Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде ұйымдардың жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі48.46 Kb.
#8295
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде ұйымдардың жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегi № 964 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 02.10.2010 г., № 260-261 (26321-26322); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 05 қазандағы № 406-409 (26252); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 52, 496-құжат

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.14 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 55) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде ұйымдардың жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.14 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 135-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 3 қыркүйектегi № 1298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 360-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                   К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2010 жылғы 20 қыркүйектегi
№ 964 қаулысымен  
бекiтiлген     

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу
кезiнде ұйымдардың жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң
бiрыңғай әдiстемесi

      Ескерту. Әдiстеме жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.14 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде ұйымдардың жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесi (бұдан әрi - Бiрыңғай әдiстеме) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi,  «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi заңдарына, «Ұйымдар мен мемлекеттiк органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.
      2. Бiрыңғай әдiстеме:
      1) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың
      2) ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың, олардың еншiлес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың
      3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген тұлғалардың
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы жергiлiктi қамтудың мониторингiне жататын ұйымдардың
      5) концессионерлердiң тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтуды есептеуiне арналған.
      3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтуды есептеу мынадай мақсаттарда жүргiзiледi:
      1) жергiлiктi қамту бөлiгiнде сатып алу бойынша мiндеттемелердiң сақталу мониторингi және оны бақылау;
      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзудегi отандық кәсiпорындардың тартылу дәрежесiн айқындау;
      3) отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейiн бағалау.
      4. Тауарларды жеткiзуге арналған шарттағы жергiлiктi қамтуды (ҚҚт) есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

                        n


            ҚҚТ  = 100% (ТҚi х Қi) / S,
                       i=1

      мұндағы:


      n – тауарларды жеткiзуге арналған шартты орындау мақсатында жеткiзушi жеткiзетiн тауарлар атауының жалпы саны;
      i - тауарды жеткiзуге арналған шартты орындау мақсатында жеткiзушi жеткiзетiн тауардың реттiк нөмiрi;
      ТҚi - i-тауардың құны;
      Қi - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегi туралы сертификатта көрсетiлген тауардағы жергiлiктi қамтудың үлесi;
      Қi = 0, «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегi туралы сертификаты болмаған жағдайда;
      S - шарттың жалпы құны.
      5. Жұмыстарды (қызметтердi көрсетуге) орындауға арналған шарттағы жергiлiктi қамтуды (ҚҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
                 m                            n
                  ((ШҚjТҚjШЖҚj) х Rj + (ҚҚi х Қi))
                 j=1                          i=1
ҚҚж/қ  = 100% х –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––,
                              S

      мұндағы:


      m - тапсырыс берушi мен мердiгер арасындағы шартты, мердiгерлер мен қосалқы мердiгерлер және т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;
      j - жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттiк нөмiрi;
      ШҚj -j-шартының құны;
      ТҚj -j-шартын орындау мақсатында жеткiзушi немесе қосалқы мердiгер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
      ШЖҚj - j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердiгерлiк шарттардың жиынтық құны;
      Rj - j-шартын орындайтын жеткiзушiнiң немесе қосалқы мердiгердiң қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесi;
      n - j-шартын орындау мақсатында жеткiзушi және қосалқы мердiгерлер сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;
      i - j-шартын орындау мақсатында жеткiзушi немесе қосалқы мердiгер сатып алған тауардың реттiк нөмiрi;
      ТҚi - i-тауардың құны;
      Қi - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегi туралы сертификаты көрсетiлген тауардағы жергiлiктi қамтудың үлесi;
      Қi = 0, «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегi туралы сертификаты болмаған жағдайда;
      S - шарттың жалпы құны;
      5-1. Rj - j-шартын орындайтын жеткiзушiнiң немесе қосалқы мердiгердiң қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесiн есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

      Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ

      мұндағы:
      ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзiмiнде j-шартын орындайтын жеткiзушiнiң немесе қосалқы мердiгердiң қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;
      ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзiмiнде j-шартын орындайтын жеткiзушiнiң немесе қосалқы мердiгердiң жұмысшыларының еңбекақысын төлеудiң жалпы қоры.
      6. Есептi кезеңде тапсырыс берушiнiң сатып алуындағы жергiлiктi қамтуды (ҚҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

            n


      ҚҚ  = (ҚҚi х ШҚi) / S,
           i=1

      мұндағы:


      n – сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;
      i – сатып алу туралы шарттың реттiк нөмiрi;
      ҚҚi – сатып алу туралы i-шарты бойынша жергiлiктi қамту;
      ШҚi – сатып алу туралы жасалған i-шарттың құны;
      S – шарттың жалпы құны.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет