Тәрбие сағатының тақырыбы: «Аяулы күз, алтын күз!» Тәрбие сағатының мақсаты



Дата30.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#167696
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Аяулы күз , алтын күз!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру.Оқушылардың күз байлықтары:

астық, көкөніс, жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүюуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері:

Күз туралы суреттер мен даналық сөздер, күзгі ағаш, күз көкөністері, жеміс-жидектері, жапырақтар және музыкалық аспаптар.




Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар және ұстаздар! Бүгін міне мектебімізде болғалы жатырған бастауыш сынып оқушыларының дайындаған  «Аяулы күз, алтын күз!» атты күз кешіне қош келдіңіздер.

Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі — күз мезгілі. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді. Көктем мен жаз бойы тер төгіп еткен еңбектің нәтижесінде уылжып піскен, пайдалы түрлі жеміс жидектер — дастарханымыздың сәні, өміріміздің мәні екені сөзсіз. Олай болса, құрметті қонақтар, бүгінгі күз кеші осы жеміс жидектерге арналмақ.

Бүгінгі сайыс түрінде өткелі отырған мерекелік кешімізге мектебіміздің бастауыш 2-3, және 4 сыныптарының арасындағы ұл, қыздарымыз қатыспақшы.

Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, сайысқа төрелік етуші әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1.

2.

3.

4.

Әділқазылармен танысып болсақ, кешімізді бастамас бұрын «Аяулы күз, алтын күз!» атты кешіміздің шарттарымен танысып алайық.
1. Алғашқы сайыс кезеңі: Таныстыру.
Шарттары:




А) таңдаған жемістерін қатыстырып, өлеңдетіп таныстыру;

Ә) таңдаған жемістерін бейнелейтін киім үлгісін көрсету;

Б) таңдаған жемістері туралы қабырға газетін дайындау.

(Сайыскерлер өздерін таныстырады. Әділқазы алқасы бағалайды.)
2. Сайыстың келесі кезеңі: Білім сайысы
А) Жұмбақ шешу

Ә) Мақал-мәтелдің жалғасын табу

Б) Логикалық тапсырманы орындау.
3. Өнер сайысы.

Бұл сайыста сайыскерлеріміздің ән айтуына немесе би билеуіне, сондай-ақ көркем сөз оқуына болады.
4. «Күзгі дастархан»
5. «Сән үлгісі »
Ал енді ортаға жеміс-жидектерімізді шақырайық, қарсы алыңыздар!

Алғашқы боп ортаға 2 а сыныбы келе жатыр. Қарсы алыңыздар! Жүргізуші:

Жемістермен таныс болу үшін сөзді өздеріне береміз.

……………………………2бсыныбы…………………………………………



…………………………3а сыныбы

3б сыныбы

4а.4б,4в сыныптары
Ғалымдардың айтуы бойынша жемістердің ішінен ең пайдалысы, ол — алма. Алма — өте кең тараған жеміс ағашы. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Өмір сүру ұзақтығы 20 — 100 жыл. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы. Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет екен.

Жүргізуші:

Көздің көргіштігін жақсартатын құлпынайларды ортаға шақырамыз! ………………………




Құлпынай – жемісі жидек, тәтті, хош иісті көп жылдық жарықсүйгіш шөптесін өсімдік. Құлпынайдың табиғи түрі тек Еуропада өседі. Бізде екпе түрлері ғана өседі. Сұрпына қарай ерте көктемде, жазда, күзде жеміс береді. Сонымен қатар жаз бойы, күздің суық күндеріне дейін жеміс беретін сұрыптары бар. Құлпынай дәрумендерге аса бай. Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.

Жүргізуші:

Ертеде шырыны уланған адамдарды емдеуге пайдаланылған емдік қасиеті бар алмұрттарды қарсы алайық! 4 ………………………………………………………………………………………..

Алмұрт — алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. 5 000-нан астам сорты бар. Қысқа өте төзімді. Жемісі тәтті, ерте піседі және ірі болады.Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Алмұрт – бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды.Алмұрт ағашының жемісі – өте пайдалы, әрі тәтті. Емдік мақсатта жаңа піскен немесе кептірілген жемісін және жапырақтарын пайдаланады. Алмұрттың құрамындағы арбутин деген антибиотик микробтарды жояды. Алмұртты тамақ, кондитер өнеркәсібінде қолданады.

Жүргізуші:

Жемістер шеруін енді апельсиндер жалғастырады. Қарсы алайық! 4…………………………..

……………………………………………………………………………………………………………………………………….



Апельсин — тәтті, шырынды жеміс.Ол –цитрустық жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Υндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар. Еуропалық саяхатшылар апельсинді XV ғасырда әкелген. Ағаштары жылуды сүйеді. Түсі ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін әр түрлі болып келеді. Жемісі көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Ағзадағы зат алмасу үдерісін жақсартып, бауыр және жүрек сырқаты бар адамдарға пайдалы.Қабығының тұнбасы дене қызуын түсіреді.

Жүргізуші:

Өседі екен топтанып,

Өседі екен шоқтанып.

Жүр оңтүстік қазағы,

Жүзімімен мақтанып, дей отырып, ортамызға жүзімдерді шақырамыз! 4………………………..

………………………………………………………………………………………………………………………………………..



Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микро элементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырады. Жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартады. Жүзімнен эфир майы,сірке су алынады.

Жүргізуші:

Оңтүстік Америкадан келген ананастар бүгінгі кешіміздің басты қонақтарының бірі. Олай болса, қарсы алыңыздар! 4………………………………………………………………………………………

………………………………………………………………………………………………………………………………………..



Ананас — көпжылдық жылусүйгіш, жарықсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді шөптектес өсімдік. Ананастың отаны — Оңтүстік Америка құрлығы. Қазіргі кезде тропиктік аймақтарда өсіріледі. Бір қызығы, тропиктен шалғай жатқан Голландияда ананас өсімдігі жылыжайда өсіріледі. Ананастың жемісі өте дәмді әрі пайдалы. Оның шырынындағы ферменттер ас қорыту барысында пайдасын тигізеді. Ананас жемісін жеген кезде ол піскен болуы керек. Піспеген жеміс ерін мен ауыз қуысын зақымдайды. Ананастың құрамындағы минералды заттар: калий, темір, мыс, мырыш, марганец, магний, кальций және йод. Ананас қан қысымын төмендетуге және қан тамырларының қызметін жақсартуға қызмет етеді.

Жүргізуші:

Кезекті шиелерге берейік.Ортаға 4……………………………………………………………………………..
Шие ағашы – биіктігі 7 метрге дейін жететін ағаш. Мәдени өсімдік ретінде көп жерлерде егіледі. Гүлі ақ, кейде қызғылт. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін, жапырағы мен майда бүршіктерін пайдаланады. Шиенің құрамында қант, эфир майлары, А, В, С, РР дәрумендері, лимон және алма қышқылдары, илік заттар, мыс бар. Дәнін көп мөлшерде жесе, кісіні уландырады. Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті.Шиенің емдік қасиеті бар.

Жүргізуші:

1. Алғашқы сайыс кезеңі: Таныстыру.

Жүргізуші:

2. Сайыстың келесі кезеңі: Білім сайысы

Ал енді балалар мен сендерге мынандай сұрақ қояйын.
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
(Балалар: Жапырақ) 



Тәрбиеші Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!




Қане, менің «жемістерім», енді білімдеріңді тексеріп көрейік.

Мына алдарыңыздағы теректегі әр жапырақта өздеріңе дайындаған тапсырмаларым бар. Әр жапырақтағы тапсырманы өз жұбыңызбен бірігіп орындап, ортаға шығып жауап берулеріңіз керек! Қане, бастайық!


Жұмбақтар


Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
(Сәбіз)



Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
(Қызылша)

Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат - қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
(Қырыққабат)

Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп».
(Картоп)





«Қызыл қырман ойнайтын»
Қай мезгіл деп ойлайсың.(Күз)



Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(Жапырақ)

Алтын сары тоны бар.
Қойынында дәні бар. (бидай)



Әрі қызыл әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (алма)



Қызыл жасыл кемелер
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толқиды. (жапырақ)



Аласа ғана бойы бар
Қабат-қабат тоны бар (қырыққабат)



Көк лағым көгенде жатып семіреді.(қарбыз)
Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады. Жел

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады Күн



Әкеміз ала баспақ асырады, 
Күз келсе соямын деп асығыды. 
Баспағым бойын шөпке жасырады. 
Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)

Мақал мәтелдер

Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы

Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.
 


Егініңді күн суар,
Күн суарма, түн суар.
 


Ырыс алды – ынтымак.
Ас адамның - аркауы.
Сабыр түбі сары алтын.
Арпа, бидай – ас екен,
Алтын, күміс – тас екен.

Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің сөзі — ортақ.

Ағаш көркі жапырақ

Адам көркі шүберек
Жас жемісті жұлма,

Жас баланы ұрма.

Сәуір болмай, тәуір болмас.


Жазда не ексең-күзде соны орасың
Нөсер алдында найзағай ойнайды. 


Мына сөздерден сөз құрау

Амал  
Ларұмт
Арна
Рабқзы

Əріптерден сөз жина:
өкз, лоқ, мала, оыйн.

Логикалық ойын     

     Екі  сиырдың мүйізі қанша?

         Бір мысықтың  аяғы қанша?

         



Логикалық ойын     

Бес қойдың басы нешеу?

         Үш адамның  қолы нешеу?


Құрамында сан келтірілген, сөз бен жаз.
 тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан. 

Қара түстен басталатын қаланы ата.
Есептер шығару.
- Наргизада 5 ойыншық бар, Адияда да сонша.


Барлығы қанша?
- Сырғанақта 5 бала сырғанақ теуіп жүр еді, екеуі кетіп қалды. Нешеуі қалды?





Алдымен сары жапырақтар, (жұмбақтар) қызыл жапырақтар, (мақал- мәтел) жасыл жапырақтар (логикалық тапсырмалар)
А) Жұмбақ шешу

Ә) Мақал-мәтелдің жалғасын табу

Б) Логикалық тапсырманы орындау.
(Сайыскерлер жауап береді. Жауап бергендер келесі сайыс бөліміне арнап киіне береді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)
3. Өнер сайысы.

Бұл сайыста сайыскерлеріміздің ән айтуына немесе би билеуіне, сондай-ақ көркем сөз оқуына болады.

(Сайыскерлер өнер көрсетеді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)
4. «Күзгі дастархан»

Сайыстың бұл бөлімінде құрамында таңдаған жемістері бар тағам түрін дайындап әкелу тапсырылған болатын. Дастарханымыздан молшылық кетпесін дей отырып, сайыскерлерге сөз береміз.

(Сайыскерлер дайындап әкелген тағам түрін көрсетеді де, келесі бөлімге арнап киінуге кетеді.Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)
Бүгін мейрам,бүгін той,

Қуаныш күн, біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой, — дей отырып, күзгі киім үлгісін көрсетуге келген сайыскерлерімізді қошеметтеп отырайық. Сайыстың соңғы бөлімі сән үлгісіне кезек келді.
(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)
Өңі қашқан бәрінің Оңып кеткен атырап,

Қолдарындай кәрінің Қалтырайды жапырақ,

Соңғы кезде жерге күн Қырын қарап алыпты,

Қара бұлттар жөргегін Кептіре алмай қалыпты, — демекші, міне, балалар, жылдың қай мезгілінде болмасын барлығыңыздың амандықтарыңызды тілеймін. Балалар, білімді болыңыздар, өнерлі болыңыздар!

Күзге айтарымыз, берер сыйың жылдан-жылға көп болсын, елде тыныштық болсын дейміз.
Ал енді кешіміздің қорытындылау үшін, әділқазы алқасына сөз береміз.
Осымен кешіміз аяқталды, қатысқан сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне, көңіл қойып тыңдаған көрермендерге көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!






М-С Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі

Тақырыбы:



Өткізген: Тлепова Айзада Е.

Сайқын 2015 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет