Текелі қаласының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Текелі, 2014 Текелі қаласының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрылымы



Дата25.02.2016
өлшемі0.72 Mb.
#23393


Текелі қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 27 қазандағы

№ 332 қаулысына қосымша


Текелі қаласының 2015-2019 жылдарға

арналған әлеуметтік-экономикалық

даму болжамы

Текелі, 2014

Текелі қаласының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрылымы


р/н

Атауы

беті




Кіріспе

3

1.

2012-2014 жылдардағы экономикалық даму үрдісі

4

2.

Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаты және басымдықтары

13

3.

2015-2019 жылдары экономиканың дамуының нысаналы көрсеткіштері

14

3.1.

Инфляция деңгейін тежеу

14

3.2.

Бюджеттік және салықтық саясаттың негізгі басымдықтары

14

3.3.

Экономикалық өсім факторлары

15

3.4.

Экономика салаларын дамыту

15




Қосымша:




1

Текелі қаласының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы:







2015-2017 жылдарға арналған басым бюджеттік инвестициялық жобалардың болжамы:




2

2015-2017 жылдарға арналған басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімі.






Кіріспе

Қаланың 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес әзірленген.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы экономикалық көрсеткіштер болжамын, әлеуметтік көрсеткіштер көрсеткіштерін, Текелі қаласының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын және жергілікті бюджеттің 2015-2017 жылдарға арналған болжамын қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік көрсеткіштер болжамы бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.



1. 2012-2014 жылдардағы экономикалық даму үрдісі

Экономикалық өсім


2013 жылға ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1885,3 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылмен салыстырғанда өндіріс 32,3 пайызға өсті. Нақты көлем индексі – 100,2% құрады. Облыс ауыл шаруашылығы өнімінде, қаланың үлестік салмағы 0,5 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық өндірісінде 53 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.

Қалада көпжылдық жеміс-жидек көшеттерінің жалпы алаңы 154,4 гектарды құрайды, оның ішінде «Апорт» сұрыпты алмасы -14,7 гектар, жүзімдіктер – 2,1 гектар. Жаңарту мақсатында 2012-2014 жылдары 12,2 гектар жаңа Апорт бағы отырғызылды.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің егін алқаптары 24 га дейін артып, 909 га құрады. Өсімдік шаруашылығының негізгі мамандануы – астық өндіру, оның ішінде арпа және жүгері.

Негізінен техникалық өнімдер, картоп, көкөніс және май өнімдері (соя), жеміс шаруашылығы дамуда.

2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда дәнді-дақылдыр өндірісінің көлемі 2 есеге, май дақылдары 16,8 есеге артып, картоп және жеміс – жидек дақылдары 2012 жылдың деңгейінде қалды.

Ағымдағы жылы арпаның жалпы болжамды түсімі 592 тоннаны құрайды немесе 2013 жылдың деңгейіне қарағанда 77,8 %, соя 2214 тонна (143,0%), картоп 3650 тонна (104,2%) құрайды.

Жыл сайын ауыл шаруашылығына мемлекеттік көмек көлемі артып, 2014 жылы шаруа қожалықтарына жаңар-жағармай бағасын және басқада тауар-материалдық құндылықтарды арзандатуға 15,9 млн. теңге субсидия бөлінді. «Green House – Зеленый дом» ЖШС топырақ асты көкөністердін бірінші егіс айналымы 14,8 млн. теңгеге субсидияланды. Сонымен қатар: «Умар» шаруа қожалығы 108,0 мың теңгеге, «Тарыбаев» шаруа қожалығы 136,0 мың теңгеге, «Мирас» шаруа қожалылығы 368,5 мың теңгеге, «Барбанаковы» шаруа қожалығы 80,0 мың теңгеге, «Пан» шаруа қожалығы 316,0 мың теңгеге, «Жанталинова» шаруа қожалығы 59,2 мың теңгеге субсидияланды.

«Апорт» сұрыпты алмасын 8,73 га көшіруге көпжылдық жеміс-жидек көшеттері мен жүзімдерді отырғызу мен өсіру бойынша «Каженов» шаруа қожалығының шығындары 4,7 млн. теңгеге субсидияланды.

Сонымен қатар, сүт өндіру мен өткізу бойынша «Алексеев» шаруа қожалығы 2,6 млн. теңгеге субсидияланды.

«Green House – Зеленый дом» ЖШС жылыжай кешенінің бірінші егіс айналымында 287 тонна қияр өсіріліп, өткізілді.



Бүгінгі таңда 2 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істеп, 847 бас ірі қара мал ұрықтандырылды.
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 1,4 есеге (2010 жылғы 7455,1 млн. теңгеден 2013 жылы 10782,2 млн. теңгеге дейін) артты.
1-кесте

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі


Салалар

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі, млн. теңге

7455,1

9277,8

9374,9

10782,2

Өткен жылға қарағанда өсім қарқыны, пайыз

125,3

124,4

101,1

115,0

Өткен жылға қарағанда НИК, %

114,3

101,0

100,1

104,4

Тау-кен өнеркәсібі, млн. теңге

1618,2

1236,3

1194,3

1730,9

Өткен жылға қарағанда НИК, %

150,2

61,0

83,4

98,8

Өңдеу өнеркәсібі млн. теңге

4499,2

6564,8

6133,5

6597,8

Жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі өңдеу өнімінің үлесі, %

60,4

70,8

65,4

61,2

Өткен жылға қарағанда НИК, %

113,3

101,4

100,8

107,7

Электрмен қамту, газ, бу жеткізу және ауаны тазарту, млн. теңге

1244,3

1387,9

1963,3

2347,4

Өткен жылға қарағанда НИК, %

132,8

101,6

100,6

102,5

Сумен қамту, су құбыры жүйелері, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау

93,4

88,8

83,8

106,1

Өткен жылға қарағанда НИК, %

140,4

74,7

79,1

101,0

2013 жылы өнеркәсіп өндірісібінің жалпы көлемінде өндеу өнекәсібінің үлесі 61,2 % жетті.

2014 жылдың 9 айында 8124,4 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты индекс көлемі 100,2 % құрады.

Облыстық өнеркәсіп өндірісінде қаланың үлесі 1,8 % құрады. Жыл сонына дейінгі көлемі 10767,9 млн. теңге соммасында болжанады.

Қала ашытқы, мәрмәр ұнтағын, табиғи тас өнімдерін өндіруде, табиғи шунгит өндіруде алдағы орында.

Өнеркәсіпті дамытуға 2013 жылы 1930,7 млн. теңге инвестиция салынған немесе қаланың негізгі капиталға салынған инвестициялары көлемінің 71,7 % құрайды.

«Bapy Mining» ЖШС-нің инновациялық технологиялар бойынша «Темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» зәкірлік жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы №174 қаулысымен аталған жоба өңірлік индустриаландыру картасы енгізіліді. Жобаның жүзеге асырылуынан 1865,9 млн. теңге инвестиция игерілді.

Инвестициялық және кәсіпкерлік белсенді бизнесті арттыру үшін «Достық» өнеркәсіптік аймағын құру жұмыстары жүргізілуде.

Қала экономикасына соңғы 5 жыл ішінде салынған инвестициялардың жалпы сомасы 11670,8 млн. теңгені құрады.

2009 жылдан 2013 жыл аралығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,2 есеге артты. Салалық құрылымдарда басым түрлерінің бірі өнеркісіп, білім, көлік және складирование коммуналдық, әлеуметтік және арнайы қызметтер, тағы басқалар болып табылады.

2013 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2636,2 млн. теңгені немесе 2013 жылдың деңгейіне қарағанда 153,0 % құрады.

1-сурет


Негізгі капиталға инвестиция динамикасы

(млн. теңге)

Республикалық бюджет есебінен негізгі капиталға 125,8 млн. теңге инвестиция салынды немесе 4,7 %, жергілікті бюджеттен 618,5 млн. теңге немесе 23,0 %, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты есебінен 337,6 млн. теңге немесе 12,5 %, қарыз қаражат 1610,6 млн. теңге немесе 59,8 %.

2014 жылдың 9 айында 2785,7 млн. теңге инвистиция тартылды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,9 есеге көбейді.


2-кесте


2008-2012 жылдардағы экономика салалары бойынша

негізгі капиталға салынған инвестициялар

(млн. теңге)



 

2009 ж.

2010 ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

Инвестициялардың жалпы көлемі (бағалауға дейінгіні есептегенде)

2125,7

2332,0

2853,7

1723,2

2692,5

ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

311,2

976,0

663,6







тау-кен өнеркәсібі

161,4

74,1

104,1

44

120,0

өңдеу өнеркәсібі

458,2

308,0

512,9

500,1

1652,9

Электрмен қамту, газ, бу жеткізу және ауаны тазарту

326,4

144,8

115,1
131,7

71,6

111,1

Сумен қамту, су құбыры жүйелері, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау

306,7

46,7

құрылыс




24,5

16,4

17,0

17,8

сауда: автомобильдер, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдалынымдағы заттарды жөндеу

95,1

4,7

30

20,5

7,6

тұру және тамақтану бойынша қызметтер

1,2

1,5

130




8,5

Көлік және қоймалау, ақпарат

6,6

127,8

87,2

214,8

132,0



жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсету

44,7

49,6

40,0

141,2

30,6

мемлекеттік басқару

5,2

58,8

61,8

26,7

37,3

білім беру

657,0

494,1

844,9

137,1

279,9

денсаулық сақтау

3,2

2,0

17,3

63,2

51,5

коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтерді көрсету, басқалар

55,5

66,1

98,7

180,3

196,6

2009 жылдан 2013 жылдар аралығында қалада құрылыс саласында көлемдердің артуы байқалады.

2009 жылға есептілік мәліметтері бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2,6 есеге артты және 1455,7 млн. теңгені құрады немесе

2012 жылдың деңгейіне 112,5 %.

2013 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 781,3 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 117,2 %.

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша 80-пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы басталып, 80-пәтерлі жалдамалы тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. №1 орта мектеп спорт залының құрылыс жұмыстары аяқталуда, балалар туризм мектебі ғимарат қайта жаңғырту бойынша жұмыстар мен №6 бала-бақша ғимаратын сеймикалық нығайту жұмыстары жүргізілуде.

2011 жылдан бері қалада 2011-2020 жылдары тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Қаладағы 212 көпқабатты тұрғын үйлердің 114 үйі (53,8%) жөндеуді қажет етеді.

Бағдарлама бойынша үш жылда жалпы құны 68,0 млн. теңгеге 6 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті.

Тұрғын үйлердін меншік иелерінен қаражатты қайтару бойынша жұмыс жаңдандырылды, 2011-2014 жылдары 33,8 млн. теңге қайтарылды.

Ағымдағы жылы 4 көпқабатты тұрғын үйге жөңдеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 53,7 млн. теңге бөлінді.

2014 жылдың 9 айында 11,2 млн. теңгеге бір көпқабатты тұрғын үйде жөңдеу жұмыстары аяқталды.

14 кондоминиум нысандарында екінші деңгейлі банктердің жинақтаушы шоттары ашылған.

2014 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2 жобаны жүзеге асыруға 181,4 млн. теңге бөлінді. Жобалардың жүзеге асырылуынан 3 км су құбырлары мен 11,26 км кәріз жүйелері жүргізілетін болады.

1 қазан кезеңіне 2,680 км су құбырлары жүргізіліп, 19 құдық және 3 гидрант орнатылды, 6,160 км кәріз жүйелері жүргізіліп, 161 құдық жөңделді.

2009 жылдан 2013 жылдар аралығында шағын және орта бизнес саласындағы субъектілер 15% азайып, 930 бірлікті құрады. Онда қамтылғандар саны 2058 адамды құрады.

Өндірілген өнім көлемі 2009 жылға қарағанда 1,3 есеге артып, 1583,7 млн. теңгені құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түсетін төлемдер мен салықтар 231,6 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың деңгейнен 2,4 есеге артқан.

2014 жылдың 9 айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 891 бірлік, оларда қамтылғандар саны 2768 адамды құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 107,8%.

Өңдірілген өнім 8,8 % өсумен 5634,7 млн. теңгені құрады, бюджетке түскен түсімдер 517,5 млн. теңгені құрап немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 154,3%. Бюджетке түскен салықтардың үлестік салмағы 45,1%-дан 53,4%-ға артқан.

2012 жылдын бері қалада 2012-2020 жылдары моноқалаларды дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Текелі қаласының 2013-2015 жылдарға Кешенді даму жоспары бекітілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында кәсіпкерлікті қолдау Орталығы жұмыс істеп, 2014 жылдың басынан 451 азаматқа кеңес беріліп, 810 қызмет көрсетілді.

2014 жылы банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субдиялауға республикалық бюджеттен 33,0 млн. теңге бөлінді. 2014 жылдың 1 қазанына 232,8 млн. теңгеге 12 келісімге қол қойылды.

2013 жылдан жаңа өндірістерді дамытуға грант ұсынуға республикалық бюджеттен 25,0 млн. теңге бөліндіп, 9 бизнес жобаға ұсынылды.

2014 жылы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге, өзін-өзі қамтыған, жұмыссыз немесе аз қамтылған халықты шағын несиелеуге 170,7 млн. теңге қарастырылды. Шағын несиені беру бойынша өкілетті қаржылық ұйымы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –мен бірлесіп құжаттарды қабылдау жалғасуда. Нақты уақытта 40 өтінім қабылданды.

2014 жылға бекітілген Кешенді жоспарға сәйкес 14 іс-шараны жүзеге асыруға 1639,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 936,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 703,0 млн. теңге.

Тұтыну нарығын дамытуға төлеу шамасы келетін халық сұранысы құрылымының өзгеруіндегі оң үрдістер, бөлшек және көтерме сауданың тауар қорымен қамтамасыз етілу деңгейінің жақсаруы әсерин тигізді. 2013 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі 3195,7 млн. теңгені құрап, 2,1 есеге артты (2009ж.-1515,0 млн. теңге).

2014 жылдың 9 айында бөлшек тауар айналымы 2065,9 млн. теңгені құрады.

2013 жылы барлығы 230 жаңа жұмыс орны құрылды. 2014 жылдың 9 айында 196 жаңа жұмыс орны құрылды: оның ішінде 59 жұмыс орны өнеркәсіпте, 59 жұмыс орны ауыл шаруашылығында, 4 жұмыс орны сауда нысанында, 56 жұмыс орны қызмет көрсету саласында.

Автомобиль жолдары қала бойынша 141,5 км. алып жатыр, оның ішінде асфальбетонды төсеммен – 112,9 км, қиыршық тасты төсеммен 28,6 км.

Жыл сайын жолдарға ағымдағы және шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2010 жылдан қаланың 9 км жолына күрделі жөңдеу жүргізілді, оның ішінде орталық Қонаев көшесінің 4,4 км, Әуезов көшесінің 1,4 км, Гагарина көшесінің 0,5 км және Тәуелсіздік көшесінің 2,6 км жөнделді.

2013 жылы «2012-2020 жылдары моноқалаларды дамыту» Бағдарламасы аясында 122,7 млн. теңгеге 10,6 км жол қайта жаңғыртылып, 11 көшенің жолдары жөнделді.

2014 жылы 497,2 млн. теңгеге 10,5 км жолды қайта жаңғырту жүргізілді.

2009 жылдан 2013 жылдары аралығында көлік саласының барлық негізгі көрсеткіштері өскен: көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау – 69,9 пайызға, жүк айналымы 39,2 пайызға, жолаушылар тасымалы 37,2 пайызға, жолаушылар айналымы 38,6 пайызға артты.

Қалада жолаушыларды тасымалдаумен «Текелі автопаркі» ЖШС айналысады. Жолаушыларды тасымалдаумен 13 автобус маршруттары жұмыс жасайды.

3-кесте

Көлік бойынша негізгі көрсеткіштер



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2009 ж.

2013 ж.

2009 ж. қарағанда 2013 ж.%

Тасымалданған жолаушылар

мың адам

5821,9

7985,1

137,2

Жолаушылар айналымы

мың жол. шақырымына

78416,3

108661,5

138,6

Тасымалданған жүк

мың тонна

1100,9

1870,1

169,9

Жүк айналымы

мың тонна шақырымына

51145,4

71217,9

139,2

Қалада 6 мәдениет нысаны жұмыс істейді. 2013 жылы «Металлург» шағын ауданындағы клуб күрделі жөндеуден өтіп, қолданыстқа енгізіліп, 7 штат бірлігі бөлінді. Орталық қалалық саябақ ашылып, жарықтандыру мен ағымдағы жайластыру жүргізілді.

Жыл сайын мәдениет үйінің материалдық – техникалық базасы нығайтылады. 2014 жылы мәдени іс шараларды өткізуге 13,0 млн. теңге жұмсалды.
Дене шынықтыру мен спорт саласында спорттын әр түрінен қалалық шаралар өткізілуде, сонымен қатар қала командалары облыстық шараларға да қатысуда.

Қалада 42 спорттық ғимарат, оның ішінде 1 алаң, 1 спорт сарайы, 2 жүзу бассейні, 10 спорт залдар, 26 жазық ғимараттар, 1 жағажай валейболына арналған алаң жұмыс істейді. Спорттың 12 түрі бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істеп, онда 619 адам шынығады. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2011 жылдан 2013 жыл аралығында әртүрлі дәрежедегі 37 шеберлер мен жаттықтырушылар дайындалды.

Қалада дене шынықтыру мен спортпен жүйелі айналысатындар саны 2009 жылдан 2013 жыл аралығында 2 % артты. 2013 жылы орталық алаңда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қалада 8 туризм инфрақұрылымы бар. Балалар туризмын дамыту үшін 2013 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен балалар туризм мектебін орналастыру үшін ғимарат сатып алынып, 2014 жылы аталған ғимаратқа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында мектеп жаңындағы спорт алаңы салынды.

«ТЛК Текесу» ЖШС туристік базасының құрылысы аяқталды. Рудничный ауылдық округінде «Көксу» спорттық-туристік базасын құру жоспарлануда.


Қаланың денсаулық сақтау саласының бюджеті 2009 жылы 349,0 млн. теңгені құраса, 2013 жылы 1,6 есеге артып, 542,6 млн. теңгеге жеткен.

Ауруханада 52 дәрігер және 164 орта медециналық қызметкерлер жұмыс жасайды. Квалификациялық санатты 26 дәрігер бар, ол жалпы дәрігерлер санының 50,0 пайызын құрайды және 92 орта медециналық қызметкерлер бар (56,0%). 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу 16,0-дан 17,4-ке дейін, орта медициналық қызметкерлер 50,8-ден 52,9-ға дейін.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында скринигтік тексерумен 5 мыңға жуық адам қамтылған.

Медициналық мекемелер санитарлық автокөліктермен – 100 пайыз қамтамасыз етілген, қалалық орталық аурухананың медициналық жабдықтармен және медициналық бағыттағы құралдармен жабдықталу деңгейі – 86,6 пайызды құрайды.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» МКК 4 корпусына 109,9 млн. теңгеге күрделі жөңдеу жүргізілді.

2011 жылы 23,4 млн. теңгеге психиатрия бөлімшесінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілсе, терапевтия бөлімшесінің ғимаратына, тамақтандыру бөлігіне, Рудничный кентінің бөлімшесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Жыл сайын аурухананың материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Аталған мақсатқа 2011 жылдан 2013 жыл аралығында 115,0 мың теңге бөлінді. Соңғы екі жылда 2 бірлік автокөлік сатып алынып, санитарлық көлікпен қамтылу 97 % жетті.

2013 жылы қалаға 4 жас маман жұмысқа қабылданып, бүгінгі күнде тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2014 жылдың 9 айында 5 жас маман жұмысқа қабылданды.


Қалада 5876 орынға арналған 8 мемлекеттік мектеп жұмыс істеп, екі ауысымда 3655 оқушы оқиды. Оқушылар орнына тапшылық жоқ. Сыныптар саны 182 құрап, сыныптардың орташа толықтығы 20,1.

Қала бойынша 716 оқу озаттары бар, ол оқушылар санының 20,3 % құрайды.

Қаланың білім беру саласының бюджеті 2009 жылы 480,8 млн. теңгені құраса, 2013 жылы 2,1 есеге көбейіп, 1041,4 млн. теңгеге жеткен. Соңғы жылдары №6 орта мектеп жанына спорт зал салынды, №1 орта мектебінің алаңына және №4 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Жыл сайын білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Қала мектептерінде 387 мұғалім жұмыс істейді, олардың 68 жоғары санатты, 117 бірінші санатты, 135 екінші санатты. 11 жас мамандар жұмысқа қабылданып, олардың 5 тұрғын үймен қамтылған.

Қаланың №5 және №8 орта мектептерінде «Е-learning» электрондық оқыту бағдарламасы енгізіліп, қосымша бағдарламашы штаттық бірліктер бөлінді. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен алты мектепке инклюзивті оқыту үшін 6 дефектолог маманы бөлінді. 2014 жылдың 1 қаңтарынан қалалық білім бөлімінің жаңынан 7 штаттық бірлігімен орталықтандырылған бухалтерия құрылды. барлық мектептер Интернет желісіне қосылған. Компьютерлермен жабдықталу жақсарып, 8,3 оқушыға 1 компьютерден құрайды.

Ыстық тамақпен 486 оқушы немесе 100,0% қамтылған. Барлық мектептерде аз қамтылған балалар тегін қамтамасыз етілген.

8 педагогикалық мамандар тапшылығы бар, соның ішінде математика, физика, химия, биология мұғалімдері.

Кембридждік бағдарлама бойынша біліктілігін көтеру курсын 64 педагог өтіп, 27 мұғалім 3 айлық курс өтуде.

Қалада «Балапан» бағдарламасы тиімді іске асырылып,765 бала 4 мектепке дейінгі мекемелерге барады, сонымен қатар 6 мектеп жаңындағы шағын-орталықтарда 105 бала тәрбиеленуде.

2013 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында «Достық» шағын ауданында 120 орынға арналған бала – бақша салынды. Атқарылған шаралар қорытындысында қала бойынша мектепке дейінгі біліммен қамтылу 72,2 % құрады.

13 бағыт бойынша оқытылатын 760 баланы қамтыған балалар шығармашылық орталығы жұмысын жалғастыруда.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында халықтың жұмысқа орналасуына және әлеуметтік-әлсіз топтарын қолдауға жәрдемдесудің белсенді саясаты жүргізілді.

2009 жылдан 2013 жылдар аралығында қаланың экономикалық белсенді халқының саны 924 адамға немесе 6,6% көбейген, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 1096 адамға (өсім – 9,2%) көбейді.

Жұмыссыздар саны 2009 жылдың деңгейінен 18,1% төмендеп, 780 адамды құрады.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы 6,8% қарағанда 2013 жылы 5,2% дейін азайды.

2013 жылы 710 азамат жұмысқа орналастырылып, жұмыспен қамту деңгейі 90,1 %, қоғамдық жұмыстарға 297 азамат қатысты.

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік көмек 13 аз қамтылған азаматтарға жалпы сомасы 1857,3 мың теңгеге, тұрғын үй көмегі 489 отбасына жалпы сомасы 16175,4 мың теңгеге, балалар жәрдемақысын 187 бала 7397,7 мың теңге сомасында алды.

Ұлы Отан Соғысының 23 ардагерлері мен мүгедектері 1076,5 мың теңге көлемінде коммуналдық төлемдерге қосымша жеңілдіктер ие болды.

2011 жылдан жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асырылуы басталды. Қалада 5 қызметкер санымен «Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылды. 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен 119 адам қамтылды. Жастар тәжірибесіне 23 адам, еңбек ақысы субсидияланған әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 28 адам жіберілді. 2013 жылы Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 19349,4 мың теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту қызметінің жәрдемімен 2014 жылдың 1 қазанына 487 азамат жұмысқа орналасып, жүгінгендер санынан жұмыспен қамтылған 89,8 % құрады.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 % - дан 5,1 %-ға дейін төмендеген.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен 280 азамат қамтылған.

2014 жылдың 1 қазаны кезеңіне Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру шеңберінде 23 азамат кәсіби оқытуды аяқтап, соның ішінде: 10 азамат - қайта даярланды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақылы қоғамдық жұмыстарға 196 азамат жолданып, кәсіби даярлықпен және қайта даярлаумен 50 қамтылған.

Ағымдағы жылы жастар тәжірибесіне 30 азамат жолданып, оның 12 азаматы жергілікті қаражат есебінен, 18 азаматы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жолданды.

Жалақысын субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына 68 азамат, оның 21 азаматы жергілікті қаражат есебінен, 47 азаматы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жолданды.

Мүгедектердің сапалы өмір сүруін жақсарту үшін және қозғалуына жағдай жасауға дыбыстық бағдаршамдар орнатылуда, «Инватакси» автомобилі сатып алынды. 2014 жылы жеті нысанға талап етілген стандарттарға сәйкес толық қалыптасу жүргізілді.


2. Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі

мақсаты мен басымдықтары

Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық саясаты Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жана саяси бағыты» Жолдауында айқындалған шараларды жүзеге асыруға басымдық танытады.



Ортамерзімді кезендегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – табыстылық пен тиімділік және халықтың өмір сүру сапасын арттыру қағидаларына негізделген, өндірістік, бәсекеге қабілетті экономика ұшін негізі қалау.

Мақсатқа қол жеткізу үшін ортамерзімді кезеңде негізгі күш әлеуметтік-экономикалық саясаттың төмендегі басымдықтарына бағытталады:



1) Экономиканы жаңарту және әртараптандыру арқылы оның тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттыру.

Бәсеке қабілеттілік, тұрақтылық және экономиканың тиімділігін арттыру қолдау тауып, өнімділікті арттыруға ерекше басымдық танытумен, жоғары косымша құн қосылған өнім шығаруды арттыруға бағытталады.

Экономиканы жаңарту өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы қолда бар бәсекеге қабілетті артықшылықтарды пайдалануға бағытталады. Сонымен қатар жаңа басымды артықшылықтар айқындалып, экономиканың әдеттегіден тыс салаларында, бірінші кезекте қызмет көрсету саласында өндірістер құрылады.

Экономикалық өсімің негізгі факторы экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестиция тарту және қолайлы инвестициялық жағдай жасау болып табылады.



2) Әлеуметтік жаңарту.

Ортамерзімді кезеңде жалпы мүмкіндіктер теңдігі мен мемлекет, жұмыс беруші және азамат арасында жауапкершіліктерді тура бөлу арқылы өндірістік жұмыспен қамтылу және экономикалық өсім негізінде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірінші кезектегі шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.


3. 2015-2019 жылдардағы экономика дамуының нысаналы көрсеткіштері

3.1. Инфляция деңгейін тежеу

Азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу нарық тетіктерін колданумен, азық-түлік нарығын реттеу жөніндегі шаралар кешені аясында жүргізіледі.


3.2. Бюджеттік және салықтық саясаттың негізгі басымдықтары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 26 маусымындағы №590 Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасына сәйкес, ортамерзімді кезенде бюджеттік саясат мемлекеттік қаражаттардың теңгерімділігін және әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады.

Осыған байланысты, бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері болып төмендегілер табылады:

- экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

- бюджет шығындарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру;

- бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- экономиканы қолдау жөніндегі бірінші кезектегі шараларды өткізу халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу;

- бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін арттыру және халықтың әлсіз жігіне әлеуметтік қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету;

- бюджет шығындарының негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттары бойынша, жекелеп алсақ, білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамту, көлік және инженерлік инфрақұрылым салаларындағы бағдарламалардын бірінші кезекте және толық қөлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша нақты басымдықтарын белгілеу.
Кірістер саясаты

Текелі қаласының кірістер саясатының негізгі бағыттары мемлекеттік кірістер саясатының бағыттарымен тікелей байланысты.

2015-2017 жылдары кірістер саясаты қаланың индустриалды-инновациялық дамуын ынталандыруды жалғастыруға, бәсеке қабілеттілікті арттыруға және экономикада салық жүктемесінің оңтайлы теңгерімін құруға бағытталады.

2015-2017 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістері Салық кодексінің экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуді көздейтін ережелерін және Елбасының Жолдауларында көрсетілген салықтық саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, қаланың ортамерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы негізінде айқындалған.

Жүргізіліп отырған саясат салық төлеушілердің салық заңнамасы нормаларын бір мағынада түсінуіне, салық тәртібін сақтау денгейін, тұрақтылығын және болажатындығын арттыруға, барлық салық төлеушілер санаттары үшін салықтық жүктемесінің теңгерімдігіне кол жеткізу үшін оңтайлы жағдай жасайды.
Шығыс саясаты

Ортамерзімді кезенде шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақмерзімді және ортамерзімді басымдықтарына сәйкес, мемлекеттік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етуге, әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларының сапасын жақсарту есебінен соңғы нәтижелерге бағдарланған бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыруға және пайдасыз шығындарды қыскартуға бағытталады.

Бұл жұмыстың ажырамас элементі бағдарламалық құжаттаманы оңтайландыру және бірегейлендіру, іс-шаралардың бюджет шығындармен нақты байланысын белгілеу болып табылады.

Шығындар саясаты ағымдағы шығындар деңгейін экономиканың өсім қарқынынан аспайтын шекте ұстау қағидасына сай келетін болады.


3.3. Экономикалық өсім факторы

Инвестициялар экономикалық өсімнің қолдайтын маңызды факторы болып табылады.Ірі индустриялды және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік инвистиялар ішкі сұраныс серпініне инвестициялардың салымын арттыруға мүмкіндік береді.


3.4. Экономика салаларын дамыту

Алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімі өңдірісінің тұрақты өсімінің келешекті бағыты ғылыми әлеуетке сүйенетін, жаңа жоғары тиімді технологияларға негізделетін болады.

Өсімдік шаруашылығында озық технологияларды қолдануды кеңейту, түсімділікті арттыру есебінен ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін арттыру жоспарлануда.

Асыл тұқымды мал басын арттыру арқылы тұқым сапасын мен өнімділігін жақсарту мал шаруашылығының негізгі мақсаты болып табылады.

Текелі қаласының жұмыспен қамтылған халқының тиімді құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту мен қала экономикасын әртараптандыру – өнеркәсіп өндірісінің негізгі бағыты болып табылады.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау үшін банктердін несиелері бойынша пайыздық ставкаларын субсидиялауға, жаңа өндірістерді дамыту үшін гранттар беру, кәсіпкерлікке оқыту, өз бетінше қамтылған, жұмыссыз және аз қамсыздандырылған халықты шағын несиелеу.

Моноқалаларды дамытудың Кешенді жоспарында белгіленген орындау мерзімімен бірнеше шаралар жоспарланған.

2015-2019 жылға арналган

әлеуметтік-экономикалық даму

болжамына 1 қосымша


Текелі қаласының 2015-2019 жылға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

1. Бес жылдық кезеңге


р/п

Көрсеткіштері

бағалау 2014 жылға

Болжам

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

Нақты сектор көрсеткіші

1

Ауыл шаруашылығы өндірістінін жалпы көлемі, алдыңғы жылға карағанда %

107,1

109,3

109,4

109,7

109,7

109,8

2

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің жалпы көлемі, алдыңғы жылға карағанда

%


103,4

103,8

104,7

104,8

105,0

105,2

3

Тау-кен өнеркәсібі, алдыңғы жылға карағанда %

85,0

100,5

110,0

107,0

105,0

106,0

4

Электрмен камту, газ, бу бөлу және әуе конденсациялау көлемі, алдыңғы жылға карағанда %

102,5

103,0

103,4

104,0

104,6

105,2

5

Құрылыс жұмыстарының көлемі, алдыңғы жылға қарағанда %

107,0

107,0

107,0

107,0

107,0

107,0

6

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

3416,1

1995,0

2421,0

2236,0

2498,8

2623,7

7

Негізгі капиталға инвестициялар, алдыңғы жылға қарағанда %

126,8

58,4

121,3

92,4

111,7

105,0

Әлеуметтік сала көрсеткіштері

8

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны, мын. адам

15023

15050

15145

15255

15395

15490

9

Жұмыспен қамтылған халық саны, мын. адам

14260

14305

14410

14530

14675

14770

10

оның ішінде жалдамалы қызметкерлер, мын. адам

9685

9770

9915

10115

10300

10415

11

өздігінше жұмыс істейтіндер, мын. адам

4575

4535

4495

4415

4375

4355

12

Жұмыссыз халық, мын. адам

763

745

735

725

720

720

13

Экономикалық тұрғыдан бөлсенді халық санынан жұмыссыздық деңгейі, %

5,1

5,0

4,9

4,8

4,7

4,6

14

Кадрларға қажеттілік, барлығы, мың адам

677

674

655

639

630

630

15

Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге

19966

21364

22859

24459

26171

28003

16

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі, %

3,0

2,9

3,0

3,0

3,0

3,0

17

Орта техникалық білімі бар кадрлар даярлап шығару, адам

107

162

123

75

125

125


2015-2017 жылдарға арналған негізгі бюджет көрсеткіштері

2. Ұш жылдық кезеңге

млн. теңге



Көрсеткіштері

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

бағалау

болжам

Түсімдер

3443,8

1874,8

2062,3

2268,5

соның ішінде













Өзіндік қаражаттар

144,0

154,1

164,9

176,4

Ағымдағы нысаналы трансферттер

867,8










Нысаналы даму трансферттері

1556,2










Субвенция

875,8

1720,7

1897,4

2092,1

Бюджет көлеміндегі өзіндік қаражаттардың үлес салмағы, %

4,2

8,2

8,0

7,8

Шығыстар барлығы

3414,0

1874,8

2062,3

2268,5

Тапшылық

-194,6










______________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет