2 ТАРАУ. АВТОМАТТАНДЫРУ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛЫН ТАҢДАУ
2.1 Автоматтандырудың функционалдық схемасын қарастыру
Функционалдық схема – технологиялық процесс жүріп жатқан приборлардың және құралдардың жұмыс істеу принципі және бір-бірімен әсер етуі, араласу тәртібі көрсетілген схема.
Сұйықтарды араластыру процесінің функционалдық схемасы. Бұл процесс былай жүзеге асады: бастапқы екі суспензия (сұйықтық) құбыр бойымен сыйымдылыққа келіп құйылады. Бұл екі құбыр бойында шығынөлшегіш орнатылады. Шығын өлшегіштің маркасы: OGM-A-40, өлшенетін шығыны 20-200 л/мин. Шығынды көрсетіп, тіркегіш және сыйымдылықтың ішіндегі сұйықтың деңгейін реттейтін реттегіш орнатылған.
1. Сурет – Функционалдық схема
Сыйымдылыққа келіп түскен сұйықтықтар белгілі бір уақыт аралығында араластырылады. Мұндағы сұйықтықтың деңгейін өлшеу үшін деңгей өлшегіш қолданылады. Деңгей өлшегіштің маркасы: НПК «ТЕКО», электродтар арасындағы диэлектрлік өтімділіктің өзгеруі арқылы өлшенеді, қателігі 1-2%. Деңгейөлшегіш қоюландырылған суспензия ағып кететін құбырдың ысырмасымен (задвижка) байланысқан. Сыйымдылықта сұйықтық тасып кетпес үшін деңгейді көрсетіп, тіркеп, реттеп отырады.
Араластырылған сұйықтық құйыпалғыш арқылы құйып алынады да, құбыр арқылы жіберіледі. Бұл құбырдың бойында шыққан сұйықтықтың сапасын және тұтқырлығын көрсететін аспап және шығынөлшегіш аспаптар қолданылады. Сұйықтың лайлылығын көрсететін аспаптың маркасы: АЖН – 98/ ПК, сұйықтықтың сапасын өлшеу үшін, артық қоқыстарды тазарту жүйесін басқаруды қамтамасыз етеді. Шығынөлшегіштің маркасы: OGM-A-40, өлшенетін шығыны 20-200 л/мин. Шығынды көрсетіп, тіркегіш.
Сұйықтықтарды араластыру процесінің негізгі аспабының бірі – сыйымдылық ішіндегі араластырғыш айналу үшін қолданылатын электржетегі. Сол электржетегінің білігінің айналу моментін бақылау үшін TRB маркалы датчик қолданылады. Өлшеу диапазоны 1-2000 кгс*м. Біліктің айналу моментін көрсетіп сигналдайды.
Сұйықтықтар араластырылып болған кезде, одан пайда болған араластырылған жүйе құбыр арқылы шығарылып тасталады. Сол құбырдың бойына тығыздығын өлшеу үшін тығыздықөлшеуіш және шығынды өлшеу үшін шығынөлшегіш қолданылады. Тығыздықөлшегіштің маркасы: LEMIS process, DC-50, тығыздығы 1200 сСт дейінгі сұйықтықты тез және дәл өлшейді, тығыздықты көрсетіп, тіркейді. Шығынөлшегіштің маркасы: OGM-A-40, өлшенетін шығыны 20-200 л/мин. Шығынды көрсетіп, тіркегіш.
Ал біліктің айналу моментінің датчигі мен сұйықтың сапасын көрсететін аспап міндетті түрде дыбыстық және жарықтық сигнализациямен байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |