Қазақтардың Пугачев басқарған 1773-1775 жылғы шаруалар соғысына қатысуы
Көтеріліске қатысқан Кіші және Орта жүз шаруалары
Көтеріліске қатысуға себеп болған – жер мәселесі
Патша үкіметі Жайық бойында қазақтарға мал жаюға тыйым салды – 1742 жылы
Пугачевқа Нұралының сыйлық тапсырған өкілі, Усиха өзені маңында жолыққан – Зәбір молда
Қазақтар Жайық бекінісін алуға қатысты
Кулагин бекінісін алуда басты күш қазақтардан құралған топ болды
Қазақтар 1773 жылы қазанда Пресногорьковск бекінісі маңында топтасты
Орынборды қоршауға қатысқан қазақтар саны – 200-ге жуық
Пугачевқа көмек жіберген сұлтан – Сұлтан Досалы
Пугачев үндеуімен танысқан соң, соғысты қолдауға шешім қабылдаған би – Дәуітбай
Пугачев көтерілісі кезінде Сібір шебіне орналасқан тұрақты әскер саны – 3500
Нұралының қазақтардың шаруалар соғысына қатысуын маған бағынбай кетуінде деп түсіндірді
Пугачев көтерілісіне қатысқан Байбақты руының батыры – Сырым Датұлы
Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандаған – Суворов
Сырым Датұлы басқарған 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
Орал казактарымен алғашқы қақтығысы – 1783 жылы күзде
1785 жылы Сахарная бекінісін алуда сұлтан айшуақ Назаровтың қолына түсті
Кіші жүз старшындарының Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдаған съезі –
1785 жылғы 20-ға жуық ру өкілдері
1791 жылы Нұралының өліміне байланысты Кіші жүз ханы болып сайланған – Ералы
Көтерілістің жандануына түрткі болған – 1796-1797 жылғы қысқы жұт
Көтеріліс кезінде Есім хан өлтірілді
Игельстром ұсынысы бойынша патша үкіметі кәрі Айшуақты хан етіп бекітті (1797 жылы)
1797 жылғы наурыздың 17-де Сырым тобы хан сарайына шабуыл жасады
Патша үкіметінің Кіші жүзде хандық кеңесті құру себебі –Сырымды өзіне жақындатуға тырысты
Сырым Датұлы 1797 жылы Хиуаға өтіп кетіп, 1802 жылы қайтыс юолды
Датұлы көтерілісінің тарихи маңызы – Патша үкіметі Жайықтың оң жағына өтуге, мал жаюға рұқсат етті – 1801 жылы, 11 наурыз
Мәдениет
“Орынбор тарихы” аттты еңбек жазған – П.Рычков
Қазақстан туралы еңбегі үшін ресей ҒА-ның бірінші корреспондент мүшесі болған тарихшы – П.Рычков
Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан зерттеуші – К.Миллер
ХVІІІ ғасырда халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Ақтамберді жырау
Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы мәлімет беретін – Үмбетай жырау
ХVІІІ ғасырда қазақ әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі – Бұқар жырау
ХVІІІ ғасырда қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі – Жанақ ақын
Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі, сақталған поэма – “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты–жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің салалары
ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде І жәрмеңке ашылған өңір – Ішкі Орда
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы
Ресей үкіметі 1803 жылы көпестерге өздерін қорғап жүретін қарулы отрядтар ұстап жүруіне рұқсат берді
1815 жылы патша үкіметі Уәлиге қосарлап екінші хан Бөкейді тағайындады
1822 жылы “Сібір қазақтарының жарғысын дайындаған” – Сперанский
Жарғының мақсаты – сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту
“Сібір қазақтарының” облысы Батыс Сібір генерал-губернаторлығына кірді
Орта жүз әкімшілік жағынан үшке бөлінді
Болыс 10-12 ауылдан құралды
Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлап, оларға ресейлік майор шені 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді
Аға сұлтандар 3 жылға сайланды
Мұрагерлікпен берілген билік – болыстық
Ресейдегі 12-ші класқа жататын шенеуніктерге теңелген – болыстық сұлтандар
Қылмыстық істер округтік приказда қаралды
Шет елдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болған – шекаралық басқарма төрағасы
Кіші жүзде хандық билік 1824 жылы жойылды
“Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғыны” дайындаған – Эссен
Кіші жүздің соңғы ханы – Шерғазы
Хандық билік Бөкей ордасында 1845 жылға дейін сақталды.
Қаз-ң 1812 ж-ы соғысқа қатысуы
...Орынбор губерниясында 40 кавалериялық полк құрылды.
Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқандығы туралы үндеу қабылданды 1812 жылы 6 шілде.
Орынбор губерниясының соғыс басталғандығы туралы хабары жетті – 1812 жылы қазан, қараша айларында.
Ел достығы рухын көтеруге ат салысқан Байсақал Тілекұлы.
Тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына 22 000 сом ақша жинады (1 млн. пұт).
“Қасиетті Анна” орденіне ие болған – Сағит Хамитұлы.
Күміс медальмен марапатталған – Майлыбайұлы.
Көгілдір ленталы медальмен марапатталған – Қ. Зындағұлұлы.
Георгий орденінің толық кавалері болған – Н. Жанжігітұлы.
Лейпциг, Глогау қалаларына шабуыл жасауға қатысқан – Жанжігітұлы, Байбатырұлы.
Қазақтар Башқұрт полкі құрамында шайқасты.
Кутузовтың қолынан награда алған Якоб Вельяков.
Халық арасында әрі батыр, әрі ақын ретінде танылған - Ә. Байбатырұлы.
1837 жылы Александр патша қабылдауында болған Н. Жанжігітұлы.
Қазақтар Отан соғысына ерікті түрде қатысты.
1837 – 1847 жж. К. Қасымұлы басқарған көтеріліс. 10жыл.
Қоқан билеушісінің Саржанды өлтірген жылы – 1836жыл.
XIXғ. 20-30ж. Сыр бойына бекініс тұрғызған – Хиуа хандығы.
Кенесары көтерілісінің басты мақсаты – отарлауды тоқтату.
Қасымұлы көтерілісі – бүкіл Қазақстанды қамтыды.
Кенесары көзқарасына ықпал еткен адам - әкесі Қасым.
Кенесарының алғашқы қарсылығы – 1837ж(Ақтау бекінісіне).
Кенесары әскерінің Ақмола бекінісіне шабуылы – 1838ж. мамыр.
Кенесары көтерілісіне қатысқан аймақтар – Құсмұрын, Көкшетау, Қарқаралы.
Кенесары көтерілісіне қатысқан би – Жоламан Тіленшіұлы.
1841ж. Кенесары қоршаған Қоқан бекіністері – Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт.1841ж.
Кенесары Ташкентке аттанды, алайда жорықтың тоқтау себебі –
сарбаздар арасында жұқпалы ауырудың таралуы.
Кенесарының хандық билікті қолға алған жылы – 1841ж.
Кенесары билер сотын жойып, оның орнына хандық сотты кіргізді.
Кенесары құрған хандық кеңестің Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен ерекшелігі –
билік хан қолында болды.
Опасыздық үшін беретін жаза - өлім.
1843ж. Кенесары көтерілісін жаншуға жіберілген – Лебедев отряды.
Лебедевтің жазаға тартылу себебі – дәрменсіздік көрсеткені үшін.
Кенесары қолдаған шаруашылық – егіншілік.
1844ж шілдеде Кенесарыға қарсы ұрыста мерт болған сұлтандар саны – 44(Ахмет Жантөреұлының отряды).
1845ж. Кенесарының аулына келген елшілік – Долгов, Герн елшілігі.
Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі – жазалаушылардың бассыздығының, Кенесары талаптарының орындалмауы.
Кенесары Сарарқадан бет алды – Ұлы жүзге.
Кенсарының өзіне ермеген белді тұлғалардың ауылын ойрандауы – Жетісудағы белді рулардың Ресейден көмек сұрауына себепші болды.
Кенесарыны оның Қоқан бектеріне қарсы күресін қолдаған батырлар –
Тайшыбек, Саурық, Сұрыншы.
Қырғыз манаптары Кнесарының Қоқан хандығына қарсы ұсынысын – жауапсыз қалдырды.
Кенесары көтерілісі кезіндегі патша – I Николай.
Кенесары 1847ж. қырғыз жеріне басып кіріп, Бішкекке жақын Майтөбе деген жерде жеңіліс тапты.
1836-1838 жж. Ішкі (Бөкей) ордасындағы шаруалар көтерілісі.
Кіші жүз территориясы – 850 мың шақырым.
Бөкей ордасы Жайық пен Еділ аралығында.
Император I Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылған уақыт – 1801ж.
Патша үкіметінің Кіші жүз руларының күресін біршама бәсеңдеткен – Жайық, Еділ арасында қоныстануға рұқсат беруі.
Жас құс деген жерде хан сарайы салынды.
1827ж. ұйымдастырылған 12 биден құралған Орда әкімшілігінің басты құрамды бөлігі –
хандық кеңес.
Көтеріліске себеп болған Жәңгір ханның өз қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы түрткі болды.
Исатайдың Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша жала жабылып, сотқа тартылған жылы – 1823ж.
Ішкі Ордадағы көтеріліс бөлінді – үш кезеңге.
1837ж. 15-қазанда Теректіқұм деген жерде ауылы талқандалған Жәңгірдің сыбайласы –
Балқы Құдайбергенұлы.
1837ж. қазанда ханның резиденциясын қоршаған көтерілісшілер саны – екі мың.
700 жүз казак әскері, 400 жүзден астам хан жасақтарынан құрылған жазалаушылар Исатай қолына қарсы тұрды – 1837ж. қараша.
Исатай көтерілісін басуды тездеткен жағдай – Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.
Исатайды ұстап берген адамға – 1000 сом тігілді.
Көтерілісшілер Гекке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен Тастөбе деген жерде кездесті.
Исатай Ақбұлақ деген жердегі ақырғы шайқаста қайтыс болды – 1838ж.
Исатай көтерілісі бойынша сот жазалау ісін басқарған – Гекке.
Исатай көтерілісінен кейін Ішкі Ордадағы 1842ж. шаруалар көтерілісін басқарған –
Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы.
М. Өтемісұлы өлтірілді – 1846ж.
XIX ғ. 50-жылдары қазақ шаруаларының патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күресі –
Ж. Нұрмағамбетұлы.
1843ж. Жанқожа құлатқан бекініс – Хиуа бекінісі.
1756ж. Жанқожа батыр Жаңа қаланы көтеріліс тірегіне айналдырды.
Райым(Қазалы) бекінісі салынды – 1847ж.
Жанқожа көтерілісі жаншылды – 1860ж.
XIX ғ. 50-жылдары Арал бойындағы көтерілістің жетекшісі – Есет Көтібарұлы.
Орынбор әкімшілігі Есетті ұстауды жүктеді – Арыстан Жантөринге.
1855ж. шілдеде Есет тобы қырып салған – Жантөрин тобын.
Есеттің Орынборға барып лажсыз патша билігін мойындаған уақыты – 1858ж.
1820ж. Хиуа ханы Мұхамед-Рақым 2000-ға жуық қазақ ауылын шауып кетті.
Қазақ шаруаларының Қоқан хандығына қарсы Тетек төре бастаған көтерілісі 1821ж. болды(10 мың).
Балаларды Орта Азия базарларында құлдыққа сатты.
Қоқан езгісіне қарсы қазақ-қырғыз шаруаларының Әулиеата маңындағы көтерілісі 1858ж. болды.
1858ж. Қоқан ханы Хұдияр қазақ феодалдарын қабылдап – Ішінара жеңілдіктерге келісім берді.
1858ж. Қоқан езгісіне қарсы күрестің тарихи маңызы – Қоқан езгісінен құтулуға себепші болды.
Қазақстанның қытаймен саяси-экономикалық байланыстары.
1805-1806 жж. Ресей үкіметі осы елмен қатынасты ретке келтіруге ұмтылды – Қытаймен.
XIX ғасырдың басында Шыңжан мен Қазақстанда сауда байланыстарының ірі орталықтары –
Семей,Перопавл.
1805-1806ж. Ресей үкіметінің Пекинге жіберген елшілігі Ургадан қайтып оралуға мәжбүр болды –
Қытай.
XIX ғ. 1-ші жартысында Қаз.Қытай көпестерінің жиі сауда жасайтын орталықтарының бірі –
Бұқтырма.
XIX ғ. басынан Петропавл, Семей арқылы Қытайға баратын саудагерлерді қорғау жүктелді –
Қарулы казактарға.
Ресей үкіметінің Шыңжан базар жәрмеңкелерінде негізгі сатылатын тауарлары - өнеркәсіптік дайын бұйымдар.
Үлкен Тибетке дейін жетіп, Кашимирде болып, Ресейде кең таралып кеткен Кашимир шәлісін жеткізген грузин көпесі – Семен Мадатов.
Ресей мен қытайдың сауда байланыстарына кедергі жасаған –мемлекет аралық келісімдердің болмауы.
Қаз. Шекаралық бекіністері арқылы өтетін Қытай-Ресей сауда керуендеріне баж салығы көбейтілді - XIX ғ. 30-жылдары.
1811ж. Ресей үкіметі тілмәшінің Бұқтырмаға келудегі мақсаты – Қытаймен саудадағы Бұқтырманың мүмкіндігін анықтау.
XIX ғ. бірінші ширегінде Ресей үкіметінің Тибет пен Қазақстан арқылы байланыс жасауына үлкен үлес қосқан Сібір шекарасының бастығы – Глазенап.
Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.
Қоқан мен Хиуаның 30-40 жылдардағы саяси ниеті Қазақстанның Оңтүстігі мен қырғыз жерінің Ресей иелігіне өтуін қаламады.
XIX ғ. 20-30 жылдары Азия комитеті құрылды.
1817ж. Сұлтан Сүйік Абылайұлының қарамағындағы Жалайыр руының 66 мың адамы Ресей құрамына алынды.
XIX ғ. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында салынған Ресей әскери бекіністері –
Ақтау, Алатау, Қапал.
Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған – Қоқан хандығы.
1853ж. Ресейдің қоластына қараған бекініс – Ақмешіт.
1825ж. Ресей билігін мойындаған Жетісудағы – Үйсін болысының қазақтары.
1847ж. салынған бекініс – Қапал.
Ұлы жүз қазақтарын басқару туралы Ресейлік пристав тағайындалған жыл – 1848.
Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының тірегі – Таушүбек бекінісі.
Таушүбек бекінісінің патша үкіметіне қан төгіссіз берілген жылы – 1851ж.шілде.
1853ж. Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекінісін тұрғызған – Перемышельский отряды.
1854ж. көктемінде Перемышельский отряды Верный бекінісінің іргетасын көтерді.
Ұлы жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға орын ауыстырған жылы – 1855ж.
Сыра зауыты – 1858ж. салынды.
XIX ғ. 60ж. бекіністе Ш. Уәлиханов тұрды.
1859ж. Ұлы жүзде тұрғызылған бекініс – Қастек бекінісі.
1860ж. қазанда Алатау округінің билеушісі Калпаковскийдің Қоқан әскеріне соққы берген жері – Ұзынағаш(3 күндік соғыс).
Жетісудің Қоқан озбырлығынан құтылуына ықпал еткен Ұзынағаш түбіндегі жеңіс.
1860ж. Ресей әскеріне қарсы қоқандықтармен бірге шайқасқан – Кенесарыұлы Сыздық сұлтан.
XIX ғ. 50-ж. аяғы, 60-ж басында Орта Азия үшін талас болды – Ресей мен Англия арасында.
1864ж. Түркістан бекінісін алғанда орыс әскерін басқарған полковник – Черняев.
1865ж. орыс әскерлері басып алған қала – Ташкент.
Бұхар хандығы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына 1866ж. кірді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы 150-жылға созылды.
XIX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
Қазақтар араб тілінде оқыды.
XIX ғ. білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын жіберді – Бұқара, Ташкентке.
Азиялық училище 1789жылы ашылды.
1813ж. Орынборда ашылған әскери училищелер Ресейлік билеу әкімшілігі үшін
шиновниктер даярлаумен айналысты.
1831ж. қыркүйекте орысша білім беретін училище ашылды – Семейде.
1836ж. жанында қазақтар үшін интернаты бар училище Өскеменде ұйымдастырылды.
Неплюев кадет корпусы – 1844ж. Орынборда құрылды.
“Бөкей мен Мәулен” повесінің авторы – Даль.
Пушкиннің Жайық жағасына келуі Пугачев көтерілісіне байланысты(1833).
Пушкиннің Орынбор жерінде болғанда жазған еңбегі – «Пугачев бүлігінің тарихы».
Пушкин «Қозы Көрпеш Баян сұлу» поэмасын қағазға түсірді.
Каспий теңізін зерттеген – Корелин.
19ғ. 1-ші жар. Қаз-н туралы құнды еңбек жазған – Левшин.
XIX ғасырдың 1-ші жартысындағы қазақ әдебиеті.
Махамбет Өтемісұлы 1804-1846жж.
Махамбетті Жәңгір хан ұлы Зұлқарнайынмен қосып оқуға жіберді – Орынборға (1824-1829).
Махамбеттің түрмеде отырған жылы – 1829ж.
Махамбеттің Бөкей ордасы билеушілеріне ашық білдірген өлеңі – Баймағамбет сұлтанға арналған өлеңі.
Суырып салма өнерді жетілдірген – Шернияз.
Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ деген жерде дүниеге келген –
Сүйінбай Аронұлы (1822-1895).
Ірі эпик ақын, жастай екі көзінен бірдей айырылған – Шөже Қаржаубайұлы.
«Қозы Көрпеш-Баяе Сұлу» жырының ең көркем нұсқасы – Шөженің айтуымен таралған.
Ш.Уәлиханов суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған – Шөже.
Қазақстандағы 1867-68жж-ғы реформа
1865ж. Патша үкіметі ХІХ ғ-ң 60-жылдары Қазақстанның басқару жүйесін өзгерту үшін –
Бутков басқарған комиссия құрылды.
Комиссия қазақ даласын 2 облысқа бөлуді ұсынды.
1868ж-ға дейін Қазақстанда 2 генерал-губернаторлық болды (Батыс, Шығыс).
1865ж. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау ішкі істер министрлігі кеңесінің
мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді.
1865ж. 5 маусымда ІІ Александр патша өмірі бойынша дайындалған - өлкені зерттеп білу.
Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен –
Ш. Уәлиханов.
ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені» –
1867ж. шілдеде бекітті.
«Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережені» -
1868ж. қазанда бекітті.
Орынбор мен Торғай облысы Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды.
Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды.
Ақмола, Семей облыстары Батыс генерал-губернаторлығына бағынды.
1872ж. Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына кірді.
Маңғыстау приставтығы Закаспий облысына енгізілді.
1867-68 ж-ғы реформаның бір түйінді жері – әскери және азаматтық биліктің
генерал- губернатор қолына шоғырлануы болды.
Түркістан генерал-губернаторлығына Қытай мен Иран сияқты елдермен дипломатиялық
келіссөзжүргізуге рұқсат берілді.
Облыс басында әскери губернатор отырды.
Облыстық басқарма 3 бөлімнен тұрды – шаруашылық, сот және жарлықты іске асыру
Облыстар уездерге бөлінді.
Ауылдарға енген шаңырақтар саны – 100-200.
Уез бастықтарын генерал-губернатор тағайындады.
Салықтан босатылған – Шыңғыс тұқымдары.
Отырықшы елді мекендерінде полициялық және басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс – Сырдария.
Губернатор бекіткен Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны – билер мен қазылар соты; оларды бекітті әскери губернатор.
1867-68жж. реформа бойынша әкімшілік басқару – 5-ке бөлінді.
Капиталистік құбылыстар ене бастады – ХІХғ.соңы.
ХІХғ.-ң 60-70 жылдарындағы қазақ халқының азаттық күресі
Қазақ даласы бойынша бәріне міндетті «Шаңырақ салығы» енгізілді: 1-3 сомға дейін.
Орал мен Торғай облысындағы көтеріліс (1867-68ж.): уақытша ережемен байланысты еді.
Көтеріліс басшылары – жеңілдіктерінен айырылған ру басшылары еді.
1869ж. Фон Штемпель басқарған топқа көтерісшілер Жамансай көлі маңында шабуыл жасады.
1869ж. наурыз-маусым айларында шаруалар өз феодалдарына қарсы 41 шабуыл жасады.
Көтерілісшілер саны – 3мың.
Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін әскери құрама әкелінді – Кавказдан.
1870ж. Маңғыстау көтерілісшілерінің басшылары – Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.
«Бұларды келістіріп жазалау керек» деген – әскери министр Милютин.
Адай елі 2жылдың ішінде160мың сом салық төлеуге тиіс еді.
1870ж. Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген – Рукин отрядының талқандалуы.
Көлұлы басқарған 3000-ға жуық шаңырақ 1870ж. желтоқсан айында Хиуа хандығына өтіп кетті.
Көтерілістің жеңілуінің бір себебі – рулық-патриархалдық құбылыстардың сақталып қалуы.
Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі – жалдамалы жұмысшылардың қатысуы.
Адайлықтар соғыс шығыны ретінде 90000 қой өткізуге міндеттенді.
1870ж. көтеріліс орталығы - Маңғыстау.
Қазақстанда капиталистік қатынастардың дами бастауы
Қазақстанға қоныс аудару - ХІХғ-ң 60-жылдар ортасында басталды.
Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінде 1884-1892ж. аралығында құрылған
қоныстар саны – 37.
1868ж. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» уақытша ереже қабылдаған-Колпаковский.
1868-80жж қоныс аударушылардың көп келген аймағы – Жетісу.
Жан басына 30 десятина жер берілді.
Ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгермеген тобына жататын – қазақ жатақтары.
Бөкей ордасында тұңғыш жәрмеңке 1832ж. ашылды.
ХІХғ.жәрмеңкенің басты дамыған өңірі – Ақмола облысы.
Қарқаралы уезіндегі жәрмеңке 1848ж. Қоянды деген жерде ашылды.
1883ж. жаңа ережеге сай шаруалар салықтан 3 жылға босатылды.
1893ж. 15 десятина жер бұрын қоныстанған шаруаларға берілді.
Мемлекеттік банктің бөлімшелері ашылған қалалар – Петропавл, Семей, Орал, Омбы, Верный.
ХІХғ. соңында халық көп қоныстанаған қалалар – Орал, Верный.
Қазақстанның Шыңжаңмен өзара байланыстары
1851ж-ға дейін Ресейдің Цин империясымен сауда-экономикалық байланысы – Кияхта қаласы арқылы жүзеге асырылды.
Ресей 1851ж. Қытай мен Құлжа келісіміне қол қойды.
1855ж. Шыңжаң мен Қазақстан сауда байланысын уақытша тоқтатақан – Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті тұрғындарының өртеуі.
1864ж. Қащғарияда құрылған – Жетішар мұсылман мемлекеті.
1881ж. Петербург келісіміне қол қойып, бұл келісім Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланыстарына кең жол ашты.
1882ж. Англияда су кемесін сатып алған Верный көпесі – Юлдашев.
Іле су жолы – 1883ж. Ашылды, соңғы нүктесі – Сүйдін бекінісі.
ХІХғ-ң екінші жартысындағы орыс-қытай қарым-қатынастарындағы белді оқиға – Іле су жолының ашылуы.
Жетісу өлкесіндегі ірі жәрмеңке – Қарқара.
Қазақ жері арқылы Ресейдің Шыңжаңмен тауар айналымының дамуы - Англия тарапынан бәсекелестікті өршітті.
1890ж. маусымда Шыңжаңмен сауда ұйымдастыру үшін: Түркістан округімен қатар Семей сауда округі құрылды.
1894ж. тамызда Сібір темір жолы іске қосылды.
1845ж. Торғай бекінісі салынды.
ХІХғ. аяғындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы
1886ж.маусымда «Түркістан өлкесін басқару және онда жер салық өзгерістерін енгізу» туралы ереже бекітілді.
1886жылғы ережеге сай Түркістан өлкесінде 3 облыс құрылды – Сырдария, Ферғана, Самарқан.
1891ж.наурызда қабылданған ережеге сай Дала генерал-губернаторлығы құрылды, орталығы – Омбы.
1891ж.ережеге сай Жетісу, Орал облыстық әскери губернаторы осы өңірлердегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді.
Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы ереже – 1891ж.бекітілді.
1891ж.ережеге сай мұсылман ісін жүргізетін төменгі сот буыны – халық соттары.
1886-1891жж. «ережеге» сай уездік, облыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны – соттардың төтенше съезі.
Кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдалана бастаған уақыт – ХІХғ-ң 90-жылдары.
16жасқа дейінгі жас өспірімдердің жұмысшылар арсындағы үлесі – 14%.
Жұмысшылардың Қазақстан жағдайындағы таптық қарсылықтарының бірі – өндіріс орнын тастап кетуі.
ХІХғ.соңынан өндіріс орнын өз еркімен тастап кеткендерге қолданылған жаза – 3 айға дейін абақтыға қамау.
ХІХғ. ІІжартысында өндіріс орындарындағы қазақтардың үлесі – 60-70%.
1888ж. Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі – жалақыларын арттырды.
1893ж. алтын өндіріс орнындағы әйелдердің үлесі – 17,8%.
Жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігінің себебі – өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы.
Достарыңызбен бөлісу: |