Білім беру бағдарламасы Қазақ тілі пәнінің (бірінші тіл) тест спецификациясы



Дата01.07.2016
өлшемі215 Kb.
#171034
Кірі

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»


ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы Қазақ тілі пәнінің (бірінші тіл)
тест спецификациясы

10-СЫНЫП

АСТАНА, 2015

Мазмұны

1 Мақсаты 3
1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы 3
1.2 Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасымен байланысы 3
1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (КБКМ) 3
2 Бағалауға шолу 3
2.1 Бағалау міндеттері 4
3 Емтихан жұмысының сипаттамасы 5
3.1 1-емтихан жұмысы: Оқу мен мәтінді талдау 5
3.2 2-емтихан жұмысы: Жазылым 5
3.3 Балдарды бөлу 7
3.4 Бағалау тілі 7
4 Емтихан өткізу үдерісін басқару 7
5 Балдарды қою 7
6 Балдарды қою үдерісі 8
6.1 Бағалау дескрипторлары 8
7 Жалпы балл қою кестесі. 9
7.1 1-емтихан жұмысы: Оқу мен мәтінді талдау 10
7.2 2-емтихан жұмысы: Жазылым ..11

1 Мақсаты

Бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқу процесінде алған білімі мен білігін анықтау. Емтихандар оқушылардың жоғарғы деңгейдегі мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу үшін 21 ғасырдың жаһандану жағдайындағы пәндік дағдыларды қолдану мүмкіндіктерін дәлелдейді.




    1. Халықаралық стандарттармен байланысы

Бағалау халықаралық стандарттармен салыстырыла отырып дайындалды. 10-сыныптағы Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің бағалауы UK National Qualifications Framework 1-деңгейі болып есептелінетін Cambridge International IGCSE Level деңгейіне сәйкес келеді.


1.2 Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасымен байланысы
10-сынып оқушыларының жиынтық бағалауы бірінші тіл ретіндегі қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын ғана бағалайды және осы бағдарлама төңірегіндегі оқу нәтижелерімен анықталады.


1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (КБКМ)

Сыртқы жиынтық бағалау Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінің бір бөлігі болып табылады, сонымен бірге оған қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.


группа 22

Бағалаудың міндеттері оқу бағдарламасы мен оқу жоспары мазмұнын және осы құжаттардағы оқу мақсаттарын қамтиды. Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау оқу мақсаттарына негізделгенімен, оқушылардың білігін біршама басқа формада тексереді.


  1. Бағалауға шолу

Барлық оқушылар 2 емтихан жұмысын орындайды.




1-емтихан жұмысы: Оқу мен мәтінді талдау

2 сағат

Оқушылар 50 балмен бағаланатын екі міндетті тапсырманы орындайды.

1-сұрақ өтілген тақырыптарға сәйкес келетін жалпы көлемі 600 сөзден аспайтын 2

үзіндіден тұрады. Сонымен бірге 1-сұрақта екі жазбаша тапсырма бар: (а) бөлімінде

үзіндінің тілі мен стилін салыстыру қажет, (b) бөлімінде белгілі бір аудиторияға арналған

нақты мақсаты бар 150-180 сөзден тұратын мәтін жазу керек.

2-сұрақта құрамы 500 сөзден аспайтын ауызекі сөйлеу тіліндегі мәтінге талдау жүргізу қажет.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.


Барлық балл санының 50%

2-емтихан жұмысы: Жазылым

1 сағат 30 минут

Оқушылар берілген алты тапсырманың ішінен 2 тапсырманы орындайды. Ол тапсырмалар жалпы 50 балмен бағаланады. Әр сұрақтың жауабы үшін бірдей сандағы балдар беріледі. Оқушылар А бөлімінен бір тапсырманы – шығармашылық жазба жұмысын жазуды таңдайды және В бөлімінен бір тапсырманы - белгілі-бір аудиторияға бағытталған жазбаны таңдайды. Әр бөлімде құрамы 350-450 сөзден тұратын жазба жұмысын жазу керек. А бөлімінде оқушылар хабарлама немесе сипаттама мәтінін, ал В бөлімінде дискуссиялық немесе аргументті мәтін жазу қажет. Екінші бөлімнің жұмысы белгілі бір аудитория үшін анықталған форматта (мысалы, журналдағы үлкен мақала, кәдімгі мақала, сыни мақала, газетке хат, сахналық сөз, дикторлық мәтін) ұсынылу керек.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.



Барлық балл санының 50%

2.1 Бағалау міндеттері





БМ1

Коммуникативтік құзырлық

Оқушы:


• түрлі дереккөздерінен алынған мәтіндерді салыстыруды және жанрлардың абстрактылы және нақты тақырыптарын түсінуді;

• дәйектілікпен тиімді талдауды, бағалауды, болжауды, іріктеу және

ақпаратты беруді, идеяны дамыту және қалыптастыруды, интерпретация

және әр түрлі болжамдарды, тәуелсіз көзқарастарды қолдана білуді;

• тақырыптарды анықтап жалпы сипаттауды және ойды тұжырымды етіп

айтуды, өз пікірлерін жеткізуді;

• стилистика түрлерін, астарлы және басқа да мағынада айтылған сөздерді

анықтауды;

• шығармашылық жұмыстарды орындауды, терең дәлелдеулермен

қызықтыруды, түрлі жанрдағы мәтіндерді (әдебиет, сыни, тарихи,

философиялық, ғылыми және т.б.) меңгеруде терең білімділігін

көрсетуді білуі тиіс.



БМ2

Тілдік құзырлық

Оқушы:


• оқылатын тілді ауызша дәл және тиімді меңгеруді, сол сияқты жазбаша

түрде қарапайым шартты белгілерді лайықты лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құрылымдарды және пунктуациялық белгілерді қолдана білуді;

• әр түрлі жанрдағы күрделі мәтіндердің лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін талдауды және құрылымын салыстыруды анықтауды білуі тиіс.


БМ3

Мәдениаралық құзырлық және заманауи қоғам туралы білімі

Оқушы:


• өздерінің жеке пікірлерін, идеяларын жеткізуді, әр түрлі әлеуметтік-мәдени мәнмәтіндерді, жағдайлар мен фактілерді жаһандық мәселелерге әкеле отырып бағалауды;

  • қазіргі заманғы қоғам мен ұлттық мәдениет туралы білімін жеткізуді білуі тиіс.

3 Емтихан жұмысының сипаттамасы

Барлығы екі тапсырма беріледі. 1-тапсырма Оқылым және мәтінді талдауға арналған. Бұл тапсырмада мәтіндердің айырмашылық ерекшеліктерін анықтап түсіндіру қабілеттері бағаланады. 2-тапсырма Жазылымға арналған. Жазылымда оқушылардың шығарма жазу қабілеттері және тілдің көмегімен мұқият жоспарланған әрекетті құра алуы, сонымен бірге аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алу қабілеттері бағаланады.




3.1 1-емтихан жұмысы: Оқу мен мәтінді талдау

Оқушыларға 50 балмен бағаланатын екі міндетті тапсырманы орындауға 2 сағат беріледі.

1-сұрақ үшін мәтіндер қазақ тіліндегі жарнама, брошюралар, үнқағаздар, редакциялық мақалалар, жаңалықтар, мақалалар, шолулар, блогтар, журналистік зерттеулер, хаттар, автобиография, күнделіктер, эссе, хабарлау-сипаттау шығармалар секілді әр түрлі дерек көздерінен алынды.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Бұл тапсырма оқушылардың мәтіндердің ерекше айырмашылықтарын анықтау қабілеттерін, өз жауаптарында ақпараттарды дұрыс ұйымдастыру мен жазылымның қызметін байланыстыра алуын, сөздік қоры секілді аспектілерге түсінік беруін, нақышты сөздерді қолдануын (мысалы, метафора мен теңеуді қолдану), сөздердің реті мен сөйлем

құрылымын, формальды деңгейін, коммуникациялық қарым-қатынасын, тысқары пікір мен алдын ала болжай алуын бағалайды. Балдар критериалды балл қою кестесіне сәйкес қойылады.





Бағалау міндеттері

Қолжетімді балдар

Сипаттамасы

БМ1

БМ2


БМ3

35

1-cұрақ көлемі 600 сөзден кем емес екі үзіндіге негізделген, өзара байланысы бар тақырыптарға қатысты 2 жазбаша тапсырмадан тұрады: (а) бөлімінде оқушыдан екі үзіндінің стилі мен тілін салыстыру талап етіледі; (b) бөлімінде оқушылар белгілі бір тақырыпта және кәсіби аудиторияға

сәйкес лексиканы қолданып, 150-180 сөзден тұратын мәтін жазуы керек. Оқушылар мәтін жазу барысында үзіндінің түпнұсқасынан дәлелдер мен фактілерді келтірулері керек.



БМ1

БМ2


БМ3

15

2-сұрақ тек бір үзіндіден тұрады.Үзінді ауызекі сөйлеу тілінен алынған, сөз саны 500 сөзден кем емес. Оқушылар алған үзіндінің стилін талдап, түсінік берулері қажет.

Барлығы

50



3.2 2-емтихан жұмысы: Жазылым

Оқушыларға ұсынылған алты сұрақтың екеуіне жауап беру үшін 1 сағат 30 минут

беріледі. Тапсырмалар жалпы 50 балмен бағаланады. Жұмыс екі бөлімнен тұрады: А бөлімі және В бөлімі. Әр бөлім үш сұрақтан тұрады.

Оқушылар А бөлімінен бір сұраққа, В бөлімінен бір сұраққа, жалпы екі сұраққа жауап береді: Әр сұраққа бірдей сандағы балдар қойылады.

Сөздікті қолдануға тыйым салынады. Берілген тапсырмада балдар белгілі бір аудиторияға арналған жазба жұмыстарында тиісті лексикалық қорларды, стильдерді нақты мақсатпен жаза алу қабілеттеріне, ойларын анық жеткізе алуларына, аргументтер жүйесін құра алуына, дәйекті түрде сенімді етіп жаза алғандары үшін қойылады. Балдар критериалды балл қою кестесіне сәйкестендіріліп қойылады.



Бағалау міндеттері

Қолжетімді балдар

Сипаттамасы

БМ1

БМ2


БМ3

25

A Бөлімі

Шығармашылық жазбаша жұмыс (әңгімелеу/сипаттау)

Оқушылар үш сұрақтың біреуін таңдайды. Құрамы 350-450 сөзден тұратын хабарлама немесе сипаттама мәтінін жазу керек. Берілген сұрақ оқушының оқиғаны бейнелі баяндай алуын, нақты әсерлерді құра алуын, мысалы, көңіл күйді жеткізе алуы немесе кейіпкерді сипаттай алуы секілді қабілеттерін бағалайды.



БМ1

БМ2


БМ3

25

B Бөлімі

Белгілі бір тыңдаушыларға арналған жазбаша жұмыс (дискурсивті/аргументативті)

Оқушылар үш сұрақтың біреуін таңдайды.

Құрамы 350-450 сөзден тұратын жазба жазу керек. Белгілі бір аудиторияға арналған әр сұрақ үшін жазбаның нақты жанры берілген (мысалы, журналдағы мақала, кәдімгі мақала, сыни мақала, газетке хат, сахналық сөз, дикторлық мәтін). Берілген сұрақ оқушылардың өз ойларын анық жеткізулерін, аргументтер жүйесін құра алуларын, дәйекті түрде сенімді етіп жаза алу қабілеттерін бағалайды.


Барлығы

50





3.3 Балдарды бөлу

Жалпы бағалау мен әр емтихан тапсырмасы үшін қойылған балл саны төменде шамамен берілген.







1-емтихан жұмысы: Оқу мен мәтінді талдау

2-емтихан жұмысы: Жазылым


Барлығы

БМ1

22.5

20

42.5


БМ2

22.5

20

42.5


БМ3

5

10

15


Барлығы

50

50


100

10-сыныпта қазақ тілін осы деңгейде ана тілі ретінде оқитын оқушылар үшін көрсетілген БМ1 және БМ2 дағдылардың сәйкестігі мен мүмкіндігі жағынан мәні мен мағынасы бірдей деп күтіледі.


3.4 Бағалау тілі


Бағалау тілі – қазақ.

4 Емтихан өткізу үдерісін басқару

Бағалау материалдардың қауіпсіздік шаралары мен емтихан өткізу тәртібін қатаң түрде

сақтай отырып және бағалаудың әділдігін көрсете отырып жүргізілу керек. Зияткерлік

мектептерде емтихан өткізуге арналған Нұсқаулық жазылып шығарылады. Ол

төмендегілерді қамтиды:

• емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі;

• әкімшіліктің және кезекшілер мен мұғалімдердің міндеттері;

• емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау;

• жазбаша, ауызша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес

келетін кабинеттерді дайындау;

• курстық жұмыстарды тіркеуге арналған рәсім;

• курстық жұмыстарды модерациялау және реттеу рәсімі;

• емтихан тапсырушыларға бақылау жасау рәсімі;

• балл қоюға арналған материалдармен қоса емтихан аяқталғаннан кейінгі

рәсімдер.

Берілген Нұсқаулық барлық оқушылар, кезекшілер және менеджерлер емтиханның әділ,

ұйымшыл өтуіне көз жеткізе алатындай болып, барлық мектептерде емтихандардың бір

қалыпта, стандартталған тәртіпте өтуіне кепілдік береді.


5 Балдарды қою

Балл қою кестесі сұрақ кітапшаларымен қатар құрастырылады.


Барлық емтихан алушылар стандарттау процесінде белгіленген балл қою кестесінің бірдей нұсқасын пайдаланады. Бағалаудың объективтілігі мен балл қою кестесінің дұрыс қолданылғанын қамтамасыз ету мақсатында емтихан алушының тексерген жұмыстарын Кембридж халықаралық емтихан кеңесінің экспертімен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының бас емтихан алушысының үйлестіруімен қайта тексеріледі.

  1. Балдарды қою үдерісі

Әрбір оқытылған пәннің бағалау қорытындысы баға түрінде ұсынылады. Мынадай

бағалар қойылады: A*, A, B, C, D және E, мұндағы A* ең жоғарғы баға, ал Е-ең төменгі оқу

жетістігі.


Баға U (‘қанағаттанарлықсыз’) сынақ тапсырылған жоқ дегенді білдіреді.


Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі әр емтихан жұмыстары үшін емес,

емтихан жұмыстарының санына қарай бөлінген барлық жұмыстардың (белгіленген

спецификацияға сәйкес қойылған) жалпы балынан есептеп шығарылады.


Тест спецификациясында белгіленген негізгі деңгейлер А, С және Е болып табылады,

оларға дескриптор қоса беріледі.


Деңгейлік бағалаудың шегін белгілеу процесі күрделі әрі көп жұмысты қажет етеді,

сондықтан өтпелі балды Біліктілік ұйымы анықтайды. В және D деңгейлері үшін өтпелі

балл нәтижелерді статистикалық өңдеу процесінде белгіленеді.


A*, A, B, C, D және E деңгейлері қорытынды бағаны қою үшін балға айналдырылады.



  1. Бағалау дескрипторлары

Негізгі деңгей дескрипторлары оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі.


Практика жүзінде оқушыға берілген деңгей оның бағалау тапсырмаларын қалай


орындағанына байланысты болады. Оқушылардың

емтихан жұмысының кейбір бөлімінде

көрсеткен төмен нәтижесі басқа бөлімінде жоғары нәтиже көрсетуімен теңесуі мүмкін.



Баға

Бағалау дескрипторлары

A бағасы

Қазақ тілін толық меңгергенін, ғаламдық, әлеуметтік, мәдени сұрақтар жайлы білімін және пән ішіндегі байланыстарды түсінетінін көрсетеді. Жаһандық әлеуметтік және мәдени сұрақтардың мақсатты мәтіндермен ара қатынасын жеңіл және дәлме-дәл белгілей алады.

Тіл сапасы

Құрамында әр түрлі ерекшеліктері мен формалары қамтылған сөйлеу

тіліндегі сілтемелер мен мәдени иллюзиялары бар көптеген күрделі

мәтіндерді және олардың астыртын мағынасын түсінеді. Әлеуметтік,

академиялық және іскерлік мақсаттағы нақты стильде тілдік формалардың алуан түрлерін, лексикада аз қолданылатын сөздік қорды, күрделі құрылымдарды еркін және дәлме-дәл пайдаланады. Берілген деңгейде күтілетін мол сөздік қор мен грамматикалық формаларды қатесіз қолданады.

Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды.


Ұйымдастыру мен коммуникативтік жетістігі

Мәтін мазмұнында кең мағынасы бар күрделі идея толығымен ашылған,

ұйымдық құрылымдар мен байланыс құралдарын кеңірек пайдалана алған.

Оқушылар барлық ақпарат көздеріне қол жеткізе алады, ақпараттарды

саралай алады, өз ойларын еркін, жоспарсыз жеткізе алады.

Коммуникативтік міндеттердің шартты белгілерін білетінін көрсетеді.

Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, тұтас аудиторияның

назарын ұстай алады, күрделі идеяларды тиімді және сенімді етіп жеткізе алады.



C бағасы

Қазақ тілінен жақсы білімін көрсетеді, жаһандық әлеуметтік және мәдени сұрақтар мен пәнішілік өзара байланысты айқын түсінеді. Жаһандық әлеуметтік және мәдени сұрақтардың мақсатты мәтіндермен ара қатынасын белгілей алады.
Тіл сапасы

Құрамында әр түрлі ерекшеліктері мен формалары қамтылған сөйлеу

тіліндегі сілтемелер мен мәдени иллюзиялары бар жеткілікті күрделі

мәтіндерді және олардың астыртын мағынасын түсінеді. Әлеуметтік,

академиялық және іскерлік мақсаттағы нақты стильде тілдік формалардың алуан түрлерін, лексикада аз қолданылатын сөздік қорды, күрделі құрылымдарды дұрыс пайдаланады. Қарапайым және күрделі грамматикалық формаларды пайдалануды бақылайды және пайдаланады. Ара-арасында мәтіннің мазмұнын түсінуде қиындық келтірмейтін қателерді жібереді.

Ұйымдастыру мен коммуникативтік жетістігі

Мәтін логикалық бірізділікпен жақсы құрылған және ұйымдық құрылымдар мен байланыс құралдарын кеңірек пайдалана алған. Негізгі мағынасы баяндалған, бірақ кейбір маңызды идеялар дамымаған. Жазбаның құрылымы түсінікті, бірақ арасында ой жалғасын бақылап отыру қиынға түседі; кейбір идеялар бір-бірімен жақсы байланысқан. Әлеуметтік және академиялық мәнмәтінде өз ойын едәуір еркін жеткізеді. Мәтін түсінікті және әр түрлі тақырыптарды кеңірек қолдана отырып жете сипатталған; өзекті тақырыптар бойынша өзінің көзқарасын білдіреді.



E бағасы

Қазақ тілінен базалық білімін көрсетеді, жаһандық әлеуметтік және мәдени

сұрақтар мен пәнішілік өзара байланысты қарапайым деңгейде түсінеді. Жаһандық әлеуметтік және мәдени сұрақтардың тұтас мәтіндермен ара қатынасын белгілеуде қиналады.


Тіл сапасы

Күрделі мәтіндерді түсінуде базалық білімін көрсетеді, бірақ олардың

ерекшеліктері мен астыртын мағыналарын түсінбейді. Осы деңгей үшін

аздаған грамматикалық құрылымды пайдаланады. Сөздік қоры жұтаң,

сөздерінде (орфографиялық, мағыналық) қателер жиі кездеседі.

Қайталанатын қателер маңызды да, маңызды емес те қателер болып

саналады және мәтіннің мазмұнын түсінуде жиі қиналады. Мәтіннің

мақсатына келетін стиль мен заңдылықтар туралы бейхабар.


Ұйымдастыру мен коммуникативтік жетістігі

Тапсырманың көп жерлері түсініксіз, бірнеше маңызды идеялары мен

жіберілген кемшіліктері бар. Мәтін анық құрылмаған, идеялары бір – бірімен

байланыспайды немесе жеткілікті дәрежеде байланыспаған. Таныс

тақырыптарға да қарапайым байланыстағы мәтін жазылған. Берілген

мәтіннің түріне қажетті, маңызды шартты белгілердің көп бөлігінен қателіктер жібереді. Ойы жұтаң берілген, тұтас аудиторияға кері әсерін тигізеді.





  1. Жалпы балл қою кестесі

Балл қою кестесі екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.


Жалпы балл қою кестесі әр емтихан кезеңіде қолданылады, жеке алынған сұрақтың арнайы мазмұны бойынша сілтемесі болмайды.

Арнайы тапсырманың балл қою кестесі әр емтихан кезеңі үшін әр түрлі болып келеді. Жеке сұраққа қатысты арнайы мазмұны бар және сұрақпен бірге жазылады.



7.1 1-емтихан жұмысы Оқу мен мәтінді талдау

1(a) және 2 сұрақтары үшін оқушылардың жауап мазмұнын айқындау мақсатында бөлек арнайы тапсырманың балл қою кестелері қолданылады. Бұл жалпы балл қою кестесімен бірігіп қолданылады (сұрақтар 1(a) және 2). 1(b) сұрағына қатысты тек жалпы балл қою кестесі қолданылады. 1(b) сұрағы шығармашыл жауапты талап ететіндіктен арнайы тапсырманың балл қою кестесін қажет етпейді.


1(a) және 2 сұрақтарының жалпы балл қою кестесі


Диапазон

Балдар

Сипаттамасы

5

13-15

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын өте жақсы түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді;

  • Көркем тіл құралдарын орынды және сенімді қолданады.

4

10-12

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын жақсы түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді;

  • Көркем тіл құралдарын орынды қолданады.

3

7-9

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын жеткілікті түсінетінін нақты

тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді;

• Көркем тіл құралдарын жеткілікті қолданады.



2

4-6

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын орташа түсінетінін нақты

тапсырмаларға қойылатын балды қою кестесіндегідей етіп

көрсетеді;

• Көркем тіл құралдарын жеткіліксіз және орынсыз қолданады.


1

1-3

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі

мен тіл айырмашылықтарын аз түсінетінін нақты тапсырмаларға

қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді;

• Көркем тіл құралдары өте аз және орынсыз қолданады


0

0

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі

мен тіл айырмашылықтарын мүлдем түсінбейтінін нақты

тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді



  • Көркем тіл құралдарын жұтаң және орынсыз қолданады.



1b сұрағының жалпы балл қою кестесі


Диапазон

Коммуникативтік құзырлық

Тілдік құзырлық

5

9-10 балл

  • Аудиторияны керемет түсінеді,

мақсаты мен түрі сәйкес, ереженіөте жақсы біледі.

  • Өр пікірін жеткізуде

материалды тез қорытып, стильдік тазалықты сақтайды.

9-10 балл

  • Қиын мағыналарды білдіруге

арналған грамматикалық және лексикалық құрылымдарды

керемет қолдана алады.



  • Тіл шеберлігі өте жақсы, кейде

байқаусызда мардымсыз

қателіктер жібереді.



4

7-8 балл

  • Аудиторияны білікті деңгейде

түсінеді, мақсаты мен түрі ережеге сай, жақсы әсер ете алады.

  • Өр пікірін жеткізуде

материалды, ақпаратты қызықты қорытып, жүйелі де орынды стильді

сақтайды.



7-8 балл

  • Күрделі және жай

мағыналарды білдіруге арналған грамматикалық және лексикалық құрылымдарды жақсы қолдана алады.

  • Тіл шеберлігі жақсы, кейде

байқаусызда қателіктер жібереді.

3

5-6 балл

  • Аудиторияны орташа түсінеді,

мақсаты мен түрі ережеге сай жеткілікті әсер ете алады.

  • Өз пікірін жеткізуде материалды қорытып, стильді

сақтайды.

5-6 балл

  • Жай мағыналарды білдіруге

арналған грамматикалық және лексикалық құрылымдарды орташа қолдана алады.

  • Тіл шеберлігі орта деңгейде,

Қателіктер байқалғанмен,

мағынаға кері әсерін тигізбейді.



2

3-4 балл

көрсеткісі келеді, мақсаты мен түрі ережеге сай және әсер етуі орташа.

  • Өз пікірін жеткізуде

материалды қорытуға қызығушылық танытады.

3-4 балл

  • Жай мағыналарды білдіруге

арналған грамматикалық және

лексикалық құрылымдарды аз қолдана алады.



  • Тіл шеберлігі нақты емес,

кейбір қателіктер мағынаға кері әсерін тигізеді.

1

1-2 балл

  • Аудиторияны аздап түсінеді,

мақсаты мен түрі ережеге сай, әсер етуге тырысады.

  • Өр пікірін жеткізуде

материалды қорытуға қызығушылық таныту деңгейі төмен, себебі стильді түсінбеген

1-2 балл

  • Жай мағыналарды білдіруге

арналған грамматикалық және лексикалық құрылымдарды өте аз қолданған. Мағынасы қисынсыз.

  • Жиі қайталанатын қателіктер

мағынаға кері әсерін тигізеді.

0

0 балл

  • Аудиторияны түсінбейді,

мақсаты мен түрі, ережеге сай емес, әсер етуі төмен.

  • Жұмыс көлемі өте аз,

байланыссыз.

0 балл

  • Грамматикалық және

лексикалық құрылымдарды қолдану аясын түсінбеген.

  • Үнемі қайталанатын қателер

мағынаны солғындатады.



7.2 2-емтихан жұмысы: Жазылым



A бөлімі үшін жалпы балл қою кестесі: Шығармашылық жазбаша жұмыс (Ойдан шығарып жазу)


Диапазон

Балдар

Сипаттамасы

5

21-25

  • Тапсырмаға деген шығармашылық ұстанымы бар, аудиторияны жандандырады, өз пікірін өте сенімді білдіреді;

  • Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған;

  • Оқырманға әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын қолданған;

  • Еркін, аяқталған ой-пікірлері күрделі нәтижелерді дәлме-дәл, биік деңгейде көрсете алады.

4

16-20

  • Аудиторияның қызығушылығын туындату үшін қажетті түрлері мен мазмұнын сәйкестендіре отырып, жүйелі түрде өз пікірін нақты білдіреді;

  • Құрылымы сәйкес және әсерлі;

  • Оқырманға әсер ету мақсатында қолданылған құралдарының

үйлесімділігі, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде;

  • Сөз сөйлеу мәнері әсерлі, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

3

11-15

  • Қажетті ұстанымы, сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді;

  • Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар;

  • Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде;

  • Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолдану немесе техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) қажетті әсер алуды төмендетеді.

2

6-10

  • Қажетті ұстаным мен мазмұн, аудиторияны сезу қабілеті байқалады;

  • Құрылымы анық емес, нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жоқ, өз ойын шамалап жеткізеді;

  • Тіл құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу жазбалары қанағаттандырарлық күйде;

  • Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1

1-5

  • Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, көздеген мақсатқа сай емес, қалыбы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады;

  • Құрылым жеткіліксіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар байқалады;

  • Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес;

  • Шақтарды қолданылуы анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы), мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

0

0

  • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес;

  • Төменгі деңгейде ұйымдастырылған техникалық және құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.



B бөлімі үшін жалпы балл қою кестесі: Дискурсивті/Аргументативті жазу


Диапазон

Балдар

Сипаттамасы

5

21-25

  • Тапсырманы орындаудағы қызықты да әсерлі, қажетті түр мен өзіндік құралдарды бірегей қолданады, аудиторияны

жандандырады және пікірін сенімді де нақты білдіреді;

  • Катаң ұстанымы мен сәйкестендірілген құрылымы мәселені

логикалық күйде дамытады;

  • Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған көркем тіл құралдарының аясы өте кең;

  • Еркін, аяқталған ой-пікірлері күрделі нәтижелерді дәлме-дәл, биік деңгейде талқылай алатынын көрсетеді.

4

16-20

  • Тапсырмаға жақсы дайындалған, қажетті қалыпта қызығушылықты туындатады, өз пікірін нақты білдіреді;

  • Құрылымы әсерлі және сәйкес, мәселе мен деректерді талдауы нақты;

  • Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған құралдары үйлесімді;

  • Сөз сөйлеу мәнері әсерлі, қиын деректер келтірілген, техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

3

11-15

  • Қажетті ұстанымы, сәйкестендірілген құрылымы мен

шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді;

  • Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ жүйеленбеген құрылым,

құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар;

  • Әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған тіл

құралдары кей жағдайларда жеткіліксіз деңгейде;

  • Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолдану немесе

техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің

ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)



қажетті әсер алуды төмендетеді.

2

6-10

  • Қажетті ұстанымы мен мазмұны, аудиторияны сезу қабілеті байқалады, өз пікірін сирек білдіреді;

  • Құрылымы анық емес, нақты деректер мен дамыту қабілеті жеткіліксіз;

  • Тіл құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, деректендіру мен әсер ету қанағаттандырарлық күйде;

  • Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) кездеседі.

1

1-5

  • Жұмыс қажетті деңгейде, мағыналы болғанымен, көздеген мақсатқа сай емес, мәселені түсінгенімен өз ойын нақты жеткізе алмайды;

  • Құрылымы жеткіліксіз, дұрыс ұйымдастырылмаған, тақырыптан

ауытқулықтар байқалады;

  • Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында тілдің құралдары кей жерлерде ғана қолданылған;

  • Баяндауы түсініксіз, техникалық және құрылымдық қателер

(шақтарды қолданылуы анық емес, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

0

0

  • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны төмен деңгейде;

  • Таңдалған тақырыпты түсінбеген;

  • Төменгі деңгейде ұйымдастырылған, техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының әсер ету қабілетіне кедергі келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет