Тәжіриби жинақтаушының қорытынды есебі



Дата07.06.2022
өлшемі19.3 Kb.
#459033
түріДиплом
Документ (23)


Тәжіриби жинақтаушының қорытынды есебі
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында.
Мен, Қуанғалиев Дінмұхаммед Қадырбекұлы, 24.01 – 06.03.2022 жж. Жарсай негізгі мектептебінде дипломалды практикамды өткіздім. Махан Нұршат Жақсыбайқызы мектептегі іс – тәжірибе жетекшім болып бекітілді. 5-6 сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.
Бірінші күннен мектеп ұжымымен, сыныппен, сынып жетекшісімен таныстым. Мектептің жалпы ережелерімен таныс болдым. Соның ішінде: сынып тазалығы, оқушының тәртібі, оқу формасы, оқушылардың сабаққа қатысуы, олардың күнделіктерін тексеруді бақылауға алдым.
5-6 сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.
Нұршат Жақсыбайқызының мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым.
Математика пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым.
Іс-тәжірибе барысында мен жалпылай оқыту, әңгімелесу, жазба жұмыстары және саралап оқыту, модульдік оқыту технологиясы сияқты әртүрлі оқыту формаларын жете түсіндім.
Кейбір қиыншылықтар мен кемшіліктерін пән мұғалімі мен сынып жетекшісімен бірге отырып шешілді.Мұғалімдердің көмегімен болған қиыншылықтарды жоя білуді үйрендім. Қорыта келгенде, мен үздіксіз іс-тәжірибені өте отырып ұстаз болып, балаларды тәрбиелеу әрі қызық,әрі қиын екеніне көз жеткіздім, және өзімді әлі де жан-жақты жетілдіру керек екендігін түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет