2 Этнология (этнография): учебник для бакалавров /под.ред. В.А. Козьмина,
В.С. Бузина. – М.: Изд-во Юрайт, 2015. – 580 с.
3 Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. – М.: высшая школа, 2000. -
304 с.
4 Белик А.А., Резник Ю.М. Социокультурная антропология. М., 1998.
5 Этносы и этнические процесы. – М., 1993.
6 Тадевосов Г.Т. Этнология: Словарь-справочник. –М., 1998.
2 ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Бұл бөлімді оқу барысында студент міндетті:
- этнологиялық зерттеулерде қолданылатын деректердің құрамын,
этнографиялық деректердің ерекшелігін, және оны қалыптастыру әдісін,
этнологиялық зерттеулерде «ведомстволық» деректердің қолдану аясын
білу
керек;
- этнологиялық зерттеу аясында нақты деректердің біліктілігін
анықтап алу, әртүрлі «ведомстволық» деректер арасынан этнографиялық
материалды бөліп алуға
икемі болуы керек
;
- этнографиялық деректерді қалыптастыруда
негізгі дағыдыны
меңгеруі қажет.
1 Этнографиялық деректер ұғымы
2 Этнографиялық деректер классификациясы және қолданыс аясы
3 Этнологияның зерттеу әдістері
1
«Этнографиялық деректер» ұғымы. Этнография - пән, ал
этнографиялық далалық зерттеулер нәтижесінде, жиналған материалдарды
камералдық өңдеуден өткізсе, ол - деректі құрайды.
Далалық этнографиялық
деректер далалық ақпараттарды тізімдеу (фиксациялау) тәсілі мен сипатына
байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Далалық этнографиялық деректер негізінде
этникалық мәдениет пен оның кейбір бөліктеріне аналитикалық сипаттама
жасалады,
салыстырмалы
зерттеу
жүргізіліп,
зерттеу
нысанының
этногенетикалық және эволюциялық моделі құрылады.
Этнография үшін іргелі далалық деректерден басқа, өзінің міндеттерін
шешуде басқа ғылыми пәндердің – география, физикалық антропология,
археология,
тарих сондай ақ лингвистика, фольклор,
статистика, демография,
социология және өнертану, т. б. мәліметтерге де жүгінеді. Бұлар этнография
үшін далалық экспедициялық материалдарды толықтыратын,
деректік
мәліметтер болып табылады. Бұл жағдайда этнография ғылымы алғашқы
материалдарды емес, оларды өңдеу және түсіндіру нәтижесіндегі мәліметтерді
пайдаланады.
Этнографтар
аралық
пәндерсіз
ақ,
әртүрлі
жазба,
лингвистикалық, археологиялық, фольклор, т.б. деректерді дербес қолдана
алады. Сонымен бірге зерттеуші осы алғашқы деректермен жұмыс істеу үшін
соған сәйкес біліктілігі мен арнайы дағдысы болу керек. Деректер және
проблематикалар деңгейіндегі этнография мен басқа да жоғарыдағы ғылымдар
түйісіндегі өзара ықпалдастықтың нәтижесінде жаңа ғылыми субпәндер:
этногеография,
этнолингвистика,
этникалық
демография,
этникалық
статистика, этноөнертану пайда болды.
Этнографиялық деректер – бұл ақпарат,
мәліметтері этнографиялық
ғылыми пәндермен байланысты, сондай ақ кез-келген мәліметі этнографияның
міндеттерін шешуге пайдаланылатын, далалық этнографиялық экспедициялар
мен камералдық өңдеу барысында жиналған материалдардың түрлі формада
тіркелуі.
2
Этнографиялық деректердің классификациясы және қолданыс
аясы. Тарихи деректануда деректерді классификацияландырудың критерийі
ақпаратты «кодтау тәсілі» ұсынылған. Ақпарат әртүрлі кодтық жүйеде – жазба,
ауызша, сурет, заттай, мінез-құлық актілерімен сақталады және беріледі. Бұл
мағынада
сол не өзге де кодтау тәсілі, кодтық жүйе – ғылыми зерттеулерде
қолданыла алатын деректің жеке үлгісі. Осы критерийге сәйкес,
этнографиялық деректерді мынандай үлгілермен классификацияға бөлу керек:
1. Әр түрдегі далалық этнографиялық деректер – жазба мәтіндер
(интервью жазбалары, бақылау, т.б.), аудиожазбалар, видеожазбалар,
фотография,
суреттер, жоспар және сызбалар, заттай коллекциялар. Мұнда
барлық мәтіні жоқ этнографиялық материалдарға ілеспелі мәтіндік жазбалар-
«аңыздар», «сілтемелер» қатар жүреді. Далалық деректер – оны құрайтын,
өңдейтін және сақтайтын этнографияның бір бөлігі.
2. Әр түрдегі жазба деректер: заңнамалық деректер, актілік материалдар,
іс жүргізу материалдары, статистика, мерзімдік басылымдар, шығу тегі
құжаттары (мемуарлар, күнделіктер, жазбалар), жылнамалық материалдар,
әдеби ескерткіштер, хабарлау деректері. Деректердің бұл түрлерін басқа
ғылыми бөлімдерге таңу оңай емес, олар сыни өңделеді және әртүрлі ғылыми
пәндерде пайдаланады.
3. Аудиовизуальды деректер – суреттік деректер (фотоқұжаттар және
суреттің басқа түрлері).
4. Археологиялық деректер – археология бөлімінікі.
5. Антропологиялық деректер – физикалық антропология бөлімінікі.
6. Лингвистикалық деректер – негізі линвистика бөлімінің деректері.
7. Фольклорлық деректер – фольклор бөлімі деректерінікі.
Келтірілген классификациядағы кейбір деректердің әртүрлілігі
этнографиялық далалық экспедиция материалдарында да кездеседі. Ал енді
кейбірі мемлекеттік құрылымдар арқылы жиналады. Мәселен, Күләш
Байсейітова,
Әміре Қашаубаев, т.б. әндері мемлекеттік архивтердің фоно
жазбаларында сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: