Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы



бет1/6
Дата30.06.2016
өлшемі413.5 Kb.
#167280
  1   2   3   4   5   6
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң м.а. 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 409 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 17 қаңтарда № 7379 тiркелдi



      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы А. Мусиннiң 2011 жылғы 29 қарашадағы № 01-38.121 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк органдардың 2010 жылғы қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерi бойынша берiлген тапсырмаларының орындалуын бақылау жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 47-тармағын орындау барысында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттiк саясат департаментi (Қ.Б. Елеусiзова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiнен кейiн, оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрi С.С. Сарсеновке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жариялануға жатады.

      Министрдiң м.а.                            Қ. Әбсаттаров

Қазақстан Республикасы 
Байланыс және ақпарат 
министрiнiң      
2011 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 409 бұйрығымен   
бекiтiлген      

Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау
әдiстемесi

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесi (бұдан әрi - Әдiстеме) «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын iске асыру iске асыру мақсатында әзiрленген.


      2. Әдiстеме мемлекеттiк орган қызметiнiң айқындығын арттыру және үрдiстерiн оңтайландыру үшiн облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi – мемлекеттiк органдар) ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi рәсiмдердiң жиынтығын анықтау үшiн арналған.
      3. Осы Әдiстемеде келесi ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе;
      2) ақпараттық технологиялар – ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, толтыруды, өңдеудi, iздеудi, шығаруды, көшiрудi, тапсыруды және таратуды қамтамасыз ететiн технологиялық кешендердi бiрiктiретiн әдiстердiң, өндiрiстiк үрдiстердiң және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
      3) электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымы – бұл қағаз тасығышта қайталаусыз, мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды тұлғалардың - мемлекеттiк басқарудың әртүрлi салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 5 жылға дейiн сақтау мерзiмiмен электрондық құжат форматында электрондық құжат айналымы жүйесiнiң (ЭҚЖ) қатысушысында – мемлекеттiк орган қызметiнде пайда болатын мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн электрондық құжаттар алмасуы;
      4) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желiде жұмыс iстейтiн электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргiзу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн ұйымдық құрылым;
      5) тек қана электрондық түрдегi iшкi құжат айналымы – ол қағаз тасығыштарда қайталаусыз бiр мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi - мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласындағы электрондық құжат айналымы жүйесiнiң қатысушысы арасындағы 5 жылға дейiн сақтау мерзiмiмен электрондық құжат нысанында мемлекеттiк орган – электрондық құжат айналымы жүйесiнiң қатысушысының қызметiнде туындайтын мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстер номенклатурасының тiзбесiнiң құрамына енетiн электрондық құжаттармен алмасу;
      6) мемлекеттiк органдардың Интранет-порталы – мемлекеттiк ақпараттық жүйе болып табылатын және ұжымдық жұмыс құралдарымен, қажеттi ақпараттық ресурстармен, ұйымдық мiндеттердiң және ақпарат алмасу шешiмiмен мемлекеттiк қызметшiлердi қамтамасыз ету үшiн арналған ведомствоаралық корпоративтiк ақпараттық жүйе;
      7) электрондық құжат айналымының жүйесi (бұдан әрi - ЭҚЖ) – электрондық құжаттармен алмасу жүйесi, қатысушылар арасындағы қарым-қатынас «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен және «Электрондық құжат айналымының ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 сәуiрдегi № 430 қаулысымен реттеледi.
      4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiмен (бұдан әрi - Министрлiк) Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесiнiң шеңберiндегi бағыттар бойынша тиiмдiлiктi жалпы бағалау нәтижелерi туралы сараптамалық қорытындыны қалыптастыру жөнiндегi Сараптамалық комиссиясы жұмыс органының кiшi тобы болып табылатын лауазымды тұлғалардың санынан Жұмыс тобы (бұдан әрi – Жұмыс тобы) құрылады.
      Министрлiктiң ақпараттық технологияларды бағалауы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен жүзеге асырылады.
      5. Бағалау Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiмен бекiтiлген орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалауды жүргiзудiң кестесiне (бұдан әрi – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк органдар ақпараттық технологияларды қолдану туралы қызметi туралы есептi осы Әдiстеменiң 1 қосымшасындағы нысан бойынша (бұдан әрi – 1 қосымша) және электрондық құжат айналымы жүйесi жөнiндегi есептi 2 қосымшадағы нысан бойынша (бұдан әрi – 2 қосымша) бойынша Министрлiкке, және Министрлiк Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне ұсынады.
      7. Жұмыс тобы Министрлiкпен жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерiн пайдалану және электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелерiнен алынған деректермен салыстыру арқылы, олардың нақтылық мәнiне, мемлекеттiк органдардан алынған мәлiметтердiң талдауын жүргiзедi.
      8. Министрлiкпен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен даярланған мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау нәтижелерi туралы қорытынды Әдiстеменiң 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне ұсынылады.
      9. Мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау келесi критериялар бойынша жүзеге асырылады:
      1) Мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi жоспарланған iс-шаралар сапасы;
      2) Ақпараттық технологияларды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк орган қызметiн институциялық нығайту дәрежесi;
      3) Интернет-ресурстың тиiмдiлiгi;
      4) Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi пайдалану;
      5) Мемлекеттiк органның функцияларын автоматтандыру;
      6) Ақпараттық жүйелердi енгiзудiң сапасы;
      7) Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң нәтижелiлiгi.
      10. Әрбiр критерий бойынша көрсеткiштер анықталады, оған сәйкес тиiстi балл қойылады. Баллдар осы Әдiстеменiң 4 қосымшасындағы Ақпараттық технологияларды қолданудың тиiмдiлiгiн бағалаудың критериялары мен көрсеткiштерiне (бұдан әрi – 4 қосымша) сәйкес қойылады.
      Баллдар ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi критериялардың маңыздылығы дәрежесiн ескерумен қойылған. Атап айтқанда:
      1) «Мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi iс-шаралар» критериясы бойынша жоспарланған iс-шаралар сапасы» мемлекеттiк орган өзiнiң ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi iс-шараларын анықтау мен бекiтуi, сондай-ақ оларды iске асырылуын қамтамасыз етуi тиiс екендiгiн ескерумен, 10-ға тең балл қойылды;
      2) «Ақпараттық технологияларды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк орган қызметiн институциялық нығайту дәрежесi» критериясы бойынша мемлекеттiк органның инновациялық қызметiн дамытуға жәрдемдесетiн факторларды айқындауға бағытталған осы критерияны ескерумен 5-ке тең балл қойылды;
      3) «Интернет-ресурсы тиiмдiлiгi» критериясы бойынша қоғамның алдында мемлекеттiк органдардың айқындылығын және бағыныстылығын қамтамасыз етуге бағытталған осы критериядан шыға отырып 20-ға тең балл қойылды;
      4) «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi пайдалану» критериясы бойынша қағаз құжат айналымы үлестерiн азайту, құжатты жасаудың, өңдеудiң және жөнелтудiң уақытын азайту, құжаттармен жұмыс жасаған кезде жеделдiктi арттыру, мемлекеттiк орган қызметiн оңтайландыруға бағытталған осы критерияны ескерумен 25-ке тең балл қойылды;
      5) «Мемлекеттiк орган функцияларын автоматтандыру» критериясы бойынша мемлекеттiк органмен халық пен бизнестiң тiкелей байланысын және әкiмшiлiк кедергiлердi қысқарту, халық пен бизнеске қызметтер көрсеткен кезде мемлекеттiк орган функцияларын автоматтандыруға бағытталуы тиiс бiрiншi кезекте ақпараттық технологияларды қолдануды ескерумен 40-қа тең баллдардың ең көп саны қойылды;
      6) «Ақпараттық жүйелердi енгiзудiң сапасы» критериясы бойынша ақпараттық технологиялар саласындағы қолданыстағы стандарттарға ақпараттық жүйелердi құру кезеңдерiнiң сәйкессiздiгiн сипаттайтын көрсеткiштер анықталды, ол өзiмен бiрге баллдардың азаюына әкеледi. Әдiстемедегi 4 қосымшасының кестесiмен сәйкестiкке баллдарды шегеру, 15 балл сомасын құрайды және 100 баллға тең баллдардың барынша көп санынан жүргiзiледi;
      7) «Ведомстволық ақпараттық жүйелердiң нәтижелiлiгi» критериясы бойынша Әдiстеменiң 5 қосымшасындағы Бағалауға жататын ақпараттық жүйелер тiзiмiнде (бұдан әрi – 5 қосымша) көрcетiлген ақпараттық жүйелердi пайдаланудың тиiмсiздiгiн ашқан кезде баллдардың азаюы жүргiзiледi. 10 балл мөлшерiнде баллдарды шегеру 100 баллға тең баллдардың барынша көп санынан жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау келесi формула бойынша Әдiстемедегi 4 қосымшаның кестесiнде көрсетiлген белгiлi бiр салмақты баллдармен сәйкес критериялар мағынасы сомасы ретiнде анықталады:

      N = P1 + P2 + P3 + P4 + Р5 + Р6 + Р7 

      бұнда N – мемлекеттiк орган ақпараттық технологияларды қолдануды бағалаудың жалпы баллы, P – критерияның мағынасы.
      11. Критериялар мағынасының есебi келесi формула бойынша Әдiстемедегi 4 қосымшаның кестесiнде көрсетiлген баллдардың көрсеткiшiмен сәйкес осы критерияның барлық көрсеткiштер сомасынан шыға отырып жүзеге асырылады:

      P = (Сi*Vi) + (Сi+1*Vi+1) + (Сi+2*Vi+2) + ... 

      P бар жерде – критерияның мағынасы, C – көрсеткiштiң мағынасы, V – көрсеткiштiң баллы, i – осы критерия үшiн 1-ден бастап көрсеткiштердiң санына дейiн интервалы. 

2. «Мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды қолдану
жөнiндегi жоспарланған iс-шаралар сапасы» критериясы бойынша бағалау

      12. Мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi жоспарланған iс-шаралардың сапасын бағалау деп мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды тиiмдi қолдануға бағытталған министрмен, жауапты хатшымен, вице-министрмен, комитет басшысымен, әкiммен, аппарат басшысымен және аппарат басшысының орынбасарымен бекiтiлген стратегиялық жоспарларда және операциялық жоспарларда, даму бағдарламалында және басқадай жоспарларда бар болуымен түсiндiрiледi, атап айтқанда:


      - мемлекеттiк органдардың Интранет-порталын тиiмдi пайдалануға (пайдаланушылардың санын арттыру, жарияланған ақпаратты өзектiлеу);
      - электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiн тиiмдi пайдалануға (қағаз тасығышта хат-хабардың қайталануын болдырмау, жұмыс орындарының санын арттыру);
      - интернет-ресурстар қолжетiмдiлiк және ашықтық деңгейiн арттыруға (пайдаланушылардың санын арттыру, ақпаратты өзектiлеу);
      - ведомстволық ақпараттық жүйелердi депозиттеуге және тiркеуге, сондай-ақ ақпараттық жүйелердiң, бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттамасының депозитариясында ведомстволық ақпараттық жүйелер жөнiндегi ақпаратты өзектiлеуге (бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттамаларды өзектiлеу);
      - ақпараттық қауiпсiздiк талаптарының сәйкестiгiне ведомстволық ақпараттық жүйелердiң аттестациясын жүргiзуге бағытталған.
      13. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпарат көзi Әдiстеменiң 1 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Министрлiкпен және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 1 жолындағы 3 бағанында көрсетiлген ақпарат болып табылады.
      14. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi және Министрлiк осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк орган қызметiн бағалау барысында есептiлiкте көрсетiлген мемлекеттiк органға тiкелей шығу жолымен мемлекеттiк орган ақпаратын тексередi.
      15. Ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi iс-шаралардың сапасы үшiн барынша көп балл 10 баллды құрайды және Әдiстемедегi 6 қосымшаға сәйкес «Мемлекеттiк органда ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi жоспарланған iс-шаралар сапасы» критериясы бойынша бағалауда (бұдан әрi – 6 қосымша) көрсетiлген бағыттардың салмақты мағынасын сомалау жолымен анықталады. Ведомстволық ақпараттық жүйелердi депозиттеу және тiркеу, ақпараттық жүйелердiң, бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттамасының депозитариясында ведомстволық ақпараттық жүйелер жөнiндегi ақпаратты өзектiлеу немесе ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiкке ведомстволық ақпараттық жүйелердiң аттестациясын жүргiзу қажеттiлiгi болмаған кезде осы бағыт бойынша барынша көп мағына берiледi.

3. «Ақпараттық технологияларды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк
орган қызметiнiң институциялды нығайту дәрежесi» критерия бойынша 

      16. Осы критериямен ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлiмшенiң, ақпараттық технологиялар бойынша құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң жиынтықтылығы мен бiлiктiлiк деңгейi мемлекеттiк органда бар болуымен бағаланады.


      17. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпарат көзi Әдiстеменiң 1 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Министрлiкпен және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 2 жолындағы 3 бағанында көрсетiлген ақпарат болып табылады.
      18. «Ақпараттық технологияларды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк орган қызметiнiң институциялды нығайту дәрежесi» критерисы үшiн барынша балл 5 баллды құрайды және төменде тiзбектелген көрсеткiштердiң мағынасын көбейту нәтижесiн кейiннен 5-ке көбейту жолымен анықталады.
      1) ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлiмшенiң бар болуы;
      2) Ақпараттық технологиялар бойынша құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң жиынтықтылығы;
      3) ақпараттық технологиялар бойынша бiлiктiлiк деңгейi.
      19. «Ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлiмшенiң бар болуы» көрсеткiшi бойынша мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелерiн дамыту, құру және сүйемелдеу үшiн жауапты құрылымдық бөлiмше орталық мемлекеттiк органда бар болған кезде оған 1 балл, жоқ болған кезде – 0 балл берiледi.
      «Ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлiмшенiң бар болуы» көрсеткiшi бойынша бағалау жергiлiктi атқарушы органдар үшiн келесi формула бойынша есептеледi.

      X = (Xаппарат+Xупр)

      Xаппарат – әкiм аппаратында мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелерiн дамыту, құру және сүйемелдеу үшiн жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң бар болуы (бар болған кезде, оған 0,5 балл, жоқ болған кезде 0 балл берiледi);
      Xупр – Әкiмдiктiң басқармасында мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелерiн дамыту, құру және сүйемелдеу үшiн жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң немесе қызметкерлердiң бар болуы. Әкiмдiктiң барлық басқармаларының құрылымдық бөлiмшелерi немесе қызметкерлерi болған кезде 0,5 балл (жекелеген басқармалар болмаған кезде, осы мән әрбiр басқарманың тиiстi сандық мәнiнiң мәнiмен есептеледi), болмаған кезде 0 балл берiледi.
      Әкiмдiктiң әрбiр басқармасының салмақтық мағынасы келесi формула бойынша есептеледi:

      N=0,5/Nупр

      Nупр – Әкiмдiк басқармаларының саны.
      «Ақпараттық технологиялар бойынша құрылымдық бөлiмшенiң жиынтықтылығы» көрсеткiшi бойынша бағалау келесi формула бойынша есептеледi:

      Y = 1-(a+b)/c  

      a – бос қызмет орындарының бар болуы есебiнен, оның iшiнде ұзақ оқуға немесе декреттi демалысқа қызметкердiң кету себебi бойынша пайда болған адам күнi саны (бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру шыққаннан кейiн 45 жұмыс күнi iшiнде конкурстық негiзде бос емес орындардан, сондай-ақ Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiне (бұдан әрi – ҚР МҚIА) сұранысты жөнелткеннен кейiн 11 жұмыс күнi iшiнде ауыстыру тәртiбiнде бос емес орындардан басқа);
      b – қызметкерлердiң науқастығы және басқадай себептерi бойынша бос болған лауазым бойына адам күнi саны (ақысыз демалыс, жұмыстан босату). Осы санға жыл сайынғы еңбек демалысында, iссапарда болған жұмыскердiң жағдайы кiрмейдi;
      с – жалпы адам күнi саны.
      Жалпы адам күнi саны (c) келесi формула бойынша анықталады:

      c = dхe

      d – құрылымдық бөлiмшенiң орташа штаттық саны;
      e – жылына жұмыс күнiнiң саны.
      Орташа штаттық сан бiрiншiден бастап төртiншi тоқсан бойынша қоса алғанда құрылымдық бөлiмшенiң штаттық саны сомасының орташа мағынасы ретiнде анықталады (бұдан әрi мәтiн бойынша - орташа штаттық сан).
      «Ақпараттық технологиялар бойынша қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейi» көрсеткiшi бойынша бағалау келесi формула бойынша есептеледi:

      Z = a/b

      a – арнаулы бiлiмi немесе бiлiктiлiгiн арттыру туралы куәлiгi бар мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелерiн дамыту, құру және сүйемелдеу үшiн жауапты құрылымдық бөлiмшедегi қызметкерлердiң саны;
      b – мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелерiн дамыту, құру және сүйемелдеу үшiн жауапты құрылымдық бөлiмшедегi қызметкерлердiң жалпы саны.

4. «Интернет-ресурстың тиiмдiлiгi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      20. Бағалау келесi көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi:


      1) Интернет-ресурста gov.kz домендiк атаудың бар болуы;
      2) Интернет-ресурстың алға басуы;
      3) Ақпараттың толықтығы мен сапасы.

Параграф 1. «Интернет-ресурста gov.kz домендiк атауының бар
болуы» көрсеткiшi бойынша бағалау

      21. Интернет-ресурста gov.kz домендiк атауының бар болуы деп Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары үшiн арналған gov.kz домендiк атауы, Интернеттiң ашық ақпараттық-коммуникациялық желiсiнде мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсы ретiнде бiр мағыналы ұстанымдалатын интернет-ресурста бар болуымен түсiндiрiледi.


      22. Есептi жылдың нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi және Министрлiк мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында gov.kz домендiк атауының бар болуын тоқсан сайын, аптаның әртүрлi күндерi мен тәулiктiң уақытында тексередi.
      23. Мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында gov.kz домендiк атауы бар болған кезде оған баллдардың барынша көп саны 2 балл берiледi.
      Gov.kz домендiк атауында тiркелген мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында жоқ болғанда оған 0 балл берiледi. 

Параграф 2. «Интернет-ресурстың алға басуы» көрсеткiшi бойынша бағалау 

      24. Интернет-ресурстың алға басуы интернет-ресурстың дәйексөз алуын iздестiрудi және арттыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орган атауының сұранысы бойынша (google, yandex, rambler, yahoo) халықаралық iздестiру жүйелерiнде мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсына сiлтемелердiң бар болуымен түсiндiрiледi.


      25. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi және Министрлiк осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында (google, yandex, rambler, yahoo) халықаралық iздестiру жүйелерiнде iздестiру жолымен мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсына сiлтемелердi тексередi.
      26. Интернет желiсiнде мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсының алға басуы жөнiндегi деректердi талдау тоқсан сайын, аптаның әртүрлi күндерi мен тәулiктiң уақытында өткiзiледi.
      27. Егер талдау барысында мемлекеттiң органның интернет-ресурсы сiлтемесi iздестiру нәтижелерiнiң бiрiншi 10 ұстанымында болса онда оған 3 балл берiледi.
      Егер талдау барысында мемлекеттiң органның интернет-ресурсы сiлтемесi iздестiру нәтижелерiнiң 11-20 ұстанымдарында болса онда оған 2 балл берiледi.
      Егер талдау барысында мемлекеттiң органның интернет-ресурсы сiлтемесi iздестiру нәтижелерiнiң 21-40 ұстанымдарында болса онда оған 1 балл берiледi.
      Егер талдау барысында мемлекеттiң органның интернет-ресурсы сiлтемесi iздестiру нәтижесiнiң 40 ұстанымында болса немесе iздестiру нәтижелерiнде жоқ болса, онда оған 0 балл берiледi. 

Параграф 3. «Ақпараттың толықтығы мен сапасы» көрсеткiшi бойынша бағалау

      28. Интернет-ресурста толық ақпарат деп «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңымен және «Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарында орналасқан мемлекеттiк органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулысымен анықталған тiзбесi ақпараттың бар болуымен түсiндiрiледi. Ақпараттың сапасы деп ақпараттың жеткiлiктiлiгi, дәйектiлiгi, уақыттылығы мен қолжетiмдiлiгi түсiндiрiледi. Ақпараттың толықтығы мен сапасының көрсеткiшi бойынша есеп Әдiстеменiң 7 қосымшасына сәйкес интернет-ресурстар үшiн «Ақпараттың толықтығы мен сапасы» көрсеткiшi (бұдан әрi – 7 қосымша) бойынша бағалауда көрсетiлген индикаторлар бойынша жүргiзiледi.


      29. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi тоқсан сайын, аптаның әртүрлi күндерi мен тәулiктiң уақытында Әдiстемедегi 7 қосымшаға сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде интернет-ресурстың тiлдiк болжамасын талдау жолымен мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсын тексередi.
      30. «Ақпараттың толықтығы мен сапасы» көрсеткiшi бойынша бағалаудың мағынасы Әдiстемедегi 6 қосымшаға сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде интернет-ресурстың тiлдiк болжамасы бойынша баллдарды сомалау және нәтиженi көрсеткiштiң 100 баллға тең ең үлкен мәнiне бөлiп, кейiннен 15-ке көбейту жолымен жүзеге асырылады.
      Осы көрсеткiш бойынша бағалауды жүргiзген кезде сонымен қатар Әдiстемедегi 7 қосымшаның кестесiндегi ескертпеде көрсетiлген интернет-ресурс сапасына ықпал ететiн критериялар ескерiледi. Кемшiлiктердi анықтаған жағдайда әрбiр анықталған кемшiлiк үшiн параметрдiң салмақтық мағынасының 25 (жиырма бес) пайызынан аспай, параметрдiң салмақтық мағынасын 0,1 баллға шегеру жүргiзiледi.

5. «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi пайдалану»
критериясы бойынша бағалау 

       31. «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi пайдалану» критериясы бойынша бағалау келесi iшкi критериялар бойынша есептеледi:


      1) Iс жүргiзуде электрондық құжат айналымы жүйелерiн пайдалану;
      2) Мемлекеттiк органдардың Интранет-порталын пайдалану;
      3) Электрондық құжаттар мұрағатын қолдану;
      4) «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк деректер қоры» Ақпараттық жүйесiн және «Электрондық мемлекеттiк сатып алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн толтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет