Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Тақырып 1. Темір жол стансалар мен торабының жұмысын ұйымдастыру. Пойыздар жүрісіндегі сигнализация жəне байланыс құралдары



бет5/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Курс лекции каз

Тақырып 1. Темір жол стансалар мен торабының жұмысын ұйымдастыру. Пойыздар жүрісіндегі сигнализация жəне байланыс құралдары


Лекция № 1
1.Темір жол және тораптардың міндеті, олардың сипаттамалары мен торапта вагон ағынын ұйымдастыру.
2.Торапта пойыздар жүрісін ұйымдастыру. Көлік тораптарында жүктерді өңдеу бойынша логистикалық орталықтарды ұйымдастыру.
1.Темiржол көлiгi өндiрiстiк қызметiнiң сипаты, ұйымдас­тырыл­уы және басқарылуы жөнiнен басқа салаларға ұқса­майтын бiрқатар өзiндiк ерекше­лiктерi бар үлкен әрi күрделi шаруашылық болып саналады.
Телiм арқылы қажеттi пойыздар мөлшерiн өткiзу және олардың жүрiс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ вагондарды тiркеп-ағыту үшiн темiржол желiлерi аралықтарға – бiр-бiрiнен бөлiм бекеттерi мен ажыратылатын жол телiмдерiне бөлiнедi.
Тарам жолсыз бөлiм бекеттерi, сондай-ақ айырықтар мен озба бекеттері желi арқылы әрбiр бағытта өтуге тиiстi пойыздар санын жөнелтiп отыруға арналған.
Негiзiнен, қарсы келе жатқан пойыздар айырықтарда айырылысады, ал озба бекеттерде – бiрiн-бiрi басып озады. Айы­рылым бекеттерi – бұлар даражолды, ал озба бекеттері – қосжолды телiмдерде орналасады.
Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көр­сету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыс­тыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамы­ған бөлiм бекеттерiнде – пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм беке­тi темiржол станциясы деп аталады.
Станциялар дегенiмiз – темiржолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.
Жұмыстың көлемi мен сипатына қарай станцияларда келесі құрылғылар болады:

  • пойыздарды қабылдап жөнелтуге, маневр жұмыстарын, жүк операция­ларын атқаруға арналған тарам жолдар;

  • сұрыптағыш құрылғылар (сұрыптағыш дөңестер, шағын дөңестер, тартым жолдары); станция жолдары және вагондар мен локомотивтердi тексе­руге, жарақтандыруға, жөндеуге арналған құрылғылар;

  • СОБ және байланыс құрылғылары;

  • қызметтік-техникалық ғимараттар мен үй-жайлары, жолау­шы­лар ғимараттары мен платформалар, билет және қол жүгi касса­лары; теңдеме жүк пен қол жүктерiн қабылдау, сақтау, беру орындары;

  • жүк сақтау орындары (жабық қоймалар, ашық алаңдар, плат­формалар, вагон таразылары, контейнер алаңдары);

  • жарық беру, өрт қауiпсiздiгi және сумен қамтамасыз ету құрылғылары.

2. Бөлiм бекеттерiнiң қызметі және жiктелуi.Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.
Пойыздарды қабылдап, жөнелтіп және өткiзетiн, сондай-ақ шағын көлемде жүк және коммерциялық операциялар жүр­гiзетiндерін аралық станцияларға жатқызады.
Негiзiнен алғанда, транзиттiк пойыздармен айналысатын (вагондарды тексеру, локомотивтердi, бригадаларды ауыстыру) станциялар телiмдiк станцияларға жатады.
Пойыздар жаппай сұрыпталатын және құрастырылатын станциялар сұрыптау станцияларына жатады.
Телiмдік және сұрыптау станцияларында, негiзiнен алғанда, техникалық операциялар атқарылатындықтан, бұлар техни­калық станциялар деп аталады.
Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол станциялары туралы ереже;
Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА);
Станцияның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.
Аралық станциялардың жұмыс технологиясы.
Темiржол желiлерiндегi станциялардың басым бөлiгiн аралық станциялар құрайды. Оларда мынадай операциялар атқарылады:

  • жолаушылар мен жүк пойыздарын қабылдау, жөнелту және тоқтаусыз өткiзу; пойыздарды айрылыстыру және басып озу; құрама пойыздарды күту (вагондарды тiркеу және ағыту);

  • жүктер мен теңдердi қабылдау, тиеу, сақтау және тапсыру (кейбiр станцияларда – өлшеу), жүк құжаттарын ресiмдеу, жолаушыларды отырғызу және түсiру, билет сату.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет