Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2013 жылдың
1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму
қорытындылары туралы
Қаланың 2013 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында құндық тұлғада 156,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (196,8 млрд. теңге) 20,7%-ға төмендеді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 87%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 77,4%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнім өндіру көлемі 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 120,9 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңнен (163,8 млрд. теңге) 26,2%-ға төмен.
Көрсеткіштің төмендеуіне өнімді сату бойынша шектеу, домна пештерінің тұрақсыз жұмысы және жоғары деңгейдегі апаттылық әсер етті.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 115,3 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (72,4 млн. теңге) 59,3%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексі 140,4%-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 29,8 млрд.теңгені құрады немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 57,2%-ға өсті (18,9 млрд.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі –148,9%.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында іске асыру жоспарланып отырған инвестициялық және инновациялық жобалардан тұратын база құрылды.
Олардың ішінде өңірлік Индустрияландыру картасына Теміртау қаласының 5 жобасы енгізілді:
1) «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып дамыту және жаңарту» жобасы.
Осы жоба шеңберінде 2012 жылы 3 жоба іске асырылды:
- № 1 конвертердің газ бөлуші трактын реконструкциялау;
- ауа бөлу блогын салу;
- домна газындағы қазандықты салу.
2) «Nord Пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бетон теміржол шпалдарын өндіруге арналған айналмалы желілерді іске қосу.
1-желі 2011 жылы іске қосылды, 90 жұмыс орны ашылды, қуаттылықтың игерілуі – 117%. 1-желі іске қосылған сәттен бастап 613,8 мың дана шпал шығарылып, сатылды, оның ішінде 2011 жылы – 172,9, 2012 жылы – 339,3 мың дана шпал, 2013 жылы – 101,6 мың дана.
2012 жылы 2-желі іске қосылды, жобалық қуаттылығына шығуы - 2013 жылы іске асады. 2-желі іске қосылғаннан бастап 215,3 мың дана шпал шығарылып, сатылды, оның ішінде 2012 жылы –163,1 мың дана шпал, 2013 жылы –52,3 мың дана шпал.
3) «Профиль КМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту» жобасы.
Желі 2011 жылы іске қосылды, жылына жобалық қуаттылығы – 15,0 мың тонна өнім, тиелуі 76,3%-ды құрады, жобалық қуаттылығына шығуы – 2013 жылғы қараша. Жоба іске қосылғаннан бастап 11,5 мың тонна бедерленген тақталар шығарылды, оның ішінде 2012 жылы – 9,3 мың тонна тақта, 2013 жылы – 2,2 мың тонна.
4) «Қарцемент» акционерлік қоғамында «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5-технологиялық желіні іске қосу» жобасы.
Жобаның жалпы құны – 12,3 млрд. теңге, 47,0% ивестиция игерілді (5,7 млрд. теңге). Пайдалануға берілуі – 3013 жылғы қараша.
5) «Temir Logistik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Жүк автомобильдері мен арнайы техника үшін сервис стансысын салу» жобасы.
Станция 2012 жылғы қыркүйекте пайдалануға берілді, жобалық қуаттылығына шығуы - 2015 жыл. Ашылған сәттен бастап стансыда жүк машиналарының 801 бірлігіне қызмет көрсетілді, оның ішінде 2012 жылы – 625 бірлік, 2013 жылы – 176 бірлік.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында шағын бизнесті дамыту есебінен 139 немесе жоспарға (138 жұмыс орны) 100,7% жұмыс орны ашылды.
2013 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6833 бірлікті немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 104,3%-ды (6550 бірлік) құрайды.
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 23450 адамды немесе 2012 жылдың 1 жартыжылдығына 106,9%-ды (21930 адам) құрады.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 23200 млн. теңгені немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 27,7%-ды (18170 млн. теңге) құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 2013 жылдың 1 жартыжылдығында бюджетке 1500 млн. теңге төлем түсті немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (1328 млн. теңге) 12,9%-ға өсті.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында қалалық бюджетке кірістердің түсуі 5421,3 млн. теңгені немесе жоспарға 101,4%-ды (5349,0 млн. теңге) құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 100%-ды немесе жоспарлы 5611,1 млн. теңгеге қарағанда 5608,8 млн. теңгені құрады.
2013 жылғы қаңтар-маусымда тұтыну бағасының индексі 2012 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 107,4%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 105,7%, азық-түлік емес тауарларға – 103,2%, ақылы қызметтер – 113,5%.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 2202 адамды құрап отыр (2012 жылдың 1 жартыжылдығында –2027 адам), жұмысқа орналастырылғаны-1715 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 77,9%-ы.
Кедейлік деңгейінен (6302 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 156 адамды құрады (35 отбасы), 2012 жылдың 1 жартыжылдығында – 222 адам (50 отбасы).
Кедейлік деңгейі ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 0,09 %.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында 1282,5 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 162 адамға тағайындалды (2012 жылдың 1 жартыжылдығында–1736,5 мың теңге сомасына 210 адам).
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 1583,1 мың теңге сомасына 915 тұрмысы нашар азаматтарға көрсетілді (2012 жылдың 1 жартыжылдығында 1780,2 мың теңге сомасына 992 адам).
2013 жылдың 1 жартыжылдығында 181 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті.
Қоғамдық жұмыстарға 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 395 адам жіберілді (2012 жылдың 1 жартыжылдығында - 679 адам).
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -20.
2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны–6850 адамды құрады, олардың 5314-і немесе 77,6%-ы мектепке дейінгі мекемелерде оқып, тәрбиеленуде, яғни 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (76,8%) 0,8%-ға өсті.
Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектебінде 18508 оқушы оқиды.
Жалпы білім беретін мектептердің компьютерлік паркі 2648 бірлікті құрайды, 1 компьютерге есептегенде оқушы саны 6,99-ды құрайды.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 491 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 27,1-ді құрайды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1358 адам.
Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 76,4-ті құрайды.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа 42,5-ті немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2-ге төмендеді (2012 жылдың 1 жартыжылдығында –43,7).
2013 жылы республикалық бюджеттен келесі инвестициялық жобаларға трансферттер бөлінді:
-
686,5 ммлн. теңге сомасына 2 автомобиль жолын реконструкциялау;
-
70,9 млн. теңге сомасына жылу көтергіш сорап стансысын салу.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 8206,9 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 10,6%-ға төмендеді (9182,7 млн. теңге). Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 82%-ды құрады.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар-тапсырма – 17,0 мың ш.м, орындалғаны 17,01 мың ш.м. немесе жоспарға 100,1%. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 89,4% мөлшеріндегі негізгі көлем - жеке құрылыс есебінен орындалды, жеке инвестициялар – 10,6%.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік көрсеткіштерінің төмендегені байқалады:
-
жүк айналымы 28,4%-ға төмендеді және 13013,6 мың ткм-ді құрады;
-
жүк тасымалы 26,9%-ға төмендеді және 222,1 мың тоннаны құрады;
-
жолаушы тасымалы 22,1%-ға төмендеді және 12956,5 мың адамды құрады;
-
жолаушы айналымы 7,8%-ға төмендеді және 57671 мың жкм-ді құрады.
Қалада және Ақтау кентінде барлық нысандар коммуналдық қызмет көрсетумен тұрақты қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |