Технологическая карта урока №


С4 ұяшығына арифметикалық прогрессияның 1-інші мүшесін (-2) енгізіңіз. С5



бет7/37
Дата26.03.2022
өлшемі2.46 Mb.
#456483
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
информатика сабақ жоспары 2 семсетр

С4 ұяшығына арифметикалық прогрессияның 1-інші мүшесін (-2) енгізіңіз. С5 ұяшығына п –інші мүшесін есептеуге формула енгізу керек.
ФОРМУЛА ТЕҢ БЕЛГІСІНЕН БАСТАЛАДЫ.
Формула енгізу үшін, керек ұяшықты белгілеп, тең белгісін енгіземіз, содан кейін кестенің керек ұяшықтарына сілтемелерімен формуланы теріп жазамыз. (ұмытпаңыздар, баған атаулары латын әріптерімен жазылады).
9. С5 ұяшығын белгілеп =С4+А4 формуласын енгізіңіз (алфавиттің индикаторын ағылшын тіліне ауыстыруды ұмытпаңыз).
Формуланы жазып болғаннан кейін (Enter) пернесін басыңыз, ұяшықта – жауап, ал формулалар жолында формуланың өзі.
Егер де формуланы қате терсеңіз, формулалар жолынан түзетуге болады.

  1. Өздігінен толтыру маркерін пайдаланып С5 ұяшығындағы формуланы қалған ұяшықтарға толтырыңыз. Ол үшін С5 ұяшығын белгілеп, өздігінен толтыру маркерімен төмен қарай тартамыз.

  2. Осылай арифметикалық прогрессияның п-інші мүшелерінің қосындысының формуласын D4 ұяшығына =(-2+С4)*В4/2 енгізіңіз.

  3. Өздігінен толтыру маркерін пайдаланып D4 ұяшығындағы формуланы қалған ұяшықтарға толтырыңыз.

Кесте дайын деуге болады, енді сыртқы сызықтарын сызамыз. Ол үшін тақырыбынан басқа кестенің өзін ғана ерекшелеп [Формат ячеек], командасын орындаймыз Границы бөлімінен ішкі және сыртқы сызықтарын таңдаймыз (Внешние и внутренние). Суреттегідей к есте шығу керек.
V. Сабақтың қорытындысы. Бағалау
“Брейн - ринг” ойыны.
• Microsoft Excel бағдарламасының қалай іске қосамыз?
• Microsoft Excel бағдарламасының қызметі қандай?
• Excel - ң жұмыс кітабы дегенді қалай түсінеміз?
• Компьютердің көмегімен әр студент Excel - де жаңа құжат әзірлеу және сақтау керек.
Сыныппен жұмыс. “Менің жасым нешеде?”.
Excel бағдарламасын іске қосамыз.
Тапсырма:
• А1 ұяшығына «Мен... қаласында дүниеге келдім» деген мәтінді енгізіп, оның сол жақ шетке ығысып орналасқанына көңіл бөліңіз.
• В1 ұяшығына туған жылыңызды енгізіңіз.
• С1 ұяшығына биылғы жылды енгізіңіз.
• D1 ұяшығына =С1 - В1 формуласын енгізіңіз. Нәтижесі қалай болады? D1 ұяшығында сіздің жасыңыз көрсетіліп тұр.
• Осылайша 2030 жылы өзіңіздің қайжаста болатындығыңызды есептеңіз.
Студенттердің тәжірибелік жұмыс бойынша және сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалап, қорытындысы айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет