«Тендер кз» газетіне басылым беру кезінде атқарылатын қызметтің келісім-шарты



Дата07.07.2016
өлшемі45.05 Kb.
#183638
«Тендер КЗ» газетіне басылым беру кезінде атқарылатын қызметтің

КЕЛІСІМ-ШАРТЫ

Астана қ.. 2011 ж. «___» ___________


________,бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын______________________,

__________негізінде іс-әрекет ететін бір жағынан, «Издательство БМ» ЖШС, бұдан әрі Орындаушы деп аталатын, атқарушы директоры Елемесова Д.С., 20_ ж. «____» ____________№ ______ сенімхат негізінде іс-әрекет ететін, екінші жағынан, кейін бірлесе «Жақтар» деп аталатын, төмендегідей келісім-шарт бекітті:


1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Осы келісім-шарттың мәні өткізілетін мемлекеттік сатып алулар мен олардың қорытындылары туралы жарнамаларды мемлекеттік және орыс тілдерінде «Тендер КЗ» газетіне жариялау қызметін көрсету болып табылады.

2. ЕКІ ЖАҚТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Орындаушы:



  • сапалы және толық түрде қызмет көрсетуге;

  • осы келісім-шарттың мәніне қатысты барлық ақпаратты, орын алған

жаңа фактілер бойынша Тапсырыс берушіге мәлімдеп отыруға;

  • бекітілген қызмет көрсету бойынша Тапсырыс берушінің жасаған ескертулерін тез арада түзеп отыруға міндетті.

2.2. Орындаушы Тапсырыс берушіден қызмет көрсету барысында қажет болған ақпаратты алуға құқылы.

2.3. Тапсырыс беруші:



  • жарияланатын хабарландыруды жазбаша түрде, Microsoft Word өлшемінде Орындаушының электронды мекен-жайына сағ. 13.00-ден (Астана уақытымен) кешіктірмей, алдын-ала, жариялануы тиіс күннен бір күн бұрын жіберуі тиіс;

  • көрсетілген қызметтің ақысын осы келісім-шартта көрсетілген тәртіп бойынша төлеуге міндеттеледі.

2.4. Тапсырыс беруші қызметтің орындалу барысы жайында мәлімет алуға және қате немесе қандай да олқылықтар табылған жағдайда түзетулер енгізуіне құқығы бар.

2.5. Егер Орындаушыға қызмет көрсету барысында жарнаманың бекітілген уақытта басылып шығуына қандай да бір себептер кедергі келтіретін болса, онда ол бұл жайлы Тапсырыс берушіге жазбаша түрде хат жолдауы тиіс. Тапсырыс беруші орын алған жағдай туралы Орындаушыдан жазбаша хат алғаннан соң, жағдайды бағалап, өз қалауы бойынша Орындаушымен келісім-шарт уақытын созуға құқылы. Бұл жағдайда келісім-шартқа қосымша енгізіліп, ол екі жақтың құзырлы өкілдерінің қолы және мөрімен бекітілуі тиіс.


3. ЕСЕПТЕСУ ТҮРІ МЕН ТӘРТІБІ
3.1. Өткізілетін мемлекеттік сатып алу және олардың қорытындылары жарнамасының 1 (бір) шаршы сантиметрінің бағасы, ҚҚС-ны қоса есептегенде 90 теңгені құрайды.

3.2. Орындаушы атқарған қызметтің көлемі мен бағасы жарияланған мәліметтің фактісі бойынша айқындалады.

3.3. Тапсырыс беруші осы келісім-шарт бойынша қызметтің төлемақысы Орындаушының банктік есепшотына басылым жарық көргеннен кейін шот-фактура негізінде 5 (бес) банктік күн ішінде төленуі тиіс.


4. ЕКІ ЖАҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
4.1. Екі жақ осы келісім-шартта аталған қызметтерді ережеге сәйкес емес, немесе мүлдем орындамаған жағдайда, сонымен қатар, өз құзыретінен тыс қызмет көрсету орын алған жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы келісім-шартта көрсетілген тармақшаға сәйкес жауапқа тартылады.

4.2. Келісілген уақытта қызмет көрсетпегені үшін Орындаушыға әр бір ұзартылған күн үшін 0,2 % көлемінде айыппұл салынады, бірақ ол қызмет бағасының 10% аспауы тиіс.


5. ӨТКІЗУ-ҚАБЫЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘРТІБІ
5.1. Орындаушының атқарған жұмысының дәлелі екі жақтың құзыретті өкілдерінің қолы қойылған қызмет актісі болып табылады.

5.2. Тапсырыс берушінің Орындаушыға қызметтің сапасы мен шығу уақытына ешбір ескертуі болмаған жағдайда, ол жұмысты қызмет актісі бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

5.3. Тапсырыс беруші атқарылған жұмыс бойынша Орындаушыға өз ескертуін басылым жарияланғаннан соң жазбаша түрде 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберуі тиіс. Олай болмаған жағдайда Орындаушының қызметі келісім-шартқа сәйкес орындалды деп саналып, жоғарыда көрсетілген мерзім өткеннен кейін қарауға алынбайды және түзету орындалмайды.

5.4. Екі жақ келісім-шарттың күші жойылғаннан кейінгі 10 (он) күн ішінде өзара толық есептесуі тиіс.


6. ФОРС-МАЖОР
6.1. Осы келісім-шарт бойынша көрсетілетін қызмет екі жақтың құзыретінен тыс бұзылған жағдайда екі жақтың ешқайсысы жауапқа тартылмайды.

6.2. Форс-мажор жағдайы орын алғанда Орындаушы Тапсырыс берушіге көп кешіктірмей жазбаша түрде жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіріп ескерту хат долдауы тиіс, немесе, ол жайлы «Тендер КЗ» газетіне жариялауы керек. Егер тапсырыс берушіден басқаша нұсқаулық болмаса, Орындаушы өз жұмысын осы келісім-шарт аясында атқара береді, және форс-мажор жағдайына қатысты емес, жағдайды шешудің басқа жолдарын қарастырады.

6.3. Егер форс-мажор жағдайынан шығудың ешбір басқа жолы табылмаса, екі жақ өзара келісімге келіп, осы келісім-шартты бұзып, өзара есептесуі керек.
7. ДАУЛЫ ЖАҒДАЙДЫ ШЕШУДІҢ ТӘРТІБІ
7.1. Осы келісім-шарт бойынша өзара келіспеушілік орын алса, бұл мәселені екі жақ жазбаша ескерту жасау арқылы шешуі тиіс. Ескертуді қарастыру мерзімі 10 (он) күнтізбелік күн.

7.2. Екі жақ өзара келісім-шарт аясында келісімге келмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралатын болады.

7.3. Екі жақтың осы келісім-шартқа сәйкес кез келген ескертулері жазбаша хат, телеграмма телекс немесе факс түрінде, соңынан түпнұсқасын жолдау арқылы орындалады. Ескертпе жеткізілген немесе ескертпеде көрсетілген (егер ескертпеде көрсетілген болса) соңғы келген уақыттан бастап күшіне енеді .
8. ҚОРЫТЫНДЫ
8.1. Келісім-шарт бірдей заңдық күші бар екі дана болып жасалды, және бір данасы – Тапсырыс берушіде, ал екіншісі – Орындаушыда болады.

8.2. Осы келісім-шартқа енгізілген өзгертулер мен қосымшалар тек жазбаша түрде жасалып, оған екі жақ құзыретті өкілдерінің қолы қойылып, мөрмен бекітілуі тиіс.

8.3. Екі жақтың қайсысы болса да, осы келісім-шартқа құзыреттілігін үшінші жаққа екінші жақтың жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.

8.4. Осы келісім-шарт қол қойылған кезден бастап 20_ ж.31 желтоксанына дейін жарамды. Келісім-шарт екі жақтың өзара келісімі бойынша уақытынан бұрын күшін жоя алады.


9. ЕКІ ЖАҚТЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ МЕН ҚОЛДАРЫ


«Тапсырыс беруші»

«Орындаушы»

«Издательство БМ» ЖШС

Заң.м/ж:010008, Астана қ.,Жұбанов к., 24/1.

Тұр.м/ж:010008, Астана қ.,Жұбанов к., 24/1.

Тел.: 8 (7172) 93-98-26

Факс: 8 (7172) 93-32-17

E-mail: info@tendr.kz

Банктік реквизиттер:

Есепшот номері: KZ839261501133907004

«Казкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиялы БЖК KZKOKZKX

СТН 620200254020

БСН 050440009660



Кбе 17 КНП
Аткарушы

директоры ______________ Д.Елемесова
«___» ___________ 2011 ж.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет