Бекіту сұрақтары:
-
Қазіргі кездегі жаңа технологиялардың бірі деңгейлеп оқытуды қалай түсінесің?
-
Оқушының ойлау дағдысы бойынша неше деңгейге бөлеміз?
3. «Шығармашылық» ұғымы, – деген неге келіп саяды?
4.Мектептік тарих оқулықтарына мінездеме беріңіз?
Әдебиет:
1. Вагин А.А. Методика преподавания истории в средней школе М., 1968
2. Қазақстан тарихының оқулықтары 5-11 сынып таңдап алу.
3. Құралов С. Сабаққа талдау жасау немесе қазіргі сабаққа қойылатын талаптар // Республика ұстаздары. 2007, 22- қаңтар, №1 (85) 1-2 бб.
4. Ежова С.А. методика преподавания истории в школе. Учебное пособие для студентов пед институтов по спец « История» М., 1986
5. Тергемесова Г. Оқушылардың тарих сабағында өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру // Қазақстан тарихы. 2006, №3, 25-27 бб.6.
№4 Дәріс Мектептегі тарихи білімнін қалыптасуы.
Негізгі түсініктер: білім; факт; тарихи білім структурасы; тарихи түсініктер; тарихм заңдылықтар.
Мақсаты: Тарихи білімнің негізінің функцмясын анықтау, тарихты білімнің құрылымын көрсету, оқушылардың қабілетіне байланысты, тарихты оқыту барысында білімді меңгеру процесін бақылау.
Жоспар:
1. Тарихи білімнің құрлымы мен функциясы.
2. Тарихты оқытуда фактілердің ролі.
3. Тарихты оқыту процессінде білімнің қалыптасу сатылары.
1. Тарихи білімнің құрлымы мен функциясы.Тарихты оқыту әдістемесінің мәселелері. Тарих - ғылым, білім ретінде адам өмірінде ерекше орын алады. Бұл ғылымның маңызы туралы белгілі ғұламалардың ой толғамағаңдары кемде-кем. Қоғам мүшелерінің тарихи білімдерін көтермей, оларда тарихи сананы калыптастырмай ешбір мемлекет дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды. Сондыктан да әрбір өркениетті, тәуелсіз, дамушы мемлекет өз елінің азаматтарына, алдымсн жастарға тарихи білім беруге үлкен мән береді. Ал, тарихты оқытуды неден бастау керек? - деген сұраққа белгілі ғалымдар, педагогтар өз өлкесінің, елінің тарихын окытудан бастау керек деген. Мұңдай пікірді кезінде КД.Ушинский де, Жүсіпбек Аймауытов та айтқан болатын.
Осыларды ескере отырып, Республиканың Білім министрлігі
Қазақстан төуелсіздік алғалы оку орындарыңда Қазақстан тарихын оқытуды жақсартуға бағытталган бірқатар шараларды жүзеге асырды, асырып та келеді. Қазір Қазакстан тарихы орта мектепте жеті класында (5-11) дербес пән ретінде оқытылады. Басқа орта оқу орындарыңда окыту туралы да алғашқы қадамдар жасалды. Барлық жоғары оқу орыңдарында оқытылады жөне оларға түсетіндер осы пәннен орта мектеп көлемінде түсу емтиханын тапсырады.
Ендігі міндет - осы пәңді окытуды жақсарту. Ол үшін оны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру қажет. Бұл игілікті істі жоғары оқу орындарының тарих факультеттеріңдегі "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі" пәнінен бастау керек.
«Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің» құрылымы мен мазмұны.
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің жалпы құрылымы 15 тарау-тақырыптан құралады. Енді соларды қысқаша болса да ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп көрейік.
-
"Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің" пайда болуы және дамуы. Мұнда қазақ тарихын оқытуға тұңғыш әрекет жасаған Ы.Алтынсарин екендігіне назар аударылады. Ал, кеңестік дәуірде тек 50-жылдардың аяқ кезінен бастап қана Қазақстан тарихының материалдары Жалпы білім беретін мектептерде оқытыла бастағаны, проблемалардың орын алғаны, қолайсыз тенденциялардың болғаны баяндалады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізіліп, өз дәрежесінде оқытуға жағдай жасалғандығы аталып өтеді
-
"Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі - ғылыми пән" деп аталатын тарауда жеке пәнді оқыту әдістемесінің дидактиканың бір бөлімі, оның ғылыми зерттеу бағыты педагогика ғылымының методологиясына, дидактиканың жалпы принциптеріне сүйенетіңдігі, бірақ жеке пән әдістемесінің зерттеу объектісі мен мақсатының өзіңдік ерекшелігі бар екендігіне назар аударылады. Жеке пәңді оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым екендігі, демек, тарихты оқыту әдістемесі де педагогикалық, қоғамдық ғылым деген тұжырым жасалады.
-
"Қазакстан Республикасы мектептеріндегі Қазақстан тарихы пәнінің қазіргі құрылымы" тарауында Республиканың осы күнгі жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихының құрылымы талданады. Оның 5-кластан бастап, мектеп бітіргенше жеті класта оқытылатыны, пәннің екі курсқа бөлінетіні, яғни 5-класта элементарлық, ал 6-11 кластарда жүйелі курс оқытылатьны көрсетіледі. Бул курстардың, сондай-ақ Қазақстан тарихының жеке кластарда оқытылатын бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау жасалады.
4. Келесі тарау-тақырып Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсат-міңдеттеріне және соларға сүйене отырып оның білім мазмұнын анықтауға арналады. Қоғамдық пәндерді, соның ішіңде әсіресе тарихты оқытуда болып жаткан үлкен өзгерістерді, оқытуды ізгілендіру, демократияландыру принциптерін басшылыққа ала отырып, тарихты оқытуға мүлде жаңаша қарау қажеттігі, осыған байланысты пәнді оқытудың мақсат-міндеттеріне елеулі өзгерістер енгізілетіні көрсетіледі. Пәннің білім мазмұнын сұрыптап, іріктегеңде басшылыққа алынатын принциптер, критерийлер мен талаптар анықталады.
5."Пәңді оқытудың ұйымдастыру формалары" - деп аталатын тақырыпта оқыту формаларын анықтауға ерекше мән беріледі. Өйткені, әдетте, сабақтың типтері мен оқыту формалары шатастырылады, семинар, лекциялар да сабақ деп есептелінеді. Дұрысы, сабақ, семинар лекция, конференция, экскурсия, кеш сияқтылар, яғни өздерінің ішкі құрылымы мен оқыту әдіс-тәсілдері жөнінен бір-біріне ұқсамайтындар оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларына жатады. Ал, тарих сабақтарының бұрыннан қалыптасқан яғни тарихты оқыту әдістемесі ғылыми жағынан, соңдай-ақ мектеп практикасы іс жүзінде дәлелдеген онға жуық типі бар екені белгілі. Соңғы жылдары тарих сабақтарының типтері "әдеттен тыс сабақтар" деп аталатын жаңа типтер есебінен көбейтілді. Ондай әдеттен тыс сабақтар типтеріне бірқатар алдыңғы қатарлы тарихшы мұғалімдер өткізіп жүрген интегралданган, ролдік, топ-топқа бөліп оқытатын, кездесу, ойын сахналандырылған және басқа сабақ типтері жатады. Сөйтіп "әдістеме пәннің" бұл тарауында осындай болашақ жас тарихшы мұғалімдерге аса қажет ғылыми-әдістемелік мәселелер толық көрсетілуі тиіс.
6. "Тарихты оқыту әдістері" тарауыңда осы пәнді оқытуда көптеген пайдаланылып келе жатқан әңгіме, әңгімелесу, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, тарихи деректерді, көрнекі және техникалык құралдарды пайдалану сияқты иллюстрациялап-түсіңдіру әдістерін шығармашылықпен қолданып, оларды оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыту мақсатына тиімді пайдаланудың жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар оқушыларды тікелей шығармашылыққа, ізденушілікке үйрететін логикалық тапсырмалар беру, проблемалы баяндау, проблемалы оқыту, проблемалық ситуация туғызу сияқты әдіс, тәсілдерді пайдалану жолдары толық, әрі нақты мысалдар келтіре отырьп баяндалуы тиіс.
7. "Оқушыларда тарихи білімдерді қалыптастыру кезеңдері" тарауыңда оны қалыптастырудың белгілі бір реті, жүйесі барлығы, оны үнемі ескеріп отыру қажетігіне назар аударылады. Олардың қатарына: тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды түсіңдіру арқылы оқушыда түсінік қалыптастыру, ұғымдарды, заңдарды, заңдылықтарды талдап-түсіндіру жатады.
8. "Тарихи материалдың тәрбиелеушілік мүмкіңдіктерін жүзеге асыру әдістемесі" тарауында бұл мәселе мүлде жаңаша карастырылуы тиіс. Тарихты оқыту барысыңда алдымен қоғамдағы адамдардың үлгілі тәжірибелерін, үлгілі істерін көрсетуге осы мақсатта өркениеттілік, мәдениеттанушылық сипатты материалдарды көбірек пайдалану кажеттігі көрсетіледі. Тәрбиелік аспектілерді анықтағаңда құндылыққа, ізгілікке, отаншылдыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу бірінші орынға шығады. Бұл тарауда оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің көтерілгенін анықтайтын өлшемдерінің үлгілерін берген дұрыс. Мәселен, егер оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай өзінің сезіміндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи оқиғаларға, құбылыстарға баға берсе, сабақ материалының мазмұнына қарай қуану, не ренжу т.б. сезімдерін білдірсе меңгерілген білім оқушының тәрбиелілігіне әсер етті деуге болады.
9. "Ұғымдар мен біліктерді қалыптастыру әдістемесі" деп аталатын тарауда әдістеменің аса бір маңызды мәселелері қарастырылады. Өйткені оқу бағдарламасында көрсетілген ұғымдардың ғылыми түсінігі оқушыларда берік қалыптаспаса, олар бағдарлама талаптарына сай ғылыми білім ала алмайды. Ал, біліктср қалыптаспаса оқушылардың ой-лау, таным қызметін тиісті дәрежеде дамыту, яғни тұлғаны талапқа сай қалыптастыру мүмкін емес.
-
"Қазақстан тарихының оқулықтары" тарауында осы пәннен жасалатын оқулықтарға қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптар көрсетіледі, осы курстан 1959-1990 және 1991-1995 жылдар аралығыңда жарық көрген оқулықтарға қысқаша сипаттама беріліп, оқулықтардың кейінгі, яғни дербес пән болғаннан бергі 5-11 кластар үшін жасалғандарына талдау жасалынып, олардың ерекшеліктері көрсетіледі.
-
"Оқыту нәтижесін тексеру және есепке алу" деген тарау-оқу бағдарламаларында көрсетілген базалық білім мен біліктерді оқушылардың қаңдай дәрежеде: "мүмкіндік" және "міндетті" деңгейлерде меңгергенін анықтауға арналады. Былайша айтқанда, мұнда оқушылардың білімі мен біліктеріне койылатын мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуы тексеріледі. Осыған орай тарауда оқушылардың меңгеретін тарихи білімдсрінің толықтығына, тереңдігіне, беріктігіне қойылатын талаптар, сондай-ақ білімдсрдің "мүмкін" деңгейі мен "міндетті" деңгейінің көлемі мен мөлшері анықталады.
Бұл тарауда оқушылардың білімдері мен біліктерін тексерудің түрлі әдіс, тәсілдері туралы нұскаулар беріледі. Мәселен, оқыту нәтижелерін қатар жазбаша тексерудің: тақырыптың жәй және толық жоспарларын, тезисін жасау; тақырыпты сұрақтарға бөліп, оларға жауаптар жазғызу; графикалық тапсырмаларды орындату; диаграммалар, схемалар, хронологиялык, синхрондық таблицалар сыздырту т.б. түрлерін қолдануға болады. Мұнда білім тексерудің тест әдісін қолдану туралы да әдістемелік нұсқаулар болады. Оқушылардың білімдері мен біліктері тарихи білімдерінің тірек категориялары: тарихи уақыт, тарихи кеңістік, тарихи қозғалыс бойынша тексерілгені дұрыс. Бұл нұсқау студенттерге түсінікті болу үшін оқыту нәтижесін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалардың үлгілерін берген орыңды.
12. "Өлкетану жұмыстары" тарауында тарихшы мұғалімдердің өз өлкесін зерттеуге оқушыларды қатыстыруы, осы бағытта жүргізілетін жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру жолдары баяндалады. Өлкетану жұмысы нәтижесіңде жинақталған материалдарды қорыту, сақтау және оларды мектептің оқу, тәрбие жұмысыңда пайдалану жолдары көрсетіледі. Осы тарауда өз өлкесі тарихы бойынша оқу құралдарын дайындау және оқыту жолдары, сондай-ақ Қазақстан тарихының белгілі дәуірлерін бағдарлама бойынша өтіп болғаннан кейін, сол дәуірдегі өз өлкесінің тарихын баяндауға арналған сабақты ұйымдастыру және өткізу жолдары туралы да әдістемелік ұсыныстар беріледі.
2. Тарихты оқытуда фактілердің ролі. Тарихи білім берудің ең басты элементі - ол білім. Білім адамзаттың әлеуметтік тәжірбиесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет, танымдардан құралады. Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, тарихи шындық және адамзаттың оған қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды негіздейді. Тарихи білімнің құрылымы тарих ғылымының өзін танудан басталады. Оқу мазмұны мыналар: ғылымның мазмұны, тарихи материалмен теориялық және әдістемелік (ғылыми танымның түрлері мен әдістері, құрылымының қағидалары туралы ғылым) негіздерімен жұмыс жасай алу. Оқу процесінде оқушылар дерек, құбылыс,оқиға, процес сияқты санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді. Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтың фрагменті ретінде қарастырылады. Мысалы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт- азатық қозғалыстың жеке дерегі. Тарихты тану процесінде деректің маңызы зор, ол тарихи байланыстарды айқындау, салыстыру және жинақтауда аса қажет. Деректерді жинақтау және жүйелеу – тарихи танымның құралы. Нақты деректермен тарихи материалды баяндауда бейнелікке қол жеткіземіз.
Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы - негізгі, Курск шайқасы - қосалқы дерек. Сабақта деректі қолдану үшін оның ғылыми дәлдігін, нақтылығын, бейнелігін, эмоциялығын айқындап алған жөн. Орта сынып буындарында дерек бейнелі, эмоциялы болса, жоғары сыныптарды ол құжатқа сүйенген, дәлелді болуы тиіс. Тарихты оқытуда дерек пен жинақтаудың арақатынасының жігін білген жөн. Бір-бірімен байланысы жоқ, жинақталмаған тарихи деректер басым болса, ол сабақ деректер жинағына, ал нақты дерекке сүйенбей жинақтау мен қорытынды пікірлерді негізге алған сабақ социологияға айналып кетеді.
Тарихты танудың өзі процеске жатады. Ол деректерді игеруден басталады. К.Д.Ушинский «адам санасы біртіндеп көбейту, екіншіден оны өңдеу арқылы байиды. Деректік білім неғұрлым парасатты болған сайын, ол шикі материал неғұрлым жақсы өңделген сайын адам дами түседі, күшейе түседі»,- деді.
Тарихи терминдермен жұмыс жасаудың оқыту процесіндегі маңызы ерекше. Оқушылардың тарихи білімдерінің деңгейі өз білгенін қаншалықты нақты әрә дәл айтып бере алуынан байқалады. Бұл жағдайда тарихи ұғымдар мен заңдылықтарды өз атымен атау- ойдың жүйелілігін, білімнің нақтылығын көрсетеді.
Тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға тарихи білім беруде ұйымдастыратын педагогикалық шаралары мен қолданатын әдістемелік тәсілдерінде терминдермен жұмыс жасауға баса мән беру тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстардың бір түрі- оқушыларға тарихи терминдер сөздігін жасату. Күнделікті сабақ барысында және сабақтан тыс шараларда жүргізілетін бұл жұмыс оқушылардың тарихи білімдерін нығайтуға көп ықпал жасайды.
3. Тарихты оқыту процессінде білімнің қалыптасу сатылары. Оқушылардың оқу жұмысының көптеген түрлері бар. Олар сабақ, кеңес,
сынақ,семинар және конференция, оқу саяхаттары болып бөлінеді.Мемлкеттік мектептерде оқытудың негізгі түрі – сынып сабақ деп аталады. Бұл жердегі сынып – сынып-сабақ бірыңғай базалық білім алатын, сынып оқушыларының 40-45 минуттан тұратын оқуы. Бұндай оқудың санын мектептің оқу жоспары, ал мазмұнын мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасы айқындайды.
Практикада тарихты оқыту ортақ, ұқсас белгілі көп сабақтар арқылы жүргізіледі. Соған сәйкес ғалымдар сабақ типтерін олардың негізгі мазмұнына, дидактикалық мақсаттарына, өткізу тәсілдеріне, оқыту процесінің буындарына қарай топтастырады.
Көрнекті әдіскер А.А.Вагиннің пікірінше, оқыту процесінде оның негізгі бөлімдері, қысқаруы немесе кеңеюі, бір немесе бірнеше сабақта іске асуы мүмкін. Осы жағдайлар практикада ескеріліп, сабақтар барлық құрамды бөлімдері сақталып немесе белгілі бір бөлігі басым болып жүргізілуі мүмкін. Оқытуда бөлімдердің үйлесуін сабақтың құрылымы деп атайды.
Кейбір топтастыруда сабақты жүргізу әдісі (дәріс-сабақ, пікірталас-сабақ, кино-сабақ, зертханалық сабақ); оқушылардың әрекеті (жинақтау сабағы, проблемалық); материал сипаты (жаңа деректі игеру) басшылыққа алынады. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыратын сабақтарды ерекше типке жатқызуға болады.
Кіріспе сабақ оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беруі тиіс. Кіріспе сабақтың мазмұнында оқушылардың жаңа тақырыпты игеруіне көмектесетін мақсаттардың болғаны дұрыс. Қажет болғанын жағдайда мұғалім бұл сабақта оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.
Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынандай түрлерін атауға болады: материалды мұғалімнің мазмұндау сабағы; мектеп дәрісі; саяхат сабақ; кино-сабақ; оқушылардың хабарламалары мен баяндамаларына арналған сабақ. Жаңа материалды игеру сабағында оқу әрекетінің бұл түрлері басым болып келеді және сабақтың едәуір бөлігін қамтиды. Ал, бекіту, қайталау, оқушылар білімін тексеруге аз уақыт, аз көлем бөлінеді.
Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеруде аралас сабақтың маңызы зор. Мұндай сабақ алдыңғы сабақтағы білім дағдылардың бүгінгі сабақ мазмұнымен байланыстарын тексеру және есепке алу; жаңа материалды игеруге өту; алдыңғы сабақта өткенді қайталап, жаңа сабақты оқып үйрену және бекіту сияқты бөлімдерді қамтиды.
Білімді тексеру мынандай талаптардан тұрады: 1) сұрақты негіздеу (өткен білімдерсіз алға жылжу мүмкін емес); 2) барлық оқушыларды жұмысқа жұмылдыру; 3) оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп жүргізу; 4) тексеру мазмұнының жаңа сабақпен байланысы; 5) сабақ барысында тексеру кезеңін айқындау;
Сабақ басында сұрақ оқушыларды жаңа материалды игеруге дайындап, алдыңғы сабақ тақырыбындағы сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнын қамтуы тиіс.
Әңгіме оқушының ауызекі сөзін дамытып, білімді ауызша мазмұндау тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастырады (конспектілеу немесе түсіндірме мазмұндау, жалпы әңгіме және т.б.) Төменгі және орта буын сыныптарда тізбектей әңгімеленеді де, оқушылар тарихи себепшарттардың байланысын жақсы аңғара алады және өткен оқиғаға деген өзінің қатынасы қалыптасады. Олар тарихи материалдарды талдау, жинақтау, өзі ұсынған тұжырымды дәлелдеу арқылы тарихи жүйеде ойлауға үйренеді. Оқушылар өз жауабын оқулық мазмұнымен салыстыру арқылы жіберген қателіктерін аңғарады. Жоғары сыныптарда тапсырмалар күрделене түседі. Оқушылар қисындық сызбаны құрастырып, күрделі жоспар түзеді; ұғымдарға жазбаша анықтама береді; партия, қозғалыс, тарихи тұлғаларға сипаттама береді; түрлі кестелер толтырылады. Сұрау кезінде жаңаны игеру, деректі түсіндіру, оқиғаны мазмұндауда теориялық білім тұрақты түрде қолданылуы тиіс. Бұл білімдер одан әрі нақтыланып және байи түседі.
Оқушылардың тарихқа қызығушылығын дамытуда олардың алған білімдерін бағалаудың маңызы зор. Ол үшін түрлі тәсілдер бар. Мысалы: жауап берер алдында материалды оқулық бойынша қайталау; көрсетілген жұмыс тәсілі, үлгісі бойынша тапсырманы жазбаша орындау; сыныпта үйде дайындалған жоспар бойынша әңгімелесу.
Жаңа материалды оқуға өту кезеңі дидактикалық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Мұғалім жаңаны оқуға оқушылардың зейінін аударады, белгісізді тануға деген қажетті психологиялық көңіл күй қалыптастырады. Жаңаны ауызша түсіндіргенде немесе оқулықтан оқығанда оқушылар көп аспектілі мазмұннан бұрын бір желілі материалды жақсы игеретіндігі белгілі. Мұғалім оқулықтың мазмұнына түзету жасай отырып, барынша маңызды, күрделі бөлігін басты деректер, жарқын да бейнелі мәселелермен толықтырып түсіндіреді.
Бекіту деп сабақта өтілген материалды екінші қайтара жаңғыртып, ой елегінен өткізуді айтамыз. Бекіту мақсаты - сабақта өтілген материалды есте сақтап, жаңа мен бұрынғы білімді байланыстырып, оқушылардың зейінін ұштап, сонымен бірге жаңа білімдерді игеруін тексеру.
Бекету сұрақтары:
1.Тарихи білім берудің ең басты элементі – не?
2. Бекіту– деп нені айтамыз?
3. Оқушылардың оқу жұмысының түрлерін атап беріңіз?
4.Қазақстан тарихы курсының мазмұнына талдау бер?
5.Тарихи білім мен фактілердің білімдік маңызы неде?
6.Қазақстан тарихын оқытудағы тарихи фактілердің ролі қандай?
7.Тарихи заңдылықтарды қалай түсінесің ?
Әдебиет:
1. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д. Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224с.
2. Гора П.В. Повышение эффективности процесса обучения истории. М., 1989
3. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984
4. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990
№5 Дәріс Тарихи құбылыстарды тудыру
Негізгі ұымдар: көріністер; тарихта болған фактілер жөнінде көріністер; тарихи кезеңдерді бейнелеу.
Мақсаты: Білімді дамытуға жәрдем жасау, тарихи білім құрылымында қажетті элемент ретінде тарихи құбылыстарды тудыру.
Жоспар:
1.Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері және тарихи білімнің қалыптасу процесіндегі ролі.
2. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістер.
3. Тарихи кеңістікпен уақыттағы, өткен практикалар жөніндегі құбылыстарды тудыру жолдары.
1.Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері және тарихи білімнің қалыптасу процесіндегі ролі. Тарихи құбылыстарды тудырудағы жүйелілік-құрылымдық тәсіл.XXI ғасырдағы тарих пәні – жалпы адамзат алға басуындағы әр мемлекеттің болашағы үшін өз патриоттарын даярлаужолындағы басты бағыт беруші пән.
Тарих пәні небір тамаша фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
Қазіргі уақыттың экономикалық қиыншылықтарына қарамастан мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Бұл түсінікті де. Басты міндеттің бірі – орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылым мен техниканың шапшаң дамуына ілесуі, осы салада ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып, меңгеруі, олардың өзі қызмет ететін салаларына қатыстырылатын іс жүзіне асыра білуі тиіс. Демек, бұл оқушыға мектеп оқулықтарындағы фактілерді, қағидаларды, яғни ғылыми, техникалық, саяси, эстетикалық, т.б. білімдер негізін біліп, меңгеріп қою аз деген сөз. Бұларға қоса ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ әлемдік құрылым қалыптсауының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс. Сонда ғана жас азамат тасқындап ағып жатқан ғылыми-техникалық өзгерістерге белсене араласа алады.
Мектеп оқушыларына – Қазақстан Республикасының болашақ азаматтарына терең білім беру, оларды жан-жақты дамыту, Отанына, халқына, туған жеріне адал қызмет етуге тәрбиелеу мәселелеріне үстіміздегі жылы өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлерінің II сиезінде де баса назар аударылды. Осы сиезде сөйлеген ел Президенті Н.Назарбаев біздің жастарымыз мектеп қабырғасында да, келешекте өмірге араласқаннан кейін де өз білімін өзі үнемі толықтыра алатындай дәрежеге жетуі тиіс деді («Егемен қазақстан», 3-ақпан, 2001 ж.).
Жоғарыда айтылғандар, оларда қойылған міндеттер мектептегі оқу үрдісінде оқушылардың ойлау, таным қызметін барынша дамытқанда ғана жүзеге асатыны белгілі.Бұл бағытта жинақталған тәжірибе де баршылық. Кеңестік дидактикада 50-жылдардың аяқ кезінен бастап жүзеге аса бастаған оқушының ойлау қызметін дамыту теориясы уақыт өткен сайын жетіліп, кемелдене түсуде. Бұл салада жақсы нәтижеге жеткен мектептердің тарихшы мұғалімдеріде баршылық.
Қазір мектептік тарих пәнін оқытудың мақсаты өзгергені, осыған байланысты оқытудың міндеттерінде де, білім мазмұнын іріктеудеде маңызды өзгерістер болғандығы белгілі. Осыған байланысты кейінгі кезде оқытылатын тарихи материалдың құрылымын жүйелеу деген тәсіл пайда болды. Мұны дұрыс түсіну үшін мыналарға назар аударуымыз керек. Тарих бағдарламасымен оны басшылыққа алып жазылатын оқулыққа енгізілген материалдың бардығы белгілі жүйемен орналастырлады.Ендеше біз әңгіме еткелі отырған жүйелеудің ерекшелігі неде? Мұнда мұғалім күнделікті оқу материалдарын оқушылардың ойлау, таным қызметін одан да дамытуға тікелей әсер ететіндей етіп өз қалауынша қайта құруы тиіс. Мұны, басқаша айтқанда, танымды дамыту тәсілі деуге болады.
Кейінгі кездері білім беру саласында жүйелеу тәсілін қолдануға баса назар аударылуда. Бұл проблемаға бірқатар ғалымдар арнап еңбек жазды. Т. Галиев (Системный подход к интисификации учебного процесса. Алматы, Ғылым, 1998 ж) оқыту үрдісін интинсифтендірудегі жүйелеп оқыту технологиясын қолданудың маңызын жан-жақты ашып көрсетті. З.А.Решетова (Психологические основы профессионального обучения. М., 1995 ж.) – қазіргі ғылымда жүйелеу тәсілін қолдану теориялық білім жасаудың жолдарын, объектідегі таным қозғалысының схемасын, зерттеу пәнін және оны баяндау тәсілін, пән туралы білімнің құрылымын, ғылыми ойлаудың және де ғылымның ұғымдық құрылысын өзгертеді дейді. В.Я.Дашковский жеке пәндерді оқытуға жүйелілік тұрғыны пайдалану – оқушыларды оқыту үрдісін оңтайландырудың қажетті шарты, ол педагогикалық үрдістің мәнін (жүйесін, мазмұнын, категориялар жүйесін) ашып көрсетеді дейді. В.Н.Садовский, И.В.Блаубенрг пен Э.Г. Юдин, В.Ф.бамарин, В.П.Беспалько еңбектерінде де оқытуда жүйелілік тұрғыны пайдалану сан түрлі қырынан қарастырылады.
Жоғарыдағы ғалымдар жасаған қорытындыларға және оқыту тәжірбиесіне сүйене келіп, тарих пәнін оқытуда жүйелеу тұрғысы мына жағдайларда қолданылады деуге болады:
- тарихи құбылыстың өмірде ерекше көрініс табуын баяндағанда;
- тарихи фактіні талдаған кезде, ол туралы пікір алысуға ерекше
қызығушылық туғанда, әсіресе оның басқа фактілермен белгілі заңдылықтарға байланысты тәуелділігі туралы пікір алысқанда- құбылыстың алғышарттарын, шығу себептерін, дамуын,маңызын, салдарын анықтағанда;
- тарихи құбылыстардың мәні мен шығу көздерін талдағанда олардың пайда болуы мен дамуының әлеуметтік салдарын іздегенде;
- белгілі тарихи құбылыстардың қайталанатындығы негізінде тарихи үрдісті танып білу сенімін қалыптастыруда, кеңістікпен уақыт жөнінен бір-бірінен алыс жатқанына қарамастан ұқсас жағдайлардағы даму тенденциясының бірдей болатындығын дәлелдегенде;
- тарихи құбылыстар мен соған байланысты үрдістердің заңдылығын анықтауда; жеке тарихи құбылыстағы жалпы заңдылықтың белгілерін табу кезінде, тарихи заңдылықтың ерекшеліктеріне назар аударғанда;
- тарихилық ұстанымы тұрғысынан құбылысты танып біліп, оны зерделеп, оның даму кезеңдері мен дәуірлерін анықтауда;
- әрбір тарихи құбылыстың даму тенденциясын айырып көрсеткенде.
Жүйелеуге қатысты барлық элементтер өзара байланысты болады, жүйелеу кезінде олар бір-біріне ұласып, бір-біріне жағдай жасайды.
Осы айтылғандарды ескере келе тарихи материалдарды жүйелеу тұрғысынан қарастыру деген ұғымды: тарихи таным әдісінің ерекшелігіне байланысты жүйелеудің реттелген жалпы өлшемдері мен ұстанымдарының көрінісі деуге болады.
Жүйелеу және құрылым ұғымдары өзара тығыз байланысты. Бірінсіз бірінің күні жоқ деуге болады. Құрылым дегеніміз – құрылымдағы жүйе бөлшектерін ұштастыру тәсілдерін, тұтас объекті бөлшектерінің өзара қатынастарының тұрақты көрінісін, бөлшектер арасындағы жан-жақты байланыстарды білдіреді. Оқу материалын қайта жүйелеп, құрылымдау оның негізгі бөлшектерін және де олардың арасындағы елеулі байланыстарды анықтауды мақсат етеді. Оқу материалын жүйелілік тұрғыда құрылымдау материалды жинақтауға, көрнекілігін арттыруға, қарастырылып отырған жаңа ақпаратты көлемді түрде қабылдауға көмектеседі.
В.П.Беспальконың пікірінше, оқу пәнінің мазмұнын көрнекілік (схема түрінде) арқылы құрылымдау, бір жағынан, оқылып отырған саланы оқушылардың қабылдауын оңайлатса, екінші жағынан, қабылдау мен меңгеруді, зердені дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Егер оқушылар оқылатын материал бойынша құрылымдық сызбаны өздері жасаса, жаңа мағлұматты меңгеру дәрежесі жоғары болады.
Осы мақала авторларының бірінің бірнеше жыл мектепте жүргізген тәжірибесі құрылымдық сызбаларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, оқыту сапасын жақсартуға болатынын көрсетті.
Енді біз тарих сабағында күнделікті оқылатын материалды жүйелілік тұрғыда белгілі құрылымға келтіру әдісін пайдалану арқылы оқушылардың оқу, танымдық қызметінде жүйелілік, проблемалық, зерттеушілікті қалай жүзеге асыруға болатынына тоқталайық.
Алдымен құрылымдық сызбалардың қызметін анықтауымыз керек. Олар:
- Сызбадағы әрбір тармақ ілгері басудың сипатын, оның аймағын білдіреді, бірақ та ілгері басатын әрбір қадамды, яғни білім мазмұнын, оны іске қосу жолдарын оқушы өзі табады;
- Фактілер, жинақтаулар туралы нақты ақпаратты меңгертуге жағдай жасайды. Оқушыларға осы ақпараттарды жинақтаудың ең жоғары деңгейіне жетуі үшін оларға бағдар керек. Олай етпесек, білім бір-бірінен ажырап қалады, жеткілікті талқыланбайды. Құрылымдық сызбалар сол деңгейлерді, бағдарлауды көрсетіп береді;
- Оқушылар мәселені өздігінше шешуге кіріскенімен, білімнің қай салаға жататынын анықтай алмаса, сызба тірек болады, көмектеседі. Сызба стеротиптер қызметі қорының құрамдас бөлшегі болып табылады, онсыз шығармашылық жұмыс жүргізу мүмкін емес;
- Оқушыларда мұғалімнің түсіндіргенін дәл, әрі толық қайта айтып беру және өздігінше талдағанда да жақсы, толық айтып беру білігін қалыптастырады;
- Оқушылардың өздігінше танымдық қызметті ұйымдастыру, тәжірибелік және интеллектуалдық іс-әрекеттер біліктерін қалыптастырады;
- Ойлау қызметі дамытылады, дәлірек айтсақ, талдау және жинақтаудың көмегімен шындықтың тікелей және жинақталған бейнесі ұғымдар арқылы беріледі;
- Мынандай ойлау құралдары – талдау, жинақтау, абстракциялау, қорыту, нақтылау, салыстыру, жіктеу және жүйелеу қалыптастырылады.
Бірінші суретте берілген сызба оқушылардың танымдық, шығармашылық қызметінің белсенділігін арттырып, оларда жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру, оқытылып жатқан пәндегі білімді жинақтау арқылы оқытуды интинсификациялау жолымен мәселені шешуді көздейді.
Сызбанының құрамы мынадай. Орталық бөлімде негізгі теория бар. Берілген нақты материал ақпаратты тұтас қабылдауға қажетті (ғылыми, әдеби) деректемелер; зерттеу бөлімінде (салыстырмалы талдау арқылы тарихи оқиғаларды тереңірек оқып үйрену, рефераттар жазу, қосымша ғылыми деректемелерді, құжат материалдарын оқып, үйрену, т.б, көзделген) әсер етуші факторлар (тарихи оқиғаларға әсер еткен, барлық жағдайда ескерілуі тиісті объективтік және субъективтік факторлар), проблемалар (барлары, туындайтындары, негізгілері және қосалқылары) бар. Бұлармен қатар сызба қажетті графикалық иллюстрацияларды орналастыру мүмкіндігін де қарастырады.
Біз ұсынып отырған орта мектепте тарихты жүйелеп оқытуға негізделген әдістеме Қазақстан тарихы курсында пайдалануға өте тиімді, өйткені кез келген тақырыпта ұлттық ерекшелікті ескеруге, сабақты өмірмен байланыстыруға, проблемаларды зерттеуге, оларды шешуге, пәнаралық, курсаралық байланыстарды ашып көрсетуге қолайлы, яғни оқушыларда жүйелі ойлаушылықты қалыптастырады, демек танымдық қызметті дамытуға жол ашады.
Осы айтылғандарға нақты мысалдар келтірейік.
9-сыныптағы «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті» тақырыбына бағдарлама бойынша 5 сағат уақыт бөлінген. Оны біз мынадай жоспар бойынша өтіп жүрміз.
Достарыңызбен бөлісу: |