Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Локомотив паркын қолдану көрсеткіштері



бет22/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80
Курс лекции каз

Локомотив паркын қолдану көрсеткіштері.


Жол балансына енген локомотивтер жолдың инвентарлы паркын құрайды. Жол ішінде локомотивтер деполар бойынша таратылады. Депо балансына енген локомотивтер инвентарлы депоның инвентарлы паркын құрайды.
Локомотивтердің инвентарлы паркы жол (депо) қарамағындағы және жол (депо) қарамағындағы емес болып жіктеледі. Жол қарамағындағы парк пайдаланатын және пайдаланбайтын болып бөлінеді.
Жолдың (депоның) пайдаланбайтын паркы жөндеудің барлық түрінде, жоспарлы жөндеулер арасындағы модернизацияда, тұрған жөндеуді және инвентарлы паркттен шығаруды күтіп тұрған, жүру, тапсыру, қабылдау, қорға және резервке дайындау, сонымен қатар қор мен резервте тұрған локомотивтерден құралады.
Пайдаланатын парк жұмыстың барлық түрінде қолданылатын, техникалық операциялар орындалатын, жұмысты күтіп тұрған локомотивтерден, сонымен қатар аялдау мөлшерінен аспайтын ТО-2 техникалық тексерісте тұрған локомотивтерден құралады.
Негізгі депоға тіркелген локомотивтер айналатын телімді - айналым телімі деп атайды. Айналым телімі ұзартылған болса, онда оны жабдықтау бойынша бекеттері, локомотивтердің айналым телімдерінің аралық бекеттері және локомотив бригадаларын ауыстыру бекеттері орналастырылады.
Локомотивтердің пайдалану паркы жалпы және тартым түрлері бойынша мөлшерленеді. Локомотивтердің қажетті пайдаланатын паркын анықтаудың екі тәсілі бар: статикалық, аналитикалық.
Локомотивтердің пайдалану паркын статикалық әдіспен анықтағанда, өткен уақыт аралығында вагондарды тиеу, түсіру, қабылдау және тапсырудың нақты орындалуы бойынша қажеттілік коэффициенті анықталады. Содан кейін, бұл коэффициентті вагондарды жоспарлы тиеу, түсіру, қабылдау мен тапсырудың қосындысына көбейтеді.


, (5.7)

мұндағы Мнақ.пай - есепті аралықтағы пойыз локомотивтерінің паркы;


Uтиеунақ, Uтиеу – есепті аралықтағы нақты орындалған және жоспарлы тиеу;
Uтуснақ, Uтүс – есепті аралықтағы нақты орындалған және жоспарлы түсіру және т.с.с.
Аналитикалық тәсілмен қажетті пайдаланатын локомотивтер паркы жоспарлы шамалар, локомотивтердің өнімділігі мен орташа тәуліктік жүрген жолы, локомотив-сағаттарының шығыны бойынша анықталады. Бұл әдістер локомотив паркын тартым түріне қарай жіктеуді қарастырады. Бірінші екі тәсіл жол көлемінде есептеу жүргізгенде қолданылады. Соңғы тәсіл неғұрлым дәл және локомотивтердің пайдаланатын паркын әр телім үшін есептеуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың жоспарлы тонно-км локомотивтің өнімділігіне Wл бөлу арқылы:
, лок (5.8)

мұндағы пв – вагондардың жұмыс паркы;


S – вагондардың орташа тәуліктік жүрген жолы, км;
hл – берілген тартым түріндегі локомотивтердің жұмыстағы меншікті салмағы;
Qбр – пойыздың орташа брутто салмағы,т.
Локомотивтердің жоспарлы желілі жүрісін орташа тәуліктік жүрісіне Sл бөлу арқылы:


, лок (5.9)

мұндағы Ul - ваг-км;


b - локомотивтердің көмекші жүрісінің коэффициенті.
Локомотив паркын пойыз жұбына қажеттілік коэффициенті бойынша мөлшерлеу.
Локомотивтердің пайдалану паркы әрбір тартым түрі және жалпы локомотив паркы үшін мөлшерленеді.
Мөлшерлеу бригадалардың жұмыс телімдері үшін локомотивтердің айналым мөлшерлеріне қарап жүргізіледі.

1-ші 2-ші 3-ші 4-ші 5-ші


Бригадалардың жұмыс телімдері

- локомотивтерді тіркеу депосы


- локомотивтердің айналым бекеті
- локомотив бригадаларының алмасу бекеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет