Технологиялық жабдықтардың түсінігі. Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет1/2
Дата02.01.2022
өлшемі22.7 Kb.
#453798
  1   2
Дәріс 1


Дәріс 1

Тақырыбы:

Технологиялық жабдықтардың түсінігі. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Жоспар:

  1. Анықтамалар (жабдықтар, машиналар мен аппараттардың құрылымы)

  2. Жабдықтарға қойылатын талаптар

  3. Жіктелуі

Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары деп әртүрлі технологиялық операцияларды атқарып өткізетін машиналар мен аппараттарды атайды.



Технологиялық машиналар жалпы және арнаулы деп бөлінеді. Біріншісіне – механикалық, гидромеханикалық, жылу- массаалмасу процестері жатады. Мысалы – ұсақтау, сепарациялау, қайнату, кептіру және т.б.

Екіншісіне- құлаққа тандыру, малдың терісін сыдыру және т.б.

Технологиялық жабдықтар ең бірінші:

  1. Машиналарға

  2. Аппараттарға бөлінеді

Басқа да технологиялық жабдықтар кездеседі, мысалы: тетіктер, ағрегаттар, ағынды желілер олар қосалқы операцияларды атқарады.

Бірақ ТЖ курсы ең бірініші машиналар мен аппараттар қарастырылады.



Машиналар мен аппараттардың айырмашылығы олардың құрылымдық формасына байланысты болады:

Ең қарапайым машиналар өзінің құрылымдық формасына қарай минумум үш негізгі бөлімнен тұрады:



  1. орындаушы ( немесе ) жұмысшы механизмнен;

  2. беріліс беретін (немесе жетекші) механизмнен;

  3. Қозғалтқыш механизмнен (электроқозғалтқыштан, іштен жану және жылу двигателдерінен).

Аппараттар ең бірінші: орындаушы (немесе жұмысшы) органнан немесе жұмысшы камерадан тұрады (қозғалтқыш және беріліс механизмі, кей жағдайда қосымша жұмысшы механизм түрінде немесе мүлдем жоқ болады).
Машиналар және аппараттардың классификациясы

Құрылымы бойынша машиналар келесі түрлерге бөлінеді: (автоматтану дәрежесі бойынша)



  1. жай қарапайым машиналар

  2. жартылай автоматтар

  3. автоматтар.

а.) Жай қарапайым машиналар үш бөлімнен (тораптан) тұрады, біреуі жұмысшы механизм болып табылады. Олар бір нақты технологиялық операцияны орындауға арналған.

Мысалы:


Еткескіштер- ұсақтауға; араластырғыш – араластыруға және т.б.арналған.

б) Жартылай автомат: бірнеше бөлімдерден (беріліс беретін құрал, қозғалыс беретін құрал) және жұмысшы органдарынан тұрады. Мұнда автоматтық цикл бойынша, жұмысшының көмегі арқылы бірнеше технологиялық операцияны орындалады.

3. Автоматтарда бірнеше бөлімдерден (беріліс беретін құрал, қозғалыс беретін құрал) және жұмысшы органдарынан тұрады. Мұнда барлық операциялар (негізгі және қосымша) автоматтық цикл бойынша, жұмысшының көмегінсіз орындалады.

Барлық ТЖ жұмыс циклінің құрылымы бойынша:

  1. Толасты түрде жұмыс істейтін машиналар мен аппараттарға;

  2. Толассыз (үзіліссіз) түрде жұмыс істейтін машиналар мен аппараттарға бөлінеді.

Сондай-ақ жартылай толассыз түрде жұмыс істейтін машиналар кездеседі, бірақ олар сондай көп емес.

Ет өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың жіктелуі (классификациясы)

Профессор Пелеевтың А.И. ұсынысы бойынша барлық технологиялық жабдықтар алты негізгі топқа бөлінеді:


  1. Еткомбинаттарындағы көтергіш - тасымалдағыш жабдықтар:

1.1. Аспалы жолдармен конвейерлер және оларға қызмет көрсететін жабдықтар мен тетіктер.

1.2. Еден үстінде тұрақты орнатылған және жылжымалы көтергіш - тасымалдағыш жабдықтар.

1.3. Ет өнімдерін және әр түрлі шикізаттарды, мысалы: (ішек, май, фарш) құбырлар арқылы тасымалдайтын аспаптар яғни сораптар, щприцтер.


  1. Мал мен құсты союға арналған жабдықтар кіреді:

2.1. Тері сыпыратын машина

2.2. Жүн және қауырсын жұлатын

2.3. Ішек өңдейтін машина




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет