Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы
№ қаулысымен
Бекiтiлген
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi – тiзiлiм):
1) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық байқау жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық байқау операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу;
2) техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық байқау жүргiзу тәртiбiнiң және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмдiк нақтыланатын техникалық байқау операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.
4. Тiзiлiмде енгізілуді және оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық көлiктiк бақылау органдары (бұдан әрi - көлiктiк бақылау органдары) ұсынған ақпарат негiзiнде жүзеге асырады.
2. Тiзiлiмдi жүргiзудiң тәртiбi
5. Тiзiлiмде енгізілу:
1) дара кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғаның көлiктiк бақылау органдарына өзiнiң тiркелген орны бойынша осы Қағиданың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуды;
2) көлiктiк бақылау органдарының Тiзiлiмге енгiзу немесе оған енгiзуден бас тарту туралы шешiмдi қарауын, қабылдауын қамтиды.
6. Тiзiлiмге енгiзу үшiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың не куәлiктiң көшiрмесi;
3) дара кәсiпкер үшiн – жеке басты куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерi;
4) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы белгісі бар, техникалық қарап тексеру операторының жылжымайтын мүлікке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;
5) жасаушы зауыт беретін бастапқы өлшеп тексеру мерзімі көрсетілген сынақ жабдығы мен өлшем құралдары паспорттарының көшірмелері және (немесе) салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріле отырып, өлшем құралдарын өлшеп тексеру және сынақ жабдығына аттестаттау жүргізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады. Түпнұсқалар салыстырылып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады;
6) өтініш беруші техникалық қарап тексеру орталығын ұйымдастыру үшін осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын сынақ жабдықтары және өлшем құралдары туралы ақпарат;
7) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақ пен үй-жайдың тиісті стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат ұсынылады.
7. Өтiнiш берушiге құжаттардың келiп түскен күнi, құжаттарды қабылдаған маманның тегi, аты (әкесiнiң аты), Тiзiлiмге енгiзу үшiн ұсынылған құжаттардың тiзбесi көрсетiлген қолхат берiледi.
8. Көлiктiк бақылау органдары өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.
9. Ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру қорытындысы бойынша көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiнi Тiзiлiмге енгiзу немесе Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
10. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм көлiктiк бақылау органның басшысының немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрық нысанында ресiмделедi.
Тiзiлiмге енгiзгенде немесе тiзiлiмге енгiзуден бас тартқан кезде көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiге осы Қағиданың 8-тармағында көрcетiлген мерзiмде тiзiлiмге енгiзу туралы жазбаша хабарламаны немесе жазбаша дәлелденген бас тартуды жiбередi.
11. Көлiктiк бақылау органдары тiзiлiмге енгiзу туралы бұйрық шыққан күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға:
1) техникалық байқау операторының атауын;
2) техникалық байқау операторының мекенжайын және байланыс телефонын;
3) техникалық байқау орталығының мекенжайын және байланыс телефондарын;
4) техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң орналасқан жерiн;
5) техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiнiң үлгiсiн және санын;
6) техникалық байқау операторы қызметiнiң өңiрiн қамтитын ақпаратты ұсынады.
12. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын тiзiлiмнiң мерзiмдiк баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануын жүзеге асырады және өзiнiң www.mtc.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналастырады.
13. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық байқау операторы көлiктiк бақылау органдарына тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың қандай да бiр өзгерiстерi туралы осындай өзгерiстер енгiзiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
14. Көлiктiк бақылау органдары тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың қандай да бiр өзгерiстерi туралы хабарламаны алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға техникалық байқау операторының мәлiметтерi мен құжаттарының өзгерiстерi туралы ақпаратты ұсынады.
15. Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту үшiн:
1) осы Қағиданың 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң дәйексiздiгi;
3) осы Қағиданың 18-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша өтiнiш берiлген күнге дейiн алты ай iшiнде Тiзiлiмнен алып тастау негiз болып табылады.
16. Осы Қағидада көзделмеген негiздер бойынша Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту туралы шешiм шығаруға тыйым салынады.
17. Тiзiлiмге енгiзуден бас тартуға негiз болған себептердi жойғаннан кейiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлға осы Қағиданың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсыну арқылы көлiктiк бақылау органдарына қайта жүгiнедi.
18. Тiзiлiмiнен алып тастау үшiн:
1) дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен ерiктi түрде алып тастау туралы өтiнiшi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы;
3) техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзу кезiнде көрiнеу дәйексiз ақпарат ұсыну;
4) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсетулер бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару;
5) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасау негiз болып табылады.
19. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен алып тастау туралы хабарлама көлiктiк бақылау органы тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға жiберiледi.
20. Тiзiлiмнен алып тастау техникалық байқау операторы қызметiнiң тоқтауына алып келедi.
21. Көлiктiк бақылау органдары Тiзiлiмнен алып тастау туралы шешiм қабылданғаннан күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |