4. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын түсіндіру және демонстрациялау
(30-35 мин.)
Сабақта меңгеретін дағдылар.
Асқазанды жуу іс- әрекеттері.
Тазарту клизмасын қоюдың іс -әрекеттері.
Майлы клизманы қоюдың іс-әрекеттері.
4. Ер адамдардың қуығын катетерлеу іс- әрекеттері.
5. Әйелдердің қуығын катетерлеу іс- әрекеттері.
1. Асқазанды сүңгісіз әдіспен жуу.
Мақсаты: емдік: уытсыздану – уытты заттардың әсер етуін тоқтату және оларды организмнен шығару.
Диагностикалық: химиялық заттарды, микроорганизмдерді және олардың уыттарын жуынды судан анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрілермен, химиялық заттармен улану.
Дайындаңыз: ішінде суы бар 2-3 л ыдысты, стаканды, сүлгіні немесе салфеткаларды, дезинфектанты бар контейнерді, жуынды суға арналған ыдысты (шылапшынды).
Асқазанды зондсыз жуу
Слайд №3
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Орындыққа науқасты отырғызыңыз;
2.Науқастын аяғына жуынды суға арналған ыдысты қойыңыз;
3.Науқастың кеудесін сүлгімен немесе салфеткамен жабыңыз;
4.Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеңіз;
5.Науқасқа 4-6 стакан суды қатарынан ішуге ұсыныңыз;
6.Құсық рефлексін шақыру үшін оң немесе сол қолдың 2-3 саусақтарымен, шпательмен тілдің
түбірін тітіркендіруін науқастан сұраңыз.
7.«Таза жуынды су» алынғанша емшараны бірнеше рет қайталаңыз;
8.Науқасқа ауызын шайқау үшін су беріңіз, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз;
Ескерту:
- Белгісіз у мен уланғанда құсығын таза құрғақ банкаға жинаңыз;
- Банкінің қақпағын тығыз жабып, жолдаманы толтырып лабораторияға зерттеуге апарыңыз.
2.Тазарту клизмасын қоюдың іс -әрекеттері.
Мақсаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.
Достарыңызбен бөлісу: |