қалаған француз ғалымы Франсуа Бернье 1684 ж. «нәсіл» деген теорияны
жария етті. Антропологияның нышан белгілеріне қарап, дүние жүзі халықтарын
европеоид, монголоид, негроидтық және австролоид деп төрт топқа бөлеміз.
Адамдардың нәсілдік белгілері палеолит (тас) заманында пайда болған деген
гипотеза бар.
Антропология шығу тегі жағынан өзара ортақ үлкен төрт нәсілді
ажыратады. Европеоидтар бүгінгі кезде барлық континенттерді мекендейді
және көптеген «екінші қатардағы» нәсілдерге бөлінеді. Европеоидтар арасында
ашық пигментті (ақсарылар), қоңыр-пигментті (қараторылар)
және аралас
топтар (қара қоңырлар, қоңыр-ақсарылар) кездеседі. Монголоидтардың негізгі
қоныстанған аймақтары –Сібір мен шетелдік Азия. Монголоидтық нәсіл
континенттік тынық мұхиттық, арктикалық немесе эскимостық тармақтарға
бөлінеді. Негроид нәсілінің таралу аймақтары Африка мен Америкада көп
таралған.
Негроид нәсіліне негрлер, негриллдер, бушмендер мен готтентоттар
жатқызылады. Австролоид нәсіліне Австралияның байырғы халқы папуастар
мен меланезиялықтар, негритостар мен Оңтүстік Шығыс Азия және Шри Ланка
аралдарының ішкі бөліктерін мекендейтін бойлары аласа веддоидтар жатады.
Нәсілдік классификацияны жасауда субпәндік антропологиялық
зерттеулер: қан тобының құрамы, аурулардың
тұқым қуалауы және басқа да
генетикалық анықтағыштар, алақан және табан бедерлері, тіс жүйелері мен
соматикалық
конституцияны
білудің
маңызы
жоғары.
Бірақ
антропометрикалық белгілердің көптігі нәсілді айқындаудың сыни белгілерін
(критерийін) бұлыңғырлатып жібереді. Бір белгі бойынша зерттеу екі халықты
жақындатса, басқа көрсеткіште ол оларды ажыратуы мүмкін. Сондықтан
нәсілді халықтық тұрғыдан анықтау жалпы сипат алып: «нәсіл деп, -гендерінің
біршама бөлігі ортақ және басқа нәсілден ажыратылатын жеке тұлғалардың
халықтық сипатын айтамыз». Сонымен қатар
жер шары халықтары арасында
топаралық метистік деңгейлерде бар. Кейбір жағдайларда халықтың метистік
шығу тегі айқынырақ, мәселен, Оңтүстік Сібір мен Қазақстанның жергілікті
халқында
моноголойдтық
та
европеойдтықта
белгілер
кездессе,
полинезиялықтарда бұл белгілердің ешқайсысы кездеспейді.
Көптеген антропологтар адамзаттың ірі нәсілдік топтары сияқты кіші
нәсілдік топтар да тармақшаларға бөлінетіндігін айтады. Оның ішінде А.А.
Зубов көптеген қазба және соматикалық материалдарға сүйене отырып, төменгі
палеолиттегі Homo sapiensтің пайда болуына дейін, адамзаттың екі түрлілігі –
Батыста және Шығыста қалыптасқан деген идеясын ары қарай дамытады.
Сондай ақ географиялық ортаның адамның морфологиясы мен физиологиясына
да ықпал ету идеясы Т.И. Алексеевтің еңбектерінде әрі қарай жалғасын тапты.
Тікелей іс тәжірибеде қазіргі антропологтар және этнографтар «нәсілдік
кешен» ұғымын пайдаланады. Бұл жерде бәрінен бұрын скелеттің жақ-сүйегі
белгілері мен шаш құрылымы, тері түсі, т.б. белгілер негізге алынады.
Достарыңызбен бөлісу: