Тарих 90 жауаптар


)Қазақстан аумағындағы қола дəуірі мəдениеттерінің шығу тегі мəселесі



Pdf көрінісі
бет4/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Тарих 90 жауаптар

6)Қазақстан аумағындағы қола дəуірі мəдениеттерінің шығу тегі мəселесі.
Қола дəуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дəуірінде адамзат
металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды,
шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен
қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас жəне мыс еңбек
құралдарын біртіндеп ығыстырды. Қазақстан жерінде қола дəуірі осыдан 4 мың жыл
бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықта басталған. Еуразия даласындағы қола дəуірінің
жетістіктері андрон мəдениеті деп аталады. Себебі қола дəуірінің алғашқы
ескерткіштері Андроново селосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон
тектес қола мəдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір,
Памир таулары. Қола дəуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле жəне жер
бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері
мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған.
Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген. Ғалымдар Cолтүстік жəне
Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан. Олардың кейбірін
ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысы мен Челябі облысының
шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды. Мал өсіру отырықшылық, бақташылық
түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін жəне желден ықтасын
болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін
бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы,
сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дəн
тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды. Металл
кеніштері Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатаудан табылды. Қаныш Сəтбаевтың
мəліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс
қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы
шығарылған. Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды.
Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай
қатты, əдемі сары түсті болды. Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын жерлерде


орналасқан. Мысты өндіру үшін кен орнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су
құйған. Шытынап, уатылған кенді тас жəне қола қайланың, ағаш сынаның көмегімен
опырады. Кейін тас балғамен ұсақтаған. Еңбек құралдары тас немесе саз балшық
қалыптарға құйылып, өңделген. Андрон мəдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты
ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тəрізді
немесе тегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрінің əсемдігімен, өрнекті
əшекейлерімен тамаша өнер туындысы болып саналады. Академик В.П.Алексеевтің
берген сипаттамасы: "Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес,
көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар
болған". Андрондықтардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау
болып келген. Дене құрылысы жағынан еуропеоидтерге ұқсайды. Орталық Қазақстан
аумағынан қола дəуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді. Петровка мен Боголюбов
қоныстары (Солтүстік Қазақстан) орлармен, дуалдармен қоршалған. Адамдарды
жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. Андрондықтар табиғат
күштеріне табынған. Қола дəуіріндегі тасқа салынған суреттер Таңбалы, Жасыбай,
Хантау жерлерінен табылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қос өркешті түйелер,
билеген адамдар салынған. Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында
үйлердің қабырғалары тік бағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөз керегелері тəрізді
етіп жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз
үйіне ұқсайды деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет