Теориялық биология курсы ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет13/16
Дата30.09.2022
өлшемі71.42 Kb.
#461694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
теор.био. дәріс тезистер (1)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Уақыт-теориялық биологияның мәселесі ретінде
2. Биологиялық уақыт
3. Түр. Түр өлшемдері
Тест тапсырмалары
1. Теориялық биологиядағы қозғалыстың ұзақтығының уақыт арқылы анықталатын түрі
А) Көбею
В) Өлім
С) &Биологиялық жас
D) Өмір сүру ұзақтығы
Е) Туылым
2. Теориялық биологиядағы қозғалыстың ұзақтығының екінші түрі
А) &Бір организм шеңберіндегі өзіндік уақыт
В) Көбею
С) Өлім
D) Өмір сүру ұзақтығы
Е) Туылым
3. Биосфера – бұл :
А)& Жердегі тіршіліктің таралу аймағы
В) Жер планетасындағы қазір тіршілгі жоқ аймақ
С) Қазіргі және бұрынғы тіршіліктің таралуы
D) Айдағы тіршіліктің таралу аймағы
Е) Ғарыштағы тіршіліктін таралу аймағы
4. Жер биосферасының құрамына енетіндер:
А) литосфера
В) жер қыртысы
С) жер қыртысы және жер мантиясы
D) литосфера және жер қыртысы
Е)& жер қыртысының жоғарғы бөлігі
5. Реалистік әлемнің хроногеометриясын құрастыру кезінде, эксперименттердің атрибуты деп сағат деген ұғымға сілтеме жасаған ғалымдар
А) &Эйнштейн және Минковский
В) В.И. Вернадский және Ф.Энгельс
С) Борис Эфрусси және Томос Хант Морган
D) Томос Хант Морган
Е) Н.П.Кренке

1

№ 13
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Анатомиялық-морфологиялық өлшем
2. Физиологиялық-биохимиялық өлшем
3. Эволюциялық-географиялық критерий
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жер тарихының геологиялық жылнамасы, геохронологиялық кестенің (шкала) геологиялық жылдар көрінісі екені. Ғалымдар әр алуан элементтердің радиоактивті талдауы жәрдемімен қандай болса да геологиялық қатпарлардың жасын анықтайды. Бұл өте дәлдікпен жүретін жүретін геологиялық сағат. Өте ежелгі қатпарлардың айы-күні, жылын анықтау үшін қорғасын-кобальтты әдіс, ал жастау қабаттарды анықтауда-кеміртектік әдістер жиі пайдаланылады.
Геологиялык мерзімнің ең ірі бөлімі-заман. Барлығы бес заманға бөлінеді.
Замандардың әрқайсысы бірінен-бірі көптеген көрсеткіштермен едәуір ерекшеленеді. Геологиялық үдерістердің ең маңызды ерекшеліктері климаттық жағдайлар және ең бастысы, тіршіліктің үстем формалары өсімдіктер мен жануарлар.
Түр. Түр олшемдері (критерий). Түр тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық өлшем бірлігі болып табылады. Тур - бұл сыртқы белгілері және тіршілік әрекеттерінің үрдістері бойынша ұқсас, жағдайларға мұқтаж, белгілі аумақта топтасып - популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен будан түзбейтін дарақтардың тобы. Былай да анықтама беруге болады: түр - бұл төрт өлшем бойынша ұқсас дарақтар тобы. Сол өлшем бойынша тірі ағзалардың бір түрі екіншісінен, тіпті жақын туыстастарынан ерекшелендіріледі.
1. Анатомиялық-морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшем. Бір түрге жататын өсімдіктердің гүлі және өзге мүшелерінің құрылысы бірдей болады. Бір түр жануарлары сырттай ғана емес, іштей де ұқсас болып келеді. Олардың жүрегі, өкпесі, миы және өзге мүшелерінің құрылысы бірдей.
2. Физиологиялық-биохимиялық өлшем. Бұл өлшемді дарақтардың белгілі бір түрге тиесілігін анықтаған кезде оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану деп түсіндіріледі. Атап айтқанда түрлер осылай айқындалып, ажыратылады.
3. Генетикалық өлшем бүгінгі күні негізгі өлшем болып есептелінеді. Бұл ұғымға хромосоманың мөлшері, саны пішіні, көбею және эмбриогенез мерзімі, тіпті күйттеу мінез құлығының «жүру жолы», еркін шағылысып, есімтал ұрпақ
бере алуы қамтылады.
4. Эволюциялық-географиялық өлшем. Мұнда түрдің таралуы, оның таралу аймағы және дәл сол ағза мүдделігіндегі табиғи жағдайлар жиынтығы қамтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет