Тарих факультеті


II-Тарау. Моғолстан мен Әмір Темір арасындағы соғыстар



бет2/2
Дата23.02.2016
өлшемі0.63 Mb.
#9863
1   2

II-Тарау. Моғолстан мен Әмір Темір арасындағы соғыстар.

2.1. Мәуреннахр мен Моғолстанның қарым-қатынасы.

Онтүстік - Шығыс Қазақстанның саяси өміріне және шаруаларына әскердің жорығы үлкен әcepін тигізді. Темір тарихи сахнаға XIV f 70 ж. Мауреннахрдан Шағатай әулетінің түркі тайпаларынан шықты. Темір жаулап алушының және тонау саясатын шеккен Онтустік - Шығыс Қазақстанның және Қырғызстан халқы болды.

XIV ғ Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның саяси тарихы өте қызық қарамақайшылық тұрғыда көрсетілді. Бір жағынан мемлекет құрылуы, билік жүргізуші феодалдық көшпенді әскері топ баска кошіп, жарты кешпенді Монғолстан халқы жерді жаулап алуды, көздеді, ал екінші жағынан тонау арқылы әскерлер байып отырды, ал әлеуметтік жағынан төменірек болды. Бірақ та баска да көрші отырықшы елдердің әскери басшылары тонау жорығымен айналыскан.

Хайду тұсында Шыңғыс ұрпақтарының Орта Азиядағы мемлекеті біржола қалыптасты. 1269 жылдың көктемінде Талас жағалауында құрылтай болып, онда ұлы ханның иеліктеріне тәуелсіз Хайду билеген (1269-1301) мемлекет болып жарияланды. Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы табыстарға немесе жеңілістерге байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып отырды. Оған Оңтүстік Қазақстанның Жент пен Үзкент жазираларын қоса алғанда Сырдария бойчндағы жерлері мен Жетісу кірді. Шығыс Түркістанда бұрын Шағатай ұрпақтарына қараған аумақтың бір бөлігі Құбылай иелігіне көшті. Хайдудың үлкен ұлы және оның Орта Азиядағы тағын алған Шапардың Емелде -өзің ата-бабасының иеленген жерлеріде хан болып жариялануына қарғанда, Үгедей мен Шағатай ұрпағы ұлыстарының арасындағы шекаралар анық белгіленбеген./31/

XIV ғасырдың басында Шғатай әулетінің Орта Азиядағы және Жетісудағы рөлі қалпына келді. Хайду өлгеннен кеиін көп кешікпей, 1306-1307 жылдар шамасында мемлекеттегі билік Брақ ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Туваға (Дуваға) ауысты. В:В:Бартольдтың бағалауы бойынша ол «Шағатай державасының негізін салушы» болған./18/

Шыңғыс ханның тұсында-ақ моңғол феодалдарының арасында қарама-қарсы екі саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап алушылардың көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархаттық дәстүрлерді сақтауын, бағындырылған елдердің халқын қырып жіберуге дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын және жаулап алынған аумақтарды мал жайылымына айналдыруды жақтады. Екінші бағыттың өкілдері жергілікті феодалдық үстем тапқа, жаулап алынған отытықшы- егіншілікпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйне отырып хан билігі күшті мемлекет құру мақсатын көздеді. Бірінші бағытты неғұрлым табандылықпен жүргізушілер Шыңғыс хан, ал оның ұрпақтарынан –Шғатай мен Күйік (1246-1248) болды, оларды Шағатай ұлысының әміршілері, Орқына-хатун, Брақ хан және басқалары қолдады. /34/

Үгедей (1228-29/1241), Мөңке (1251-1259) хандар және ұлыс ханы Жошы орталықта күшті билік болуын және тізе бүккен халықтармен қатынастарды біраз ретке келтіруді жақтады. Сөйтіп, аталған екі бағыт өкілдерінің арасындағы тартыстың мәні жаулап алынған аумақтардағы халықты қанау әдістері туралы мәселеге, сондай-ақ «бағындырылған елдердің феодалдық үстем тобымен жақындасу туралы, олардың феодалдық мемлекеттілігін, идеологиясын және мәдени дәстүрлерін қабылдау туралы мәселеге» келіп тірелді.

Экономикалық күйзеліс, Моңғол империясының, оның ішінде Шағатай ұрпақтары мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды өктем талап етті. XIV ғасырда Шағатай ұлысы хандарының іс -әрекетінде орталықтану және Мауреннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұғырда Туваның баласы Кебек хан (1318-1326) неғұрлым ереулі қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан Мауреннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге жәрдемдесті. Ол ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару жүйесін едәуір өзгерткен әкімшілік реформасын да жүргізген сол деп ұйғарылады./33/

Кебек ханның мирасқоры, оның інісі Тармашырын (1326-1334)орталықтандыру саясатын жалғастырды. Кебек сияқты, ол да Мауреннахрда тұрды, Ала ад-дин деген есімге ие болып, исламды Шағатай ұрпағы мемлекетінің ресми дініне айналдырды. Алайда жоғарыда аталған бағыттарды жақтаушылардың арасындағы күрес жалғаса берді.Исламды қабылдауға және көшпелі әдет-ғұрыптарды елемеуге әскери- көшпелі шонжарлар наразы болып, бұл наразылық ашық көтеріліске ұласты. Тармашырын өлтірілді. Он жылдам астам уақытқа созылған феодалдық әуре-сарсаң қаита жалғасты.

1346 жылы көшпелі феодалдармен күресте Кебек-Тармашырын тұқымын жалғастырушы Қазан хан қаза тапты. XIV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-моңғол әскери-көшпелі шонжарлары мен жергілікті феодалдардың өкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті. Қашқадария аоқабында-барластар, Ходжент аймағына –жалайырлар, Солтүстік Ауғаныстанда-арлаттар, Әмударияның жоғарғы сағасында –қаушындар күшейді; бүл рулардың әрқайсысының басшысы өз өлкесінде дербес әмірші болды. Оның үстіне 1346 жылдың өзінде Шағатай ұрпағы мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты./9/

XIV ғасырдың соңғы үштен бірі - XV ғасырдың басында Қазақстан халқының шаруашылық және саяси өміріне Әмір Темірдің жаулап алушылық жорықтары зор қауып төндірді.

Жаулап алынған елдердің түрік және түріктенген көшпелі моңғол ақсүйектері мен жергілікті отырықшы ақсүйектердің ішкі қайшылықтары, моңғол мемлекеттерінің (Алтын Орданың, Шағатай ұрпақтары мемлекетінің, Ирандағы Хулагу ұрпақтары мемлекетінің) саяси және экономикалық жағынан берік болмауы, моңғолдар бағындырған аймақтардың халық- азаттық күресі бұл мемлекеттердің ыдырауына әкеп соқты. Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі – Мәуреннахрда XIV ғасырдың 50-60 жылдарында ірі-ірі түрік моңғол тайпаларының көсемдері арасында кескілескен күрес өршіді. Моңғолдар даулап алуының барлық ауыртпалығын мойнымен көтерген еңбекші бұқараның, шаруалар мен қол өнершілердің жағдайына ауыр салмақ түсірген талас – тартыстар, сондай ақ Шағатай ұлысының бұрынғы аумағы шеңберінде тарихи жағынан келмеске кеткен ескі мемлекетті қайта туғызуға тырысқан моғолстан хандарының Мәуреннахрға жасаған жорықтары халық –бұқарасының қарсылығын туғызып, сарбадарлардың шынайы патриоттық қозғалысына ұласты. Халық көтерілісінің қауып- қатері Мәуреннахрдың ақсүйектерімен жоғары саудагер топтарын сарбадарлардың халық –азаттық қозғалысын басып, орнықты саяси билік орната алатын басшы іздестіруге мәжбүр етті. Олар Моңғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы Әмір Темірді (1336-1405жж) осындай басшы деп тапты. Атаққұмар, жігерлі, алған бетінен қайтпайтын Әмір Темір әкерлердің шапқыншылығын пайдаланып, одақтастарына опасыздық жасай отырып, халық қозғалысын басып – жаныштап, көршілес жердегі халықты талап- тонау мен күйзелту арқылы байып алды да, ешнәрседен шімірікпестен билікке ұмтылды. 1370 жылы Темір Мәуреннахрды билікті басып алды. Темірдің жеке –дара билік құрған отыз бес жылы көрші аймақтар мен елдерге жасаған басқыншылық, тонаущылық жорықтарға, дүниежүзілік империя құру әрекеттеріне толы. Ол жаулап алушылық үлкен соғыстарды мәуреннахрдың билік етуші үстем табы арасында өз билігін нығайту үшін көшпелі ақсүйектерге жаулап алынған елдердің халқын талап –тонау, Орта Азияның да бағындырылған аймақтардың да еңбекші бұқарасын қанау есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізген еді./6/

Темірдің Орта Азияны біріктіруі он сегіз жылға созылып, Қазақстан мен Қырғызстан аумағына – Шығыс Дешті Кыпшаққа, Жетісуға және Тянь –Шаньға тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасаумен бірге нақ сондай қатыгездік әдістермен жүзеге асырылды (мысалы, Хорезмге бес рет жорық жасап, Үргеніштің толық талқандалуы нәтижесінде ғана бағындырылды). Темірдің үстемдікке ұмтылысы 1360-1370 жылдардағы талас-тартыстар шайқалтқанымен, әлі де құдыретті Алтын Ордамен бетпе-бет келді. Бірақ оны күретпестен бұрын Темір семсерін өзінің ең жақын көршілері –Ақ Орда мен Моғолстанға сілтеп, олар Темірдің Орта Азиядан тыс жерлерге агрессиясының алғашқы нысаналарына айналды. Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасауға ұмтылған Темір 70-90 жылдарда бұл мемлекеттердің аумағына оннан астам жорық жасады. /27/

2.2. Моғолстан билеушілерінің Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресі.

Иляс Қожа ханның билік жүргізген аз ғана уақыты шонжарлар топтарының оқшаулану ниетімен жүргізген күресіне толы болды. Моғолстанда хан билігі рулық-тайпалық үстем таптың еркімен шектелген тым әлсіз еді. Хандар шонжарлар алдында іс –жүзінде дәрменсіз болатын. Бұл Мәуреннахрда жеңілгеннен кейінгі Иляс Қожаның мысалынан көрінді. Иляс Қожа хан билігінің күйреуі мен оның өлімінің нақты мән – жәйі деректемелерде тым қарама-қайшы келтіріледі. Моғол елінің аңыз әңгімелерінде иляс Қожа хан туралы еш нәрсе айтылмаған. «Зафарнамедегі» дерекке қарасақ, онда Тоғлық Темір хан қайтыс болған соң хан болғаны жөнінде мәләмет берілген. Иляс Қожа хан әкесі қайтыс болған соң, «Балшық шайқасы» жеңісінен кейін Самарқанды қоршауға алып, жамалдатқырдан көптеген ат-көліктен айырылып кейін оралған соғ аз уақыт патшалық құрған. Моғол аңыздарында Тоғлық Темір хан өлгеннен соң көп ұзамай Иляс Қожа ханның да өлгені айтылады./14/

Бірақ Тоғлық Темір хан қайтыс болғаннан кейінгі оқиғалар Моғол аңыз- әңгімелерінде былай баяндалған: әмір Болатшы туралы Тоғлық Темір ханның өмір баяны туралы айтылғанда еске алынды. Олар бес ағайынды болған. Біріншісі - әмір Тулақ, ханның ислам дінін қабылдау тарихында ол жәйлі айтылған болатын. Олардың екіншісі- жоғарыда аталған әмір Болатшы делінген. Ал үшіншісі -әмір Шамсаддин. Төртіншісі әмір Камараддин. Бесіншісі әмір Шейх Даулат еді. Оның өмірбаянынан еш мәлімет қалмаған.

Тоғлық Темір хан өлген соң бірден ақ моғолстандағы жоғарғы билікті Камараддин басып алуға тырысқан. Мұхаммед Хайдардың жазуында оның ханға деген ежелгі дұшпандығының себебі- Тоғлық Темірдің оған Моғол мемлекетін әкімшілігіндегі мұраға қалып отыратын ұлыс бегінің жоғары лауазымын бермегендігі. Болатшы өлгеннен кеін тоғлық Темірдің жарлығымен дулаттың қалған көсемдерінің ішіндегі үлкені Камараддин емес Болатшының жасы әлі жетпеген мұрагер баласы Құдайдат ұлыс бегі болып тағайындалды. Тоғлық Темірдің ұлыс бегілікті Камараддинге бермеу себебі ұлыстың құдыретті билеушісінің аузына қараудан құтылғысы келген еді, мұның өзі ханның шонжарлар сепаратизмімен күресі жағдайында әбден түсінікті болатын.

Муин ад-дин Натанзидің пікірі бойынша, Камараддин мен оның інісі дулат шамсаддин әуелі Иляс Қожа оғланды хан тағына отырғызады, бірақ бір жыл өткен соң, жаңа ханның өзара қырқысқан талас –тартыста тоқтата алмайтынын көрсеткен соң Иляс Қожа хан өлгеннен кейін ғана Камараддин бүлік шығарған. Мұхаммед Хайдардың айтуынша, Камараддин Тоғлық Темір ханның соңғы ұрпағы әлі жас Қызыр Қожа оғланнан басқа хан әулетінің барлық мүшелерін қырып салыпты –мыс, ал Қызыр Қожа оғланды дулат ұлысбегі әмір Құдайдат жасырып алып қалыпты./14/

Моғолстанның феодалдық- тайпалық ақсүйектерін бағындыру Камараддинге оңай іс болмады. Елде саяси және шаруашылық өмірдің қым-қуыт аласапраны басталды. Ірі тайпалардың көсемдері ең жоғары әкімшілік қызметтерге ие болып, айрықша артықшылықтарды пайдаланған дулаттардың одан әрі күшеюіне жол бергілері келмеді. Алайда Камараддин біраз уақытқа болса да Моғол тайпаларының едәуір бөлігін өзіне бағындыра алды.

Камараддин мен оның аға інілері тәрізді дулат шонжарларымен қатар деректемелер бұл кезде Моғолстанда бірқатар басқа тайпалар басшыларының есімдерін атайды. Шараф ад –дин Әли Йазди Моғолстанның билеуші топтары ішіндегі бытыраңқылық, қайшылықтар мен араздықтар туралы жазады. Жете әмірлерінің арасында, - деп хабарлайды ол, - өштестік орын алды. Дулат омағынан шыққан Камараддин, Кебек, Темір және Ширавул біраз әскермен Қажы декке қарсы бірікті. /36/

Моғолстанның жекелеген тайпалары мен ұлыстары иеліктерінің шекаралары жиі өзгеріп отырды, жайылымның жақсысын алып, олжа түсіруді көздеген күрес жүріп жатты. Бітпейтін өзара қырқыстар, күшейе түскен езгі халық бұқарасының наразылығын туғызды. Әмір Темір әскерінің басып кіруі қарсаңында жалпы Моғолстандағы, соның ішінде Оңтүстік – Шығыс Қазақстандағы жағдай осындай еді.

Темірдің Орта Азияны біріктіруі он сегіз жылға созылып, Қазақстан мен Қырғызстан аумағына аумағына – Шығыс Дешті Кыпшаққа, Жетісуға және Тянь –Шаньға тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасаумен бірге нақ сондай қатыгездік әдістермен жүзеге асырылды (мысалы, Хорезмге бес рет жорық жасап, Үргеніштің толық талқандалуы нәтижесінде ғана бағындырылды)./23/

Ақ Орда билеушілері мен Темір арасындағы соғыс қимылдарына мұрындық болған соғғысы еді. Алтын Орданың астанасы Сарайды жаулап алуға бас тартқаны үшін Ұрыс хан өлтірткен, Маңғыстаудың үлесті билеушісі, Жошы ұрпағы Түй –Қожа оғланның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге қашып барды. Ұрыс хан Алтын Ордада болған кезде Темір өзінің солтүстіктегі көршісінің істеріне араласу ушін қолайлы жағдайды паидаланып, Тоқтамыстың Ақ Ордада орнығып алуы үшін оған әскер берді. Сауран түбінде Тоқтамыс пен шайқаста Ұрыс хан балаларының бірі Құтлұғ – Бұға қаза тапқанымен, Тоқтамыстың 1374-1375 жж алғашқы әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Тоқтамыстың Самарқандағы өз қамқоршысына қашып баруына тура келді. Темірден тағы да әскер алып, Тоқтамыс Сауранға дейін жетті, бірақ ұрыс ханның үлкен ұлы Тоқтақия оны тағы да тас-талқан етті.

Деректердің барлығы Темірдің Моғолстанға жорығын кек алу, яғни, оның Мауренахрға жасаған жорығына байланысты жауапты реакциялық деп түсінді Бірақ бұл мағлұмат шындыққа сай келмейді. Темірдің алға қойған мақсаты көрші халықты (әлсірету), Шағатай әулетіне орталық, мемлекет құруға кедергі жасамау үшін әлсірету. Темірдің бірінші жорығы 773 ж (1371-1372 ж) М.Х.Дулати. Темірді өзі жорыққа бармай, өзбек Темірді керейіт әскерін жіберді. Соғыстан кейін кереіт мен бейбіт келісімге келеді. Темірді бұл келісім қанағаттандырмады, ол моғолияға жорыққа өзі шықты. Шамидің айтуы бойынша Темір моғол әскерін Сегіз- ағашқа дейін қуып барған. Жорықтың; нәтижесінде: «Жеңген әскердің қолына көптеген тутқындар және олжа тусті, және үлкен олжамен келгендер кайта келді» деп, осы Оңтүстік Моғолстанға жасалған жорық бірнеше автордың еңбегінде бейнеленді.

Келесі жорық 776 ж. (1375 ж 5.01) шағбан айынынң басында бейсенбі куні жасады. Бұл жолы Темір Моғолстанның ішкі жағына еніп, Моғолстанның ең негізгі күшін усліретуге мақсат қойды. Муин ад-Дин/17/

Натаизи Темірдің мақсатын: Сайрам арқылы Жетісуға бағыты. Сайрамнан алыс емес жерде Қамар ад-Дин болды. Ол барлық әскерлерін Көк төбе де жинап, Хаджи-бек кутіп отырды. Ал оның көптеген әскер басшылары бағынбай, May/га кашып кеткен. Темір кенеттен басып ала алмады. Себебі Қамараддин Темірдің жорығын естігеннен кеиін тығылып қалды. Ол әскерін Аршылар (Т.Р. бойынша) немесе Берке-и-Гураин (басқа деректер бойынша) сол жерге барады. Бартольдың айтуы бойынша, чарында орналасқан ол жақта үш өзен ағады. Қамарддин екеуінен өтіп, ушінші өзеннің жағасында болады.

Джаһангир өз әскерімен осында келіп, шайқас болады. Моғол әскері ілеге қарай кашты. Темір басқа әскерлерін жіберіп, ілеге дейін қуып барды. Іледе оларды тонап, мал-мүлкін алып кетті.

Натанзидің айтуы бойынша, іледен Темір әскерлері кері қайтты, ал Қамараддин Учаға қарай (Уч - Турфан Шыгыс Түркі) қашты. Әмір Қамараддинді тұтқындау үшін Әмір Джаһангирге қосып бip топ жеңімпаз әскерді жіберді. Әмірзада бұйрык, бойынша әскермен жолға аттанды. Үш Фарманда қоныстанған мыңдаған моғолды тонады. Қамараддинды бездіріп қуып шьқты. Оның барлық қырған мекенін һүм Шамаддиннің әйелі Туман Аға мен оның қызы Дилшад Ағаны қолға түсірді. Джаһангир Темірге үлкен олжамен оралады./38/

Қайтар жолында ол Байтақтан Қара-Қосман арқылы Атбашы жеріне, ары қарай Арпа - Йази даласына бет алады. Осы жолда мыңдықтың Әмірі Мәбүрүк шаһ Темірді қарсы алып, соның жағына өтіп кетеді.

777 ж.хижраның (1376 ж) көктемде Темір Моғолстанға қыпшақтан Сары - Буғаны, Жалайырдан Үділ- Шахты және т.б. мыңдық Әмірің 30 әскерін Қамараддинді тауып өлтіруге буйрық береді. бірак, олар Моғолстанға бармай, Темір Хорезмге кеткен кезде өз руын жинап, Самаркантта бүлік шығарады. Бұл сәтсіз аяқталады. Моғолстанға барып, Қамараддинды Темірге карсы кқояды. Қамараддин Темірдің Әмірімен бipгe Андижанға бет алады. Ферғанада үш күн болғаннан кейін Темірдің жорығына байланысты Атабашы арқылы Моғолстанға кайта қайтады. Қамараддин жанұясын қауіпті емес жерге жіберіп, төрт мың әскерімен жаулап алуға ыңғайлы жерде Темір әскерін күтіп отырды. Темір әскерлері айтылған жерге келген кезде тутқындап шабуыл жасайды. Бірақ бұл да сәтсіз аяқталады. Темір өзінің жарты әскерін Қамарға жіберіп, өзі Моғолстанға беттеді Қамараддин қашып кетеді. Темір Атакан арқылы олжалы болып қайтады. Темірдің Моғолстанға төртінші жорығы осылай аяқталады. Келесі жылы (1377 ж) Камараинге қарсы тағы жорық жасады. 1377 ж. Аба - Кумда жеңіс тапқаннан кейін, екі жақта да кайтыс болған адамның саны көп болды. Осы жорықта Ыстық көл маңына, Ожумчала және Кочкарға дейін жетті./17/

Осы жорықтан кейін жауынгерлік қабілетінен айырылады, қиратылады. Қалған моғол ұлысын тұтқынға алды. Қамараддиннің Моғолстанға апарып құл етеді. Оларды «барда» деп атады.

1383 ж. Темірдің жіберген әскері Моғолстанда барин тайпасымен шайқасты. Бұл жорықта моғолиялар жеңіске жетті, әскер басшысы өлтірілді.

Темір тағы да бірнеше әскер жіберді. Бұл әскерді Қамараддин Ыстық көл арқылы Жетісу аймағының Көктөбе жеріне жеткенде, Қамараддин сай. Жетісуға өтіп кетті.

Оңтүстік-Шығыс Казақстан жерінде батыраңқылык, болды. Билік бip орталақтан басқарылмады. Бұл Темірге моғол халқын бөліп, тонауға көп мүмкіндік туғызды.

Алты жылдан кейін, 1389 ж. Темір Оңтустік Шығыс Казақстанға ең кушті талқандаушы жорық жасады./24/

Зерттеулер бойынша осы кезде Моғолстанға тәуелсіз бірнеше феодалдық иеліктер болған: Қамараддин ұлысынан басқа, булгачи, баарин, аркенут, Енге-тора ұлысы және т.б. 1389 ж. Қамараддиннің билігінің әлсіреуіне байланысты Моғолстанда Қызыр Қожаны хан етіп сайлаған. Қамараддиннін: билік әлсірегеннен кейін Дешті - Қыпшак даласына Тоқтамыс ханнан көмек сұрауға барады. Ақ - Орда ханы көмек көрсеткеннен кейін Моғолстанға қайта келеді Бірақ бұл кезде Моғолстанда Хаджи – бектің Әмірінің туысы Енге - Тора билікке араласады. Енге - Тора кырғыз ұлтын баскарған.

80 ж. соңында Моғолстан мен Ақ - Орда хандығы қосылып Темірге қарсы саяси одақ құрды. Бұл Одақ Дешті - Қыпшак, Жетісу және Тянь-Шаньда, осы территорияда еркіндігін, саяси тәуелсіздік орнату бағытында қосылды. Деректерде бірак, бұл туралы көп айтылмайды. Темір бірінші Тоқхамыс ханға қарсы жорық жасады. Содан кейін Моғолстанға қарсы, осы территорияға оның қарсыласы Енге - Тора болды. Одан кейінгі карсыласы Кызыр Қожа болды. Темір Ал - Кошун жерінен Бөрі - Башы арқылы Моғолияға бағыт алған. Бөрі Баша арқылы. Тубалик жеріне, Артак хаулы аймағына, Алтын Сере аймағына жеткенде, жарты әскерін Мауренахрға қайтіп, жіберді. Айғыралы даласы арқылы өткенде Ұлан - Шарлы жерінде Енге - Тори әскерін кездеседі Енге - Тора қашып кетеді. Осы жорықта Темір әскерін екіге бөледі. Бір бөлігін Темір өзі басқарып, шара, шубарты, Кой -Марач, Кораган және Бурлау арқылы Тарб/ң батыс беліп Кара - Гучурге алып келеді, екінші бөлігін олар Шейх Кобук өзені арқылы алып келеді. Екі жақ хан қоршау арқылы Енге - Тора әскерін талқандайды.

Қара -Гу Чурге бірнеше уақыт болып, Ертіске 30 мың әскер жіберіп, Енге - Тора әскерін талқандады. Қара - Гучурден Чунчун арқылы Эмиль -Гучурге барады. Осы жерде хан ортада Сарай - Ордашда Моғолияның мемлекеін жою жоспары қойылады. Бес әскер, жалпы 120 мың адам жіберіледі. Бұл әскерді Темірдің балалары басқарады. Олар Омар Шейх Оңтүстік –Шығыс бағытымен қара Қожа камалына бағыттайды. Оның жол бастаушысы Бурхан - Оғлан және Бекжан Эмірдің баласы Баян - Темір болған./14/

Екінші әскердің қурамына 30 мың, Әмір Джахин - Шах және Шайх -Али басқарды. Олар Кара - Арх асуына бет алды. Алдына кезіккен жаудың бәрін тонап, өлтіріп отырды. Булгачи тайпасымен шайқас болды. Булгачи тайпасының жерін Темір өз баласына берді. Темірдің Булгачи тайпасына жіберген әскері қоңыр Қожаға жолығады. Олар екі күн бойы соғыспай,

келісі тарайды. Мұны естіген Темір Қызыр Қожаға өзі карсы шығады. Кунгес өзенінен өтіп Йулдуз жеріне келді Қарабулак, жерінде Қызык. Қожа әскерін талкандады. Қара Қожа жағына қашқандар бойынша Омар Шейх әскерлері ұрып - соғып, тұтқынға алды. Бұл жорық бойынша да деректерде Темірдің көп олжалы болып каитканы айтылады. Тіпті Қызық Кожаның хан титулынан айырылды деп айтады. Келісімді Йулдуз жерінде барлык, әскерлері жиналғаннан кейін 791 ж.х. 15 шабан айында (Х.01.1389 ж) Темір Самаркандқа кетеді

Келесі жылы 792 ж. (1390 ж) Teмip Жетісу және Тянь-Шань жеріннен біржолата талкандауға әскер жібереді. әскер ыстық көлді, Көктөбені, Алмалық, 1ле өзені арқылы өтіп Қараталға Енге - Торе жеріне келіп, Қамараддинмен шайқасады. Қамараддин алтайға кашып кетеді.

Қайтар жолында Балхаш аркылы кайтады.

XIXғ. соңғы ширегіндегі Темірдің жаулап алушылық саясатының нәтижесінде Оңтүстік -Шығыс Қазақстан жеріне қырғыз территориясы каңырап, халқы азайды. Экономикалық жағынанда әcepін тигізді. Отырықшының шаруашылығы және мал шаруашылығына кұлдырады.

Темірдің мақсаты тек қана тонау, сол арқылы көп олжаны бөлу яғни баю, халқын жою, с.к. осының нәтижесінде шаруашылыққа, ішкі саясатына әсер ету, әскерлерін әлсірету емес. Хандыкты, территориясын вассалдық ретінде басып алуды көздеді. Бұған жоғарыда көптеген дәлелдер келтірілді: 1389 ж. жорықтан кейін өзінің ұлын Жанах - Шах Баһадурды (билеуші) Моғолияға билік етуге қалдырып кетуі: Мирхондтың айтуы бойынша коңыр Қожаныңбиліктен бас тартуы.

Темір жорықтың нәтижесінде мемлекеттік билік әлсіреді, феодалдар арасында талас - тартыс күшейді, Жетісу мен Тянь - Шань жеріндегі түрік тайпаларының этникалық бірігуіне әсерін тигізді. XIV 70-80 ж. Моғолияда орталық биліктің әлсіреуі, Қамараддиннің Оңтүстік - Шығыс Қазахстан және Қырғыстандағы моғол тайпаларын біріктіру саясатының сәтсіздігін Teмip пайдаланып, ұр ұлысты кезек - кезек талқандап отырды.

Деректердің айтуы бойынша, Моғолстанның көп халқының айырылғанын көрсетеді. Деректердің монғол және түрік тайпасы деп бөліп айтылған. Бұл территорияның халқы тек бip ғана «моғол» атауымен беріледі.

Бірақ та, осындай куйреуіне қарамастан Темір моғолстан мемлекетін бip жолата жойып жібере алмады. Жау әскерлері қайтқаннан кейін, кашып кеткен халықтар қайта оралды. әскер жақындаған сайын көшпелі халық өз жайылымды жерінен таулы аймақтарға көшіп кеткен. Ал қаруланған әскерлер жаумен шайкасуға немесе оларды алдап басқа жаққа жол керсетіп отырған. Жекелеген тайпалар жаулаған жерлерде де таулы қиын жерлерде де тығылып өмір сүрген. Осындай көшпелі тактика туралы авторлар былай айтады: «когда победные знамена (войск Тимура) прошли через Сайрам и Йанги, противник (то есть могулы) услышалди о движении его величества, они предпочли бегство стойкости и рассеялись в степях и горах».


Пайдаланған деректермен зерттеулер тізімі

  1. Бартольд В.В Очерк истории Семиречье. Фрунзе, 1943. Бартольд В.В Сочинения II-IV.М, 1966.

  2. Ибрагимов С.К истории Казахстана в XV в.- «Вопросы филологии и истории стран советского и зарубежного востока» М. 1961. Баилаков К.М. Раннесредневековые горада и поселения Северо- Восточного Семиречья. А, 1968. Ерзакович Л.Б. О позднесредневековом городище Аспара. А,1968. Сұлтанов Т.И «Записки» Бабура как источник по истории моголов Восточнего Туркестана и Средней Азии // TURGOLOGICA, Ленинград,1986.

  3. Иванов П.П Очерки по истории Средней Азии (XXI-середина XIX в.) М, 1958, Ахмедов Б. А. Государство кочевых узбеков. М, 1965, Азимджанов С. А. К истории Ферганы второи половины XV в.Ташкент, 1957, Петров К. И. Киргизско-кипчакские отношение Известия Ан Кирг. ССР сер. Обществ. Наук. 1961 г.

  4. Востров В.В, Муканов М.С. Родо-племенной состав и расселение казахов (конец XIX-начало XX в) А, 1968; Муканов М.С. Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза. А, 1974; Юдин В.П. О роде племенном составе могулов Могулистана и Могулин и их этнических связах с казахскими и другими соседними народами // Известия Ан КазССР Сер. Обществ. Наук, 1965. вып 3.

  5. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине XIV- начале XVI веков. А, 1977.

  6. Караев О. К. Чачатайская область. Государства Хайду и Могулистан. Бишкек, 1995 г.

  7. Строева Л. В. Сербедары Самарканда, Гуревич А. М. О классовой борьбе в Самарканде // У сен. Зал. Ленинград. Ун-та, 1949, № 98. вып.1

  8. Акимушкин О.Ф. К вопросу о внешнеполитических связах Могольского государство с узбеками и казахами в 30-х гг. XXI 60гг. XVII// Палестинский сборник том I.М-Л, 1970. Акимушкин О.Ф. Хронология правителей восточной части Чачатайского улуча.// Восточный Туркестан и Средняя Азия. М,1984.

  9. Жолдасбайұлы С. «Жетісу тарихы» (XVI-XVIIIғ)-А, 1996ж.

  10. Атыгаев Н.А. Казахское ханство в XVIвека. Автореферат. А, 2003.

  11. Мухаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» А,1999.

  12. Жолдасбайұлы М.Х.Дулати XV-XVIғ. Қазақ хандығы.А. «Қазақ университеті».2000.5бет.

  13. Шараф ад-Дин Али Йазди. Зараф-наме.//М.Х.Дулати «Тарих-и Рашиди» А,1999.57-78бет.

  14. Бартольд В.В. Определение «Анонима Искандера». Соч.Т.VIII. М, 1973. 481-482,491-503 бет.

  15. Материалы по истории казасхских ханств XV-XVIII веков.А, 1969.

  16. В:П:Юдин. О родоплеменном составе могулов Могулистана и Могулине и их этнических связах с казахскими и другими соседними народами. //Известия АН КазССР сер.обшест.наук. вып 3. 53 бет: Султанов Т.И. «Записки» Бабура как источник по истории моголов восточного Туркестана и Средней Азии // TUR COLOGICA. Л, 1986. 261 бет.

  17. Юдин В:П, А:М.Мугинов. Описание уйгурских рукописей институт народов Азии АН СССР. //Известие АН ССР. 1965. № 2 8 стр.

  18. Акимушкин О.Ф.Хроника правителей восточной части Чагатайского улуса // Восточной Туркестан и Средняя Азия под ред. Б.А.Литвинского. М,84 165 бет.

  19. Караев О.К. Чагатайская область. Государства Хайду и Могулистан. Бишкек, 1995 35 бет.

  20. Бартольд В.В. Соченение том II. М, 1964 г. 25 бет.

  21. Бартольд В.В: народные движение в Самрканде в 1365 г.//Сочинение. Том II. М. 1964. 369 бет.

  22. Бартольд В.В. Очерк истории семиречья. Фрунзе, 1943, 81-83 бет.

  23. Тамерлан М. 2003. 30 бет.

  24. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. М. 1965.

  25. Омарбеков Т.О. Моғолстан қазақ мемлекетінің алтын бесігі және М.Х.Дулати. А. 1999

  26. Кляшторный С.Г. Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетии. Алма Ата 1992.

  27. Бартольд В.В. История турецко- монголских

  28. Гафуров Б.Г. Таджики. –М., - 1965.-546 б.

  29. Бартольд В.В Чагатай хан, 541 б.

  30. Петрушевский И.П. Зем леделие и аграрные отношения в Иране XIII-XIV веков, М. –Л., 462 б.

  31. Бартольд В:В: Рецензия на «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведение об их численности //Записки Восточного отделения Императоского Россиского Археологического общества Т . 11.- СПб,.-1899-352 б.; Аманжолов. С. Вопросы диалектического и истории казахского языка . Ч. 1. – Алма- Ата, -1959. -24 б.; Петров К.И. К истории движения на Тянь –Шань и их взоимоотношении с ойратами в XIII –XV вв. – Фрунзе, - 1961. -175 б.; Юдин В.П. О родоплеменном составе могулов Могулистана и Могулии и их этническиих связах с казахскими и другими соседнеми народами // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. – 1965. - »

  32. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов. –Алма –Ата, -1968.

  33. Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии. Соч. –Т. –М., -1968.- 167 б.

  34. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди, парсы тіліндегі қолжазба нұсқасынан тәржімалаған Ислам Жеменей. Жалпы ред. басқарған және алғысөзін жазған Әбсаттар Дербісалі, Алматы. Тұран, 2003, 616 б.

  35. И. Жеменей. Тарих-и Рашиди – Қазақ тарихы мен мәдениеті, Жалын журналы, №9 2005ж.

  36. Т. Омарбеков, Ш. Омарбеков, Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас, Алматы: Қазақ Университеті, 2004, 388 б.

  37. Абрамзон С.М. Киргизы и их этнические и историко – культурные связи. Л., 1971, 26-52-б.;Востров В.В. Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIV –начало XX вв.). Алма –Ата, 1968, 29, 56-60, 67-72-б.; Юдин В.В.О родоплеменном составе могулов Могулистана и их этнических связах с казахскими и другими соседними народами // Изв. АН КазССР. Сер. Обществ. Наук, 1965, вып. 3, 59 –б.

  38. Иванов П.П. Очерки по истории Средней Азии. – Ташкент, -1963. -35 б.

  39. Шоқан Уалиханов, 5 томдық, Алматы: 1916, 4-том, 14 б.

  40. Зардыхан Қиянатұлы, Моңғол үстүртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары; IX-XII ғасыр , Астана: Ел Орда 2001,-208 б.

  41. «Алаш» тарихи зерттеу орталығы. Жалайыр. 8-том екінші кітап, Алматы. 2007 -35-48 б.

  42. ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. №1(44). 2007 – 18-25 б.

  43. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін бес томдық. «Атамұра» баспасы Алматы, 1998.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет