Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша қорытындысының тезисі



Дата23.02.2016
өлшемі98.41 Kb.
#5278
Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2012 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша қорытындысының тезисі

Мемлекет Президенті 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстандық жолдың жаңа кезеңін белгіледі,  халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға және экономиканы нығайту бойынша жаңа міндеттерді қойды.  Осы мақсатта жақын онжылдықтағы Қазақстан дамуының негізгі векторы  белгіленді.

Облысымыз да алға қойған міндеттерді шешу үшін қажетті мүмкіндіктермен және жоғарғы әлеуеттің барлығымен қамтылған. Бұған өткен 2011 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі параметрлеріне қол жеткізуі дәлел болып отыр.

Осы бағытта Темір ауданы да әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарын арттыра отырып, алға қойған міндеттер мен бағыттарды жүзеге асырып келеді.


Темір ауданы жер көлемі 12,6 мың шаршы шақырым, бұл облыс территориясының 4,2 % құрайды. Аудан орталығы Шұбарқұдық кенті болып 1972 жылы құрылды. Ауданның жер қойнауы қазбаларға бай, атап айтқанда мұнай, газ, көмір, құрылыс шикізат заттарының мол қоры бар.

Ауданда 11 жергілікті округке қарасты 27 елді мекен бар. Оның 1 қала, 2 кент, 24 ауыл. Жалпы тұрғындардың 42,8 % аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде, 22,4 % Кеңқияқ өңіріндегі 6 елді мекенде, 34,8 % қалған 19 елді мекеннің халқын құрайды.

Ауданның 27 елді мекені 100 % жарықпен, байланыспен, телеарнамен қамтылған.

2012 жылдың 1 маусымына ауданның халық саны 36 024 адамды құрады. Алты айда 416 адам дүниеге келіп, 145 адам өлімі тіркелген. Жарты жылда аудан аумағына 3647 адам көшіп келсе, 420 адам басқа жаққа көшіп кеткен.



Өндіріс

Ауданның өндірісі өңдеу мен өндіру саласына негізделген.

Негізгі өндіріс орындары «СНПС Актобемунайгаз» АҚ, «Химкомбинат Кели»,«Маерск Ойл Казахстан» компаниясы, «КМК «Мунай» АҚ, «ККБК» Великая стена» ЖШС, «Акпан» ЖШС, «Кызылжар 2030» ЖШС және басқалары.

2012 жылдың 6 айына өндіріс өнімінің көлемі 91133,3 млн.теңгені құрады.

Облыс аумағындағы өндіріс өнімінің 15,0 % аудан құрап отыр.

Салық және бюджет саясат


01.07.2012 жылға аудандағы бюджеттің кіріс бөлігі – 1 176 191,0 мың теңгені немесе 102,7 % өсімді көрсетті. Бюджеттің шығыс бөлігі- 2 233 258,3 мың теңге немесе 100 %. 1.07.2012 жылға бюджетке бережақ салықтар мен төлемақылар 12,8 мың теңгені құрады.

Инфрақұрылым. Инвестициялық саясат
Тұрғын үй саласы бойынша:

«Қызылжар» мөлтек ауданында жалға берілетін 4 екі пәтерлік тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 44100,0 мың теңге қаралып, оның 20761,0 мың теңгесі игерілді. Сыртқы инженерлік желілер жүйесінің құрылысына облыстық бюджеттен 17000,0 мың теңге бөлініп, оның 4836,0 мың теңгесі игерілді.

«Қызылжар» мөлтек ауданында жалға берілетін 15 бір пәтерлік тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 1505,0 мың теңге, сыртқы инженерлік желілер жүйесінің құрылысына 9610,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Білім саласы бойынша:

2012 жылы Шұбарқұдық кәсіпшілігінен 320 орындық мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 210195,0 мың теңге бөлініп, оның 119071,0,0 мың теңгесі игерілді.

Кенкияқ ауылынан 600 орындық мектеп ғимаратын салуға республикалық бюджеттен 422956,0 мың теңге бөлініп, оның 288511,0 мың теңгесі игерілді.

Шұбарши кентінен 300 орындық мектеп ғимаратын салуға республикалық бюджеттен 254056,0 мың теңге бөлініп, оның 188081,0 мың теңгесі игерілді.



Газдандыру бойынша :

27 елді мекеннің 10-ы газдандырылған, онда 25,5 мың халық, аудан халқының 81% тұрады.

Шұбарқұдық кентінің «Қызылжар» шағын ауданына газ желілерін жүргізу құрылысына республикалық бюджеттен 33800,0 мың теңге қаралды, игерілгені 310,0 мың теңге, газ желілерін жүргізуге облыстық бюджеттен 1300,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Су жүйесі бойынша:

Ауданның 27 елді мекенінің 9 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған (Шұбарқұдық кенті, Шұбарқұдық кәсіпшілігі, Кеңқияқ, Шұбарши, Темір қаласы, Алтықарасу, Қопа, Соркөл, Тасқопа). Онда аудан халқының 81,8% халқы немесе 29,3 мың адам тұрады. 18 елді мекеннің халқы орталықтандырылмаған шахталық құдық суларын пайдаланады.

2006-2010 жылдары 95,7 км құбырлары жөндеуден және қайта жасақтаудан өтті, бұл 25,7 мың адамның таза сумен қамтылуына қол жеткізді.

2011 жылы облыстық бюджет қаржысына (116,8 млн. тенге) Кеңқияқ ауылының су жүйесі күрделі жөндеуден өтті.

2011 жылы Шұбарқұдық кәсіпшілігі су жүйесін қайта жасақтауға республикалық бюджеттен 102,0 млн. тенге бөлінді. Үстіміздегі жылы жобаны аяқтауға 111,3 млн. тенге қаралып, жұмысы жүріп жатыр. Жоба барысында 10,5 км су желісі мен тұрғын үйлерге баратын су құбырлары қайта жасақталатын болады.

Саркөл-Шұбарши су құбырын қайта жасақтауға республикалық бюджеттен 101,0 млн. тенге бөлінді. Осы жылы жобаға 30,0 млн. тенге бөлінді. Жоба барысында 32,5 км су құбырын қайта жасақтау жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2013 жылы аяқталады.

2012 жылы Аксай, Шұбаркұдык, Кұмкұдық және Темір қаласы су құбырын жүргізуге зерттеу жұмыстары басталды. Зерттеу жұмыстары 2013 жылы аяқталып, содан кейін су құбырын тарту бойынша қаржыландыру жұмысы жүргізілетін болады

2012 ж. облыстық бюджет есебінен мынадай ЖСҚ жасақталды:

Шұбарқұдық кентінің «Қызылжар» шағын ауданына су жүйелерін жүргізу жұмыстарына – 500,0 мың теңге, Кеңқияқ ауылының «Сазды-2» шағын ауданына су жүйелерін жүргізу жұмыстарына-500,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржылар толығымен игерілді.
Су жүйелерін жүргізу құрылысына республикалық бюджеттен:
Кеңқияқ ауылының «Сазды-2» шағын ауданына-48700,0 мың теңге бөлініп, оның 269,0 мың теңгесі игерілді.

Шұбарқұдық кентінің «Қызылжар» шағын ауданына су жүйелерін жүргізу құрылысына 50000,0 мың теңге бөлініп, оның 269,0 мың теңгесі игерілді.


Жылу жүйесі

Шұбарқұдық кентінің жылу жүйесінің жалпы ұзындығы -21 км, оның 15,7 км (80,0%) ескірген.

Аудан бойынша 43 жылу қазандығы (68 жылу қазаны) бар, Шұбарқұдық кенті орталық жылу жүйесінде 2 бу қазандығы ДКВР-10 орнатылған.

«Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша 2012 жылы Шұбарқұдық жылу қазандығын жасақтауға 108,6 млн. тенге бөлініп, жұмыс жүргізілуде.

Жылу жүйесі мәселесін толық шешу үшін 2011 жылы облыстық бюджет есебінен Шұбарқұдық кенті жылу жүйесін жөндеуден өткізуге ЖСҚ жасауға 19,6 млн теңге бөлінді, жоба жұмысының құны - 199,5 млн. тенге.

Электрлендіру бойынша:

Шұбарқұдық кентінің «Қызылжар» шағын ауданына электр жүйелерін жүргізу құрылысына республикалық бюджеттен 30500,0 мың теңге бөлініп, оның 173,0 мың теңгесі игерілді. Облыстық бюджеттен ЖСҚ-н дайындауға 500,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.



Ауылшаруашылық кешені.

Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 01.07.2012 ж 1586,7 млн.тенге, өсім– 101,0% өткен кезеңмен салыстырғанда.

Ауылшаруашылық құрылымдары бойынша 93,4 млн теңге инвестиция салынды, оның ішінде 55,8 млн теңгесі негізгі қорға салынды, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 129,4 пайызға орындалды.

Аудан бойынша мал басы ірі қара 53167 бас, оның ішінде 18989 бас сиыр, қой-ешкі 161381 бас, жылқы 8 726 бас, түйе 578 бас және құс саны 66 700-ге жетті.

2012 жылдың 1 шілдесіне 301 ауыл шаруашылық құрылымдары, оның ішінде 289 шаруа қожалығы жұмыс жасауда, барлық берілген жер көлемі 362768 га., 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, жер көлемі 52459 га., 4 селолық тұтыну кооперативі тіркелген, жер көлемі – 14712 га.

Осы мерзім ішінде 3732,1 тонна ет, 13 171 тонна сүт, 2468 мың (дана) түйір жұмыртқа өндірілді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысатын 6 шағын наубайхана жұмыс жасауда, 01.07.2012 жылға барлығы 62,9 тонна нан 3 774,0 мың теңгеге пісірілді, немесе былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,4 пайыз орындалды.

Аудан көлемінде орналасқан базарларда барлығы 14 160,0 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдері сатылды.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында аудан шаруашылықтары 255 ірі қара малын алды. Шөп дайындау науқаны басталып кетті, бүгінгі күнге шөп бағасы 130-200 теңгені құрап отыр.
Кәсіпкерлікті дамыту

Жоспар кәсіпкерлік бойынша 1166 болса, тіркелген кәсіпкерлік субьектілері саны- 1125, 121,1%. Белсенді субьектілер саны -1250, 132,6%. Кәсіпкерлік саласында 3938 жұмысшы тартылды. Өндірілген өнім 01.07.2012 ж. 1683,7 млн теңге, өсім– 119,9% өткен кезеңмен салыстырғанда. Салық түсімдері 351,6 млн теңге.

2011 жылдан Лукойл компаниясымен арада «Арай» әріптестік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы 23 адам кәсіп ашуға 9217,0 мың теңге өтеусіз несие алса, биыл 20 адам 9440,0 мың теңге несие алды.

Білім саласы

Білім беру саласында 32 жалпы білім беретін мектеп, 11 балабақша, 27 шағын топтар, 4 мектептен тыс мекеме бар.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қамту - 98,1% (облыс бойынша 80,3%).

Мектептердегі оқушылар саны 6457, мектептен тыс мекемелердегі оқушылар саны-791, балабақшалардағы тәрбиеленушілер саны 1000. Аудан бойынша 5 мектеп жанындағы интернатта 127 бала тәрбиеленуде.

2011-2012 оқу жылын 6441 оқушы аяқтады, оның 608-і мектеп бітіруші түлектер.

ҰБТ-ге қатысқан оқушы саны -372. ҰБТ орташа балл 2011 ж -80,6, 2012 ж -78,6 (облыс 78,7). Облыста І орын.


Білім беру мекемелерін ұстау үшін 2012 жылға жыл басында бекітілген 2 234 241,0 мың теңге, 01.07.2012 ж. 2 235 744,0 мың теңге болып нақтыланды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында Еңбекші мектеп-балабақшасына жас ерекшеліктеріне қарай 740,0 мың теңгеге, 1-4 сыныптар үшін 20 парта, 5-11 сыныптар үшін 30 парта, №4 Шұбарқұдық орта мектебінің 2 сыныбына парта, тақта сатып алынды.

2012 жылы республикалық бюджет есебінен 2 мектеп құрылысы жүріп жатыр: Кеңкияк ауылында 600, Шұбарши кентінде-320 орындық, жергілікті бюджет есебінен Шұбарқұдық кәсіпшілігінде 320 орындық мектеп салынып жатыр.

Облыстық бюджеттен Шұбарқұдық кентіндегі № 3 ОМ (57,1 млн.т), Кеңқияқ ауылындағы «Ақбота» балабақшасына (21,1 млн.т) және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Құмқұдық ауылындағы Абай ОМ (40,7 млн.т) бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. «Ақбота» балабақшасы бойынша ЖСҚ-н жасақтауға мемлекеттік сараптама қорытындысы үшін 795,0 мың теңге аударылды.

Мектептердің ағымдағы жөндеу жұмысына 7,0 млн теңге қаржы бөлінді.

Жалпы білім беру қорына бөлінген 17 709,0 мың теңгенің 5 850,0 мың теңгесі жетім, аз қамтылған отбасы балаларына ақшалай көмек ретінде берілді.

Мектептердің медициналық кабинеттеріне 6000,0 мың теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру шараларына аудан бойынша 5560 оқушы тартылады деп жоспарланса, бірінші кезеңде демалыспен, сауықтырумен қамтылған оқушылар саны-3456.

Соңғы 3 жылда білім беру саласында 10 жаңа балабақша, 2 мектеп жанындағы интернат ашылды, 4 елді мекенде 5 теннистік корд, 1 стадион салынды.

Денсаулық сақтау.
Денсаулық сақтау саласында 3 аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік пункт және 14 медициналық пункт жұмыс жасайды. 6 айда 1740 науқас ауруханалық ем алды.

Ауданның емдеу мекемелерінде 111127 қараулар жасалды. Скрининг әдісімен 0-18 жас аралығындағы 5969 балалар мен жасөспірімдер медициналық тексерулерден өткізілді, 652 (10,3%) науқас анықталды. 141сауықтырылды. (2,3%)

Денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық жабдықтармен және құралдармен орташа қамтылу көрсеткіші- 68% (облыс бойынша – 75%).

2012 жылы Шұбарқұдық кентінде салынатын емхана құрылысына 459,8 млн теңге бөлініп, жұмысы басталып кетті, Кеңқияқ ауылдық ауруханасын күрделі жөндеу 13,6 млн теңге бөлініп, жұмысы жүріп жатыр. 2011 жылы ауданда 3 жаңа медициналық пункт ғимараты салынды.



Мәдениет саласы

Аудан бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 13 кітапхана, 1 аудандық мұражай, 2 мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб қызмет көрсетеді.

Соңғы 3 жылда 7 жаңа клуб үйі ашылды. Ауданның қоғамдық өмірінде белсенділік танытқан «Ару ана» әжелер ансамблі және «Шапағат» іскер әйелдер клубы құрылды.

Соңғы екі жылда ауданның энциклопедиясы, бірнеше аудан тарихы туралы кітаптар жарық көрді. Барлық елді мекендердің әндері шығып, аудан гимніне ән баян түсірілді. 2011 жылы «Н.Байғаниннің 150 жылдығы», «Ж.Кереевтің 80 жылдығы» аталып өтті. Биыл тамыз айында ауданның қайта құрылғанына 40 жыл толу мерейтойы өткізілгелі отыр.

Жалпы тұрғындар үшін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ, екі «Ана мен бала» аллеясы ашылды, саябақ ішінен «Егемен Қазақстан» алаңы ашылды.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Жыл басынан ашылған жаңа жұмыс орны саны 435 (100,2% өткен жылмен салыстырғанда), жұмыспен қамтылғаны 302 адам (103,0%), ақылы қоғамдық жұмысқа жіберлігені 125 адам. Тіркелген жұмыссыздар саны -63 адам (2011 ж -50 адам).

Тіркелген аз қамтылғандар саны- 2 отбасы 9 адам. (жалпы халық санының 0,01%).

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 2 отбасы 7 адам. 38 отбасы 300,0 мың теңгенің тұрғын үй жәрдемақысын алды. 492 отбасы 10292,7 мың теңгенің 18 жасқа толғанға дейінгі балалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алды.

Жыл басынан 542 мүгедек адамға 6687,0 мың теңгенің жәрдемақысы берілді.

Мамыр айына жалақы-75439 тенге (облыс көрсеткіші – 83740 тенге).

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жарты жылда 108 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 42 адам жастар практикасына тартылса, 16 адам қайта даярлау курстарына, 3 адам біліктілігін арттыру курстарынан өтуде. 16 кәсіпкер 28,0 млн теңгеге кәсіп ашуға несие алып жатыр.

2 жыл 6 айлық оқуға мамандықтардың тізімі туралы аудандық «Темір» газетіне хабарландыру берілді. Аудан бойынша 01.07.2012 жылы әлеуметтік жұмыс орнына 19 жеке кәсіпкерден (жеке шаруа қожалықтардан және ЖШС-ден) сұраныс түсті.

Байланыс

01.07.2012 ж. ауданда 6203 телефон нүктесі бар, өсім 103,6% өткен кезеңмен салыстырғанда.

Мемлекеттік пошта торабының 6 айлық кірісі 2713,0 мың теңге, (95,2%).
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

Шұбаркұдық кентінің кәріз жүйелері ұзындығы 17,2 км, оның 14,1 км немесе 82% ескірген.

2010 жылы «Жол картасы» бойынша 25,6 млн теңгеге 2,7 км кәріз жүйесі күрделі жөндеуден өтті.

Су жүйелерін одан әрі жақсарту үшін 2011-2012 ж.ж облыстық бюджет есебінен мынадай ЖСҚ жасақталды:

Шұбарқұлық кентінің арындық коллекторы мен кәріз желісін қайта жаңарту жұмыс жобасы бойынша ЖСҚ-на 2526,4 мың теңге, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 705,3 мың теңге қаржы аударылды.

Кеңқияқ ауылының арындық коллекторы мен кәріз желісін қайта жаңарту жұмыс жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 773,8 мың теңге қаржы аударылды.


Саркөл-Шұбарши елді мекендерінің су құбырын қайта жаңартуға «Мас-Так» ЖШС-не 30 030,0 мың теңге, Шұбарқұдық кентіндегі орталық жылыту қазандығын қайта жаңартуға «КазПромСтройГрупп» ЖШС-не 32 586,7 мың теңге, Шұбарқұдық кәсіпшілігінің су желілерін қайта жаңартуға «АгрофирмаКоквест» ЖШС-не 26 135,6 мың теңге, Темір қаласының су желілерін қайта жаңарту үшін ЖСҚ-н дайындауға қаржы аударылды.

Сәулет және қала құрылысы

01.07.2012 ж. жеке тұлғалардан тұрғын үй және қосымша құрылыстар салуға 201 арыз қабылданып, толықтай қанағаттандырылды.

2012 жылға салынып біткен 92 тұрғын үйге қабылдау актісі жасақталды.

2012 жылдың 1 шілдесіне жоспар 4500 шаршы метр, ал орындалғаны 68169,1 шаршы метр, 182 пайызға орындалды.


Құқықты қорғауды нығайту.


2012 жылдың 1 шілдесіне аудан көлемінде 102 қылмыс тіркелді. Қылмыстың ашылуы 100 пайыз. Тіркелген ауыр қылмыс саны - 2 .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет