Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қыркүйектегi N 825 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 385-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 7 қараша N 347
"Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы» 21 қыркүйектегi
N 825 қаулысымен
бекiтiлген
Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже меншiк нысанына қарамастан, темiр жол көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылауды мемлекеттiк көлiктiк бақылау органдары жүзеге асырады.
2. Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк тәртiбi
4. Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға, темiр жол көлiгi ұйымдарының авариясыз жұмыс iстеуiне жағдай жасауға, темiр жолдардың, жылжымалы құрамның, құрылыстардың, жабдықтардың, тетiктердiң және құрылғылардың жарамды жағдайда ұсталуына бағытталған, мыналарды:
1) кадрларды сан нормативтерi мен кәсiби талаптарға сай жасақтау мен орналастыруды;
2) поезд қозғалысымен байланысты қызметке үмiткерлердi кәсiби iрiктеудi;
3) еңбек тәртiбiн және технологиялық тәртiптi нығайтуды, әлеуметтiк мәселелердi шешудi;
4) поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердi мерзiмдi медициналық тексеруден өткiзудi, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты локомотив бригадалары мен қызметкерлерiнiң денсаулығын рейс алдында бақылауды;
5) кадрларды техникалық оқыту мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруды, стандартты емес жағдайлардағы iс-әрекеттердiң iс жүзiндегi дағдыларын жетiлдiрудi;
6) поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердiң қозғалыс қауiпсiздiгi мәселелерiн регламенттейтiн қолданыстағы нұсқаулықтар мен ережелердi және лауазымдық нұсқаулықтарды бiлу мәнiне мерзiмдi тексеру жүргiзудi;
7) "Қозғалыс қауiпсiздiгi күнi" тақырыбы бойынша апта сайынғы тексерулер өткiзудi;
8) темiр жол вокзалдарында перронға шығу үшiн өткiзу режимiн енгiзудi;
9) жолдарды, жасанды құрылыстарды, локомотивтердi, вагондарды, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау құрылғыларын, темiр жол өткелдерi мен басқа да техникалық көлiк құралдарын жөндеу мен күтiп ұстаудың сапасын арттыру жөнiндегi ұдайы жұмысты жүзеге асыруды;
10) дефектоскопия мен диагностика жүйелерi құралдарын жарамды жағдайда ұстауды және тиiмдi пайдалануды;
11) анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдаумен, қауiпсiздiктi бақылау құрылғылары мен аспаптарының жай-күйiн тексеру мен пайдалануды бекiтiлген кесте бойынша жүзеге асыруды;
12) қауiпсiздiктiң жаңа құрылғыларын, аспаптарын және жүйелердi жасау мен енгiзу жөнiнде ұдайы жұмыс жүргiзудi;
13) қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастырудың жаңа нысандарын iздестiрудi және енгiзудi;
14) авариясыз жұмыс тәжiрибесiн жинақтауды және таратуды;
15) жүргiзiлетiн жұмыс ерекшелiгiне сәйкес техникалық жарамды аспаптармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етудi қамтитын ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.
5. Тасымалдау процесiне қатысушылар Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi туралы заңнамасында белгiленген құзыретi шегiнде:
адамның өмiрi мен денсаулығы, жолаушылардың жүруi үшiн қауiпсiз жағдайларды;
жүктер, багаж және жүк-багаж тасымалының қауiпсiздiгiн;
темiр жол көлiгiнiң техникалық құралдарын пайдалану кезiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн;
уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес олардың қарауындағы темiр жол көлiгi объектiлерiн күзетудi;
экологиялық қауiпсiздiктi;
өртке қарсы қауiпсiздiктi;
санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi.
6. Темiр жолдар, темiр жол станциялары, жолаушы платформалары, сондай-ақ поездар қозғалысына және маневр жұмыстарына байланысты темiр жол көлiгiнiң басқа да объектiлерi қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлеген талаптарға сәйкес сигналдық қоршаулары болуы тиiс.
7. Аумақтарында қауiптi жүктердi өндiру, сақтау, тиеу, түсiру, тасымалдау жүзеге асырылатын объектiлер Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес темiр жолдардан, елдi мекендерден, кәсiпорындардан, ғимараттар мен құрылыстардан қажеттi қашықтыққа алыстатылған болуы тиiс.
Байланыс, электр тарату желiлерiнiң, мұнай құбырларының, газ құбырларының және темiр жолдарды қиып өтетiн немесе оларға тiкелей жақын орналасқан басқа да құрылыстардың иелерi олардың жұмыс iстеу қауiпсiздiгiн және Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетiлген құрылыстарды салу мен пайдаланудың белгiленген нормаларының сақталуын қамтамасыз етуi тиiс, сондай-ақ қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн авариялардың немесе авариялық жағдайлардың туындауы туралы мемлекеттiк көлiктiк бақылау органдарын және темiр жол көлiгi ұйымдарын уақтылы хабардар етуi тиiс.
8. Қауiптi жүктер өндiрудi, тиеудi, түсiрудi, сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын, тасымалдау процесiне қатысушылар олардың тасымалдану қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi, авариялық жағдайлар мен олардың салдарын жою үшiн қажеттi құралдары және ұтқыр бөлiмшелерi болады.
Қауiптi жүктердi тасымалдау процесiнде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдау процесiне қатысушылар оқиға болған жерге көрсетiлген бөлiмшелердiң дереу жiберiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.
9. Тасымалдау процесiне қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өздерiнiң ерекше қасиеттерiне қарай жүктердiң жекелеген түрлерiн күзетудi және оларды алып жүрудi қамтамасыз етуi тиiс.
10. Тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу қауiпсiздiгi:
жұмыстарды жүргiзу тәсiлдерiн, көтергiш-көлiк жабдығын және технологиялық жабдықтауды таңдаумен;
жұмыстарды жүргiзу орнын дайындаумен және ұйымдастырумен;
жұмыс iстейтiндердi қорғау құралдарын қолданумен;
жұмысқа жiберiлген тұлғаларды медициналық қараудан өткiзумен және оларды оқытумен қамтамасыз етiлуi тиiс.
11. Өндiрiстiк және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықты, көлiк құралдарын ұстау мен пайдалану, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет.
12. Өрт қауiпсiздiгi:
өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау бөлiгiнде қауiптi жүктердi тиеуге, сұрыптауға және түсiруге, сондай-ақ жылжымалы құрамның көрсетiлген жүктердi тиеуге дайындығын бақылауды ұйымдастырумен;
белгiленген өртке қарсы режимдi сақтаумен, өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау жөнiнде нұсқаулықтан өтпеген тұлғаларды жұмысқа жiбермеумен;
эвакуациялау жолдарын, өртке қарсы бөгеттердi, үзбелердi, кiрме жолдарды және жолдарды, өрт сөндiру құралдарын (гидранттар, iшкi өрт крандары, өртсөндiргiштер) ұстауға бақылау жасау мақсатында аумақтарға, ғимараттарға, өндiрiстiк және қызметтiк үй-жайларға мерзiмдi тексеру жүргiзумен және анықталған бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою жөнiнде жедел шаралар қабылдаумен;
өрт сөндiру, өрт сигналын беру, хабарлау және байланыс қондырғыларын жарамды ұстаумен, олардың iс-әрекетке ұдайы дайындығымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
13. Темiр жол көлiгiнде қауiпсiздiк шараларын сақтамау мынадай салдарға әкеледi:
қирауға;
аварияға;
жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайына;
жұмыстағы ақаулы жағдайға;
жұмыстағы қиындыққа;
қозғалыс қауiпсiздiгiн басқа да бұзушылықтарға.
14. Нәтижесiнде адамдар қаза болған немесе ауыр дене жарақаттарын алған немесе темiр жол жылжымалы құрамы мүкәммалдан шығарылу дәрежесiне дейiн зақымдалған, магистральдық станциялық немесе кiрме жолдарда жүк немесе жолаушылар поездарындағы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары поездардың қирауына жатады.
15. Нәтижесiнде темiр жол жылжымалы құрамының күрделi жөндеу көлемiнде бүлiнген, магистральдық, станциялық немесе кiрме жолдарда жүк немесе жолаушылар поездарында жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу, сондай-ақ нәтижесiнде адамдар қаза болған немесе ауыр дене жарақаттарын алған немесе темiр жол жылжымалы құрамы мүкәммалдан шығарылу дәрежесiне дейiн зақымдалған, станцияларда немесе кiрме жолдарда маневрлiк жұмыстар кезiнде жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары аварияларға жатады.
16. Ақаудың ерекше жағдайларына мыналар жатады:
1) нәтижесiнде жылжымалы құрамның ағытылуын және жөндеуге қойылуын талап ететiн көлемде бүлiнуге жол берiлген, бiрақ осы Ереженiң 14 және 15-тармақтарында көрсетiлген салдар болмаған, жүк және/немесе жолаушы поездарындағы жылжымалы құрамның магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда соқтығысуы;
2) нәтижесiнде жылжымалы құрамның ағытылуын және жөндеуге қойылуын талап ететiн көлемде бүлiнуге жол берiлген, бiрақ осы Ереженiң 14 және 15-тармақтарында көрсетiлген салдар болмаған, жүк және/немесе жолаушылар поездарындағы жылжымалы құрамның магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда рельстен шығуы;
3) поезды бос емес жолға қабылдау - келе жатқан поезд бағдаршамның рұқсат беру кiрме (бағыттық) сигналында немесе шақыру белгiсiнде өтiп кеткен (локомотивтiң бiр бөлiгiмен болса да) немесе поезд машинисi басқа поезд немесе жылжымалы құрам тұрған жолға дайындалған бағыт кезiнде станцияға жүрiп өтуге рұқсат алған жағдай;
4) поезды бос емес аралыққа (блок-учаскеге) жөнелту - бағдаршамның ашық шығу сигналы немесе шақыру сигналы кезiнде немесе машинистке аралыққа орналасуға берiлген рұқсат бойынша және ол қажеттi жағдайларда поездың жүруi туралы қосымша нұсқау немесе сигнал алғаннан кейiн алда тұрған аралыққа (блок-учаске), онда басқа поездың (кез келген бағыттағы) немесе жылжымалы құрамның тұрғанына қарамастан, поездың жөнелтiлуi (немесе тоқтамай өтуi) және осы жолдың шығу сигналынан (сигнал болмағанда - шектiк бағанадан) локомотивтiң бiр бөлiгiмен болса да өтiп кету жағдайы;
5) поезды дайындалмаған бағыт бойынша қабылдау (жөнелту) - дұрыс дайындалмаған немесе дайын емес, соның iшiнде жылжымалы құрам тұрмаған жолға әкелетiн бағытқа бағдаршамның тыйым салатын кiрме (шығу) сигналы кезiнде келе жатқан (жөнелтiлетiн) поезд бағдаршамның ашық кiрме (шығу) сигналынан өтiп кеткен (локомотивтiң бiр бөлiгiмен болса да) немесе станцияға (станциядан) жүруге машинист рұқсат алған, сондай-ақ электр тартымы бар поезға электрлендiрiлмеген жолға немесе токтың басқа түрiмен электрлендiрiлген жолға немесе түйiспе сымында кернеуi алынған жолға қабылдау бағыты әзiрленген жағдай;
6) бағдаршамның тыйым салу сигналынан немесе шектiк бағанадан рұқсатсыз өту;
7) поезд астынан бағыттаманы ауыстыру;
8) жылжымалы құрамның станциялардағы, кiрме жолдардағы шектiк бағанадан асып iргелес аралыққа поезды қабылдау-жөнелту бағытына, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуi, бiрақ осы Ереженiң 14 және 15-тармақтарында көрсетiлген салдардың болмауы;
9) жылжымалы құрам осiнiң, доңғалақ осi мойнағының, доңғалақ жұбының сынуы;
10) жылжымалы құрам арбашасының бүйiр жағының немесе рессоры үстiндегi арқалығының сынуы;
11) жылжымалы құрам арқалығының үзiлуi;
12) техникалық ақауларға байланысты, буксаның қызып кетуiн қоса алғанда, жолда жолаушылар поездарынан вагонның ағытылуы (жолаушылар поездарын құрастыру және тағайындау станцияларынан басқа, барлық станцияларда есепке алынады);
13) поезды жабылған шеткi крандармен жөнелту;
14) станцияларда бағдаршам белгiсiнiң тыйым салу көрсеткiшiнде жылжымалы құрамның жүрiп өтуiне әкеп соқтырған бағдаршамның рұқсат сигналының тыйым салу сигналына ауысуы - станцияда белгi беру құрылғыларының, рельстiк тiзбегiнiң ақаулығынан, электр энергиясының ажыратылуынан немесе станция кезекшiсiнiң (сигнал берушiнiң) қатесiнен бағдаршамның рұқсат беру көрсеткiшiнiң тыйым салу көрсеткiшiне ауысып, жылжымалы құрамның тыйым салу сигналынан өтiп кетуiне әкеп соқтырған жағдай;
15) локомотивтiң жарамсыздығы оны ауыстыруды талап еткен, жолаушылар поезындағы локомотивтiң бұзылу жағдайы (локомотив бригадаларын ауыстыру пункттерiнен, сондай-ақ негiзгi немесе айналымды локомотивтiк депосы бар пункттерден басқа, барлық станцияларда есепке алынады);
16) жолда келе жатқанда жүктiң құлауы - жүктiң немесе оның бөлiгiнiң темiр жолға түсу жағдайы, сондай-ақ жүктiң жылжымалы құрамға жүктi тиеудiң белгiленген өлшемдерiнен шығуын туғызған жүк бекiтпесiнiң ығысуы, бұрылуы, бұзылуы және басқа да ақаулар;
17) аралықтар мен станцияларда жол жұмыстарын жүргiзу орындарының сигналдық белгiлермен қоршалмауы;
18) едендегi бағдаршамда тыйым салу орнына жалған рұқсат берудi көрсетудiң немесе одан әрi рұқсат ету сигналын көрсетудiң пайда болуы жатады.
17. Жұмыстағы ақаулы жағдайларға мыналар жатады:
1) осы Ереженiң 14 және 15-тармақтарында көрсетiлген салдарлар болмайтын, жылжымалы құрамның маневрлер, жабдықталу және басқа да қозғалыстар кезiнде рельстен шығуы;
2) осы Ереженiң 14 және 15-тармақтарында көрсетiлген салдарлар болмайтын, бiрақ жылжымалы құрамның ағытылуы немесе жұмысқа қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру үшiн жөндеуге қойылуы талап етiлетiн дәрежеде бүлiнуi орын алатын жылжымалы құрамның маневрлiк жұмыстар мен басқа да қозғалыстар кезiнде соқтығысуы;
3) темiр жол көлiгiнiң ұйымдары қызметкерлерiнiң кiнәсiнен жол берiлген темiр жол өтпесiнде жылжымалы құрамның өздiгiнен жүретiн немесе автокөлiк құралдарымен соқтығысуы;
4) поездағы жылжымалы құрамның автотiркегiштерiнiң өздiгiнен ағытылуы;
5) поездағы жылжымалы құрам автотiркегiшiнiң үзiлуi;
6) жылжымалы құрам бөлiктерiнiң темiр жолға құлауы;
7) жылжымалы құрамның бағыттамалы бұрманы кесiп өтуi;
8) аралық станцияларда жүк поезынан вагондардың мыналардың салдарынан ағытылуы:
техникалық ақаулылық (егер вагонды ағыту техникалық қызмет көрсетудiң негiзгi пункттерiнен басқа, қызмет көрсетудiң кепiлдiк иiнiнiң жылжымалы құрамы үшiн белгiленген кез келген аралық станцияда жүргiзiлген болса, онда ол жұмыстағы ақаулық деп есепке алынады);
буксаның қызуы (техникалық қызмет көрсетудiң негiзгi пункттерiнен басқа, барлық жағдайларда есепке алынады);
9) нәтижесiнде поездардың аралықта поезд қозғалысы кестесiнде белгiленген уақыт нормаларынан артық немесе станцияда бағдаршамның рұқсат белгiсi ашылған сәттен бастап бiр сағат және одан да көп уақыт кiдiруiне жол берiлген, жолдың, жылжымалы құрамның, сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау және байланыс, түйiспелi желi, электрмен жабдықтау құрылғыларының және басқа да техникалық құралдардың ақаулығы;
10) аралықта немесе станцияларда жүк тиеудiң техникалық шарттарының бұзылуынан вагонның поездан ағытылуы;
11) локомотивтi ауыстыруды талап ететiн, автоматты локомотивтiк сигнал берудiң немесе локомотив қауiпсiздiгiнiң басқа да аспаптарының ақаулығы (локомотивтердi немесе локомотив бригадаларын ауыстырудың белгiленген пункттерiнен басқа, барлық станцияларда есепке алынады);
12) аралықтарда малды басып кету салдарынан поездан ағытылуы талап етiлетiн жылжымалы құрамның бүлiнуi;
13) жолөлшеуiш вагонның бастығы немесе қозғалыс қауiпсiздiгi тексерушiсiнiң өтiнiмi бойынша поезд диспетчерiнен учаскедегi қозғалысты жабу туралы бұйрық беруiн талап ететiн жолдың ақаулығы.
18. Қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзу осы Ереженiң 14, 15, 16, 17-тармақтарына жатпайтын, бiрақ мыналарды туындатқан жағдайлар:
1) жолдың, жылжымалы құрамның және техникалық құралдардың техникалық ақаулығынан аралықта немесе станцияда поездың отыз минуттан астам және одан да ұзақ уақытқа кешiгуi;
2) жолдың жоғарғы құрылысын күтiп ұстаудың бұзылуынан локомотив машинисiнiң жолдағы "соққыны" мәлiмдеуi;
3) доңғалақ жұбының қай жерде ауыстырылғанына қарамастан, жүрiп өту жолында доңғалақ жұбының ақауы бойынша жолаушы поезының доңғалақ жұбын ауыстыру;
4) поездан жылжымалы құрамды жөндеу үшiн ағытпай-ақ, жолда малды басып кетудi туындатқан жағдайлар жұмыстағы қиындықтар болып саналады.
19. Қозғалыс қауiпсiздiгiнiң өзге бұзушылықтарына сыртқы себептердiң салдары болып табылған қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзушылықтар жатады:
1) сыртқы ауа температурасы минус 35 о С-тан төмен, 20 м/сек-тан артық жел кезiндегi ауа-райы жағдайы;
2) сигнал беру құрылғыларының техникалық жарамды кезiнде автокөлiк құралдарымен темiр жол өтпелерiнде соқтығысулар;
3) қауiптi жүктiң төгiлуi себебiнен поездың жүру жолында жүк вагонын ағыту;
4) техникалық күтiп ұстауды бұзу салдары болып табылмаған және/немесе поездарды өткiзудiң кешiгуiне әкелген жағдайлар жылжымалы құрамның, жолдың жоғарғы құрылысының, өртену ретiнде есепке алынады;
5) табиғи факторлардың (жолды су шайып кету және қар басып қалу) немесе бөгде тұлғалардың iс-әрекетiнiң салдарынан болған осы учаске бойынша поезды өткiзудiң кiдiруiн туғызған жолдың жоғарғы құрылысының бұзылуы;
6) поезды шұғыл тежеудi қолдану қажеттiлiгiн және оның тоқтауын туындатқан бөгде адамдардың темiр жолға заттар қоюы;
7) қозғалыс қауiпсiздiгiн өзге де бұзушылықтар, жоғарыда көрсетiлген тiзбеге енбейтiн бөгде себептердiң салдары болып табылатын жағдайлар, сондай-ақ жолда адамдарды басып кету жағдайлары.
3. Қорытынды ережелер
20. Темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiктi бұзушылық жағдайлары есепке алуға жатады.
21. Қазақстан Республикасының темiр жол желiсiнде жiберiлген қауiпсiздiк бұзушылықтарын есепке алуды мемлекеттiк көлiктiк бақылау органдары жүргiзедi.
22. Локомотив шаруашылығында қауiпсiздiктi бұзушылық жағдайлары локомотив бригадалары тiркелген депода есепке алынады.
23. Жөндеу технологиясының бұзылуынан жiберiлген қауiпсiздiктi бұзушылық жағдайлары жөндеудi жүргiзген ұйым басшылығының жазбаша келiсiмi болған кезде жөндеу ұйымының өкiлiмен бiрлесiп не өкiлiнсiз қаралады және жөндеу ұйымына есептеледi.
24. Осы Ереженiң 23-тармағында белгiленген ұқсас тәртiппен жолдың, энергиямен жабдықтаудың, сигнал беру мен байланыстың техникалық ақаулығы бойынша жiберiлген қауiпсiздiк бұзушылықтары есепке алынады.
25. Жүк вагондарының техникалық ақаулығынан жол берiлген қауiпсiздiктi бұзушылық жағдайлары поезға соңғы рет техникалық қызмет көрсетудi жүргiзген заңды тұлғаның есебiне, ал жолаушылар тасымалында - осы жолаушы вагонын пайдаланатын тасымалдаушының есебiне алынады.
26. Егер қауiпсiздiктi бұзушылықтарға кiнәлi екi және одан артық тасымалдау процесiне қатысушылардың қызметкерлерi болып табылатын жағдайда қауiпсiздiктi бұзу жағдайы жүргiзiлетiн қызметтiк тексеру материалдарының негiзiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзу жағдайына негiзгi кiнәлi адам жұмыс iстейтiн ұйымға есептеледi.
27. Тасымалдау процесiне қатысушылардың қызметкерiнiң кәсiптердi қоса атқару тәртiбiмен оған жүктелген мiндеттердi орындамауына байланысты жол берiлген магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда болған қауiпсiздiктi бұзушылық жағдайлары кiнәлi қызметкер жұмысын атқарған ұйымда (құрылымдық бөлiмшеде) есепке алынады.
28. Поездардың автокөлiк құралдарымен және/немесе басқа да өздiгiнен жүретiн құралдармен соқтығысу жағдайларын және малды басып кетуiн, егер тексеру кезiнде тасымалдау процесiне басқа қатысушылардың қызметкерлерiнiң кiнәсi анықталмаса, осы бұзушылыққа жол берген тасымалдау процесiне қатысушылар немесе темiр жолдың осы учаскесiндегi жолдың жоғарғы құрылысын күтiп ұстауға жауапты ұйым есепке алады.
29. Жеке және/немесе заңды тұлғаларға тиесiлi темiр жолдарда, олардың қызметкерлерiнiң кiнәсiнен жол берiлген қауiпсiздiктi бұзушылық жағдайлары осы тұлғаларға есептеледi.
30. Қауiпсiздiктi бұзушылық жағдайларын алғашқы есепке алудың дұрыстығы мен толықтығын тасымалдау процесiне қатысушы ұйымдардың бiрiншi басшылары қамтамасыз етедi.
31. Қазақстан Республикасының темiр жол желiсiнде жiберiлген қауiпсiздiктi бұзушылықтар туралы ақпарат жедел тәртiппен бiр тәулiк iшiнде, ал жолаушы поездарымен болған жағдайда - дереу көлiктегi уәкiлеттi органның мемлекеттiк көлiктiк бақылау орталық аппаратына және/немесе аумақтық органдарына берiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |