«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырып Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас»



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі17.57 Kb.
#485914
  1   2
БЖБ әдебиет 2 тоқсан


«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты 5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу


Бағалау критерийі Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын сипаттайды
Шығармадан алған әсерін өз пікірі арқылы жазбаша жеткізеді


Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
Орындау уақыты 20-25 минут


1-тапсырма
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер
образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыз (2-3 сөйлем).

Кейіпкер портреті (Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары

Автордың кейіпкер образын ашудағы
сөз қолданысына талдап, мағынасын ашып жазыңыз

Жапанға біткен жапырақ,
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген,
Сұғынсаң тояр ма екенсің?


Бадана көз, тоғыз тор,
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?




Тұлпар атты жаратып,
Құйрық-жалын таратып,
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Сапы асынар ма екенсің?


Тең құрбымен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніне бал құйып,
Өмірде сүрер ме екенсің?








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет