Таспамбетова інжу жалғАСҚызы қазақ халық педагогикасындағы сал – серілік этномәдени тәрбие берудің негіздері



Дата08.06.2016
өлшемі261.15 Kb.
#122889
түріРеферат


ӘОЖ 37.035.6:37.036:37.012.8:37.026 Қолжазба құқығында


ТАСПАМБЕТОВА ІНЖУ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ


ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ САЛ – СЕРІЛІК ЭТНОМӘДЕНИ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ

6М010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қызылорда, 2012ж.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті музыка-педагогикалық факультетінің «Психология» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші:

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.К.Момынбаев


Ресми оппонент:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Д. Есекешова

Диссертацияны қорғау 2012 жылы «___» _________ сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка-педагогикалық факультеті (Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, №7 оқу ғимараты, Төле би көшесі, 36А), «Педагогика» кафедрасының _____ аудиторияда өтеді.

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы Д. Архабаева


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, Байсейітова көшесі, 100) танысуға болады.



КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ғылым мен білім беру жүйесіндегі озықтық ұстанымдарды жүзеге асырудың бір жолы – өнер тұрғысындағы үрдістерді іске қосу.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік құқығына ие болған күннен бастап, қоғамдағы қарым-қатынасты ізгілендіру, демократияландыру үрдістерін түбегейлі іске асыру барысында қазақтың халық педагогикасындағы этномәдениетке баулудың дәстүрлері жаңғыртылып, тәжірибеге қайта ендіру мәселесіне қолайлы жағдай туғызды. Өкінішке орай, халықтық мәдениет ішіндегі эстетикалық, этикалық және ұлттық сана-сезімді азаматтыққа тәрбиелеуге сал-серілердің өнері және олардың шығармашылығымен ықпал жасауда педогогика ғылымында ескерусіз қалғаны зерттеу үдерістерінде байқалады. Сондықтан, өткенді ғылыми тұрғыдан танып білуде мұрағат материалдарын жас ұрпақтың, оқушылардың, тәрбие алушылардың таным-түсінігіне сәйкестендіре отырып, мектеп бағдарламаларына, оқулықтарына толыққанды енгізу мәселесі көкейкесті болып отыр. Халықтық педагогика кемелдікке тәрбиелеуді ғасырлар бойы елегтен өткізген тағылым мәйегі болып танылады. Бүгінгі таңда сонау Күлтегін ескерткішінен бастап, қазіргі заманға қатысты халықтық мәдениеттің барлық салаларына елең еткізер көптеген материалдар, хаттар, деректемелер, естеліктер, күнделіктер және т.б. жазбалар сияқты маңызды нысаналар жарық көруде. Демек, қазіргі заман талабына сай дәстүрде этномәдени арқылы білім беру және тәрбиелеуді дамыту тұрғысында іске асырудың жолы – педагогика ғылымдарында теориялық-дидактикалық мәнде жеткіліксіз зерттеліп, нақты шешімін таппай келеді. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени білім беру мен тәрбиелеуді дамыту тұрғысында аймақтық құрамдардың орны және бұл мәселенің теориялық түбірінің жеткіліксіз зерттелуі; білім мен эстетикалық тәрбиені дамытуға бағытталған мемлекеттік құжаттарды анықталғандай педагогикалық-психологиялық жаңа талаптарға сал-серілік дүстүрде этномәдени білім беру мен тәрбиелеуді дамыту стандартқа дидактикалық тұрғыда мазмұнын саралап, жүйелеу арасындағы қарама-қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың проблемасын айқындап, «қазақ халық педагогикасындағы сал-серілік дәстүр этномәдени тәтбие берудің негізі» деген тақырыпты таңдауымызға себеп болды. Біздің зерттеу жұмысымыз сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың атауы мен педагогикалық ұстанымға қосқан тағылымдық үлестерін зерделеуді көздейді. Сол себепті біз зерттеу нысанымызға сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің көне заманы тарихына - гносиологиялық мазмұндық сипаттама береміз.



Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасының білім беру саласында сыныптан тыс сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру.

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасында сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру маңызының мазмұны мен әдістері.

Зерттеу мақсаты: Мектептерде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың жолдарын тауып,оның оқылуына мүмкіндік жасау.

Зерттеудің міндеттері: Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихын зерделеп, оның ғылыми негізін жасау;

  1. Қазақстан Республикасының білім беру саласында сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісін жасау;

  2. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдение тәрбие берудің тұжырымдамасын құру;

  3. «Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру» тақырыбында монография құру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Қазақстан Республикасы білім беру саласында сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру үдерісін ұйымдастыруда Отандық мәдениетті оқушылар игеріп, сыныптан тыс уақытта ұлттық өнердің дамуын зерделеп, Отанын, ұлтын сүйетін өлең жырлардың сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің және ұрпақ тәрбиелеу идеясын басшылыққа алу, сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің негізінде рухы биік тұлға қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер мектептегі сал-серілік дәстүрде этномәдени тәрбие беруді іске асырудың мазмұнын саралауды оның тарихи дамуына жүгіндірсе, Қазақстан Республикасының білім беру саласына сал-серілік арқылы тәрбие берудің тұжырымдамасы дайындалса, сал-серілік дәстүрде этномәдени тәрбие берудің моделі құрылса, онда сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың амалдарын іріктеуіне мүмкіндіктер туады, өйткені сал-серілік дәстүрде этномәдени арқылы тәрбие берудің дамуы бүгінгі рухани құндылыққа сәйкес келеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі таным теориясы, ғылыми танымның принципреті тарихилық, объективтік, жүйелілік; жеке тұлғаның тәрбиелеу мен эстетикалық-этикалық талғамды дамытуға диалектикалық тұрғыдан келу; сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің бағытындағы оның алатын рөлі туралы ілімдері; психологиялық тағлымдар; сал-серілік өнерді меңгерген жеке, дара тұлғалар туралы ілім; іс-әрекет теориясы мен тәрбиенің эстетикалық құрылымы туралы ілім негізге алынды.

Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері:

Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру және тәрбиелеу тұрғысында зерделеудің ғылыми және педагогикалық тұжырымдамаларының ілгерілеу динамикасы қамтылған тарихи – әдіснамалық, дидактикалық тұрғыдан қарастырылды;

Дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерге Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің мазмұнына құрылымдық сипатта талдау жасалды;

Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру және оны дамыту тұрғысында сонау ықылым заманнанбелгілі өнер тұлғаларының шығармашылығы жинақталып, ондағы тәлімдік мәні бар тұстарына пайымдамалар түзілді, оның эстетикалық-этикалық мүмкіндіктеріне болашақ болжамдар құрылды.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  1. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің ғылыми негізі айқындалып, оның тарихы зерделеніп, ең озық түрлері іріктелді.

  2. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы түзілді.

  3. Мектепте сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі ұсынылды.

  4. «Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру» тақырыбында монография ұсынылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • Қазақстан Республикасының білім беру салаларына сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іс-әрекетке енгізудің амалы оқулықтар мен әдебиеттерден, мұрағат материалдардан, құжаттардан соны мәліметтермен толықтыру, жаңалау қажеттілігі дәлелденеді, оның стандарттағы білім көздеріне септігін тигізетіні дәйектеледі:

  • Зерттеудің теориялық негізі сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие және тәрбиелеуді дамытудың моделін жасауға алғышарт болады;

  • Зерттеу жұмысының тұжырымдары, нәтижелері оқу құралдарын, тәрбие жоспарлары дәне әдістемелік нұсқайлықтар оқушылардың эстетикалық білімін тексеру мен бағалау үшін үлгіретінде, оқу тәрбие үрдістерінде қолданылуға мүмкіндік береді;

  • Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асыруды әдістер, зерттеу жұмысының теориялық негіздері, құрылымдары мен үлгілері қазіргі білім беру салаларына қосымша ретінде педагог ғалымдарға, аспиранттарға көмекші құрал және жоғары оқу деңгейін анықтауға ықпалын тигізеді;

  • Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін және жаңа типтік мектептердің, басқа мәдени мекемелердің, оқу, оқыту процесінде, ұстаздардың біліктілігін арттыру институттарының тәжірибесінде іске асады;

  • «Біржантану» арнаулы курсының бағдарламасы және «Ақансері өнерінің қоғамда алатын орны» сахналық құрылысы құрылды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы, оның ғылыми негізі;

  2. Қазақстан Республикасының белем беру саласында сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі;

  3. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы;

«Қазақ халық педагогикасындағы сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру» тақырыбындағы монография.

Диссертацияның құрылымы:

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.



Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, ғылыми аппаратты (зерттеу объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, теориялық-әдіснамалық негіздері, әдістері) айқындалып, оның ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі ашылып, қорғауға ұсынылатын қағидалар түзіледі.

«Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздірі» атты бірінші бөлімде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру үрдісінде тәрбиелеу деп қазақ халқында қалыптасқан өзіне тән дәстүрлі шығармашыл орта болған. Ол орталар әртүрлі жанрлардан тұрған. Мәселен, жыраулардың толғаулары, ақындардың айтысы, сал-серілердің думаны, күйшілердің сазды, әуезді күйлері, қыздар мен жігіттердің айтысы, мал иелеріне шығарылған жырлары, ақындардың бәйіттер және т.б. Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру дегеніміз тек бір-екі ғасыр кеңістігін қамтитын ұғым емес екені ескеріледі. Ол қазақ жұрты болғаннан бері жанрлық мәнде дамып отырғаны зерделенеді. Нәтижесінде этникалық өнерден этникалық тарихы құрылатыны байқалады. Өнер мектебінің зерттелімінің негізгі нысаны – халықтық әлем, дүние, ғалам туралы көз алдына елестейтін суретінің көрінісі. Тарихи кезеңдерін зерттеу пәнінің өзі екі негізгі типтерден тұратыны ұсынылады. Бірінші кезеңді космоцентрикалық (дәстүрлі); екінші кезеңді әлеуметтік орталық (қазіргі) деп көрсеткен. Этникалық философияның өнерге деген қатыстығын зерттеу үшін жан-жақты біліктіліктің қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Мұнымен бірге зерттелген мәселелеріне жоғары деңгейдегі жинақтау іс-әрекетін ұйымдастыру көзделді. Сал-серілік арқылы тәрбиелеудің философиялық тарихын зерделеген бірқатар ғалымдарды атап өткені де зерттелген үрдерістің нақтылық сипатын арттыра түседі.

«Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асыру жолдары» атты екінші бөлімде қарап отырғанымыздай, сыныптан тыс оқу үдерісінде жасөспірімдердің мектеп көлеміндегі алған біліктілігін кешегі өткен мәдени мұра қорымен толықтыруға аталғандай бағалап, сал-серілікке кешегі кеңестік дәуірде қалыптасып қалған көзқарастар кедергі келтіріп, өнердің біліми-ғылыми сипатын төмендетуге бірден-бір «қырсықты тұжырым» болғаны анықталады.

Сал-серілік дәстүрдің шығу тегін зерделеудің өзі педагогика саласында айрықша қиындық туғызатыны зерделенеді. Біржан сал мен Ақан серілерге дейінгі дәуірлерде де серілер мен салдардың болғаны анықталады.

Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің амалдары айқындалып, «Сал-серілік тәрбие беру» монографиясы, «Біржантану» курсы және Ақан сері шығармашылығын оқытудың көріністері құрылыды.

Қорытындыда – диссертациялық зерттеу бойынша тұтастай қорытынды жасалады және практика жұмыстарымен айналысушылар үшін әдістемелік кепілдемелер ұсынылады. Зерттеу проблемасын перспективасы анықталады. Тұжырым түзілді.

Диссертация көлемі 96 беттен және 87 әдебиеттер тізімінен тұрады. 1 кестеден тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тәрбие мен білім беру іс-әрекетінде әннің, өнердің алатын орны бөлек. Ән айту арқылы адам өзінің кейбір сезімінің кезеңдерін сыртқа шығарады. Негізінде өнер қуу үшін ән шырқалмаған. Серілік пен салдық дәстүрдің нысаны болып келетін ән алдын ала жасалған, құрылған жоспармен жүзеге аспайтыны белгілі. Олай болса, сал-серілік дәстүрдің басымдық көрсеткіші – оның жағдайға байланысты туатыны. Сал-серілік өнерін кеңестік дәуірде дәріптеу Ахмет Жұбановқа оңайға түспеген. Оның бір мысалы ретінде Тәттімбеттің серілік өнерінің оңтайлы тұстарын талдай отырып, қорытындысында былай деп бағамен тұжырымдайды:


  • Түсіндіре кетуді тілейтін жай – «Былқылдақты» башпайымен тарту былай тұрсын екі қолдың саусақтармен тартып шығуға да оңай түспейді;

  • Домбыра тартуда аспапты басына қайтып қағу, артына ұстап отырып ойнау, домбыраның бетін тықылдатып шерту – бәрі де тек көзбен көріп, фокус ретінде ләззат алмаса, дыбыстық, музыкалық жақтарынан ешбір этикалық нәтиже бермейді.

  • Еркек пен әйел айтысса да, домбыра тартылса да, үнемі еркекке ғана жеңілдіретін кешегі әйелді қорлаған заманның заңының денесінде қалған таңбаның айғағы.

Көріп отырғанымыздай, Ахмет Жұбанов сал-серілік дәстүрдіңөзіне таптық дүниетаныммен баға беріп отыр. Біраз талдаулары оңтайлы болғанымен, зерттеушінің ең соңғы бөлімдерінде жоғарыда келтірілгендей ой-тұжырымдар ғалымның Кеңес үкіметінің саясатына алаңдап отыруы мен олардың кейбір талаптарын «қанағаттандыру» мүддесіни байқай аламыз.

Егер А.Жұбановтың жоғарыда біз талдап өткен материалдары болмағанда, сал-серілер жайлы ғылыми негіз жасауымыз қиынға соғар еді. Кеңестік дәуірде таптық дүниетанымды қару ретінде пайдаланып, Тәттімбеттің салдық өнерін кейінгі ұрпеққа мәдени мұра ретінде алып қалғаны бүгінгі этномәдени тәлімнің мазмұны ретінде қолдануға толық мүмкіндігіміз бар.

Бүгінгі зерттеушілер мен көне көз қариялардың айтуына қарағанда әншілік, ақындар мен сал-серілік өнер арасында әжептәуір айырмашылықтар бар. Серілердің сыртқы киім кийістері салдармен салыстырғанда әлдеқайда бірқыдыру тұрақты. Олардың дәстүрінде елден оқшау киіне, айшықты-айшық, әлем-жәлем сәнмен, жарқ-жұрқ етпе көрініс-пішіннен бойларын аулақ ұстау байқалады. Ал, салдар болса, неғұрлым әшекейлі киім кисе, соғұрлым өзерінің басқалардан оқшау бағыт-бағдарын айқындай түседі. Ер адам болғандарына қарамай, шалбарларының балақтары кең болып, жарқылдақ моншақтармен әрленіп, әлемішті жасаулары мен мұңдалып тұрады. Жалпы бас киімдерінен бастап, барлық кийімдері әртүрлі түстерден кең пішіліп, сүйретіліп жүретін сәнде болады. Бас киімдеріне қалың үкі қадап, қымбат тастармен көмкеріліп келеді. Салдар сарілермен салыстырғанда топ-тобымен, атқосшы-жолдастарымен мүретіні байқалады. Әсіресе, ойын-сауық бар жерлерге әуестігі аңғарылады. Оны біздер М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Біржан салдың Абай ауылына келеуінен байқаймыз.

Этникалық мәдениетте антологиялық сарын басым болып келеді. Оның басты себебі дала, сахарадағы адамның табиғатқа деген, оның тылсым күшіне деген дүниетанымы, болмыстық деңгейі өркендеп отырған. Жалпы алғанда қазақ этносының жырларында бас қаһарманы – тәңірден тілеп алған жалғыз ұл. Оның өзін де әке, шешесі діңкелеп қартайған кезде және баласыздықтың зардабы өткен кезде барып көреді. Кейбір жырларды әулие-әнбиелерге түнеп, бала солардың шапағатымен дүниеге келеді. Олар кейде Баба Түкті шашты Әзиз, кейде Ғайып ерен Қырық шілтендер. Бұл – әрідегі көк тәңір, берідегі ислам нанымдарының нышаны.



Этностық код әуез әуеніне негізделеді. Оның бәрі дерлік әнмен өріліп, жыр өрнегімен айтылады. Жырдың басқа жанрлардан ерекше өзіне тән сарыны болады. Бартырлық дәстүрді насихаттаушы осы жырлар ерекше нақышпен айтылатын барлық жырлардың ортақ оқиғасы төмендегіде:

  1. Болашақ батырдың шешесі, кейде аюдың, кейде айдаһардың етіне, кейде жолбарыстың жүрегіне жерік болады.

  2. Батыр ұл дүниеге келгеннен-ақ, басқа балалардан ерекше көзге түсер қасиеттері кездеседі. Бала айлап емес күндеп өседі. Ат жалын тартып мінгесін-ақ, ол елін жаудан қорғауын арман етеді.

  3. Батырлардың бәрі өзінің батырлығын жасынан танытады. Халқын басқа елдердің шабуылынан аман сақтауды негізгі мақсат тұтады. Жолда қанша қиыншылық көрсе де төзіп, ақыры жеңіп тынады. Кездескен бөгеттерде кейде өжет ерлігімен, кейде айласымен тіпті, тәжірибелі жандардың көмегімен де құтылады. Қиындыққа мойып, жасып қалмай, тез шабуылға әзірленеді.

  4. Әуезбен айтылатын бұл жырлардың қазақ халқына тән кодының бір пернесі – елдік мәселесі. Анықтап айтсақ, құлаққа жағымды әуез бен патроиттық тілек-мүдде мәністерді тыңдармандардың жүрегіне, сезімдеріне оң әсерін тигізеді. «Елдің күші – бірлігінде» деген этностық код басымдық мәнде.

  5. Өз елін терең сүю мотиві жыр өрілімінде ерекше сезіммен айтылады. Психологиялық жағынан басқа халықтарда кездеспейтін үдемелету үрдісі аңғарылады.

  6. Ұлттық нақыштың бір сипаты – батырлар жырындағы әйелдер мәселесі. Көбінесе, батырларлың ерліктері үйлену, немесе жау алып кеткен әйелдерін іздеумен тікелей байланысты. Батырлар жырында жар іздеу мәселесі ғашықтықтан тған мотив емес, отбасын құру амалы іспетті болып келеді. Отбасын құрудың басты мақсаты – келешекке батырдың өзіндей, не өзінен асып түсетін ұрпақ қалдыру тілегіне келіп тіреледі. Қобыландыдан: Бөгенбай, Киікбай; Алпамыстан: Жәдігер; Тарғыннан: Әжігерей, Айтқожа т.б. Бұлардың кейбірі ерлігін әкесінен де асырып жібереді.

  7. Қазақ халқының кодын айқындайтын тағы бір ерекшелігі – батырлар жырында кездесетін жорыққа мінетін аттарының айрықша бапталып күтілуі. Олардың сұлулығы, қуса жетіп (әні шапшаң ырғақпен айтылады), қасша озатын жүйріктігі, жуан-жуас беріктігі шебер сурет реңімен келеді. Кей тұста тәңірлік наным нышаны аттарда ерекше қасиеттер дарытып, әр нәрсені күні бұрын болжағыштық ес бітіріп сипаттайды. Жалпы қысылғанда қанат беретін дәрежеде бейнеленеді. Жырларды жақсы атқа көп орын беріліп, оларды әр жағынан алып, батырмен қоса дәріптеп жырлайтыны байқалады.

  8. Қазақ халқының онтологиялық кодын айқындай түсерлік тағы бір белгісі – батырлар жырындағы аңшылық. Мәселен Қамбар батырдың негізгі кәсібі аңшылық болып сипатталады. Бұндай құбылыстан әрісінде халықтың бастай кәсібі, күнкөріс қамы аңшылық болғаны даусыз.

Қорыта келгенде, қазақ халқының XV ғасырда Алтын Орда құлаған соң құралған Ноғайлы деп аталған хандық тұсында,ы Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат, Үйсін, Арғын, Найман, Алшын руларының батырлары жайлы ауызша-жазбаша шыққан жырлардың әуездік сарыны адамгың әлем тану іскерлігіне бағытталған. Сондықтан бұл нысанда онтология аспектісіне жатқызуды біздер орынды деп есептеп, сал-серілік өнер барлық өнердің даму шегінің өркендеуінен туған бөлігі деген қорытынды жасауға мүмкіндік алдық. Оның алғашқы алғашқы әдіснамасы онтологиялық деңгей екені айқындалды.

Егер, әлемтану іс-әрекетінде рухани құндылықты әлемтану үдерісіне қабыстырып сана-сезімге жинақтай алса, әр биоәлеумет өнер саласының айтайын деген ішкі мұратын авторлардай түсінері сөзсіз. Өкінішке орай, әр адам өзінің жеке басының танымдық өрісін басқалардан биік қойып отыратындықтан, өнер саласының кереметтерін ұға алмайтын деңгейде қалады. Өнер мектебінің сан-салалы жанрларының әрісінен бергі заманға дейінгі алатын орны, әлемтануға көмегі ерекше екеніне тоқталу артық. Әлемтану өнер кеңістігінде әрбір жеке тұлғаның әлеуметтік өміріне жағымды әсер етеді. Өнер мектебінің педагогикалық әдіснамасын көбінесе ескі өмірден осы заманға әкелер тарихи желінің куәсі ретінде ауыз әдебиеті жанрларынан ізденген орынды. Алдыңғы онтологиялық деңгейдегі өзіндік этностың көзі бар екеніне көзіміз жеткен сияқты. Сол секілді гнесиологиялық деңгейде де халықтың тек өзіне тәне коды жеке тұлғалардың ішік қабылдау мүмкіндіктеріне бағынышты екендігі анықталды. Мұнымен бірге халықтық сипат арқылы сол халықтың білімі, өнері, тарихы, діні, нанымы, тәлім-тәрбие нышандары байқалатыны зерттеу барысында аңғарылды. Халықтық сипат өзінің бойын толып жатқан сипатты сыйғызып жататыны, дәуір тынысын танытатыны гнесиологиялық деңгейге қозғаушы күш екені де белгілі болды. Жырмен айтылатын шығармалардың шығуы мен дамуынан тарихи ақиқаттар да байқалып отырады. Сол дәуірдегі тарихи шындықтардың көмескі болса да сілемелерден көрініс табылады. Әрине, аталған жырларды тудырушылар, бірақ олардың аттары бимәлім тұлғалар өздерінің әлемтану үдерісінің шама-шарқымен жырларды өмірге әкелгені белгілі. Міне, осы нысаналы ішкі қалыпты гнесеологиялық деңгей дейміз. Танымдарының тағылым деңгейі.

Сал-серілер арқылы тәрбие беру амалын жүзеге асыру үшін қазақ халқы арнаулы мектеп ашпаса да, оның орынын ел-жұрат, орта ауыстырып отырған. Сал-серілердің табиғат аясынан өздеріне рухани нәр алуы, табиғаттың бір бөлігі ретінде өздерін сезінуі онтологиялық деңгейге жеткізген.

Сол секілді коршаған ортасына, әлеуметтік сипатқа ақиқатты тұрғыда ән шығару, күй арнау, қойылымдар құру және т.б. амалдар арқылы танымдық тағылымдар түйінделіп отырған. Бұндай іс-әрекет сал-серілерді гнесеологиялық деңгейге бағдарлаған.

Өзінің өнеріне ортадағы болып жатқан құндылықтардан қуат алуы және жамандардан бойларын сақтауы сияқты амалдар сал-серілердің аксиологиялық деңгейге ұмтылуына қолайлы жағдай туғызған.

Көріп отырғанымыздай сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің теориялық негізіне қатысты біздер тарихшы-философтардың және өнертану ғалымдардың еңбектеріне талдау жасап өттік. Талдау барысында байқағанымыз, сал-серілік дәстүр жайлы оның этномәдени тәрбие берудегі тарихы турады уәжді, ғылыми тұжырымды кездестіру қиын. Сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие берудің тарихына көз жүгіртсек, бізден бұл материалдардан кезеңге бөлгендегі немесе оның ғылыми негізін жасаған құрылымды даяр күйінде қолданылмағаны анық екендігін пайымдаймыз.

1995 жалы Ж.Наурызбай Қазақстан Республикасының Білім министрлігі оқушыларға мәдени-этнокалық білім беруді жүзеге асырудың әдістемелік негізін жасау бағдарын зерделеген. «Жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасы», «Арнаулы орта білім тұжырымдамасы», «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке оқытуу мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» т.б. бағдарламалар ғылыми негізделгенін, олардың тәжірибеде сыннан өткенін саралайды. Жалпы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының ғалым-ұстаздарының қосқан ұлттық біліми-ғылыми құндылықтарын түгел қамтып, оған өзіндік тұжырым жасағаны біздердің де зерттеу еңбегімізге сүйеніш демекпіз.

Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетке арнайы пайымдарды біздер Ж.Наурызбай еңбегінен кездестіре алмаймыз. Бірақ жалпы «этномәдени тәрбие беру» ұғымыны ғылыми негіздеме жасағаны анық. Біздер де сол негіздемеге сүйеніп, бұл мәселенің көкейкестілігінің өткір екеніне көзіміз жетті. Тұжырымдаманың басты мақсаты - сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетінің ғылыми негізін құру.

Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі ұсынылған тарихи – мәдени негізді жүзеге асыру этногенетикалық үдеріссіз мүмкін емес. Аталған рет – тәртіп тек айтуға ғана оңай, ой көзімен қарасақ, оның қолдану барысы ежелгі дәуірден қаланып, фольклор және ауыз әдебиетінің қалыптасу аранасына дейін жинақталған деуге болады. Зерттеу барысында тағы бір ескеретін мәселе сал-серілік өнерден тәрбие беруді іске асырудың үлгісін құру үшін фольклор, ауыз әдебиеті, этнография этнопсихология, этнопедагогика сияқты ғылым салаларының интегралдық топтамасы тұрғысында қарастыру көзделеді.

Жалпы этнопедагогиканың білім мен тәрбие беру үдерістерін зерттеген ғалымдар О.С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева, Ы.Дүйсенова, Р.С.Елубаева, Г.Р.Бахтиярова, А.Сейдімбек, Л.Керімов. Аталған еңбектерде аға ұрпақтың рухы мен парасатын барыншы ұрпаққа паш ететінін ескірмес, өлмес, өшпес салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, өлең-жырлар, фольклор, ауыз әдебиеті арқылы таралуына қатысты әртүрлі салалардың жан-жақты зерттелген аңғарылды.

Қоғамдағы азаматтық, ізгілік мәселесі, этномәдени арқылы халықтық тәлім-тәрбие беру үрдісі әр салада зерттеліп, өз орнын таба білді: бұл салада философиялық тұрғыдан Н.А.Усачева ой толғаған. Аталған ғылыми еңбектерде әр халықтың түсінік-түйсігіне қатысты, рухани «өзім» деген ұстанымға байланысы әлем жайлы дүниетанымдық - еңбектің басымдық мәні. Көк тәңіріне табынушылықтың өзі жер ауқымының кеңдігі дегенмен дәлелденеді. Тәңір құдіреті жайында В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев, М.С.Орынбеков және т.б. зерттеулер жүргізіп, мазмұнын жазды. Сөйтіп, космогондық, әуез-әуендік, этногенетикалық, этикалық, гуманистік тәлім-тәрбие көздеріне ғылыми еңбек жазған ғалымдарға тоқталып өтеді. Біздің зерттеу еңбегімізге ең қажетті мына бір ойды бөліп қарастыру орынды:


  1. Қазақ халқының табиғаттану мүмкіндігі музыкамен үндес болуы – үйлесімділікті анықтаушы нысан;

  2. Қазақ даласындағы көшіп-қону дәстүрі еркіндікке, кеңдікке ұластырып, ән-жыр, музыка өнерін дамытуға себеп болды;

  3. Қазақ космогондық, мифологиялық, тұрмыстық-әмбебаптық, мәдени сапада әлемді тану мен түйсіну қабілеті әлем деңгейінде ән мен жыр, музыка тудырған;

  4. Этникалық жадынама және этникалық тән сырдаң (кодының) болуы оның маңыздылығына жататындығы;

  5. Қазақ халқының этникалық тарихында этногенезисі мен этнопсихологиясының ерекшеліктері сақталып, бүгінгіге дейін көрініс беруіне;

  6. Музыка өнерінде «әлем» және «адам» деген ұғымдардың бір-бірімен тығыз және терең байланыста болуында;

  7. Аталған «әлем» және «адам» проблемасын өз еңбектерінде өзек еткен ғалымдар – Ж.М.Абдильдин, К.А.Әбішев, А.Н.Нысанбаев, А.А.Хамидов және т.б.

  8. Ғарыш пен адам үндестігінің кемелдігін қамтамасыз ететін дыбыс, әуез, музыка.

Халықтық педагогика кеңістігіндегі мәдениет пен өнер жайлы еңбек жазған зерттеушілер – С.Х.Байдильдина, М.К.Сембинов, Я.С.Тастанбек, А.Д.Өтеғалиева, З.Әбілова, Г.К.Сауырбаева және т.б. ғалымдар халықтық педагогика негізінде өнер, музыка дәстүрінің өркендеуіне талдау жасап, жанрлық жүйенің адам өміріне тигізер пайдасын жіктеген.

ҚОРЫТЫНДЫ
Әлемдік білім кеңістігіне ілесу ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды меңгеру тұрғысында іске асады. Білім беру үдерісін тәрбиелеуді өркендету ұттық нақышты ғаламдық кеңістікке ұстастыруды басымдықта ұстауын көздейді. Балашақ ұрпақтын әрқайсысының интеллектуалды, парасаттылық және бағамдық мәдени қоры білім жию мүмкіндігімен тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімінің даму тарихы айқындайды. Білімнің даму тарихының мазмұны ұлттық өнер кеңістігіне сараланады.

Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру ҚР-ның мемлекеттік стандарттарында, білім мазмұнында (мектеп шегінде) жетік қамтылған. Ақан сері, Біржан сал және т.б. шығармашылығы ақындақ өнермен оқытылып келеді. Сал-серіліктің оқушыларға өршіл оптимистік, өмір сүруге құмарлық, жақсы да ізгі істерге, сұлулыққа қарамай ескерілмегені зерттеу барысында айқындалады. Салдық құру өнері спорт, цирк өнеріне ұқсастығы зерттеу барысында байқалды.

Көне дәуірде сал-сері деген ақындық дәстүрге айтылмыш тарихи деректер болмағанымен, өнердің бұл түрінің тамыры сонау тұрмыс салт жырларының бір құрамды бөлігі екендігі, оның және өнер тармағына беретін бөлініп шыққаны бағамдалды.

Мектептің бағдарламасы бұл нысанды қамтығандықтан, жасөспірімдердің мектеп көлеміндегі біліктілігін кешегі мәдени құндылықтар негізінде дамытуды іске асыру қарастырылды.

Сал мен серілердің бір-бірінен айырмашылығы айқындалып, бұрынғы берілген анықтамаларды келтіре отырып, оған ғылыми нұсқалы көзқарас білдірді. Жүргізілген зерттеу жұмысы негізінде төмендегі қорытындылардан жасалынды:

1. Сал серілік өнер арқылы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін қазақ халқы арнаулы мектеп ашпаса да, оның орнын ел жұрт, орта дала сахнасы ауыстырып отырғаны анықталды.

2. Сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудің дағдарысы кеңестік дәуір екені байқалды. Сал-серілік өнер арқылы халықтың түсінігін ояту білім мен тәрбие беру ел ішінде ежелден таныс болғанмен оның даму тарихы бірде жоғары, бірде төмен түсіп отырғанымен аңғарылды. Дағдарыс XIX ғасырдың орта шеңінен ҚР-ның тәуелсіздігін алғанға дейінгі кезеңді қамтитыны дәйектенді. Қазіргі кезде сал-серілік өнер жайлы, оның айтылуы турлы зерттелімдер бірлі жарым болса жа кездесетіні зерделенді.

3. Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың үлгісі оқушылардың сыныптан тыс оқытылатын арнаулы курсын өткізуге ғылыми негіздеме болатыны бағамдалды. Оқушылардың сал-серілік өнер арқылы білімге құмарлығын ояту ежелгі, орта, бүгінгі кезеңдердегі сал-серілік өнерінің тағлымдық мүмкіндігі айқындалды.

4. Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың тұжырымдамасы оқу және мәдениет саласын гумманистік бағыттағы адамды тәрбиелеуге жұмылдыруға бағдарлайтын оқу құралы ұсынылды.

5. «Біржантану» арнаулы күрсы оқушылардың сал-серілік өнер арқылы эстетикалық тұшым алуына мүмкіндік берді және сол кездердегі сал-серілердің сән-салтанатты өмірінен рухани құндылықтар жинауына, мәдени деңгейінің жоғарылауына қолайлы жағдай жасалуда.

5. Ақан серінің өнер жолының ғибратынан хабар алу мақсатында Ақан сері туралы оқушылардың көзқарасын айшықтайтын сахналық көрініс қойылым құрылды. Оқушылар бұл қойылымда Ақан серінің барлық игі істері, өнердегі халқына сіңірген ізгілікті ұсыныстары оқушылардың тарапынан, сахна төрінен айтылуы бүгінгі амал мен оқыту тұрғысында жүзеге асырылды
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:


  1. «Сал-серілік дәстүрі арқылы этномәдени тәрбие берудің қазіргі көрінісі» // Республикалық ғылыми-әдістемелік «Тағылым» журналы. Қызылорда, 2012

  2. «Сал-серілік өнерінің тарихи зерттелуі» // Республикалық ғылыми-әдістемелік «Тағылым» журналы. Қызылорда, 2012



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н. А. Казахстан - 2030: Послание Президента страны народу Казахстану. - Алматы: Білім, 1997. – 256б.

2. Назарбаев Н.А. Историческая память, национальное согласие и демократические реформы - гражданский выбор Казахстана: доклад на IV сессии Ассамблеи народов Казахстана. // Казахстанская правда. - 1997. - 7июня.

3. Назарбаев Н. А. Нравственный и политический выбор интеллигенции. // Казахстанская правда. - 1998. - 18марта.

4. Концепция этнокультурного образования в Республике Казахстан. -№ 3058. -1996.- 15июля..

5. Абу Насыр аль-Фараби. Естественно-научные трактаты. - Алма-Ата: Наука, 1987.-282с.

6. Абу Насыр аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. // пер. с арабского. - Алматы: Ғылым, 1993. - 456с.

7. Баласагұн Ж. Құтты білік. - Алматы, 1987. - 355с.

8. Яссауи А. Диуани хикмет. (Ақыл кітабы) / ауд. М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи. - Алматы: Мұраттас, 1993. - 262б.

9. Бұхар Қалқаманұлы - Павлодар: ЭКО, 2003. - 136б.

10. Құлекеұлы Ш. - Павлодар: ЭКО,2003. - 239б.

11. Құнанбаев А. Кара соз. Поэмалар. - Алматы: Ел, 1993. - 270б.

12. Абай және қазіргі заман: (ґмірі мен јдеби мїраларыныѕ жаѕа қырлары).

- Алматы: Ғылым, 1994. - 132 б.

13. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ: өлеңдер, әңгімелер, хаттар. - Алматы: Жазушы, 1988.-320 б.

14. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы, 1999. - 112 6.

15. Узақбаева С.А. Өміршең өнер өрісі. - Алматы: Мектеп, 1988. - 135 6.

16. Эбу Насыр эл-Фараби. Рухнама. - Павлодар: ЭКО, 2003. - 216 б.



РЕЗЮМЕ

реферата диссертации на соискание академической степени

магистра педагогичесих наук по специальности

6М010300 - Педагогика и психология


Таспамбетова Інжу Жалғасқызы

Основы этнокультурного воспитания сал-сері в казахской народной педагогике

Актуальность исследования. Внедрение процессов из сферы искусства является одним из путей реализации передовых идей в современной системе науки и образования.

Основы образования и воспитания посредством искусства у казахского народа заложены в традициях казахских философов аль-Фараби предлагал изучить будущим потомкам в совершенстве три вида теоретических основ как методов создания науки:



  • знать основы всех наук;

  • уметь делать из них необходимые выводы, относящиеся к данной науке;

  • проанализировав высказанные мнения о данной науке, уметь их корректировать.

В настоящее время появилась необходимость привить молодому поколению лучшие традиции этнокультурного воспитания, влияющие формирование личности.

Для жизнеспособности менталитета казахского народа независимой Республики Казахстан на мировом уровне необходимо теоретико- дидактическое значение этнокультурного воспитания и образования.

Пути реализации и развития образования посредством воспитания этнокультурных традиций в соответствии современным требованием еще мало изучены н педагогической науке, недостаточно исследованы.

В процессе исследования анализа были выявлены противоречия между определенными и государственных документах направлениями о развитии эстетического образования и воспитания и дидактического аспекта содержания стандарта, и также проблема исследования, что явилось причиной выбора темы:

традиции сал-сері в казахской народной педагогике - основа этнокультурного воспитания.

Объект исследования: Этнокультурное воспитания через традиций сал-сері во внеклассными в сфере образования РК.

Предмет исследования: Методы и содержание значения этнокультурного воспитания через традиции сал-сері

Цель исследования:

Найти пути реализации в школах этнокультурнго воспитания через традиций сал-сері и создать возможности изучения.



Задачи исследования: Изучив историю этнокультурного образования через традиции сап-сері, теоретически обосновать.

    1. Создать модель реализации этнокультурного образования через традиций сал-сері в сфере образования РК

    2. Составить концепцию этнокультурного образования через традиции сал- сері в сфере образования РК

    3. Разработать монографию «Этнокультурное воспитание через традиций сал-сері в казахской народной педагогике».

Научная гипотеза. Если подчинить анализ содержаних реализаций в школе этнокультурного образовани через традиции сал-серк, подготовить концепцию воспитания через сал-сері в сфере образования РК., составить модель этнокультурного воспитания через тардиции сал-сері, то появиться возможность отбора средств осуществления этнокультурного воспитания через традиции сал-сері будет соответсвовать современным духовным ценностям.

Ведущая идея:

Усвоение:

Учение отечественную культуру при организации с сфере образования РК процесса этнокультурного воспитания через традиции сал серь



Изучение:

Национального искусства во внеклассное время, руководствуясь идей этнокультурного воспитания через патриотические произведения высокодуховной личности.



Методологические и теоретические основы исследования. Метологической основой исследовательской работы являются теория познания, принципы научного познания: историчность, объективность, системность, диалектический подход к развитию эстетико-этического вкуса и воспитания личности;Теория об этнокультурном воспитании через традиции сал-сері;

Теория о личности, усвоившей искусства деятельностная теория и теория сал-сері о эстетеической составной части воспитания.



Практическое значения исследования: доказана необходимость обновления, дополнения редкими сведениями из духовных документов и материалов, литературы и учебников средств внедрения в дело этнокультурного воспитания через традиции сал-сері в сфере образавания РК, приведены доказательства тому, что это принесет пользу источникам образования в стандарте;- теоретическая основа исследования является предпосылкой для создания развития этнокультурного воспитания через традиции сал-сері, концепции исследования и результатов учебных пособий, воспитательных планов, методических указаний дают возможность для использования в учебно-воспитательном процессе в виде контроля и оценки эстетических знаний учащихся;

  • методы реализации этнокультурного воспитания через традиции сал-серк, теоретические основы исследования, окажут влияние на определение уровня образования и послужат дополнительным пособием для педагогов-ученых, аспирантов в современной системе образования:

- результаты исследования найдут применение в практике институтов повышения квалификации учителей, в учебном процессе общеобразовательных школ, школ нового типа, в других культурных учреждениях;

- составлена программа спецкурса «Біржантану» и инсценированное представление «Место искусства Акан сері в обществе».



SUMMARY

Referat of the dissertation on competition of the academic degree of the

master of pedagogical sciences on specialty

6М010300 - Pedagogics and Psychology


Taspambetova Inzhu Zhalgaskyzy

Basics of the sal-seri in etnocultural education of kazakh folk pedagogy



Issue of research. Nowadays in the period of science and education system one of the way to carry out progressive principles is to activate art processes.

Among Kazakh national scientists who laid the base of getting knowledge and upbringing through art: Abu Nassyr al-Farabi, Zh.Balasaguni, K.Issaui, Buchar zhyrau, Sh. Kulekuly, A. Kunanbaiuly, I. Altynsarin, Sh. Ualichanov, A. Baitursynov, M. Dulatov, Zh. Aimautov, M. Zhumabajev, Mashhur Zhussip Kopeev, Sh.Kudaiberdijev.

Al - Farabi in his work showed three various theories of building conversation which each scientist must know:


  1. all Turkish bases, principles, resources of science;

  2. make conclusions and consequences fron these principles which apply to science;

  3. analyze thoughts and opinions expressed in the past, as well as to correct them.

In the condition of rapid development of the independent Republic of Kazakhstan appeared necessity of revival of national ethnocultural education and upbringing.

Thus, according to the requirements of time development of education and upbringing through ethnocultural traditions depends on insufficient research in the sphere of theoretical-didactical of pedagogics. Through sal-seri tradition ethnoculturaf education and upbringing development hasn't enough researched; having researched the problem of the work and defined the title of the theme 'Sal-seri tradition in the pedagogies of Kazakh people - the base of ethnocultural upbringing'.



Object of researchi: In the Republic of Kazakhstan out of classes to give ethnocultural upbringing through sal-seri tradition.

Subject of researchi: In the Republic of Kazakhstan through sal-seri tradition content and methods of ethnocultural upbringing.

Aim of research: in schools through sal-seri tradition to find the ways of carrying out of ethnocultural upbringing and give opportunities for its study.

Tasks of research: to research the history of ethnocultural upbringing and prepare its scientific base through sal-seri tradition;

1. to make a model of ethnocultural upbringing in the educational system in the Republic of Kazakhstan;

2. to form conceptions of ethnocultural upbringing;

3. to make monograph on the theme «Ethnocultural upbringing through sal-seri tradition in the national Kazakh pedagogics».



Scientific prognosis of the research work: Applying to the history of ethnocultural upbringing at schools, preparation of conceptions of the ethnocultural upbringing in the sphere of education in the Republic of Kazakhstan, making model of ethnocultural upbringing in the sal-seri traditionwill allow to carry out the ways of ethnocultural upbringing, because development of ethnocultural upbringing coincides with spiritual worth.

Idea of the supervisor of research work: In Republic of Kazakhstan it is necessary to insert ethnocultural upbringing which allow pupils to acquaint with state culture, to research development of national art, and in the base of ethnocultural upbringing lies to form personality with the high patriotic sense.

Methodological and theoretical bases of research. Methodological base of the research work is cognitive theory, principles of scientific cognition are historical, objective, systematic; upbringing personality from dialectical point of view; trends and studies of ethnocultural upbringing.

Scientific novelty and theoretical meaning of research work:

1. Defined scientific base, researched history of the ethnocultural upbringing through sal-seri tradition.

2. Formed conception of ethnocultural upbringing through sal-seri tradition.

3. Presented the model of ethnocultural upbringing through sal-seri tradition at schools.

4. Represented monograph on theme «Ethnocultural upbringing through sal-seri tradition in the national Kazakh pedagogics».

Practical meaning of research work: In the Republic of Kazakhstan was proved the necessaty of adding textbooks, literature by modern materials;


  • theoretical base of research promoted ethnocultural upbringing model of development;

  • methods of carrying out of ethnocultural upbringing through sal-seri tradition, theoretical bases of research, units and models as additional aid for scientists- teachers, poslgnuluates influence on defining level of education;

- results of research will be carried out at secondary and new schools, other educational institutions;

- «Birzhantanu» programme of special course and «The role of Akan serfs creation in the society»scenic performance were presented.



Points for defense: The history of ethnocultural upbringing, its scientific base;

  1. The model of carrying out of ethnocultural upbringing through sal-seri radition in Republic of Kazakhstan;

  2. Conception of ethnocultural upbringing through sal-seri radition;

  3. Monograph on theme «Ethnocultural upbringing through sal-seri tradition in the national Kazakh pedagogics».




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет