Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кешен жарғысы – кешен өмірінің заңы» Мақсаты



Дата06.03.2024
өлшемі48.5 Kb.
#494600
түріСабақ
Кешен тж


Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Кешен жарғысы – кешен өмірінің заңы»
Мақсаты : Білімділік : Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, білімдерін тереңдету
Тәрбиелік : Конституцияны, т.б. заңдық күші бар нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, Заң алдындағы жауапкершілігін артыру, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың тыңдау, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
Сабақ түрі : Танымдық сайыс
Сабақ әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап Иллюстрациялық тәсіл, Шешендік сайыс, Сөзжұмбақ жарысы
Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта.


Сабақ барысы:
Кіріспе сөзді мұғалім бастайды
-Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!
Тақырыптың өзектілігін дәлелдеу үшін ҚР Президентінің 2006ж 1-наурызындағы Жолдауына тоқталсақ, онда демократияны, саяси жүйені, құқықтық тәртіп пен заңдылықты одан әрі дамыту мәселесіне, азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарының орындауын қамтамасыз етуге ерекше мән берген.
Президет Жолдауына сәйкес заңды бұзған адам құқықтық жауапкершілікке тартылуы, заң қалай бұрсаң солай бұрылатын тәрке емес екенін әркім ұғынуы тиіс екендігіне, өйтпейінше құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғам құра алмайтындығымызға баса назар аударылған. Адамның және азаматардың құқықтары мен бостандықтары Ата заңымызда толық, жан-жақты көрініс тапқан. Өйткені, қазір ҚР Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады.
-Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Біздің мектептің -сынып оқушыларынан құрылған «Ф» және ә «Э» топтарының құқықтық білім сайысын тамашалаңыздар
Ойынға екі топ қатысады. Ең көп ұпай алған топ жеңіске жетеді
Сайыс барысы төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  1. Шынығу кезеңі.

  2. Өз тобының атын қорғау

3. Тарих тереңіне үңілсек
4. Құжатты тани біл
5. Ой елегінен өткіз
6. Ойды аяқта
7. Диктант
8. Қорытынды кезеңі
І.«Шынығу» кезеңі.
Шатасқан сөздерді тауып мағынасын айту.
Оқушы дайындықсыз жауап беріп, бір ұпай жинайды.
ІІ. Өз тобының атын қорғау.
(сөзжұмбақ)
Әр топ сөзжұмбақ ретінде мұғалім берген тапсырманы дұрыс орындап, терминдер атын дұрыс жаза білсе, өз тобының атын шығарып алады
Сөзжұмбақты жылдам, қатесіз, бірінші болып шешкен топ 10 ұпай алады.
Сөзжұмбақ «Фемида» сұрақтары
Сөзжұмбақ «Эрудит» сұрақтары
ІІІ. «Тарих тереңіне үңілсек» кезеңі
Әр топқа әлемдік құқықта , тарихта қалған негізгі заңдар мен ережелердің аттарын дұрыс хронология бойынша тізіп жазу тапсырмасы беріледі. Тапсырма күрделі болғандықтан оқушылар мұғалімнен көмек сұрауына болады.
«Эрудит» тобына дүние жүзі тарихы бойынша
«Фемида» тобына Қазақстан тарихы бойынша
IV «Құжатты тани біл» кезеңі
Мұғалімді ұстаз ретінде сыйлауға, білімді меңгеруге, қатыгездікке, өтірікке қарсы күресуге, қоғамды силауға, сауда-саттықпен айналысуға, ішімдікті ішуге, шылым тартуға арналған, т.б. заңды құжаттардан үзінділер оқып оқущыларға таптыру
Берілген немесе ұсынылған құжаттың ресми дұрыс атауын айту. Дүрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
1 тапсырма: Жұмағалиев Асқар Болатұлы 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 2006 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің толық курсын аяқтап шықты. Мемлекеттік аттестаттау комиссия шешімі бойынша тарих пәнінің мұғалімі біліктілігі берілді. Ол қандай құжатқа ие болды? (жоғары білімді маман екенін дәләлдейтін құжат диплом)
V «Ой елегінен өткіз» кезеңі
«Ойлан, артығы бар ма? Тапсаң, сызып таста». Берілген тапсырмадан артық сөз, ұғымдарды сызып , қателерді айтады.
ҮІ. «Ойды аяқтау» кезеңі (мақал-мәтелдерді аяқтау)
ІІ- топтың Жауабы
1.Заң . 2.Нормативтік актілер. 3.Әлеуметтік нормалар Мораль
VIII Қорытынды
Мен жігіт 15-30 арасында
Бұл шақта көп бересім, аласым да
Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп
Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашақ құрылысшылары, құқықтық мемлекетімізді құруға ат салыса отырып, Сіздер Ата заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар.
Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
(Әділқазылар сөзі. Жеңімпаздарды мадақтау, құттықтау. т.б.)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет