Жасуша патологиясы
Жоспар:
1. Жасуша бүліністерінің
этиологиясы
2. Жасуша қызметтері реттелулерінің бұзылыстары.
3. Жасуша бүліністерінің көріністері.
4. Жасуша бүліністерінің емдеу жолдарының негіздері.
1. Хромосомолар патологиясы
2. Жасуша өлімі
3. Цитоплазмалық мембрана патологиясы
4. Ядро патологиясы
5. Жасуша органеллаларының патологиясы
6. Дистрофиялар
7. Некроз
Жасуша бүліністерінің этиологиясы:
Жасуша бүліністеріне көптеген себепкер ықпалдар әкеледі. Оларды сырттан
әсер ететін – экзогендік және организмнің өзінде пайда болатын –эндогендік-
деп екі үлкен топқа ажыратады. Экзогендік бүліндіргіш ықпалдар өз алдына
инфекциялық және бейинфекциялық болып бөлінеді. Оларға:
Физикалық ықпалдар (иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық
температуралар,
электр соққы, электромагниттік толқындар)
Биологиялық ықпалдар (микробтар, вирустар, қарапайым жәндіктер,
майда саңырауқұлақтар, аутоантиденелер, цитотоксиндік
Т-жасушалары)
Механикалық ықпалдар(жарақат,жаншылу,қысылу)
Химиялық ықпалдар (органикалық немесе бейорганикалық улы заттар,
кейб
ір дәрі-дәрмектер,
гипоксия, реоксигенация)
Психогендік ықпалдар (жан жарақаты, рухани күйзелістер, ауыр
эмоциялар)
Эндогендік себепкер ықпалдар туа біткен және жүре пайда болған болып
бөлінеді. Туа біткен себепкер ықпалдарға жасуша мембранасындағы тұқым
қуалайтын ақаулардың болуы жатады. Бұл кезде мембрананың құрамында
кейбір нәруыздар, фосфолипидтер немесе ферменттер болмауы ықтимал.
Жүре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға:
- жүйкелік эндокриндік реттелулердің біріншілік бұзылыстары
- иммундық бұзылыстар немесе аллергиялық үрдістер
- зат алмасу өнімдерінің
жиналып қалуы
- организмде су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
- бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
- ағза қызметінің тым қатты көтерілуі немесе ұзақ мерзім болмауы
- жасушаның қартаюы т.т жатады.
Жасушаның бүліністері пайда болуында әсер ететін ықпалдармен бірге,
жасушаның өзінің ішкі жағдайы да маңызды.
Жасушаның алғашқы
жағдайына
Жасушаның жағдайлары тұқым қуалайтын қасиеттерімен анықталады және
жүре пайда болған автаминоздар, созылмалы гипоксия, зат алмасу
үрдістерінің өзгерістері т.т жасушаның көптеген әдеттегі әсерлерге
төзімділігін төмендетеді. Гормондық реттелудің
бұзылыстары зат алмасу
үрдістерін бірінші бұзып,сол арқылы әртүрлі әсерлерге жасушаның
тұрақтылығын азайтады. Мәселен, гипертиреоз кезінде оның гипоксияға
төзімділігі төмендейді. Қантты диабет микробтарға төзімділігі азаяды.
Сонымен бірге, көптеген ықпалдар жиі бірігіп әсер етуі мүмкін. Жасуша
бүліністернің жалпы даму жолдары мына
бұзылыстардан байланысты
болады:
Энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстарына
Жасуша мембраналарының бұзылыстарына
Гендік құрылымдарының бұзылыстарына
Жасушада иондар мен сұйықтардың алмасуы бұзылыстарына
Жасуша қызметтерінің реттелулерінің
бұзылыстарына байланысты
дамиды.
Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары мына
жағдайларда байқалады:
Макроергиялық фосфорлық қосындылардың (АТФ) түзілуі
бұзылудан; ол өз алдына мына жағдайларда:
- оттегінің жетіспеушілігінен
- қоректік заттардың аздығынан
- гликолиздік және тотығу-тотықсыдану ферментерінің белсенділігі
төмендеуінен
-митохондрийлардың бүліністерінен - байқалады.
Энергияның жасуша ішінде
тасымалдануы бұзылыстарынан;
Мәселен, адениннуклеотидтрансфераза ферменті митохондрийлардың ішінен
олардың ішкі мембранасы арқылы АТФ энергиясын шығарады. Ары қарай
оны митохондрийдің мембранасындағы креатинфосфокиназа ферменті
креатинге ауыстырып, креатин фосфат құрады. Креатин фосфат жасушаның
цитоплазмасына түседі де, қызмет атқаратын құрылымдардың КФК
ферментінің көмегімен оның бір фосфор қышқылы АДФ молекуласына
ауыстырылып, АТФ түзіледі. Ол жасушаның қажетті міндетін атқаруға
пайдаланылады. Осындай энергияны тасымалдау жүйесі көптеген
бүліндіргіш ықпалдардан бұзылады.
Жасушаның энергияны пайдалануы бұзылыстарынан дамиды.