Тәрбие сағатының тақырыбы: Тарихи мұраны сақтау біздің борышымыз Мақсаты: Білімділік



Дата03.08.2023
өлшемі222.35 Kb.
#475928
Тәрбие сағаты Тарихи мұраны сақтау - біздің борышымыз


Тәрбие сағатының тақырыбы: Тарихи мұраны сақтау біздің борышымыз
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тарихи ескерткіштер жайында толық мағлұмат беру, ескерткіштердің түр-түрлерімен таныстыру, болашаққа аманат екенін түсіндіру;
Дамытушылық: Тарихи ескерткіштер жайында ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Сәулет ескеркіштері арқылы оқушыларды ұлтжандыққа тәрбиелеу.
Түрі: Тәрбие сағаты
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, Электронды слайдтар, даналық сөздер, Қожа Ахмет Йасауи ескеркіштердің суреттері, ескеркіштер туралы бейнеролик.


Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, бүгінгі біздің өтетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тарихи мұраны сақтау біздің борышымыз» деп аталады. Яғни бүгін сендермен біз тарихи ескерткіштердің түр-түрлерімен таныса отырып, толық мағлұмат аламыз.
- Балалар сендер қандай ескерткіщтерді білесіңдер?
- Ескеркіш дегеніміз не? (Ескерткіш–кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды). 
- Егер білмесек қазір мен сендерді ескерткіштердің түр-түрлерімен таныстырып өтемін.
- Суреттер – адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз. Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Қожа Ахмет Ясауи – шамамен 1040 жылы (кей деректе 1103 немесе 1093, 1095) Сайрам (кейбір деректер бойынша Ясы) қаласында дүниеге келіп, 125 жыл жасаған Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі – Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Йасауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда. Деректерде Қ. А.Йасауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады.


  • 1-слайд: Міне, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің бейнесі.




-2 слайд: Бұл Алтын адам ескерткіші.«Алтын адам» ескерткіші - Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзені жағалауындағы сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар нышанында жасалған. «Алтын адам» – бүгінде Қазақстанның азаттық символына айналды.
Бейнеролик: Ескеркіштер туралы бейнероликке назар аударып, көрелік.
VІІ. Ой ашар
- Ерлік туралы,батыр туралы мақал-мәтелдер айту.
1. Жаңбыр жауса-жер ырысы,
Батыр туса-ел ырысы.
2. Елдің атын-ер шығарар.
3. Ерді намыс өлтіреді.
4. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
5. Жүк ауырын нар көтерер, ел ауырын ер көтерер.
6. Ер – елдің қорғаны.
ІХ. Ой толғау . Мағынасын ашу
«Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі 
мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін 
қалпына келтіруді қамтамасыз ету керек.»
Н.Ә.Назарбаев
- Бәсекеге қабілетті дамып келе жатқан Қазақстанда әдебиет пен мәдениеттің жетістіктерінің әкелер пайдасы мен үлесі қандай деп ойлайсыңдар? (Ой бөлісеміз.талқылаймыз).
Х. Қорытынды- Әлемдік өркениет тарихынан ойып орын алатын, адамзат мәдениетінің аса құнды мұралары – көне түркі жазба ескерткіштері. Бүгінде әрқайсысы өз алдына іргелі ел болып, дүниежүзіндегі өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын бұл ескерткіштер біздің тарихымыздың терең тамыры болып қалмақ.Сондықтан да ескерткіштерді, мәдени мұра ретінде сақтау біздің борышымыз болып табылады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Назарларына рахмет!

№ 25 жалпы орта білім беру мектебі





Тақырыбы: Тарихи мұраны сақтау біздің борышымыз

Сынып жетекші: Жумалинова З.А.
1 «Ж» сынып
2015 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет