Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#129836
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 452 бұйрығымен

бекітілген

Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1 - бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай - ТМГҚ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын жүргізу кезінде қауіпсіз жұмысты жасау үшін қажетті шарттарды анықтауда қолданылады.

2. Осы Талаптарда келесі атаулар мен анықтамалар қолданылады:

қауіпсіз аймақ – кез келген жер үсті немесе жер асты құрылымның ТМГҚ шегінен шығатын 500 м дейінгі қашықтықта созылуы мүмкін аймақ;

блок-модуль – қатынастарымен технологиялық немесе қосымша жабдықтың кешенін немесе тұрғын-үй, қоғамдық, тазалық-тұрмыстық бөлмелердің кешенін; тік ұшақ алаңын қамтитын көлемді транспортабельді металл құрылымы;

теңіз стационарлы платформаның жоғарғы құрылысы – бір немесе бірнеше қабатта, ТМГҚ тірегіш блогында орнатылған құрылымдар, блок-модульдер және жабдық;

жарылысқа қауіпті аймақ – жарылуға қауіпті қоспалары бар немесе болуы мүмкін бөлме немесе бөлмедегі немесе сыртқы қондырғыдағы шектеулі кеңістік;

ұңғыма ішіндегі кескіш қақпақ – бір немесе бірнеше режимді көрсеткіштердің өзгеруі кезінде атқыма ұңғымасының қабатты флюидінің ағынының қимасын автоматты жабыға арналған құрылғы;

ұңғымалар тобы –бір бұрғылау қондырғысымен бұрғыланатын, ТМГҚ бір немесе бірнеше ұңғымалар;

тұрғылықты бөлмелер – персоналдың өмір сүруіне арналған бөлмелер, осы бөлмелерге жанасып жататын сенектер, вестибюльдер және тамбур;

жабық бөлме – терезелері, есіктері, жабылатын люктері, қылталары және тағы сол сияқты болуы мүмкін, қалқамен, палубамен (төсеумен), сүйреумен толығымен шектелген бөлме;

жабық технологиялық жабдық – мұнай және мұнай газдары, немесе тез тұтанатын сұйықтар бар бұрғылау ерітіндісінің қоршаған ортамен жанаспайтын жабдық;

дыбыстық белгі құралдары – нашар көру жағдайында теңізде жүрушіні навигациялық қауіптілік туралы ескертуге арналған құралдар;

сызықты кескіш қақпақ – бір немесе бірнеше режимдік көрсеткіштердің өзгеруі кезінде ұңғымалар мен құбыр желілерінің істен шыққан желілерінің қимасын автоматты жабуға арналған құрылғы;

көп қабатты теңіз стационарлы платформасы – пайдалану ұңғымаларының және технологиялық жабдықтың сағасы төменгі қабатта, ал бұрғылау ұңғымасының және бұрғылау жабдығының сағасы, тұрғылықты, қызметтік және тазалық бөлмелерінің блогы, тікұшақ алаңы төменгі қабатта орналасатын, ұңғымаларды бір мезетте бұрғылау және пайдалануға арналған жоғарғы құрылыстағы модульді орындауындағы блокқа платформа;

теңіз мұнай газ құрылыстары – теңізде мұнайды және газды табу бойынша операциялар жүргізуге арналған теңіз стационарлы платформалары, жасанды аралдар, жүзетін теңіз қондырғылары, бұрғылау кемелері;

теңіз стационарлы платформасы – су асты құрылысында мұнайды және газды бұрғылауға арналған пайдалану жабдығы, бұрғылау қондырғылары; тұрғылықты блок және тікұшақ алаңы орналасқан, шекті толқындау деңгейінен асатын құрылғы;

мұнай операциялары – барлау, мұнай өндіру, қажетті технологиялық және ілеспе объектілердің құрылысы мен пайдалану бойынша жұмыстар;

көлбеу-бағытталған ұңғыма – кенжардың тігінен белгілі бір ауытқуы қарастырылатын ұңғыма, ал оқпан алдын ала берілген пішін бойынша жүргізіледі;

қауіпсіздік құралдарымен ТМГҚ жайластыру – жұмыс жүргізу кезінде қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, құтқару, белгі беру, өртке қарсы және өзге құралдарды қамтитын жабдықтар мен құрылғылардың кешені;

қоғамдық бөлмелер – асхана, дем алу, шылым шегу бөлмелері және сол сияқты, осы бөлмелерге жанасып жататын коридорлар, вестибюльдер және тамбур;

ашық технологиялық жабдық – мұнай және мұнай газдары немесе тез тұтанатын сұйықтар бар бұрғылау ерітіндісі қоршаған ортамен жанасатын жабдық;

ұңғымалар жұбы – көрші қатарларда орналасқан, ұңғыманың екі көршілес сағасы;

персонал – қызметтік функцияларды атқаратын немесе жұмыс істейтін, ТМГҚ болатын тұлғалар. Тікұшақпен тасымалдау кезінде персонал қызметтік жолаушылар ретінде рәсімделеді;

жүзетін ескерту белгілері – зәкірлерде белгіленген нүктеде орнатылған және ТМГҚ салу орнында навигациялық қауіптілікті қоршауға арналған, белгілі бір нысандағы және мөлшердегі жүзетін құрылымдар;

мұнара үсті портал – ТМГҚ бұрғылаудың жаңа орнына ауысуын қамтамасыз ететін механизммен жабдықталған, мұнаралы-шығырлы жабдығы бар құрылыс;

мұнара үсті постамент – ауыстыру бойынша механизмдер жоқ, мұнаралы-шығырлы жабдығы бар құрылыс;

жартылай жабық кеңістіктер – шатырлар, төбелер, жабындылар, көмкермелер және өзге де газдар мен булардың таралу жағдайын нашарлататын құрылымдарының болуына байланысты, табиғи желдету жағдайы ашық учаскелердегі жағдайдан маңызды ерекшеленетін кеңістік;

орталық өрт бөлімі – өртті анықтау белгісінің станциясы және жарылуға қауіпті аймақтарда газ бен мұнайдың болуы туралы дабыл белгісі жиналған, тәулік бойы күзетпен, ТМГҚ инженерлік-технологиялық бөлімінің бөлігі немесе бөлме;

өнім өткізгіш – технологиялық платформаға немесе жинаудың орталық жағажай пунктіне пайдалану ұңғымаларының бұтасының өнімі тасымалданатын құбыр желісі;

көшіру жолы – персоналды жұмыс орындарынан және тұрғылықты және қоғамдық орындардан құтқару құралдарына отырғызу үшін алаңға қауіпсіз ауыстыру жолы (қайықтар, капсулалар, тікұшақтар, кемелер және сол сияқты);

таратқыш құбыр желісі – ұңғыманы басу үшін сорғыларды пайдалану ұңғымаларының манифольдімен қосатын, бекіткіш құрылғылары бар құбыр желісі;

ұңғымалар қатары – бұрғылау қондырғысының қабылдау көпіріне перпендикуляр, ұңғыманың екі және одан да көп сағасының тік сызық бойынша кезекпен орналасуы;

навигациялық жабдық құралдары – ТМГҚ тыс орналасқан және навигациялық қауіптілік туралы ескерту мақсатында теңізде ТМГҚ орындарын белгілеуге арналған құрылыстар, құрылымдар немесе құрылғылар;

сыртқы байланыс құралдары – радио толқын немесе байланыстың сым желілерінің көмегімен ақпаратты беру және қабылдауға арналған құралдар. Сыртқы байланыс құралдарына: радио байланыстың негізгі, апаттық және пайдалану құралдары, радиореле және сым байланысы жатады;

ішкі байланыс құралдары – тұғырлар мен бөлмелердің өзара байланысына арналған құралдар. Ішкі байланыс құралдарына: телефонды, өткізгіш, радио және қатты сөйлейтін байланыс жатады.

2 - бөлім. ТМГҚ жобалау бойынша негізгі талаптары
3. Құрылыстарды салу немесе қайта құру объектілерін жобалау алдында әрекеттегі талаптарға сәйкес инженерлік іздестірулер (инженерлік-гидрографикалық, геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық) жүргізіледі.

Орындаушы іздестіру кезінде алынған материалдар мен мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді.

4. Инженерлік іздестірулер жүргізу үшін белгіленген тәртіпте келісілген, Тапсырыс берушімен бекітілетін жобалар жасалады.

Жобалау, жұмыстарды қауіпсіз және сапалы жүргізуді ұйымдастыру үшін инженерлік іздестірулер нәтижелері жұмыс жобаларында қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылады.

5. Келісім шарт аумақтарында, жеке құрылымдарда немесе кен орындарында жоспарланатын мұнай операцияларының кезеңдері бойынша сәйкес жобалар жасалады:

мұнай және газды іздеу жобасы;

мұнай және газды барлау жобасы;

мұнай және газ кен орындарын игеру жобасы.

Аталған жобалар жұмыстың белгіленіп отырған кезеңінің негіздмесін, оларды жүргізу тәртібін, салуға жоспарланатын құрылыстардың, қолданылатын техника және жабдықтың сипаттамаларын, күтілетін нәтижелерін, қауіпсіз жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау мәселелерін қамтитын бөлімді қамтиды.

6. Қосымша құрылыстарды салуға және пайдалануға (мұнай газ кәсіптік құрылыстары, жүзетін бұрғылау қондырғылары) жеке жобалар жасалады.



3 - бөлім. Жобалық құжаттаманың құрамы
7. Жобалық құжаттаманың құрамы «Құрылысқа жобалық құжаттаманы жасау, келісу, бекіту тәртібі және құрамы туралы Нұсқаулық» ҚР ҚНжЕ 1.02-01-2007 сәйкес жасалады.

8. Қоршаған ортаның жағдайының сипаттамасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексіне сәйкес жасалады.



1 - тарау. Теңіз құрылыстарын жобалау
9. Теңізде және жағалауда орындалатын технологиялық операциялардың тізімін кен орнының орналасу жеріне, жағалаудан ара қашықтығына, теңіз тереңдігіне, табиғи-климаттық жағдайларға, алынатын флюидтердің, дебиттердің физикалық-химиялық сипаттамаларына, жинау жүйесіндегі қысымға, жағалау аймағының инфрақұрылымына және платформаның қажетті жабдығының құрамына және құрғақта маңызды әсер ететін өзге де факторларға байланысты әрбір нақты жағдайда анықтау қажет.

10. Жайластырудың нақты жобасын жасау кезінде ТМГҚ технологиялық жабдығын жинақтау нұсқасын, және мұнайды, газды жағалауда орындалатын, тауарды сәйкес келетін сапаға дайындау бойында технологиялық операциялардың тізімін анықтайды.

11. Жобалау нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына және бастапқы мәліметтерге сәйкес жасалған, жобалауға тапсырма негізінде жүргізіледі. Негізгі жобалаушы ұйымның тапсырыс берушісімен берілетін, бастапқы деректер тізімінде жобалау үшін келесі деректер туралы мәліметтер қамтылған.

12. Табиғи-климаттық жағдайларды сипаттау бойынша:



1) кен орнының су айлағының сипаттамасы (координаттары, теңіз тереңдігі, жағалаудан алыстығы);

2) гидрометеорологиялық (мұхитта және ауада болатын үрдістерді зерделеу, олардың өзара әрекет ету заңдылығын анықтау), климаттық, гидрографикалық (өлшемді орындау, карталар мен лоцияларды жасау), құрылыс ауданының инженерлік-геологиялық көрсеткіштері.

13. Тапсырмаға қосымшада келесі мәліметтер қамтылған:



1) кен орнының қысқаша геологиялық (түбіндегі топырақты талдау) және жалпы (орналасқан жері, геометриялық мөлшері, жазылу ауданы және басқалар) сипаттамалары, коллекторлы қасиеттері туралы мәліметтер, өнімдік деңгейжиектердің қуаты және бату тереңдігі, перфорация аралығы туралы нұсқаулар;

2) мұнай және газдың қасиеттері туралы мәліметтер;

3) мұнайдың қату температурасы, теңіз стационарлы құрылыстарды пайдалану әдістері, ұңғымаларды атқымадан мұнайды өндірудің механикаландырылған әдісіне ауыстыру мерзімі туралы болжамдар туралы мәліметтер;

4) ұңғымаларды пайдалану, кен орны бойынша мұнайды, газды жылдық алу, суланудың және қабатты сулардың сипаттамаларының өзгеруі (тұзды құрам, қаттылық, тығыздық) кезінде жылдар бойынша дебит динамикасын;

5) коррозиялық белсенді төзімді компрессорлық құбырлардың болуы, жер асты жабдығының және атқыма арматурасының техникалық сипаттамасы, газлифті газдың және қабатқа судың қысу қысымы және шығысы;

6) әрбір ұңғыманың қабылдағыштығының өзгеру динамикасы, платформалардың саны туралы мәліметтер және олардың орналасу сызбасы (өндірістік қамтамасыз етудің теңіз объектілері және жағалаудағы порты базаларының арасындағы қашықтық);

7) ұңғымалардың саны және санаты (пайдалану, айдамалау және өзге) және теңіз стационарлы құрылыстарын пайдалануға берудің шамаланған кезектігі, әрбір объект бойынша мұнайды, газды және суды табу динамикасы.

14. Жағалау құрылыстары аймағының сипаттамасы бойынша, инженерлік іздестіру материалдарында келтірілген қосымшалар өнімді тасымалдауды дайындау және жинаудың кешенді принципиалды технологиялық сызбасын қамтиды; кәсіпшілік кешенінің жеке объектілерін пайдалануға енгізуді есепке ала отырып, әрбір кен орны үшін жобалық құжаттаманы жасайды. Әрбір ұсынылатын нұсқа бойынша техникалық-экономикалық есептерді теңізде және құрғақта орналасқан құрылыстардың толық кешені үшін орындайды.

15. Ұңғыманың өнімін жинау, дайындау және тасымалдаудың принципиалды сызбаларын келесі ережелерді басшылыққа ала отырып жасайды:

1) теңізде тиімді объектілердің саны орналастырылады және оларға технологиялық операциялардың саны шекті қысқартылған;

2) технологиялық жабдық қолданылады, соның ішінде және блокты-жиынды, тиімді, жекелеген өнімділігімен (қуаттылығымен), технологиялық жабдықты және оның элементтерін, сенімділігі ескеріле отырып, құбыр желілерін сақтау қарастырылады, вахталық персонал және қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздік және еңбек жағдайы қамтамасыз етіледі;

3) ұңғымалар өнімін тасымалдаудың оңтайлы нұсқасын таңдау үшін техникалық-экономикалық есептерді құбырлы көлікті оның өңдейтін зауыттарға дейінгі құрғақ бөлігін ескере отырып пайдалану кезінде орындалады, ал өнімді танкермен шығару кезінде – объектіден немесе мұнай құятын терминалдан түсіру орындарының портына және өнімлі қайта өңдеу пунктерінің орналасу орнын есепке ала отырып;

4) кен орнын орналастыру жобалары теңіз жағдайларына жасалған, модульді, блокты-кешенді жабдықты қолдануды қарастырады. Ол болмаған жағдайда құрғақта жұмыс істеуге арналған, бірақ теңіз объектілерінде құрастыруға бейімделген қалыпты жабдықты қолдануға жол беріледі.

16. Өнімді жинау, дайындау және тасымалдау жүйесін жасау және жобалауды және жабдықты таңдауды теңіздегі мұнай газ өндірістерін салу және пайдаланудың арнайы шарттарына сәйкес жүргізу.



Ол кезде объектілер мен жағалаудағы құрылыстарда өнімді дайындау үрдістерін бөлу, платформаның тірегіш бөлігінің және жоғарғы жағының құрылысының, жер асты құбырларының және жер астымен айдайтын ұңғыма сағасының күрделілігі мен бағасының жоғарылығын, кеменің тұмсық жағының, платформаның онда технологиялық жабдықты орналастыру үшін шектелген алаңын ескеру.

17. Көлік-құрастыру құралдарының (кранды және құрастыру кемелерінің) болуын ескере отырып, теңізде құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін қысқарту үшін жағалаудағы базалық (зауыттық) жағдайдағы құрастыру бірліктерін ірілендіру.

18. Алаңды үнемдеу мақсатында жабдықты құрастыруды тік бағытта (қабат бойынша) жүргізу, дауылды және мұзды жағдайлармен негізделген, теңіз объектілерінің маңызды автономдылығын ескеру.

19. Жоғарғы экологиялық талаптарды қамтамасыз ету (мұнайды, газды дайындаудың технологиялық үрдістерінің тұйықтығы есебінен), теңіз объектілеріне, әсіресе кезеңдік шайылу аймағында қоршаған ортаның жоғарғы коррозиялық әсерін және теңіздің толқуымен және кемелердің айлақтап тоқтауымен байланысты теңіз объектісінің дірілдеуін ескеру.

20. Тиімді жобалау қызмет ету мерзімінің барлық уақытында құрылыстардың қауіпсіз және үздіксіз қалыпты пайдалану талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

21. Теңіз құрылыстарының құрылымдық шешімдерін және олардың жарық бөліктері бойынша бағдарын неғұрлым үлкен жыл-толқынды көрсеткіштер бағытында құрылысқа мүмкін болатын аз әсер ету қабылданатындай етіп қабылдау. Ол кезде тұрғылықты модульдің (тұрмыстық бөлмелердің) желдің басым жағынан, ал мұнаралар мен шамшырақтардың – қарама қарсы жағынан орналасуын қамтамасыз ету керек.



Ерекше жағдайларда, құрылыстың орналасуы өзге де пайдалану талаптарымен негізделген болса (мысалы, эстакада жанындағы стационарлы платформаларды жобалау кезінде), құрылыс сыртқы әсерлердің нақты бағыты мен талаптары ескеріле отырып, жобаланады (желдің, толқын мен ағыстың).

22. Тірегіш блоктарының және тәнекер іргетастарының құрылымын әрекеттегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, шекті жағдайы әдісі бойынша есептейді.

23. Теңіз стационарлы құрылыстардың төсемі ұңғымаларды бұрғылау, сынау және пайдалану кезінде өндіріс қалдықтарымен теңіз ортасының ластануына жол бермеу мақсатында, металл, темір бетонды немесе оның беріктігі мен өткізбеушілігін қамтамасыз ететін материалмен жобаланады.

24. Төсем құрылымы: барлық периметрі бойынша жиектеуді, ағынды суларды жинау блогының жағына еңіс және арнайы ыдыстарға ағынды, теңіз және жаңбыр суларын жинау үшін канализациялық жүйені қарастырады.

25. Теңіз стационарлы құрылыстардың су асты элементтері қауіпсіз қарау және қызмет көрсету үшін қол жетімді, ол үшін пайдалану кезінде жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беретін, люктер, өтетін жерлер, басқыштар, қоршаулар, қарайтын құралдар қарастырылады.

26. Теңіз стационарлы құрылыстар кеменің желденген жағына келуді және адамдарды тиеу-түсіруді қамтамасыз етуге арналған, жағалауда отырғызу құрылғыларымен жабдықталады. Судың құйылуы және қайтуы болған кезде жағалауда отырғызу құрылғыларының биіктігі арқандап байлау және түсіруді қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді.

27. Теңіз стационарлы құрылыстар бұрғылау ұңғымасынан қарама қайшы жақта орналасқан платформада орнатылған, тікұшақ алаңдарымен жабдықталады.

28. Теңіз стационарлы құрылыстарын жобалау кезінде тік және көлденең жүктемелерді құрағыштарды ескеру керек.

Тірегіш блогының және негіздің құрылымының соңғы нұсқасын таңдау үшін тік және көлденең жүктемелерге бағананың әсерін ескере отырып, платформа көрсеткіштерін талдау қайталанады.

29. Палубаның тірегіш құрылымында блок-модульді орнатуды алдын ала жобалау кезінде жасалған жоспарға сәйкес жобалау қажет. Блок-модульдерді дайындау және сынауды жағалауда жүргізеді, ал кейіннен кемелерде орнату орнына тасымалдайды.



Плубаның блок-модульдерді орналастыруға арналмаған учаскелерін парақты темірмен, ал жоғарғы аралық деңгейлердегі сағалық кеңістікті – шешілетін парақтармен жабу керек.

30. Әр түрлі палубаларға рұқсатты саны үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын, маршты басқыштардың және лифтілердің көмегімен жүзеге асыру.

31. Әр түрлі ауа райы жағдайында жабдықтар мен материалдарды тиеу мен түсіру, кемелердің жағалауға тоқтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, тірегіш блогының әрбір тірегін демпферлі айлақты құрылғылармен жабдықтау қарастырылады.

32. Теңіз стационарлы құрылыстарын алдын ала жобалау кезінде ұсынылған пайдалану талаптарына сәйкес, тірегіш блогының нысанын және оның элементтерінің мөлшерін анықтау бойынша мәселені шешеді.

33. Жобалау кезінде экономикалық бағалау жүргізеді және техникалық шешімдер қабылдау кезінде жүйелі талдау әдістерін қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет