Дәріс №1.Қазіргі тіл ғылымындағы жаңа бағыттар олардың пайда болуының алғышарттары



бет1/2
Дата26.05.2024
өлшемі20.98 Kb.
#501882
  1   2
Лекция-1709051516877


Дәріс №1.Қазіргі тіл ғылымындағы жаңа бағыттар олардың пайда болуының алғышарттары
1.Қазіргі тіл ғылымының көп парадигмалығы мен ықпалдастығы
2.Шет ел тіл ғылымындағы ғылыми бағыттар

Тіл білімінің теориясы мен тарихын жақсы түсіну үшін ХІХ ғасырдағы жаңа ғылыми бағыттардың, ағымдардың, көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің ерекшеліктерін ажырата білу керек. Жаңа ғылыми бағыттар мен ағымдардың туындауына негіз болған басты себептердің бірі – тілге деген жаңаша түсінік, түрлі анықтамалар мен оның өзіндік мәнін, ерекшелігін, қызметін айқындауға байланысты айтылған пікірлер мен сан алуан көзқарастар еді.


Лингвист ғалымдар тілді сан алуан аспектіде қарастырады. Міне, осыдан келіп лингвистердің пікірлері бірнеше жікке жарылады. Олардың біразы тілді қоғамдық құбылыстар қатарында деп қараса, енді біреулері тілді жаратылыстану құбылыстарына жатқызады. Ал, келесі біреулері тілді жеке адамдардың психикасына, яғни сөйлеу ерекшелігіне жатқызып, оны психология ғылымының қатарына қосады. Бұл тәрізді сан алуан пікірлер тілге анықтама беруде пікір қайшылықтарына әкеп тіреді. Көтерілген мәселелерді шешуде тіл білімінің тарихында бірнеше көзқарастар мен ағымдар, әр түрлі бағытты ұстанған лингвистикалық мектептер болды.
Тіл білімін зерттеудегі жоғарыда айтылған түрлі ғылыми бағыттар мен олардың ұстанған принциптері алуан түрлі болсада негізгі үш бағыт аясында жүргізіліп келе жатқанын тіл білімі тарихына көз жүгірту арқылы аңғаруға болады. Олар біріншіден, Структуралистік (құрылымдық) бағыт. Бұл бағыттың негізгі ұстанымы тілді өз ішінен зерттеу болды. Структуралистік бағыт ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басына дейін кең қанат жайып, тілді өз ішінен зерттеу мәселесінде көптеген жетістіктерге жетті. Соның негізінде бүгінгі күні жекелеген тіл білімінде болсын, жалпы тіл білімінде болсын тіл білімінің грамматика саласындағы түйіткілді мәселелерді біршама толық шешті, соның нәтижесінде әлемдік грамматикада қазіргі күні дау тудыратындай аса күрделі мәселелер жоқтың қасы деп, шартты түрде айтуға болады. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және көп тарғандарының бірі – структурализм. Ол струтуралды лингвистика деп те аталынады.
Әрине структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағын Ф.де. Соссюр салған болатын. Ол: «Тіл өзара шарттас, бір-біріне тәуелді элементтерден тұратын күрделі бір тұтас құрылым», - дейді. Структуралистер өз зерттеулерінде Ф.де. Соссюрдің осы пікірін әрі қарай дамытты. Структуралистік тіл білімінде ғалымның аталған концепциясы күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ.
Структурализмнің көпшілікке танымал үш мектебі бар. Олар: Прага (Чехословакия), Копенгаген (Дания) және дескриптивтік (Америка) мектептері. Әр мектептің өзіндік ерекшеліктері мен жекелеген принциптері бар. Алайда ол ерекшеліктері мен принциптері сол структуралистік ағымға қызмет етеді. Демек аталған мектептердің ғылыми бағыттары бір арнаға келіп тоғысады.
Ал екінші бағыт антропоцентристік парадигма деп аталады. Антропоцентристік парадигма өз бастауын Еуропадан В. фон. Гумбольдттың лингвофилософиялық концепцияларынан алады. Бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма өте қарқынды зерттелу үстінде. Антропоцентристік парадигма негізінен «тіл-қоғам-адам», «тіл-мәдениет-өркениет», «тіл-ұлт-мәдениет» деген үштіктердің негізінде зерттеу бағыттары жүргізіліп жатыр. Жалпы «антропоцентристік» немесе «антропоцентризм» деген терминді осы бағытты зерттеуші ғалымдар екі түрлі қолданады. Олардың кейбіреуі «антропоцентризм» дегенді «этнолингвистика» деген термин мен ауыстырып та, қолданатын кездері бар. Ал, кейбіреуі сол қалпында «антропоцентризм» терминін қолданады. Алайда антропоцентристік парадигманың аясы өте үлкен ғылым саласы. Сол салаларының біреуі этнолингвистика деп аталады. Демек, бұл жерде терминнің тұрақтылығын сақтай отыра, этнолингвистиканың өзі антропоцентризмнің бір саласы болғандықтан, оның аясы антропоцентризмге қарағанда, тарлау болатындықтан, антропоцентризм деп қолдану орынды болмақ. Антропоцентристік парадигманың негізгі көзқарастары этнографиялық тіл білімі, психологиялық тіл білімі, ХХ ғасыр тіл білімін зерттеушілердің еңбектерінде баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет