болды. Ол орыс халқы этнографиясын: 1)
заттай тұрмысын, 2) күнделікті
тұрмысын, 3) адамгершілік тұрмысын зерттеудің бағдарламасын ұсынды.
Орыс этнология ғылымында М. Маклодтың орны ерекше. Ол адамзаттың
бірлігін, барлық нәсілдермен халықтардың физикалық және психикалық
теңдігін негіздеді. Кеңес дәуірі кезеңінде орыс этнологиясының дамуы
ұлтаралық қатынастарды зерттеумен байланысты болды. Бұл кезеңдегі
этнографтарға: В.Г. Багороз, М.Ф Преображенский, С.А.Толстов, Б.А.Куфтин,
С.И. Руденко, Н.Н. Чебоксаров, С.А.Токарев, Ю.В. Бромлей, т.б. жатады. Ал,
ХХ ғ. 70-80 жж. Л.Н Гумилевтің этнос, этногенез
жөніндегі концепциялары
этнология ғылымында маңызды орын алды.
ХХ ғ. 80-90 жылдарына дейін Ресейде халықтардың құрамының
ерекшелігіне,
әлеуметтік
экономикалық
және
мәдени
дамуының
айырмашылықтарына
байланысты
ғылымда
«этнография»
термині
қолданылды. Кейін келе бұл термин «этнология» деп аталды. Себебі,
европалық елдердің көпшілігінде Америкада «этнография» деп, халықтың тек
материалдық және рухани мәдениетіне сипаттама беру және сол жөнінде
материал жинау деп қана түсінеді. Осыған байланысты, яғни шет елдерде
осындай түсінік болмау үшін «этнология» термині қолданысқа енді.
Сонымен, қазіргі кезеңде шет елдердегі жалпы этникалықты зерттейтін
ғылым «антропология» деп аталады. Бірақ шет елдердегі «антропология»
ғылымының зерттеу нысаналары Ресейдегі «этнографияның» зерттеу
насаналарымен сәйкес келмейді. Шет елдердегі
антропология ғылымының
айналысатын мәселелерінің ауқымы өте кең. Қазіргі гуманитарлық ғылымда
«саяси
антропология»,
«құқықтық»,
«экономикалық»,
«ортағасырлық
антропология», т.с.с. антропологияның көп жақтылығын байқауға болады.
Аталған ғылымның ілім саласында «этнос» негізгі термин болып
саналады. Батыс Европада этнография - ғылымның ерекше бір саласы ретінде
пайда болған, ең алдымен алғашқы қоғамдық, немесе басқа этникалық не
дамуы артта қалған халықтарды зерттеумен байланыстырады. Алғашында
зерттеушілердің негізгі міндеті осы халықтарды тек сипаттау ғана
болғандықтан бұл сала «этнография» деп аталды. Халықтарды сипаттаудан
жиналған деректерге түсініктеме беруден басталған әлем халықтары жөніндегі
ғылымның дамуы халық жөніндегі
ғылымды қалыптастырды, нәтижесінде
этнология атауы туды, сонымен бірге этносты сипаттау міндетімен
«этнография» да сақталып қалды.
«Этнос» негізгі сөз ретінде отандық этнология ғылымының анықтамалары
мен терминдерінде қолданылатын: әлемдік этностар, этноним (халық атауы),
этникалық үдерістер, этнографиялық топтар, этноәлеуметтік организм,
этногенетикалық зерттеулер, этнофор (этникалық сананы тасымалдаушы), т.б.
сияқты құрамдас бөліктерден тұрады. «Халық» сөзі де «этностың» синонимдік
түсінігі ретінде қолданылады, бірақ халық ұғымы этникалық тегіне қарамай ақ
кең мағынаны: тобыр, еңбек адамдары, мемлекет тұрғындары/ ел тұрғындары,
т.с.с. түсініктерді білдіреді. Сонымен этнологияның
зерттеу нысаны этностар
мен этникалық қауымдастық. Этнологияның ғылыми бағыты этнографиялық
материалдардың қорлануы мен этнология ғылымының қалыптасуының заңды
нәтижесі.
3
. Пәннің мақсаты мен міндеттері, әлеуметтік қызметі. Теориялық
этнологияда халықтардың мәдени дамуының ерекшелігін теориялық тұрғыда
түсіндіру. Теориялық этнология пәні - этнология ғылымының қалыптасу
тарихын, этнос теориясы жөніндегі концепцияларды, этнос және этникалықты,
этногенез және оның пайда болу факторларын,
этникалық психология,
этникалық мәдениет, этникалық коммуникация, этникалық жанжал оны реттеу
жолдары т.б. тақырыптардың теориялық жағын қарастырады. Сонымен қатар
этникалықты зерттеудегі примордиализм теориясын, инструменталдық және
конструктивтік концепцияларды, этнологиядағы ғылыми мектептер мен
бағыттардың негізгі концепцияларын жан-жақты қарастырады.
«Теориялық этнология» пәнінде де салыстырмалы тарихи әдіс,
этносоциологиялық және этнопсихологиялық зерттеу әдістері қолданылады.
Аталған пән әлеуметтік және мәдени антропология,
этнография, социология,
мәдениеттану, этникалық психология ғылыми бағытындағы пәндермен тығыз
байланысты. Теориялық этнология пәнін оқыту алдында ең алдымен студент
ғылымды анықтайтын негізгі терминдердің мазмұнын, этнология ғылымының
нысанасы (обьект) мен пәнін, этнологиялық зерттеулерде қолданатын әдістер
жүйесін білу керек. Тарихи зерттеулерде
этнографиялық материалдарды
пайдалана отырып, этнографиялық әдістерді қолдануға икемі болу қажет.
Сонымен қатар этнографиялық терминологияны қолдануға дағдылану керек.
Қазіргі әлемдік прогрессивті этнология мынандай қызметтерді атқарады.
Бірінші-ғылыми танымдық. Этнология ғылымы өзінің ғылыми бірлестіктері
мен әлеуметтік инстуттары арқылы этнографиялық ақиқатты тануға, әртүрлі
тарихи кезеңмен қазіргі кезеңдегі әлемнің этникалық сипатын білуге,
планетамыздағы барлық аймақтардағы этникалық үдерістердің сипатын
түсіндіреді.
Екінші маңызды қызметі – этностың, әрбір халықтың өзін-өзі тану
мүмкіндігіне қол жеткізеді. Сондай ақ, халықтың шығу тегі жөніндегі ғылыми
ілімдер, этникалық тарих, әрбір халықтың дамуындағы үрдістер мен әрекеттер,
кейбір нанымдар мен этникалық наным сенімдердің теориялық жағына жауап
береді.
Достарыңызбен бөлісу: