«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет15/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

2-хор: «Аппақ, аппақ жапалақтап»
2-жүргізуші: Тербеген сағынышпен талай түнін Жаңа Жыл жар лебінен тарайтын үн. Қыздардың жанарында жаңа жыл бар Дәл биыл он бес жасқа қарайтұғын.

  • Ал, қазір 1-класс оқушылары Аяз атаға өз өлеңдерін оқиды.



1-жүргізуші: Жаңа Жылда көңілді болу керек. Ұлдардың биін тамашалайық, демек.
Қарсы алыңыздар, сахнада 3-4 класс ұлдарының орындауында «Қара жорға» биі.


2-жүргізуші: Жаңа Жыл – ақ ниеттің алаулары, Жаңа Жыл – тарихтардың тараулары. Жаңа Жыл – жалындаған алқызыл нұр, Сенімен мен көтерген жалаудағы.
1-жүргізуші: Оу, балалар, біраз ойнап көңілімізді көтердік, бірақ осы Жаңа Жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?
Ақшақар: Ал, балалар, барлығымыз қосылып, Жаңа Жылды шақырайық!
Барлығы бірге: Жаңа жыл. Жаңа жыл.
Залға Жаңа Жыл келеді де құттықтау сөзін айтады.
2-жүргізуші: Амаңсың ба, Жаңа Жыл, Биылғы келген жыл – жылан жылы. Келген қадамың құтты болсын, Сен әкелген бақыт жылы болсын. Береке-бірлік, татулық, ырыс жылы болсын, Халықтар достығы нығая берсін!
3-хор: «Шырша жыры»
Ақшақар: Аяз ата, Ескі жылды шығарып салайық.
Аяз ата: Дұрыс айтасың! Ал Ескі жыл, сен құтты жыл болдың! Біз ризамыз саған, Ескі жыл! Біз сенімен қоштаспаймыз, тағы да кездесеміз! Ал сау бол, Ескі жыл!
Барлығы: Сау бол, Ескі жыл!
1-жүргізуші: Ал біз мерекемізді жалғастырайық: 1а-класс оқушыларының орындауында «Шөжелер» биі, қарсы алайық.
2 –жүргізуші: Мерекеміз – Жаңа жыл, Тойында қызық думан бар. Жаңа жыл – бұл жаңа өмір, Сайранда, туыс –туғандар.

  • Ал енді, 2а-класс оқушылары Аяз атаға арнап өлеңдерін оқиды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет