Тасымалдаушы, жүккөтергіш машиналар



бет1/6
Дата09.12.2022
өлшемі199.85 Kb.
#466960
  1   2   3   4   5   6
Турехан Ғалымжан ТиГМ курсовой


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті


«КТ және ЛЖ» кафедрасы


Курстық
жұмыс
_____________Тасымалдаушы, жүккөтергіш машиналар_________
(пәннің атауы)
Тақырыбы: Көпірлі кранның механизмін есептеудің бастапқы ___
_______________________ деректері._________________________


Қабылдаған:
Дюсенбаев Е.Ш___
(бағасы) (аты-жөні, тегі)
___________________
(қолы) (күні)


Комиссия мүшелері: Орындаған:
____________________ ______Турехан Ғ.Н___
(аты-жөні, тегі) (аты-жөні, тегі)
____________________ ___________________
(қолы) ( күні) (қолы) (күні)


Қарағанды 2022
Мазмұны


Кіріспе...........................................................................................................

3

1. Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер.....................................

4

1.1. Крандардағы қауіпсіз жұмыстарға арналған құралдар.....................

7



































Кіріспе

Көпірлік кран — оның көпірі екі тіреу бағаны арқылы кран жолына тірелген кран. Сырттай мосылық кран төрт тіректі порталға (монтаждық мосыларға) ұқсас, атауы да осыған байланысты.


Көпірлік кранның мақсаты үш дербес операцияларды орындауына байланысты:
• жүкті қажетті биіктікке көтеру-түсіру;
• жүкті кранның көпірі бойынша қызмет көрсететін алаңшаға (жұмыс аймағына) көлденең жылжыту;
• жүкті қызмет көрсететін алаңша бойымен жылжыту.
Көпір мен оның тіректерінің өзара орналасуына байланысты консольсіз, бір және екіконсольді мосылық крандарды ажыратады. Жүк қармаушы органдары бойынша мосылық крандар ілмектілерге, магниттілерге, грейферлілерге бөлінеді.
Көпірлі кран тіректі және аспалы болады. Тіректі көпірлі кран — оның көпірі тікелей кран жолына тірелетін, кран асты құрылыс құрылымдарында орналастырылатын кран. Аспалы көпірлі кран — оның көпірі жер үсті кран жолдарының төменгі сөрелеріне ілінген кран. Көпірлі крандар өндірістік корпустардың (цехтардың, деполардың) ішінде және ашық алаңшаларда (эстакадаларда) орнатылады; монтаждау, жөндеу және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізген кезде түрлі жүктерді көтеруге, түсіруге және жылжытуға арналған. Крандар көпір түрінде орындалған бойлық (басты) және көлденең (түпкі) арқалықтардың ерекше құрылымына байланысты көпірлі деп аталады.
Көпірлі крандар:
• арқалықтардың метал құрылымдарын жасау әдісі бойынша;
• бойлық арқалықтар саны бойынша;
• рельс жолына тірелу әдісі бойынша ажыратылады.
Аспалы көпірлі кран ғимараттың құрылыс фермаларының төменгі белдіктері астында бекітілген қоставрлы арқалықтардың төменгі сөрелері бойынша жылжиды.
Көпірлі крандардың негізгі өлшемдеріне: жүк көтергіштігі, көпірдің аралығы, көтеру биіктігі, көтеру жылдамдығы, кранның жылжу жылдамдығы, жүк арбашасының жылжу жылдамдығы, кранның салмағы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет