Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі137.5 Kb.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 30.07.2014 16:41:14
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 Қаулысы

(2014.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімегі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат кұнын айқындау қағидасы бекітілсін.

2. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкімегінін 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 351 қаулысының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 191-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Рестбликасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 10 ақпандағы

120 қаулысымен



бекітілген

 

 

Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айкындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауы туралы тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін белгілейді.

2. Тарихи шығындар - мемлекет келісімшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған; олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне берілген бұрынғы жиынтық шығындар.

3. Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.

4. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты қоса алғанда, тарихи шығындар барлық пайдалы қазбалардың түрлері үшін айқындалады.

5. Тарихи шығындардың көлемін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықтайды.

 

 

2. Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібі



 

6. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жарияланғанға дейін жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесі (бұдан әрі - жер қойнауы учаскесі) шегінде орындалған барлық геологиялық зерттеулерге түгендеу жүргізеді. Түгендеудің деректері жер қойнауы учаскесінің геологиялық зерделену дәрежесі мен геологиялық барлау жұмыстарының нақты шығындарын көрсетуге тиіс. Түгендеудің деректері бойынша геологиялық зерделену картограммасы мен түгендеу ведомосі жасалады, осылардың негізінде тарихи шығындардың есебі жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды



6-1. Геологиялық зерделену картограммасында: келісімшарттық аумақтың пішіні және бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары; келісімшарттық аумақта бұрын орындалған барлық геологиялық зерттеулердің пішіні көрсетілуге тиіс.

Келісімшарттық аумақта орындалған барлық геологиялық-барлау жұмыстары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының түгендеу ведомосына (бұдан әрі - түгендеу ведомосы) енгізіледі.

Түгендеу ведомосынан объекті(лер)де жүргізілген нақты жұмыстар алынып тасталады және осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар нақты шығындары тарихи шығындардың есебінен толық алынып тасталатын геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтамаға (бұдан әрі - алып тастау туралы анықтама) енгізіледі.

Түгендеу ведомосындағы қалған объекті(лер) бойынша жұмыстар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының шығындарының бір бөлігін есептеу туралы анықтамаға (бұдан әрі - есептеу туралы анықтама) енгізіледі.



Есептеу туралы анықтама тарихи шығындардың есебі үшін бастапқы құжат болып табылады.

Келісімшарттық аумаққа жатқызылған тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша жинақталады (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде). Уәкілетті органның аумақтық орган(дар)ы объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындар есебін (бұдан әрі - тарихи шығындар есебі) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.

7. Тарихи шығындар әр жер қойнауы учаскесі бойынша жеке қаралады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің шекарасы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітетін Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган беретін тау-кендік немесе геологиялық бөлулермен анықталады.

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды



7-1. Мүдделі тұлғаның сұратуы негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда және геологиялық немесе тау-кендік бөлуге сәйкес уәкілетті органның тапсырмасы бойынша әрбір объект бойынша тарихи шығындар есебін тиісті аумақтық орган(дар) жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді.

8. Барлау немесе барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар: жер қойнауы учаскесінің алаңына немесе оған сай келетін табиғи көлеміне барабар өңірлік геологиялық-геофизикалық, іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, ғылыми, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерделеумен байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Барлауды немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі, сондай-ақ барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын айқындаған және бағалаған және тікелей келіссөздер негізінде, конкурс өткізбей, өндіруге арналған келісімшартты жасауға айрықша құқығы бар жер қойнауын пайдаланушы бойынша тарихи шығындар геологиялық бөлу шегінде есептеледі және геологиялық бөлудің алаңына барабар көлемдегі, өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

Конкурс жеңімпазына немесе тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алған тұлғаға тарихи шығындар тау-кендік бөлу шегінде есептеледі және өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.

Егер өндіру жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға кен орындары қорларының бір бөлігі берілген болса, онда тарихи шығындар кен орындарының жалпы қорларынан осы қорлардың осы бөлігіне барабар есептеледі.

10. Тарихи шығындарды есептеуден осы Қағиданың 8, 9-тармақтарында көрсетілген жұмыстардан, пайдалы қазбалардың мәлімделген түріне жатпайтын жұмыстар, оларды геологиялық зерттеулерге арналған шығындардан басқа немесе мемлекттің қаражатынсыз жүргізілген, ұңғыма және тау-кен өндірудің тарихи шығындарын есептеу күніне жойылған еткізу жөніндегі жұмыстар алынып тасталады.

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. Тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде) жұмыс түрлері бойынша жинақталады. Осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық барлау жұмыстарының тиісінше мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған құнының салаішілік индекстерінің өзгеруі өткен жылдардың шығындарын 1996 жылғы бағаға қайта есептеуге негіз болады.



1961 жылға дейінгі шығындарды 1961 - 1990 жылдардағы бағаға қайта есептеу үшін шығындар он есе азайтылады. Шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961 - 1990 жылдардағы рубль шығындары 0,002 коэффициентіне көбейтіледі.

1961 жылға дейін жүргізілген геологиялық барлау және басқа да жұмыстардың шығынын 1996 жылғы бағаға (теңге) қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

Тш96 = Өжш х И 91 х 0,002 х И96, мұнда:

10

 

Тш96 - 1996 жылғы бағамен тарихи шығындар;

Өжш - өткен жылдардың шығындары;

И 91 - 1991 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1990 жылғы бағаға өзгеру индексі;

0,002 - теңгеге аудару коэффициенті;

И 96 - 1996 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1991 жылғы бағаға өзгеру индексі.

1961 жылдан 1990 жылға дейінгі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

Тш 96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96

 

1991 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

Тш 96 = Өжш х 0,002 х И96

 

1992 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

Тш 96 = Өжш х 0,002: И(92 - 95) х И96,

 

мұнда: И(92-95) - жылдар бойынша геологиялық барлау жұмыстары құнының өзгеру индекстері (0,002 коэффициенті ұлттық валюта енгізілгеннен кейін қолданылмайды).

1996 жылғы бағамен тарихи шығындар 1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. 1996 жылдан кейін мемлекет шеккен тарихи шығындар атқарылған жұмыстар бойынша шығындарды есептен шығару күнгі бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. Тарихи шығындардың есебін дайындау кезінде АҚШ долларымен алынған шығынның құны ағымдағы бағам бойынша ұлттық валютаға аударылады.

ҚР Үкіметінің 2014.27.01. № 30 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12. Өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін тарихи шығындар сомасынан пайыздық ставкалар қолданылады. Пайыздық ставкалар пайдалы қазбалардың түріне байланысты сараланады:

Көмірсутек шикізаты:

барлау және өндіру - 2 %, өндіру - 3 %.

Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):

барлау және өндіру - 2 %, өндіру - 2,5 %.

Жер асты сулары (емдік балшықты қоса алғанда):

барлау және өндіру - 2,5 %, өндіру - 4 %.

Барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құны мынадай формула бойынша айқындалады:

Σгеол. ақпар.= Каек х Sкелісімш. аум. х Кт, мұнда:

Σгеол. ақпар. - геологиялық ақпараттың құны;

Каек - пайдалы қазбалардың түрлері бойынша айлық есептік көрсеткіш коэффициенті;

Sкелісімш. аум. - келісімшарт аумағының жалпы алаңы;

Кт - пайдалы қазбалардың түрлері бойынша түзету коэффициенті;

Айлық есептік көрсеткіш коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:

көмірсутек шикізаты - 310 АЕК;



қатты пайдалы қазбалар - 150 АЕК;

кең таралған пайдалы қазбалар - 100 АЕК;

жер асты сулары (емдік балшықты қоса алғанда) - 50 АЕК.

Түзету коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:

көмірсутек шикізаты - 0,01;

қатты пайдалы қазбалар - 0,015;

кең таралған пайдалы қазбалар - 0,015;

жер асты сулары (емдік балшықты қоса алғанда) - 0,015.

Барлауға құқықты алу кезінде айқындалған геологиялық ақпарат құны өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде айқындалатын геологиялық ақпарат құнына кірмейді.

Жер қойнауын пайдаланудан бос объекті бойынша геологиялық ақпарат сатып алынған жағдайда, ақпараттың бір бірлігінің құны бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Мемлекет қаражатынан алынбаған, бірақ мемлекеттің меншігіндегі геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін нәтижесінде геологиялық ақпарат алынған геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындардың сомасынан барлауға арналған пайыздық ставкалар осы Қағиданың 12-тармағында белгіленген тәртіппен қолданылады.

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



14. Құпиялылық туралы келісімдерде геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.

 

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды



Тарихи шығындарды және

геологиялық ақпарат құнын

айқындау қағидасына

1-қосымша

 

Бекітемін

________________________

(Аумақтық бөлімше)

басшысы _________________

(Т.А.Ә. қолы, мөр)

2013 ж. «    »                  №

 

 

Объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарын түгендеу

ведомосы

 

 

Келісімшарттық аумақтың координаттары

 

Келісімшарттық аумақтың ауданы _____________ шаршы км

 

Жер қойнауын пайдаланушы/ жеке немесе заңды тұлға

Келісімшарт № (құзырлы органда тіркелген күні)

 

Р/с №

Пішінінің № №, Түгендеу нөмірі

Жұмыстардың атауы, көлемі, геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілген жыл, орындаушы мекеме, есептің авторлары

Алаңның координаттары шаршы км

Геологиялық-барлау жұмыстарының негізгі нәтижелері

Орындалған жұмыстар көлемі және олар бойынша шығындар

Физикалық көлем

Қаржылық шығындар

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аумақтық органның орындаушысы                           Т.А. Ә. ___________________

(қолы)

 

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды



Тарихи шығындарды және

геологиялық ақпарат құнын

айқындау қағидасына

2-қосымша

 

 

Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындар есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы

анықтама

 

Жер қойнауын пайдаланушы/ жеке немесе заңды тұлға

Келісімшарт № (құзырлы органда тіркелген күні)

 

Р/с №

Пішіннің № №, түгендеу нөмірі

Қаржылық шығындар

Алып тастау себептері

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

Аумақтық органның орындаушысы                            Т.А. Ә. ___________________

(қолы)

 

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 3-қосымшамен толықтырылды



Тарихи шығындарды және

геологиялық ақпарат құнын

айқындау қағидасына

3-қосымша

 

 

Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған, геологиялық-

барлау жұмыстарына арналған шығындар бөлігін есептеу туралы

анықтама

 

Жер қойнауын пайдаланушы/ жеке немесе заңды тұлға

Келісімшарт № (құзырлы органда тіркелген күні)

 

Р/с №

Пішіннің № №, түгендеу нөмірі

Жалпы ауданы, шаршы км

Келісімшарттық аумаққа жатқызылатын алаң, шаршы км немесе геологиялық-барлау жұмыстарының физикалық көлемінің %-ы

Жалпы ауданынан % немесе геологиялық-барлау жұмыстарының физикалық көлемінен %

Жалпы шығындар

Келісім шарттық аумаққа жатқызылатын шығындар

Геологиялық-барлау жұмыстарының жүргізілген жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды



Тарихи шығындарды және

геологиялық ақпарат құнын

айқындау қағидасына

4-қосымша

 

Бекітемін

________________________

(Аумақтық бөлімше)

басшысы _________________

(Т.А.Ә. қолы, мөр)

2013 ж. «    »                  №

 

 

Объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындардың

есебі

 

Келісімшарттық аумақтың координаттары

Келісімшарттық аумақтың ауданы _____________ шаршы км

 

Жер қойнауын пайдаланушы/ жеке немесе заңды тұлға

Келісімшарт № (құзырлы органда тіркелген күні)

 

Тарихи шығындардың есебі ___________________________________________________________________________________

(аумақтық бөлімшенің атауы)

___________________________________________________________________________________________________________

(тау-кендік/геологиялық бөлудің нөмірі, тіркеу күні, уәкілетті органның хаты)

тау-кендік/геологиялық бөлудің және уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүргізілді.

Түгендеу ведомосында (Қағидаға 1-қосымша) көрсетілген геологиялық-барлау жұмыстарынан тарихи шығындарды есептеу кезінде жұмыстар алынып тасталды (Қағидаға 2-қосымша).

Қалған жұмыстар бойынша шығындар лицензияланатын объектіге лицензияланатын ауданға барабар түрде жатқызылды (3-қосымша).

Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындары төмендегіні құрайды.

 

Р/с №

Геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілген жыл

Өткен жылдардың шығындары

Есептеу формуласы

Геологиялық-барлау жұмыстарының шығындары, мың теңге

1

2

3

4

5

Қатты пайдалы қазбалар мен суға арналған геологиялық-барлау жұмыстары

1.

1961 жылға дейін

Өжш

х 1,45 x 0,002, И96/10 =

 

2.

1961 - 1990

Өжш

х 1,45 x 0,002, И96 =

 

3.

1991 - 1996

Өжш

х 0,002, И 96 =

 

4.

1992 - 1996

Өжш

х 0,002 : И (92 - 95) х И96 =

 

5.

1996

Өжш

х 1,0 =

 

Мұнай мен газға арналған геологиялық-барлау жұмыстары (терең бұрғылау) ұқсас

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары ұқсас

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

Геофизикалық жұмыстар ұқсас

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

1997 жылғы 1 қаңтардағы бағамен жиыны:

 

1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары 73,95 теңгені құрағанда, геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындары АҚШ долларымен

________________________________________________________________________________________________ құрайды.

(теңгені АҚШ долларына аудару)

________________________________________________________________________________________________________

(атауы)

(кен орнының, аймағының, өңірінің, ауданының) алаңындағы геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындар

___________________________________ мың АҚШ долларын құрайды.

Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындары ағымдағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары _________ теңгені құрағанда, __________________ мың теңгені құрайды.

 

 

Аумақтық органның орындаушысы                            Т.А.Ә. ___________________

(қолы)

 

ҚР Үкіметінің 2013.24.10. № 1142 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды



Тарихи шығындарды және

геологиялық ақпарат құнын

айқындау қағидасына

5-қосымша

 

 

Мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу

жұмыстарына арналған геологиялық-барлау жұмыстарының құны өзгеруінің салаішілік

индекстері

 

Р/с №

Орташа өлшемделген индексінің жылы

Қатты пайдалы қазбалар мен суға арналған геологиялық-барлау жұмыстары

Мұнай мен газға арналған геологиялық-барлау жұмыстары (терең бұрғылау)

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Геофизикалық жұмыстар

Жылдар бойынша орташа өлшемделген индексі

1

2

3

4

5

6

7

1

 

1,45

1,45

1,45

1,45

1,45

2

 

4,53

5,22

2,24

 

 

3

 

11,4

11,4

6,7

 

 

4

 

30,12

29,023

14,48

 

 

5

1992 жылғы орташа өлшемделген индексі

14,36

14,31

7,53

 

13,8

6

 

95,68

98,26

54,33

 

 

7

 

109,31

113,48

75,5

 

 

8

 

165,15

191,25

87,73

 

 

9

 

417,7

793,4

290,46

 

 

10

1993 жылғы орташа өлшемделген индексі

206,3

312,1

129

 

251,5

11

 

593,7

721,2

363,1

396,5

 

12

 

1418,5

1624,9

848,5

1111,5

 

13

 

3887,6

4506,6

1858,6

2956,3

 

14

 

6251,9

6936,9

2634,2

4333

 

15

 

7261,5

9806,7

4554

6062,3

 

16

1994 жылғы орташа өлшемделген индексі

4430,4

5403,3

2349,2

3402,45

4628,6

17

 

8782

15935

7946

6961

 

18

 

9118

16312

8419

7313

 

19

 

11156

20392

11448

9044

 

20

1995 жылғы орташа өлшемделген индексі

10081

18289,2

9854,7

8119,8

13575,6

21

 

11856

21350

13063

11731

 

22

 

13415

26301

14540

13427

 

23

1996 жылғы орташа өлшемделген индексі

12460,5

23586

13397,75

11907,25

17496

 

 

 
Каталог: storage
storage -> Литература на государственном языке Количество книговыдач в год свыше 11. 000 экземпляров. Количество читателей 704 человек
storage -> Нпб 110-03 Перечень зданий, сооружений, помещений и оборудования, подлежащих защите автоматическими установками пожаротушения и автоматической пожарной сигнализацией
storage -> П/п Іс-шаралар мазмұны
storage -> 26 июня 1284 гаммельнский крысолов увел всех детей из города после того, как городские власти отказались заплатить ему за спасение города от крыс
storage -> Московский государственный


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет