел зорлауға әрекет жасау, 1 бұзақылық жасағаны үшін. Аталған 9 қылмыстың 7 –уі ашылды, мал ұрлығына қатысты 2 қылмыс ашылған жоқ. Сонымен қатар 26 адам профилактикалық есепте тұр. Олардың 19 созылмалы маскүнемдікпен ауыратындар, 3 отбасында жанжал шығаратындар, 2 жүйке ауыруына шалдыққандар, 2 жанұя қолайсыз отбасы есебіндегілер.
Әкім аппараты округ аумағындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық құрылымдармен, учаскелік полиция инспекторларымен мектеп ұжымдары және ата-аналар комитетімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Округ бойынша құрамында 7 адамы бар ақсақалдар алқасы, құрамында 5 адамы бар әйелдер кеңесі, құрамында 7 жастары бар «Ұлан жастары» ұйымының филиалы және «Қоғамдық кеңес» тұрақты жұмыс атқаруда. Олардың жыл бойына бекітілген жұмыс жоспарлары бар.
Жыл ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс орын алған жоқ. Алдағы уақытта округ аумағында қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізіледі.
Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау
Округтің І.Айттықов, М.Таенов мектептерінде «Ауылдың гүлденуі-Қазақстан-ның гүлденуі» атты жастар марафон – эстафетасы 28 мамыр мен 1 маусым,
4 маусым – 8 маусым күндері аралығында өтіп, оған 10 оқушы қатысты.
Ж-Тайынты ауылында қатысушылары ауылдың шетіндегі рұқсатсыз қоқыс төгілген жердің айналасын тазалап, мектеп ауласындағы гүлзарлар мен отырызылған көшеттерді суарды. 4 маусымда марафонға қатысушылар Қазақстан Республиканың рәміздері күніне орай Тарғын ауылындағы тау беткейіне «АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН» сөзін ақ таспен безендіріп, жазды, осы шараға марафон - эстафетаға қатысушылармен бірге әкімшілік қызметкерлері, жұмыссыздар, ауыл тұрғындары қатысты.
Округтің санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарылды. Елді – мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатында көктемгі екі айлық және күзгі тазалық айлығы өткізілді. Осы шараны ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құрылып, іс- жоспары бекітіліп, округтегі әр көшеге келісім бойынша жауаптылар тағайындалды. Әр аптаның бейсенбісінде «Тазалық күні» өткізіліп тұрды. Осы кезеңдер ішінде барлық мекемелердің және тұрғын үйлердің жанындағы қыстан қалған қоқыстар тазартылды. Барлығы 3 000 тонна көлеміндегі қоқыстар шығарылды.
Рұқсатсыз бес жерге төгілген қатты қалдықтар мен қоқыстар орны тазартылды. Сәуір айында Ұлы Отан Соғысында қаза болғандарға арналған 3 ескерткіштің маңайы тазартылып, бояуы жаңартылып, ретке келтірілді. Орталық саябақ іші қураған ағаштардан тазартылып, қоршауы жөнделді. Әр ауылдағы ауыз су алатын бастаулардың айналасы тазартылды: Тарғын ауылында – 4, Ж – Таинты ауылында – 2, Айтықов ауылында – 1, Жантас ауылында – 1.
Барлық мекемелердің ауласындағы және Тарғын, Айтықов ауылдарының жол бойындағы ағаштардың түбі ағартылды. Жаз айларында көкөніс суаратын 3 км қашықтықтағы арықтың іші тазаланды. Тұрғын үйлердің, мекемелердің және саябақтың ішіне барлығы 150 түп көшеттер отырғызылды.
Қоғамдық-саяси ахуал
Ағымдағы жылы оралман ағайындарға арналған «Қазақ әліпбиі» курсы ашылды, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бағдарламасы бойынша жеті айлық оқыту курсын қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Альмира Елатаевна Ахметжанова жүргізетін болды. Оқыту сабақтары жұмасына екі рет мектеп ғимаратында өтеді.
Округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрғындар арасындағы әлеуметтік, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтауға оң әсерін тигізіп отыр. Округ аумағында құрылған мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар тұрғындар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізуде көп ықпалын тигізіп отыр. Еңбек ардагерлері оқушылармен кездесулер жасап, әр түрлі мәдени, спорттық шараларда белсенділік көрсетеді. Ауылдарда Президенттің Жолдауларын, үкіметтің Қаулыларын халыққа таныстыруда, насихаттауда мектеп ұстаздары, әкімшілік қызметкерлері көп жұмыс-тар атқаруда. Барлық мектептер мен мекемелерде арнаулы тақталар, баннерлер жасалып көрнекті түрде халық назарына ұсынылып отыр.
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде мектептердегі мұражайлардың маңызы зор. Тарғын ауылындағы Айтықов орта мектебінде Кеңес Одағының Батыры Айтықов мұражайында көптеген құнды материалдар жинақталған. Айтықов ауылындағы Кайсенов мектебінде Халық Каћарманы Касым Кайсенов мұражайын ашуға материалдар жинақталып жатыр, Таенов мектебінде Мутан Таеновқа арналған мұражай бар.
Құжат айналымы
2012 жылы әкімшілікке 28 жеке тұлғадан және 6 заңды тұлғадан жазбаша өтініш түсті, олар Қазақстан Республикасының заңдарына сай қаралып, тиісті орындарға жіберіліп, өтініш иелеріне жауап берілді. Бұл өтініштердің басым көпшілігі үй орындағы жер учаскелерін заңдастыру туралы.
Жыл ішінде 53 өкім, 1 шешім қабылданды.
Шығыс құжаттар саны 739, кіріс құжаттар саны – 684.
Әкімшіліктен берілген әр түрлі анықтамалар саны -1072 дана.
Әкім аппаратында 5 мемлекеттік қызметші, 1техникалық қызметкер, 1 жұмысшы еңбек етеді. Ұйымдастыру техникалық аппараттарымен (компьютерлер, ксерокс, телефакспен) қамтамасыз етілген, Интернет жүйесіне қосылған.
Әкім аппараты алдында алдағы уақытта атқарылар көптеген маңызды міндеттер тұр. Осы міндеттерді орындау үшін біз әр уақытта округтегі қоғамдық ұйымдармен және тұрғындармен тығыз байланыста жұмыстар атқаруымыз қажет. Ол үшін жиі-жиі халықпен кездесіп олардың мұң-мұқтажына, арыз-өтініштеріне құлақ асып уақытында тиісті шаралар қабылдауымыз керек.
Құрметті ауылдастар!
Биыл біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз тәуелсіздіктің 21 жылдығын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының басшылығы арқасында, орасан зор жетістіктермен атап өттік.
Биылғы жылы біздің округ аумағында бірқатар әлеуметтік нысандарға қаржы бөлінді, Тарғын ауылында Мәдениет үйін салу жұмыстары жалғастырылады, Айтықов ауылында жаңа мектеп құрылысы басталып, Абай көшесі жарықтан-дырылады. Осы құрылыстардың басталуына байланысты Тарғын, Айтықов ауылдарында жаңа жұмыс орындары ашылады. Жұмыс істеуге ниет білдірушілер үшін бұл үлкен мүмкіншілік болып табылады.
Келешекте халқымыздың береке бірлігінің арқасында Сіздермен бірге талай биік асуларды алатынымызға нық сенімдіміз.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |