БАЯНДАМА
Қазақстан республикасының экономикалық даму үлгісі-"Қазақстан-2030" және "Қазақстан-2050"стратегиялық бағдарламалары.
ОРЫНДАҒАН:КУТТЫМУРАТОВ НУРЛЫБЕК
ТЕКСЕРГЕН:АБДЫХАЛЫКОВ УЛАН
ҚАЗАҚСТАН – 2050 БАҒДАРЛАМАСЫ
2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына тарихи Жолдауын арнады. Бұл Жолдау «Қазақстан - 2030»стратегиясының заңды жалғасы болып табылады. «Қазақстан - 2030» стратегиясындағы қойылған негізгі мақсаттар мен міндеттер уақытынан бұрын жүзеге асты.
Біз ең алдымен «Қазақстан - 2050» стратегиясының кейбір маңызды ерекшеліктеріне тоқтала кетсек.
Біріншіден, бұл стратегия ұзақтығы, қойылған мақсаттар мен міндеттерінің ауқымдығы мен тереңдігі жағынан теңдессіз құжат болып табылады. Ол жарты ғасырдай уақытты қамтып отыр. Ал «Қазақстан - 2030» стратегиясы 33 жылға арналған болатын.
Екіншіден,«Қазақстан - 2050» стратегиясының саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары «Қазақстан - 2030»стратегиясымен ұқсас келеді. «Қазақстан - 2030»стратегиясы 7 басымдықтардан тұрса, «Қазақстан - 2050»стратегиясы да жеті басымдықтардан тұрады. Тек басымдықтардың атауларында айырмашылықтар бар.
«Қазақстан - 2030» және «Қазақстан - 2050» стратегиялары арасында сабақтастық бар. «Қазақстан - 2050» стратегиясы оның алдындағы стратегиядан туындайды және оны одан әрі тереңдетеді. Осы екі стратегияның ұқсастықтары мынада:
Екі стратегияның да сол тарихи кезеңдердің ерекшелігінен туындайды. Бұл ерекшеліктер екі стратегияда да жан-жақты ашылған.
Екі стратегияда жеті басымдықтардан тұрады. Бұл басымдықтардың орындары ауысқан, атаулары өзгерген. «Қазақстан - 2030» стратегиясының бірінші басымдығы«Ұлттық қауіпсіздік» деп аталады. Ал, «Қазақстан - 2050» стратегиясында ұлттық қауіпсіздік мәселесі алтыншы басылымдылықта көрсетіліп «6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерлету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту» деп аталады.
Экономикалық өсу «Қазақстан - 2030» стратегиясының үшінші басымдығын құраса, «Қазақстан - 2050» стратегиясында бұл мәселе бірінші басымдыққа ие болып отыр және «Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестицияларымен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм» деп аталады.
«Қазақстан - 2050» стратегиясының екінші басымдығы «2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау» деп аталған. «Қазақстан - 2030» стратегиясында екінші басымдығы Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы «Қазақстан - 2050» стратегиясының «7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі » деген жетінші басымдылығында айтылады.
Атап айтарлық нәрсе екі статегияның да басымдықтарының саны бірдей, бірақ олардың құрылымдық атаулары әртүрлі болғанымен ішкі мазмұны біртұтастықты құрайды.
Үшіншіден, екі стратегияда өздері қабылданған тарихи кезеңнің ерекшеліктерін, қйындықтары мен проблемаларын терең талқылап, болашақтың бағдарламаларын жан-жақты ғылыми негіздеп, оларды орындаудың жолдары мен әдістерін көрсетіп берген.
Төртіншіден, екі стратегияның да Қазақстандық ғана емес жаһандық сипаты бар. «Қазақстан - 2030» стратегиясы негізінде Қазақстан қалыптасқан мемлекет ретінде орнықты. Республикамызды әлем мойындап ғана қоймай, еліміз халықаралық қатынастардың субъектісіне айналды. Оның дәлелі Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы болып, оның Астана саммитін өткізуі. Еліміздің ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі. Қазақстанның әлемдік экономикалық дағдарыстың бірінші кезеңінен қиналмай өтуі. Әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлерінің төрт бірдей съездерінің Астанада өтуі. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы.
Ел басы «Қазақстан - 2050» стратегиясының мақсаттарын былай белгілеген: Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Бұл – жаңа саяси бағыт.
Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім.
БҰҰ – да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады.
Қазір елдердің дені осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көк жиегін айқындап алды.
Енді екі-үш жылдан соң Тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келе бастайды.
Сондықтан қазірдің өзінде оларға дұрыс бағдар нұсқау туралы ойланғанның маңызы зор.
Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.
Қазақстан XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы тиіс.
Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс.
«Қазақстан - 2050» стратегиясы - «Қазақстан - 2030» стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы болып есептеледі. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұраққа Елбасы былай деп жауап берген.
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.
Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Елбасы жолдауында «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізгі қорытындылары жасалынды.
Бірінші басымдық ұлттық қауіпсіздік саласында біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды.
Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралақ дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді.
Екінші басымдық бойынша біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтап нығайттық.
Үшінші басымдық бойынша шетелдік инвестициялар мен ішкі салымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуге қол жеткіздік.
Төртінші басымдық бойынша Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқатыартып отыр.
Бесінші басымдық энергетикалық ресурстар. Қазақстанның мұнай – газ кешені күллі экономиканың локомативі болып табылады.
Алтыншы басымдық инфрақұрылым, әсіресе, көлікпен байланысты дамыту алға қойылды. Бұл мәселе де өз шешімін тапты.
Жетінші басымдық кәсіби мемлекет. Біз әкімшілік – әміршілдік жүйенің басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып басқарудың заманауи әрі тиімді корпусын құрдық.
Жолдауда Қазақстан 2050 стратегиясындағы міндеттерге қол жеткізу жолдың ауыр болатындығын көрсетіп отыр.
Президент Еліміз бен өміріміз үшін он негізгі сын қатерді бөліп көрсетіп берді. Осы сын қатерлердің ішінде мыналарды атап өтті. Біріншіден 2050 жылға қарай әлем халқы 9 млрд. адамға жетеді. Енді 40 жылдан кейін 60 жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азайуы және адамзаттың қартаюы еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне әкеледі.
«Қазақстан - 2050» стратегиясы «Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялармен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм» деген атаумен басталады.
Экономикалық прагматизм шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту дей келе Президент : Бұл нені білдіреді? деген сұраққа былай деп жауап берді:
Бірінші. Экономикалық және басқару шешімдерін түгелдей экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысында қабылдау.
Екінші. Қазақстан толыққанды бизнес-серіктестік ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауарларды айқындау.
Үшінші. Экономикалық деңдейді арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал құры.
Төртінші. Экономиканың тиімді жеке секторын құру және мемлекеттік жекеменшік серіктестікті дамыту.
Қорыта келгенде Елбасы «Қазақстан - 2050» стратегиясының басты мақсатын былай деп атап көрсетті: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғамын құру болып табылады».
КАЗАХСТАН-2030 БАҒДАРЛАМАСЫ
Биыл мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған ең алғашқы Жолдауына 15 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға байланысты бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Қазақстан-2030 стратегиясы - мемлекет дамуының негізі» атты облыстық конференция өтті. Алқалы бас қосуды облыс әкімі Асқар Мырзахметов басқарып, бас баяндаманы облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов жасады. Сондай-ақ қосалқы баяндаманы халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президентті, доцент доктор Илхами Вурал жасады. Жиынға облыс активі мен ЖОО басшылары, ҮЕҰ төрағалары, БАҚ қатысты.
Елбасы 1997 жылдың 16-шы қазан күні «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын. Бұл бағдарлама елімізді әлемдегі ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Қазіргі таңда «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәуелсіз мемлекеттің экономикасы серпінді дамып келе жатқандығын көрсетті. Жалпы «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Биыл мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған ең алғашқы Жолдауына 15 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға байланысты бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Қазақстан-2030 стратегиясы - мемлекет дамуының негізі» атты облыстық конференция өтті. Алқалы бас қосуды облыс әкімі Асқар Мырзахметов басқарып, бас баяндаманы облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов жасады. Сондай-ақ қосалқы баяндаманы халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президентті, доцент доктор Илхами Вурал жасады. Жиынға облыс активі мен ЖОО басшылары, ҮЕҰ төрағалары, БАҚ қатысты.
Елбасы 1997 жылдың 16-шы қазан күні «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын. Бұл бағдарлама елімізді әлемдегі ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Қазіргі таңда «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәуелсіз мемлекеттің экономикасы серпінді дамып келе жатқандығын көрсетті. Жалпы «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.
7. Кәсіби мемлекет.
Бұл басымдықтар елдің дамуының орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |