Сабақтың түрі: интелектуалды-зияткерлік сайыс Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар



бет1/3
Дата03.02.2024
өлшемі408.84 Kb.
#490707
түріСабақ
  1   2   3
Алғыр биолог...


№285 мамандандырылған мектеп-лицей-интернат

«Бекітемін»


Директордың оқу-ісі
жөніндегі орынбасары:
__________ С.Болатқызы

«АЛҒЫР БИОЛОГ»
БІЛІМ БӘЙГЕСІ
Дайындаған: Б.Кенжебаева
Сыныптар: 7 А, 7 Ә
Күні: 15.11.2023ж

Қызылорда, 2023 ж


Тақырыбы: «Алғыр биолог» білімділер бәйгесі
Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын дамыту.
Сабақтың түрі: интелектуалды-зияткерлік сайыс
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Алғыр биолог» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысқа қатысушылар 7 сынып оқушылары.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

Сайыс кезеңдері:


1 кезең «Таныстыру»
2 кезең «Зымыран сұрақтар»
3 кезең «Алғыр биологтар»
4 кезең «Видео сұрақтар»
5 кезең. Практикалық тур. Жасушаға сипаттама беру.
1 кезең «Таныстыру». Топтың аты, эмблемасы (Әр топ өздерін таныстырады). 2 балл
2 кезең «Зымыран сұрақтар» әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1 топ
1.Алғаш жасушаны ашқан ғалым (Роберт Гук)
2.Сабақ қандай қызмет атқарады (Тіректік)
3.Қанға қызыл түс беретін қан жасушалары (эритроцит)
4.Өсімдіктердің қандай ұлпалар арқылы тасымалданады? (Өткізгіш ұлпалар)
5.Өсімдіктерге жасыл түс беретін пластид (хлоропласт)
6.Судың тамырдан жапыраққа дейінгі жолы (жоғары ағыс)
7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі (Табиғи резерват)
8.Органикалық заттарды өздері түзетін организмдер (Автотрофтар)
9.Жарықсүйгіш өсімдіктер (Қант қамысы, қарағай)
10.Бірінші реттік сукцессия (алғашқы)


2 топ
1. Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген кім? (Карл Линней)
2.Тамырдан сабаққа су қандай ұлпалар арқылы жеткізіліп отырады? (Түтікшелі ұлпалар)
3.Қанның ақ жасушалары (Лейкоцит)
4.Амеба қандай жолмен тасымалданады (Енжар, пассивті)
5.Өсімдіктерге ақ түс беретін пластид (Лейкопласт)
6.Жапырақтан органикалық заттардың барлық мүшелерге таралуы (Төменгі ағыс)
7.Табиғат қорғау жұмыстарымен бірге туризмді дамыту жұмыстары қоса жүргізілетін ерекше қорғалатын аумақ (Ұлттық табиғи саябақтар)
8.Дайын органикалық заттарды энергия көзі ретінде пайдаланатын организмдер (Гетеротрофтар)
9.Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (Қаражидек, жылқышөбі)
10.Екінші реттік сукцессия (Қайталанған)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет