Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы


Вагондар мен контейнерлерді пломбалау үшін бекіту-пломбалау құрылғыларын қолдану



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі62.09 Kb.
#174769
1   2   3

6. Вагондар мен контейнерлерді пломбалау үшін бекіту-пломбалау құрылғыларын қолдану





39. Тасымалданатын жүктердің сақталуын және бөтен адамдардың кіруін болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында тиелген вагондар мен контейнерлер:



1) тасымалдаушының, жүкті ол тиегенде немесе жол бойында қайта тиегенде;



2) жүк жөнелтушінің, жүкті жүк жөнелтуші тиегенде;



3) порттың, кемежайдың, жүкті, порт кемежай жүру жолында порт қайта тиегенде және олар жүк жөнелтуші болып табылғанда;



4) жүру жолында Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына және теміржол көлігі туралы заңнамаға сәйкес тексеру үшін ашқан кезде кеден органдарының бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбаланады.



5) Бұл ретте кеден органдарының бекіту-пломбалау құрылғылары жөнелтушінікіне теңестіріледі.



40. Бекіту-пломбалау құрылғылары (блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері) вагонның, контейнердің тұтастығын бұзбай олардан алу мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс.



41. Бекіту-пломбалау құрылғыларын орнату вагондардың, контейнерлердің ақаусыз бекіту құрылғыларына бекіту-пломбалау құрылғыларында жазылған ақпаратты кедергісіз көзбен шолып оқу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.



Бекіту-пломбалау құрылғылары мыналарға орнатылады:



1) әмбебап жабық вагонда - вагонның әрбір жағынан есіктердің жапсырмаларында - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;



2) цистернада - жоғарғы жүк тиеу люгінің қақпағында - осы Қағидада пломбалаудың ерекше тәртібі көзделген жағдайларды қоспағанда, бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;



3) астыққа арналған жабық хоппер-вагонда - тиеу люгін бекітетін, түсіру люгі мен қарнақтың әрбір штурвалының бекіту құрылғысында бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;



4) минералды тынайтқыштарға арналған жабық хоппер-вагонда - тиеу люгін бекітетін, түсіру люгі мен қарнақтың әрбір штурвалының бекіту құрылғысында бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;



5) цементке арналған жабық хоппер-вагонда - әр жүк түсіру люгінің әрбір штурвалының бекіту құрылғысында және әрбір тиеу люгінде - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;



6) жеңіл автомобильдерді тасымалдауға арналған жабық вагонда - әрбір бүйірдегі алаңы мен өту алаңы есіктерінің бекіту құрылғыларында - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы;



7) контейнерлерде - мамандандырылған изотермиялық вагонда соңғы жабылатын есіктің оң жармасында сол жақта орналасқан тұтқаға бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы - баспа тақтайшалармен және бекіту құрылғысының иінтірегімен жабдықталған есіктерде, вагонның әрбір жағынан - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы немесе -вагонның әрбір жағынан пломбалау үшін төменгі құлақшалармен жабдықталған есіктерде - бір-бір бекіту-пломбалау құрылғысы.



Вагондардың басқа үлгілерінде бекіту-пломбалау құрылғыларын орнату оларды пломбалау үшін арнайы көзделген орындарда немесе түйіндерде жүргізіледі.



Егер цистерналардың конструкциясы төменгі ағызу аспабын ашуға жоғарғы тиеу люгінен ашпастан жол берілмейтін болса, олардың төменгі ағызу аспаптары пломбаланбайды.



Бекіту-пломбалау құрылғылары мынадай белгілерден тұрады:



1) темір жол әкімшілігінің әріптік қысқартылған атауы;



2) кемінде алты белгіден тұратын дербес бақылау белгісі;



3) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісі;



4) бекіту-пломбалау құрылғысының шығарылған жылының соңғы саны;



5) бекіту-пломбалау құрылғысының атауы.



Бірдей, сондай-ақ анық емес және толық емес дербес бақылау белгілерімен бекіту-пломбалау құрылғыларын қолдануға рұқсат етілмейді.



Дербес қадағалау белгісі салынған бекіту-пломбалау құрылғысы дайындаушының, жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының (олар бекіту-пломбалау құрылғыларын қолданған кезде) қатаң есепке алуына жатады. Пайдаланылған бекіту-пломбалау құрылғыларын тасымалдаудан кейін жүк алушы пайдаға асырады.



7. Жүкқұжатты және тасымалдау құжаттарын ресімдеу





42. Жүктерді вагондап және ұсақ жөнелтімдермен тасымалдау жүкқұжатпен немесе мынадай:



1)

жүкқұжаттың
түпнұсқасынан (жүкпен бірге жүреді және тасымалдаушы жүк алушыға береді);



2)

жол тізімдемесінен
(жүкпен бірге жүреді және тасымалдаушыда межелі станцияда қалады);



3)

жол ведомосі
түбіртегінен (жөнелту станциясында тасымалдаушыда қалады);



4) жүкті қабылдау туралы түбіртектен (жүк жөнелтушіде қалады) тұратын құжаттармен ресімделеді.



Тасымалдау құжаттары жөнелту станциясынан межелі станцияға дейін поезд құрамындағы вагонның (контейнердің) барлық жүру жолында жүкпен бірге және тасымалдаушы өкілінде болады.



8. Жаппай тиелетін жүктерді бір жүкқұжатпен маршруттық және топтама вагондармен тасымалдау





43. Тасымалдауға вагондар топтарымен берілетін жүктер мынадай шарттар сақталған кезде:



1) жүктер біртекті болғанда;



2) тиеу және түсіру клиенттің кірме жолдарында жүргізілгенде;



3) жүктерді жөнелтуді бір жүк жөнелтуші бір жөнелту станциясында ұсынғанда;



4) жүкті жөнелту бір жүк алушының мекенжайына бір межелі станциясына жіберілгенде;



5) жүк жөнелтуші, жүк алушы немесе тасымалдаушы жүктің массасы мен вагондардың санын жол жүру барысында өзгертпегенде бір жүкқұжатпен ресімделеді.



44. Женелтілім маршрутты қалыптастырған кезде маршруттың ядросы да, маршруттың тіркеме бөлігіндегі вагондардың әрбір тобы да, сондай-ақ маршруттың тіркеме бөлігіндегі әрбір дара вагон жеке жүкқұжатпен ресімделеді. Жолсерік алып жүретін жануарларды вагондар тобымен тасымалдауды бір жүкқұжатпен ресімдеуге рұқсат етіледі.



9. Құндылығы жарияланған жүктерді тасымалдау





45. Жүк жөнелтушілер қажет болған жағдайда тасымалдауға дайындалған жүктерді олардың құндылығын жариялай отырып береді.



46. Мынадай жүктерді тасымалдауға ұсынған кезде құндылығын жариялау міндетті:



1) алтын, күміс және платина, сондай-ақ осылардан жасалған бұйымдар;



2) бағалы тастар;



3) бағалы терілер, мысалы, құндыз, көгілдір түлкі, ақкіс, ақсусар, қаракүзен, қамшат, қаракөл елтерісі, итбалық, мысық, қара буырыл түлкі жаға, скунс, бұлғын және осы бағалы терілерден жасалған бұйымдар;



4) түсірілген фильмдер;



5) суреттер;



6) мүсіндер;



7) көркемдік бұйымдар;



8) антикварлық заттар;



9) үй заттары.



Жүкқұжатта жарияланған құндылықтарымен үй заттарын тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші олардың тізімдемесін үш данада әрбір жүк орнына (жәшік және т.б) орналастырылған үй заттарының атауын, санын және құнын көрсете отырып жасайды.



Тізімдемеде орындардың жалпы саны және үй заттарының жалпы құны көрсетіледі, ол жүкқұжатта жарияланғанмен сәйкес келуі тиіс. Тізімдеменің бірінші данасы жөнелту станциясында, екіншісі - жүк жөнелтушіде қалады, үшінші дана үй заттарына салынуы және онымен бірге межелі станцияға дейін келуі тиіс.



Ақтарма, үйілме, құймалы түрде, ашық жылжымалы құрамда, жолсеріктермен, жүк жөнелтушінің бекіту-пломбалау құрылғыларымен тасымалданатын, сондай-ақ тез бұзылатын және қауіпті жүктердің құндылығын жариялауға жол берілмейді. Сондай-ақ бір жүкқұжатпен тасымалданатын жүктің бір бөлігінің құндылығын жариялауға рұқсат етілмейді.



Жүктердің құндылығын жариялау жүк жөнелтушінің тілегі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.



10. Тасымалдау және тасымалдау төлемі бойынша есептер





47. Жүктерді тасымалдау, жүкті алып жүретін жолсеріктердің жол жүруі, тиеу, түсіру, тасымалдаушының құралдарымен таразылау, сақтау үшін төлемдер және осы Қағидада және тасымалдаушының тарифтік басшылығында белгіленген тасымалдаулармен байланысты өзге де төлемдер мен алымдарды төлеуші жөнелту станциясында тасымалдаушының тауарлық кассаға жүк есепке алу түбіртегі бойынша немесе тасымалдау құжаттарын өңдеудің технологиялық орталықтары немесе электрондық төлемдер жүйесі арқылы орталықтандырып қолма-кол ақшамен төлейді.



48 Вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемдерді:



1) тиеу (түсіру) және маневрлік жұмыс үшін тасымалдау қағидаларында белгіленген уақытты коса алғанда, жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушілерде вагондар, контейнерлер болған уақыт ішінде;



2) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің кінәсынан магистральдық, станциялық жолдарда вагондар мен контейнерлердің бос тұрған уақыты үшін тасымалдаушы, ал тиісті шарты болған кезде вагондар, контейнерлер иелеріне жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші төлейді



Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, тармақ иеленушілер вагондар (контейнерлер) иелері магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ концессия шарттары бойынша темір жолдарда, тасымалдаудың технологиялық үдерісінің бұзылуына әкелген олардың кінәсынан болған вагондардың бос тұрғаны үшін (контейнерлердің кешіккені) көрсетілген жолдардың иелеріне олар орналасқан уақыты үшін төлемдерді тасымалдаушыға өтеуге міндетті.



Төлем мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.



49. Жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші тасымалдаушыға магистральдық, станциялық жолдарда вагондар мен контейнерлердің олардың кінәсынан болған барлық бос тұрған уақыты үшін магистральдық темір жол желісі операторының Тарифтік басшылығына сәйкес есептелетін, магистральдық темір жол желісі операторына төленуге жататын шығыстарды өтейді.



50. Тасымалдаушының, жүк алушылардың және тасымалдау үдерісіне басқа да қатысушылардың кінәсынан магистральдық, станциялық жолдарда вагондар мен контейнерлердің болу уақыты вагондардың жолдарға орналасқан сәтінен бастап жолдарды босатқан сәтке дейін есептеледі.



51. Жүк алушы жүктерді уақытында түсірмеген (тиемеген) кезде тасымалдаушы жүктерді түсірудің (тиеудің) технологиялық уақытынан тыс жиырма төрт сағаттан астам кідіртілген вагондар мен контейнерледі пайдаланғаны үшін төлемақыны ұлғайтады, бірақ он реттен көп емес.



Вагондардың бос тұрған жағдайда вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін ұлғайтылған төлемақы мөлшері станцияда төлемақыны ұлғайту туралы хабарландыру ілінгеннен кейін енгізіледі.



11. Вагондарды беру-алып кету шарттарын жасасу және мұндай шарттардың міндетті талаптары





52. Кірме жолдар жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған.



53. Вагондарды беру-алып кету 5 жыл мерзімге жасалатын вагондарды беру-алып кету шарттары бойынша, ол 1 жылдан аспайтын мерзімге жасалатын вагондарды беру-алып кету шарттарына біржолғы келісімдер немесе тасымалдаушының жергілікті актілері (бұйрықтары) бойынша жүзеге асырылады.



54. Локомотивтің тиесілігіне карай мұндай жолдарға қызмет көрсетумен байланысты шарттардың мынадай түрлері:



1) вагондарды беру-алып кету шарттары - меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде кірме жолы және локомотиві бар тасымалдаушы мен тармақ иеленуші, жүк жөнелтуші (жүк алушы) арасында;



2) вагондарды беру-алып кету шарты - оларға магистральдық темір жол жол желісі операторының немесе тасымалдаушының локомотивтерімен қызмет көрсету кезінде тасымалдаушы мен тармақ иеленуші немесе контрагент арасында жасалады.



55. Вагондарды беру-алып кету шарттарын түйісу станциясының жұмыс технологиясын және кірме жолдың жұмыс технологиясын, ал тиісті жағдайларда кірме жол мен түйісу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық үдерістерін ескере отырып, тасымалдаушы немесе тармақ иеленуші әзірлейді.



12. Тиеу және түсіру (жүктен босату) мерзімдері





56. Технологиялық тиеу, түсіру уақыты:



1) жүк станциясы жұмысының технологиялық үдерісін әзірлегенде;



2) кірме жол мен түйісу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық үдерісін әзірлегенде;



3) кірме жолдағы вагон айналымының технологиялық уақытын (мерзімін) есептегенде;



4) кірме жолға/дан вагондарды беру-алып кету жүзеге асырылатын уақыт интервалын есептегенде;



5) жүк жөнелтуші жүк тасымалдауға арналған өтінімді тиеу мөлшерінің жүк алушының жүктен босату мүмкіндігіне сәйкес келуі бөлігінде ресімдеген кезде ескеретін, кірме жолдың артық жұмыс жасау қабілетін анықтағанда пайдаланылады.



57. Тиеу-түсіру операцияларын орындауға арналған технологиялық уақыт вагондарды беру-алып кету шарттарында ескеріледі.



13. Жеткізу мерзімдері және жеткізу мерзімдерін есептеу қағидалары





58. Жүктерді, сондай-ақ меншікті (жалға алынған) бос вагондарды жеткізу мерзімдері тасымалдау төлемақысы есептелетін қашықтықты негізге ала отырып, жөнелту станциясынан межелі станцияға дейінгі жүкті жылжытуға арналған уақыт нормасы; жүктің жөнелтілуімен және келуімен, оның учаскелер бойынша ауыстырылуымен байланысты операцияларға арналған нормалардан және қосымша операцияларға арналған уақыт нормаларынан құрылады, тәулікпен есептеледі.



59. Жүктерді жеткізу мерзімдерін есептеген кезде толық емес тәуліктер толық ретінде есептеледі.



60. Жүкті жеткізу мерзімін есептеу жүкқұжат пен жүкті қабылдау туралы түбіртекте тасымалдаушының күнтізбелік мөртаңбада көрсетілген тасымалдауға жүкті қабылдаған күнінің 24 сағатынан бастап басталады.



61. Жүкті жеткізу мерзімінің өткен күнін тасымалдаушы жөнелту станциясында тасымалдау құжаттарында, оның ішінде жүк жөнелтушіге берілетін жүкті қабылдау туралы түбіртекте көрсетеді.



62. Вагондар топтамасынан жөнелтуді қоса алғанда, жеке вагондар берілген жүктерді жеткізу мерзімдері вагондап жөнелтулер үшін белгіленген тәуліктік жүріс нормаларын негізге ала отырып есептеледі.



Бір вагонда біреуден көп станцияға межеленген бір женелтілімнен артық жүктерді тасымалдаған кезде жеткізу мерзімі ұсақ жөнелтілімдер үшін белгіленген тәуліктік жүріс нормаларын негізге ала отырып есептеледі.



63. Жөнелтімдік маршруттармен жүктерді тасымалдау кезінде жүктерді жеткізу мерзімдері маршруттық жөнелтімдер үшін белгіленген тәуліктік жүріс нормаларын негізге ала отырып есептеледі. Бұл мерзімдер:



1) тасымалдаудың барлық қашықтығына маршруттық жөнелтімдер үшін белгіленген жүрістің тәуліктік нормасын негізге ала отырып - жүк жөнелтуші бір жөнелту станциясында бір межелі станцияға тиелген тура маршруттар үшін;



2) маршруттык жөнелтілімдер үшін белгіленген жүрістің тәуліктік нормасын негізге ала отырып - жөнелту станциясынан бөліп-бөліп жіберу (тарату) станциясына дейінгі қашықтыққа жеке және вагондар жөнелтілімдер үшін белгіленген жүрістің тәуліктік нормасын негізге ала отырып, бөліп-бөліп жіберу (тарату) станциясынан межелі станцияға дейін жеке бөліп-бөліп жіберу (тарату) станцияларына бағытталатын жөнелтілімдік маршруттар үшін, бұл ретте қашықтықтың нормативтік белдемесі болып тасымалдаудың қалған кашықтығы есептеледі;



3) маршрут құрамында ядро тек көрсетілген ядроға енгізілген вагондар үшін маршруттық жөнелтілімдер үшін тәуліктік жүріс нормасын негізге ала отырып (жүру жолында поезд салмағы өзгерген жағдайда межелі станцияға дейін қайта құрастырусыз келетін белгіленген салмақтағы жөнелтілімдік маршруттың негізгі бөлігі) бар болған кезінде есептеледі.



14. Жүктерді сақтау





64. Жүктерді:



1) жүктерді тиеуді және түсіруді орындауға арналған станция жолдарында тиеу және түсіру орындарында;



жүкті тиеу тағайындалған күннен ерте тасып әкелген кезде, сондай-ақ тағайындалған күннен ерте тасып әкелінген жүкті жүкжөнелтушінің талабы бойынша тасымалдау болмаған немесе кейінге қалдырылған жағдайда;



тиеуді жүзеге асыру кезінде және тасымалдау құжаттарын ресімдеуді күтуде вагондардың бос тұрған кезінде;



2) вагондардағы, контейнерлердегі және жүк алушының күштерімен түсіруге жататын, сондай-ақ станциялық жолдарда тұратын, өздерінің осьтеріндегі жүктерді сақтауға рұқсат етіледі.



65. Жүктерді сақтау үшін сақтаудың шекті мерзімдері (уақыты) белгіленеді. Жүкті шекті сақтау мерзімі жүк тасымалдаушының құралдарымен түсірген (жүктен босатқан) сәттен немесе вагонды, контейнерді жүк алушының құралдарымен түсіру орнына берген сәттен бастап есептеледі.



Жүкті тасымалдаушының құралдарымен түсіру (жүктен босату) немесе вагонды, контейнерді жүк алушының құралдарымен түсіру орнына беру күні көліктік темір жол жүкқұжаттың (бұдан әрі - жүкқұжат) екінші жағында станцияның күнтізбелік мөртаңбаны қою жолымен көрсетіледі.



Жүк алушыға тәуелді себептер бойынша жүктің жалпы пайдалану орындарында тұрып қалуынан туындаған оның бұзылуына мүліктік жауапкершілік жүк алушыға жүктеледі.



66. Жүкті сақтау үшін тасымалдаушының Тарифтік басшылығында (прейскурантта) көрсетілген алым өндіріп алынады.



15. Жүктерді ұстап қалу, өткізу, жүктерді мемлекеттік органдарға беру





67. Тасымалдаушы мынадай салдарлардан жүк алушыға жеткізу немесе беру мүмкіндігі болмаған кезде жүкті ұстап қалады немесе өткізеді:



одан әрі тасымалдау кезінде жүктің мүмкін болатын бұзылуы немесе жоғалуы;



тағайындалған станция ауданында жоқ жүк алушының мекенжайына келген жүкпен не істеу керектігі жайында жүкжөнелтушінің нұсқауларын алмауы;



шартта көзделмеген жүкті жеткізу;



оның кімге тиесілі екендігін анықтау мүмкін болмаған (құжатсыз) жүктің табылуы;



жүк тасымалына ақы төлеуден және тасымалдаушыға тиесілі өзге де төлемдерден жүк алушының жалтаруы;



станцияда жүктің шекті сақтау мерзімдерімен артық болуы.



68. Жүкті өткізу Қазақстан Республикасының

заңнамасына
сәйкес жүргізіледі.



Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жүктерді беруді Қазақстан Республикасының

заңнамасына
сәйкес жүргізеді.



16. Жүкті басқа мекенжайға жіберу, жүкжөнелтушіге қайтару





69. Тасымалдаушы жүкжөнелтушінің немесе жүк алушының өтініші бойынша тасымалдау құжаттарында көрсетілген жүк алушыны және/немесе межелі станцияны өзгерту арқылы тасымалданатын жүкті басқа мекенжайға жібере алады. Тасымалданатын жүкті баска мекенжайға жіберу туралы өтінішті жүкжөнелтуші немесе жүк алушы тасымалдаушының мекенжайына жазбаша түрде (соның ішінде факс, телетайп және телеграф бойынша) беріледі.



70. Тасымалдаушының жүкті басқа мекенжайға жіберуі межелі станцияға немесе жүру жолында жүргізілуі мүмкін.



Габариттік емес және ауыр салмақты жүктерді басқа мекенжайға жіберу темір жолдарда габаритті емес және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау бойынша нұсқаулықтың талаптарын ескере отырып жүргізіледі.



71. Кедендік бақылауда тұрған жүкті басқа мекенжайға жіберу тиісті кеден органдарының келісуі кезінде жүргізіледі.



72. Тасымалдаушы:



жүктің тиісті емес жүк алушының мекенжайына келуі;



тасымалдау шартында көрсетілген жүк алушының жүкті алудан бас тартуы;



жүк алушының жүкті алу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтаруы;



төрт тәулік (тез бұзылатын жүктерге қатысты - екі тәулік) ішінде жүкжөнелтушіден жүк жөнінде өкімнің болмауы;



тасымалдаушыға тәуелсіз себептер бойынша жүру жолында жүгі бар вагондар мен контейнерлердің кідіруі және жүктің одан әрі жүруі мүмкін болмауы жағдайында, жүкті жүкжөнелтушіге оның есебінен қайтарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет